Сабақ тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Ата - әжеме хат»
Сабақ мақсаты: 1. Оқушыға ақынның өмірі жайлы қысқаша мағлұмат беріп,
2. Математикалық жұмбақтарды шешу арқылы ойлау қабілеттерін,
әдемі, мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, өз ойларын жеткізу;
3. Үлкендерді сыйлауға, құрметтемге сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Ыбырай Алтынсарин суреті, кеспе қағаздар
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Сабақта қолданылатын технология: модульдік оқыту технологиясы Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.
1. Психологиялық дайындық.
- Балалар, орнымыздан тұрайық қане
Қуанамын мен де
Қуанасың сен де
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
- Балалар, бүгін бізге қонаққа басқа сыныптардың ұстаздары келіп отыр. « Ойлы бала, озар» апталығына байланысты, ұстаздар бізді сынамақ. Оларға сауаттылығымызды, әдептілігімізді және тәртіпті екенімізді көрсетуіміз керек.
Адам күнделікті өмірде, деніміздің саулығына, аман - есен бір - бірімен қауышқанына аспанымыз ашық, бейбіт елде өмір сүріп жатқанына қуану керек екен.. Олай болса, мен сендерге қуаныш тілей отырып сабағымызды бастаймыз, әдебиеттік оқу пәнінен алған білімдерімізді тиянақтаудан бастаймыз.
2.«Ойы озық кім екен?» деп аталатын ойын ойнап өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қойып. Жауап берген оқушыны марапаттау.
Ойын шарты: сұрақтарға жауап беру.
1. Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім?
2. Қартқожа қай жазушының кейіпкері?
3. Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уалиханов туралы жазған жазушы кім?
4. Абайдың нақыл сөзін аяқта...
5. Ертегілер нешеге бөлінеді?
6. Спандияр Көбеев туралы не білесің?
7. Астанаға жыр арнаған ақынды ата.
8. Абай өлеңіндегі жаман іс.
9. Қазақша жыл санау қалай басталады?