"Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы"



Дата11.05.2022
өлшемі34,15 Kb.
#142002
Байланысты:
сро 1


«Alikhan Bokeikhan University»




СӨЖ
Пәні: Қазақстан тарихы
Тақырыбы:  "Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы"


Орындаған: Зейтенов.М.Е.

Топ: Э-101

Тексерген:  Канапьянова Г.М.


Семей 2021

Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы.
Қазақ халқының қалыптасуы сандаған ғасырларға созылған ұзақ этникалық үдерістерден тұрады. Оның соңғы кезеңіне назар аударар болсақ, Алтын Орда ыдырай бастағанда қарауындағы түркітілдес халықтар үш түрлі үлкен этноқауымдастыққа бөлініп кетті. Олар - татарлар, өзбектер және ноғайлар қауымдастығы еді. Алғашқылар Қазан, Қырым және Астрахан хандықтарында ықпалды болған болса, ал екіншілер Көк Орда мен Ақ Орда аймағында басым болды. Алайда «өзбек» атанғандардың өздері де іштей үш этноқауымдастыққа бөлініп өмір сүрді. Ноғай ұлысы аймағындағылар «маңғыттар» аталса, ал бұрынғы Көк Орда аймағындағылар - «татар-өзбектер» (шайбандықтар), ал байырғы Ақ Орда аймағындағылар «өзбек-қазақтар» атауларына ие болды.
Қазақ халқының қалыптасуы сандаған ғасырларға созылған ұзақ этникалық үдерістерден тұрады. Оның соңғы кезеңіне назар аударар болсақ, Алтын Орда ыдырай бастағанда қарауындағы түркітілдес халықтар үш түрлі үлкен этноқауымдастыққа бөлініп кетті. Олар - татарлар, өзбектер және ноғайлар қауымдастығы еді. Алғашқылар Қазан, Қырым және Астрахан хандықтарында ықпалды болған болса, ал екіншілер Көк Орда мен Ақ Орда аймағында басым болды. Алайда «өзбек» атанғандардың өздері де іштей үш этноқауымдастыққа бөлініп өмір сүрді. Ноғай ұлысы аймағындағылар «маңғыттар» аталса, ал бұрынғы Көк Орда аймағындағылар - «татар-өзбектер» (шайбандықтар), ал байырғы Ақ Орда аймағындағылар «өзбек-қазақтар» атауларына ие болды.
Алғаш Өзбек ұлысында тайпалар өздерінің этникалық тұтастықтарын сақтап, өздерінің руларын шашыратпай көшіп-қонып жүрген болса, жаңа халықтарға жіктелу барысында жоғарыдан билер мен сұлтандар қалыптастырған этносаяси жағдайға байланысты кейбір руларынан ажырап қалды. Мұны нақты мысалдармен түсіндірер болсақ, мысалы, Қыпшақ руларының Айталы-қыпшақ, Аталыұлы-қыпшақ, Борған-қыпшақ, Егілтай-қыпшақ, Қара-қыпшақ, Қарағаш-қыпшақ, Құлыбай-қыпшақ, Құртлу-қыпшақ, Сары-қыпшақ, Туде-қыпшақ деген рулары біртіндеп ноғайларға қосылды. Мұнда Қазақ құрамындағы Мүйізді сарыабыз атадан тарайтын Қытай-қыпшақ, Торы-қыпшақ, Құлан-қыпшақ тәрізді рулардың жоқ екендігін байқау қиын емес.
Қазақтың ноғайдан және «Көшпелі өзбектер» этноқауымдастығынан бөлініп шығуында ноғай¬лардың Едисан (Жетісан) және Алтыұл тайпалық этно-бірлестіктеріне қарсы біріккен «Алты сан Алаш» (жалайыр, қоңырат, алшын, арғын, найман, қыпшақ) этноқауымдастығының маңызы аса зор болғанын ұмытпауымыз керек. «Алты сан Алаш¬тың» қалыптасуы аса күрделі этносаяси ахуалдарды бастан өткізіп барып, үлкен қиыншылықпен қалыптасты. Оны құраған тайпалардың кейбір рулары ноғайлар құрамынан бәрібір қайтпай, соларға сіңісіп кетті. Десек те, алғашқы қазақ хандары Жәнібек пен Керейді Ноғайларға және өзбектерге қарсы күресте күшейтіп жіберген де осы «Алты сан Алаштың» біртіндеп олардың жағына шығулары еді. Бұл бірлестік ХV ғасырдың екінші жартысы мен ХVІ ғасырдың соңына қарай қалыптасып, қазақ халқының этникалық ядросын құрады.
ХV ғасырдың алғашқы жартысына дейін бұл этноқауымдастыққа кірген тайпалар бұрынғы Ақ Орда ұлысы аймағындағы Өзбек тайпалары ретінде белгілі еді. 1428 жылы Ақ Орданың соңғы билеушісі Барақтың қайтыс болуына байланыс¬ты атақты Едігенің ұлы Мансұр биді Барақтың өлтіруін маңғыттар (ноғайлар) кешіре алмады. Батыстағы Алтын Орданың ханы Кіші Мұхаммедке қашып барған Мансұрдың інілері Ғази мен Наурыз хан әскерінің қолдауымен Барақты жеңіп, шығыс Қыпшақ даласындағы тақ иесіз қалды. Билікке келген ноғай мырзалары өздерінің Жошы әулеті тағына отыруға ешқандай да құқығы жоқ екендігін түсініп, айтқанды тыңдап, айдағанға жүретін «қуыршақ хан» іздестірді. Ол, әрине, маңғыттардың (ноғайлардың) ата жауы Барақтың тұқымынан болмауы тиіс еді.
