Тақырыбы: Мақал – сөздің маржаны
Мақсаты:
-
Оқушыларды «Сөз мәйегі — мақал» дегендей, ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету.
-
Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер жазылған плакаттар, шарлар, слайдтар, суреттер
Бұл сайысқа 2 топ қатысады. Сайысымыз 4 айналымнан тұрады.
Алдымен мақал-мәтел дегеніміз не? Қысқаша тоқталып өтсек: Мақал-мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал-мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Осы тұста мен осы мақал мен мәтел айырмашылығын түсіндіріп өткім келіп отыр.
Мысалы: Мақалда қорытынды, тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр.
Ал, мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады.
Мысалы: «Көппен көрген ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.
Ендеше біз бүгінгі сайысымызды бастайық.
1-айналым: «Кім көп біледі?» Қатысушы топтар мақал – мәтел айтудан жарысады.(1 минут уақыт беріледі, сол уақыттың ішінде топтар қанша мақал жазып шықса, ұпай саны да соған қарап қойылады)
2-айналым: «Мақал – сөздің мәйегі»
(8 ұяшық берілген, ұяшық таңдайды, сол ұяшықтағы мақалды жалғастыру керек, дәл тапса, сол ұяшықтағы ұпай қоржынына түседі)
-
Балапан ұяда не көрсе … (ұшқанда соны іледі)
-
2. Өнер — ағып жатқан бұлақ, …(Білім – жанып тұрған шырақ)
-
3. Жақсының аты өлмейді …(Ғалымның хаты өлмейді)
-
Ақыл-тозбайтын тон… (Білім таусылмайтын кен)
-
Өнерлінің қолы алтын, …(өлеңшінің сөзі алтын)
-
Білегі күшті бірді жығады… (Білімі күшті мыңды жығады.)
-
Білгенің бір тоғыз… (Білмегенің тоқсан тоғыз)
-
8.Қына тасқа бітеді… (Білім басқа бітеді.)
3-айналым: «Даналық ойдан дән ізде» сайысы
Шарты: Топтар сандарды таңдау арқылы өздері мағынасын түсіндіретін мақал-мәтелді таңдап, талдайды.
1- ұяшық: Киіміне қарап, қарсы алады,
Біліміне қарап шығарып салады.
2-ұяшық: Білген кісі тауып айтады,
Білмеген кісі қауып айтады.
3-ұяшық: Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын.
4-ұяшық: Cөз атасы — құлақ,
Су атасы — бұлақ.
4-айналым: «Не деу керек мұндайда?» сайысы
(Таңдау бойынша суреттер беріледі. Сурет мазмұнына қарай мақалдарды жазу керек)
Қорытынды.
Ата-бабадан қалған асыл мұра мақал-мәтелдерді ұмытпай, жадымызға сақтап жүрейік, балалар!
Бүгінгі сайысқа қатысқан оқушыларға рақмет айтамыз.
№70 жалпы білім беретін орта мектеп
«Мақал-сөздің маржаны»
Класы: 3 «В»
Класс жетекшісі:Муратбаева А.М.
2020-2021 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |