"Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы"
эссе Кез-келген ұлттық ұлт ретінде кодын сақтап қалуы халықтың тіліне, діліне, дініне, салт-дәстүріне байланысты болса, ал мемлекеттің мемлекет ретінде қалыптасуы билігіне, басшылығына, сосын сол басшыға құлақ асқан, қате тұстарын түзеп отырған билер мен қарапайым халқына байланысты. Мысалы, Әлем Косово дейтін жас мемлекет бар, бірақ бұл мемлекеттің Испаниямен және Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынасы болмағандықтан, алыс-берістер жоқ және мемлекеттің атауы бас әріппен емес, кіші әріппен жазылады. Бұл тікелей басшылыққа тән: Куба мемлекетінің техниканы үйреніп, қарулы күштерінің Әлемде алдына болуына Фидель Кастро әсер еткен болса, Үндістан қазіргі заманауи мемлекетке айналуына Махатма Ганди әсер етті, ал АҚШ мемлекеттің экономикалық дамуын тежеген расизмді тоқтатуға күш салғаны үшін 16-ншы Президент Авраам Линкольнге алғыс айтады. Бұл мемлекеттер басшылықтарының арқасында эволюцияланып, дамып келеді. Ал революцияның ертеңі әрдайым абсурд болып келген.
Қозыбасыда ту тігіп, 1465-66-жылдары Қазақ хандығын құрған Болат сұлтанның баласы Керей мен ағасына жол берген Барақ ханның баласы Жәнібек хандар сол уақыттардағы менеджменттің арқасында халқын Еуразияның жүрегіне көшіріп, алып территориялы мемлекетті құрды. Сосын 1456-1473 жылдары Керей хан, 1473-1480 жылдары Жәнібек хан мемлекетті басқарды. 1480-1511 жылдары Керей ханның баласы Бұрындық хан басқарса, тарихта ойып тұрып орын алған Әз Жәнібектің ұлы Қасым хан 1511-1518 жылдары хандықты басқарды. Қасым хан тұсында дала халқының тұңғыш Ата заңы құрылып, тарихта Қасым ханның билік еткен тұсы «Қасым ханның қасқа жолы» ретінде қалды. 1518-1523 жылдары Қасым ханның ұлы Мамаш хан билік етсе, 1523-1532 жылдары Қасым ханның немересі Мамаш хан Ұлы даланы басқарды. Мамаш ханнан соң билікті 1533-1534 жылдары інісі Бұйдаш хан алса, 1 жыл, яғни 1534-1535 жылдары Қожа Мақмұт хан мемлекетке иелік етті. 1535-1537 жылдары мемлекетті хан атағы болған Тоғым хан, Ахмет хан, Хақназар, Наурыз-Ахмет хан сұлтандарға билік тиді. 1538-1580 жылдар Қазақ мемлекетінің бір хан ұзақ иелік еткен рекордты жылдарға айналды, себебі Қасым ханның ұлы Хақназар хан мемлекетті 42 жыл басқарды. 1580-1582 жылдарда Әз Жәнібектің немересі інісі, 80 жастағы Шығай хан билік ете тұрған болса, 1582-1598 жылдарда Шығай хан қайтыс болған соң мемлекеттің орнында қалып, тіршілігін жалғастыруына Тәуекел хан келді.
1598-1628 жылдары Қазақ мемлекетінде үлкен өзгерістердің бірі болды, себебі Шығай ханның ұлы, Тәуекел ханның інісі Есім хан таққа келіп, «Есім ханның ескі жолын» жасады. 1613-1627 жылдар аралығында Тұрсын хан билік етсе,
1628-1652 жылдарда Есім ханның баласы Салқам Жәңгір хан мемлекетке иелік етті. Жәңгір Хан тұсында 500 қазақ әскері ерекше тактикалық жүйемен Жоңғарияның 50 000 әскерінің көзін жойды, бұл тарихта «Орбұлақ шайқасы» ретінде қалды, бұл Батыстың 300 спартандық әскерінен де асып түсер ерлікке айналды. 1680-1715 жылдарда Әз-Тәуке хан (Салқам Жәңгірдің ұлы) билік етіп, билікті 1718-1726 жылдары қолға алатын Батырға берді. Тәуке ханның бел баласы Болат хан билігі Батырдан соң 4 жыл: 1726-1730 жылдары мемлекетті басқарды.
1720 жылдардан бастап Қазақ даласында үлкен өзгеріс орын алды, Үш жүзі бар мемлекетті әр жүзге бөліп, сол жүздерге қарайтын хан сайлау науқаны басталды. 1720-1740 Ұлы жүзді Жолбарыс хан басқарды, ал Кіші жүз 1718-1748 Әбілқайыр ханға тиесілі болды. Ал Әбілқайыр хан әр жақтан келген шау шабуылына тойтарыс беру үшін Ресей патшалығымен одақтас болды, сосын Орта жүз бен Ұлы жүз патшалыққа ұзақ жылдардан соң қол астына одақтас ретінде емес, бодан ретінде өтті. 1748-1786 жылдары Нұралы хан, 1791-1794 жылдары Ералы хан, 1795-1797 жылдарда Есім хан, 1797-1805 жылдары Айшуақ хан Кіші жүзге хан болды. Ал Кіші жүздің соңғы ханы 1805-1824 жылдары Шерғазы болды. 1716-1719 жылы Қайып хан, 1719-1734 жылы Сәмеке хан, 1734-1771 жылы Әбілмәмбет, 1771-1781 жылы Абылай хан, 1781-1819 жылы Уәли, 1815-1817 жылдары Бөкей хан Орта жүзге билік етті. Бұл хандардың арасынан Абылай хан күллі Үш жүзге қайта хан сайланды.
Университетіміздің де Абылай хан атында болуы мынада: Абылай хан жау қолына түскенде, дипломатиялық әрекеттермен жауды зерттеген, олармен тілдескен, ең соңында жаудың өзі риза болып, мол ризықпен Қазақ еліне қайтарған. Қонақты емес, тұтқынды қайтарған. Ал университетіміз болашақ дипломаттарды, өзгенің тілін табатын елшілер мен аудармашыларды, мұғалімді дайындайды, сондықтан ірі дипломат Абылай ханның есімімен аталады.
1841-1847 жылдары Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы Кенесары хан Қазақ хандығының соңғы ханы ретінде билік етеді, алайда патшалық Ресей Хан Кенені тек бүлікші ретінде ғана таныстырады, себебі Кенесары хан байырғы еркін Қазақ хандығын қа йтаруға күш салды.
Қазақ мемлекетінің ағартушылық жағынан дамуына бейресми Президент Әлихан Бөкейхан өзінің ағартушы командасымен әрекет етсе, өзге қырларынан эволюциялануына Сәкен Сейфуллин (қазақты «киргиз» атауынан құтқарған), Тұрар Рысқұлов (ол Ленинмен 9 тілде сөйлескен) сында коммунист тұлғалар әсер етті.
Қазақ мемлекетінің заманауи дамуына Дінмұхаммет Ахметұлы Қонаев әсер етті, ол 1941 жылдан бастап әлсіреген алып мемлекетті гүлдетіп, 47 қала салдырды, қазіргі Алматы қаласының Әлем қаласына айналуына тікелей әсер етті, Алматыны алып қар көшкінінен қорғау үшін өзінің академиялық білімі арқылы Медеуді салдырды. 1986 жылы Қонаев басшылық қызметтен кеткеннен бастап, Қазақ даласында үлкен төңкерістер орын ала бастады, экономика құлдырады, білім көрсеткіші азайды, бүлікшілер (Желтоқсаншылар емес) мен бандиттер пайда болды. Осы құлдыраудан тәуелсіз жаңа Қазақ мемлекетін Нұрсұлтан Назарбаев алып шықты. Ол тұңғыш рет Қазақ мемлекетінің ресми Президенті атанып, Нұр-Сұлтан деген алып Әлем қаласын салды, қазіргі уақытта бұл қаланың экономикалық деңгейін ғалымдар Испанияның Мадридімен және Барселонасымен теңестіруде. 30 жылдай билік еткен Нұрсұлтан Назарбаевтың орнын 2019 жылы 18 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев иеленді. Тоқаев Әлемге танымал дипломаттардың бірі болды, тіпті БҰҰ-дың Президентінің бірінші орынбасары да болған. Тоқаев Әлемге полиглот, нейтаралды және білікті басшы ретінде танымал. Қасым-Жомарт Тоқаевтың дәуірінде алып Қазақ мемлекеті өндірістік дамуды қолға алды және мәдениет пен білімнің Әлемдік аренада көзге көрінуі үшін жаңа реформалар енгізіп отырған басшы ретінде саналады.
555 жылдан астам уақыт бойы Әлемге Қазақ мемлекеті ретінде танымал болған бұл мемлекет тек әрі қарай дамуды көздейді, ал бұл дамуына мұғалім де, ақын-жазушылар да, кез-келген маман өзінің үлкен күшін салуда. Бұл мемлекеттің мемлекет ретінде ғана емес, бәлкім держава ретінде танылуына әсер ете алады. Қазақ мемлекеті ғарыш державасы және ядролық держава ретінде орын алуды көздемейді, бұл мемлекеттің өз соқпағы мен өз жолы бар.
Бұл – Ұлы даланың Ұлы жолы.