Оның үстіне әлсіреген Ақ Орда және Көк Орда мемлекетіне бағынудан қалып, өзара билікке таласқан және ұсақ ұлыстарға билік жүргізуге дағдыланып алған маңғыт мырзалары таққа отыр¬ғызу үшін қалыптасқан кәнігі саясаткерді емес, ел бас¬қарудың айла әрекеттеріне әлі де қаныға қой¬маған сарыауыз балаң жасты іздестірді. Мұндай таңдау Шайбан тұқымы, он жеті жастағы Әбілқайырға түсті. Осылайша, енді Дешті Қыпшақтағы таққа Әбіл¬қайыр отырды. Оны хан сайлаған белсенді он сегіз тайпа негізінен татар-өзбек қауымдастығына жататын байырғы шайбандық тайпалар еді. Рас, олардың арасында, жоғарыда айтып кеткеніміздей, кейінірек қазақты құраған наймандардың кейбір рулары, өкіреш наймандар, қоңырат тайпасының үлкен бөлігі бар еді. Олар да мұндай әрекетке амалсыздан, өздерінің көшу жолдары Өзбекстан (шығыс деректерінде Қыпшақ даласы осылай аталды) аймағында жатқандықтан барды.
Ал арғын, қыпшақ, жалайыр, алшын тәрізді бұл тұста жекелеген рулары жаңа ханды қолдаушы маңғыттар құрамына қосылып кеткен тайпалық бірлестіктер Әбілқайырдың хан болып сайлануына ашық қарсылық білдіре алған жоқ, бірақ бұған іштей наразы болды. Оны Оқас би бастаған маңғыттардың қуатты бірлестігінің және байырғы шайбанилік тайпалардың қолдауы және қоңырат, өкіреш найман руларының солардың ықпалында болулары, сондай-ақ Ежен тұқымынан осы тұста Әбілқайырға қарсы тайпаларды ұйымдастырып, таққа отыра қоятындай тарихи тұлғаның табыла қоймауы «Алты сан Алаш» қауымдастығын құрай бастаған тайпалардың қолын байлады. Ол тұста мүлде жас болған Жәнібек пен Керей арада жиырма жыл өткен соң ғана Еженнен тараған сұлтандардың басын біріктіретін тұлғаларға айнала бастады.
Жас Әбілқайыр таққа отырған соң тез есейді және өзін қолдаған маңғыттардың өздеріне де өзінің үстемдігін таңа бастады. 1449 жылы Оқас би қайтыс болған соң, оның ұлдары Әбілқайырға бағынудан бәрібір бас тартты. Дегенмен де Сары Шиман бастаған маңғыттардың біразы Әбілқайырдан бәрібір қол үзе қойған жоқ. Оның үстіне «жығылғанға - жұ¬дырық» демекші, 1457 жылы Әбілқайыр хан Үз-темір бас¬таған қалмақтардан өзінің астанасы Сығанақтың түбінде оңбай жеңілді. Бұл жеңілістің салдарларын ауырлата түскен тағы бір маңызды нәрсе, жеңген қал¬мақтардың кепілдікке үш жастағы Әбілқайырдың туған немересін алып кетулері бұрынғы Жошы ұлысы аймағында Әбілқайырдың ықпалын күрт әлсіретті. Мұны оның қарсыластары орда-ежендік сұлтандар пайдаланып, көп кешікпей-ақ Өзбек хандығынан бөлініп, көрші Моғолстанға дүрліге көшті. Айта кетер тағы бір мәселе, бүкіл Дешті Қыпшаққа әйгілі болған Арғындардың басшысы Ақжол биді ноғайларды қолдайтын Қара-қыпшақ тайпасының әйгілі батыры Қобыландының өлтіруі де жанжалды өршітіп, көшті жылдамдатып жіберді. Бұл көшті Жәнібек пен Керей сұлтандар басқарды.
Тарихи деректерді талдау Моғолстанға Жәнібек пен Керейге ілесіп, 1459 жылы көшіп келгендер қатарында алғашқы кезде арғындар, жалайырлар, наймандардың бір бөлігі болған деп айтуға жетелейді. Ал 1469 жылы Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейін Өзбек ұлысында бүліншілік басталып, алғашқы қазақ сұлтандарына қаңлы, қоңырат, найман, қыпшақ, тама, керейт тайпаларының кейбір рулары келіп қосылып, енді өзбек-қазақтар саны екі жүз мың адамға жетті. Осылайша о баста өзбек-қазақ аталған халықтың алғашқы этникалық негіздері қаланды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет