Сабақ тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Ата әжеме хат»


ІІ . Үй тапсырмасын сұрау



бет2/4
Дата06.02.2022
өлшемі16,21 Kb.
#48677
түріСабақ
1   2   3   4
ІІ . Үй тапсырмасын сұрау
Жақан Смақов
«Апаның тілін алса егер»өлеңін оқыту
- Жақан Смақов туралы не білесің?
Өлеңде айтылған апа, бала барлығы нені құрайды?
Отбасын кімдер құрайды?.
Ал осы отбасы мүшелері бір бірінен жырақта жүргенде қалай хабарласады?
Олар бұрынғы кездерде бір бірімен хат жазу арқылы, хабарласып отырған.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Автор туралы мәлімет.
Тақтадан не көріп тұрмыз? (Сандар мен әріптер) оқушылар енді сіздерге тапсырма. Осы сандарды өсу ретімен жазып шығыңыздар бүгінгі сабақта өтетін мәтін авторын оқи аламыз.
« Шапшаңдыққа тапсырма»
Қандай сандарды көріп тұрмыз;
10 20 30 40 50 60
Ы Б Ы Р А Й
70 80 90 100 110 120 130 140 150 160
А Л Т Ы Н С А Р И Н
- Бізде тақтада Ыбырай Алтынсарин сөзін шыққанын көріп тұрмыз.
- Ы. Алтынсарин кім екенін білесіңдер?
Балалардың жауаптарын тақтаға ілгізу.
Ы. Алтынсарин туралы айту. Ол кісінің есіміне берілген Қостанай қаласында Ы. Алтынсарин даңғылында орналасқан мұражайы, Ы. Алтынсарин атындағы жеке балалар мектебі және кітапхана бар екен.
Ы. Алтынсариннің арман еткен мектебі 1864жылы 8 қаңтарда Торғай жерінде ашылды. Оған 14 бала оқуға тартылды. Қалың қазақтан тұңғыш 14баланың есімдері ерекше тарихта қалды..(слайдтан көрсету)
- Сонымен балалар, бүгінгі сабағымызда хат туралы көптеген жаңа мәліметтер білетін боламыз, сонымен қатар хат жазуды үйренеміз.
Бүгінгі сабақта сендермен « Ата - әжеме хат» мәтінімен танысамыз. Хат деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Хат сөзін түсіндіру.
Хат адамдар арасындағы қатынас құралы.
2.«Хат және адам» деп аталатын кезең
Хат жазу арқылы байланысу сонау ерте заманнан бастау алған. Ерте кездерде хатты арнаулы жерлерге жеткізу үшін арнаулы көгершіндерді пайдаланған сурет көрсету. Хаттың адамзат өмірінде алатын орны зор бір кездері хатты адамдар тағатсыздана күткен кездер болған. Ол қай кез деп ойласаңыздар үйде үлкен ата - әжелерің сонау соғыс кезінде деп айтқан кездерін естіген болсаңдар, балалар.
Хаттың түрлері туралы 1941 - 1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына кеткен бауырларынан хат күткен, ол хаттар мынадай үлгіде болған.
Үшбұрышты хаттарды көрсету.
Биыл Ұлы Жеңіске 70 жыл толып отыр, мұндай үшбұрышты хаттар тарихымызды бір бөлшегі сияқты еліміздің мұражайларында соғысқа аттанған аталарымыздың соңғы хаты еді деп жанұямыздың бір естелігі ретінде сақтаулы тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет