Әдебиеттік оқу Тақырыбы; Қоңыр қозы. Т. Жұртбай Мақсаты



Дата05.11.2016
өлшемі45,46 Kb.
#473
Әдебиеттік оқу

Тақырыбы; Қоңыр қозы . Т. Жұртбай

Мақсаты ;

1.Білімділік.Оқушыларға Мұхтар Әуезовтың балалық шағынан мәлімет бере отырып,жүйелі сөйлеуге, өз ойларына қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

2.Дамытушылық; Сөздік қорын, тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін , ой-өрісін дамыту.

3.Тәрбиелеу; Жазушының өмірін үлгі ете отырып, ұлылығын, кемеңгерлігін дәріптеп, өз елін, жерін, табиғатын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі; слайд, суреттер,қоржын,

Әдісі;сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау

Сабақтың түрі;

Сабақтың барысы;

І.Ұйымдастыру

Ана тілі –біздің туған анамыз

Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз

Ана тілін бағаласақ қалай біз

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

Психологиялық дайындық

Екі көзің не үшін керек?

Жақсыларды көру үшін

Екі құлақ не үшін керек?

Ақыл кеңес тыңдау үшін

Екі қолымыз не үшін керек?

Елге көмек беру үшін

Екі аяқ не үшін керек ?

Шетте жүрсең,туған жерге жету үшін керек.

Топтарға бөліп алу.

1.Табиғат жанашырлары (өсімдіктер)

2.Қорғаушылар (аңдар мен жануарларды қорғайық)

3.Қамқоршылар (құстарды )

Үй тапсырмасын сұрау

Бала Абай мен Барлас ақын. М.Әуезов

3-4 оқушыдан сұрап,қосымша сұрақтар беру.

Өткенді пысықтау

Венн диограммасы(Барлас пен Байкөкше)

Слайд №1 Қайталау - білім анасы

1.Барлас ақынның Абайға берген батасын айту.

2.Батаны кімге берді?

3.Барлас ақын Абайға не үшін риза болды?

4.Абайдың зеректігін неден байқадың?

5.Осы мәтін бойынша үйден жазған сөзжұмбақты оқу.

6.Абай туралы білгендерін айту.

7.Ас піскенге шейін Барлас ақын қандай жырды жырлады? Слайд №2

І.« Ойлы бала озар»

Мақал-мәтелдерді дұрыс,түсініп мазмұнын ашады.

Әр топтағы оқушылар ақылдасады,өз ойларымен жеткізеді.

1.Табиғат жанашырлары

Күн ортақ, ай ортақ, жақсы ортақ.

2.Қорғаушылар

Жақсы келді дегенше,

Жарық келді десейші.

Жақсылықтың уытын

Алып келді десейші.

3.Қамқоршылар

Қандай жақсы адамдар туралы білдің?

(Әр топтың пікірін тыңдау, )

Кітаптан оқушы қыз бен оқушы баланың сөздерін оқиды.

Слайд№2 ,3 Мұхтар Әуезов туралы видеоролик

Тұрсын Жұртбайдың өмірбаяны туралы мағлуматтар беру.

1951жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Шаған ауылында дүниеге келген.жазушы,филология ғылымының докторы, Абайтанушы, Әуезовтанушы, Алаштанушы.

1974-1990жылдарда «Жетісу» газетінде, «Білім және еңбек»

«Жұлдыз» журналдарында қызмет етті.

Қазіргі кезде «Отырар кітапханасы» ғылыми зерттеу орталығының директоры.

Дәптермен жұмыс

ІІ. Ой толғаныс

« Қоңыр қозы» мәтінін балалар өзбетімен оқып танысады.

Оқушылардың түсінгенін сұрау (әр топтан бір оқушы)

Мәтінді бөлімдер бойынша сұрау

Мұғалімнің түсіндірмесі , оқушылардың айтқандарын толықтыру.

Кітаппен жұмыс

Тізбектей оқыту

Мұғалім ;Балалар сіздерді ата-әжелерің, ана-әкелерің еркелетеді ме?(Бірнеше баладан қалай еркелететінін сұрау)

Сергіту минуты

ІІІ.Ойын Кім тапқыр?

Берілген сөздерді орыс тілінде аудармасын табу

Табиғат жанашыры Қорғаушылар Қамқоршылар

ойын-игра ата-дедушка көктем-весна

үй-дом әже-бабушка балалар-дети

ІҮ. Тапқыр болсаң тауып көр.

Табиғат жанашырлары

4.Мәтіндегі оқиға қай кезде болған?

(Көктем мезгілінде болған.)

5.Мұхтардың атасының аты кім? (Әуез)

Қорғаушылар

6.Бала Мұхтар неге « Қоңыр қозы» деп атанған?

Мінезі салмақты, ойынға онша құмар емес, монтиып отырады.

7.Бала Мұхтар атасымен қайда жиналды?

Абайдың ауылына кенжесіне «бауы берік болсын» айтуға жиналды.

Қамқоршылар

8.Абай ауылында Мұхтар не нәрсеге қатты қызықты?

Мөлдір аспанда тізіліп, ұшқан қаңқылдаған қаздарға қызықты?

9.Суретке қарап әңгімелеу.

Ү. Мақал-сөздің мәйегі

Сурет мәтіндегі қандай жолдарға сәйкес келеді?

Мәтіннен Мұхтар бұрыннан көзтаныс, қыстай көрмеген ауыл балаларына қосылды. Олар асық ойнап жатыр екен.

(осы жолды тауып оқу)

Асық ойнаған азар

Доп ойнаған тозар

Бәрінен де қой баққан озар

ҮІ.Ұлылар- елдің ұстазы

Слайд №

Мұхтар Әуезовтың шығармашылығымен таныстыру.

Үйге тапсырма

1.Мәтінді оқып,мазмұндау

2.Сурет бойынша әңгіме жазу

Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет