«Қазақ мұнайының а р дақтылары»



бет3/47
Дата05.11.2016
өлшемі53,32 Mb.
#423
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
***
Біз осы жерден шегініс жасаймыз.

Әр адам – тарих, әр адам – өмір! Жоғарыда біз суреттеген көрініс осы кітаптың жазылуына басты себепкер болып отырған академик Есенов Шахмарданның әкесі Жорабек өмірінің бір үзік сыры ғана. Жорабектің әкесі Есен, Есеннің әкесі Деріпсал. Олар кім болған? Шыққан тектері қайдан? Жорабектің өмірі қандай оқиғалар мен істерден тұрады? Бабабек кім? Олар өмір сүрген кезде қоғамда қандай

Өмірі «Өларада» өткен Жорабек 15
ірі оқиғалар болды? Сұрақ көп. Жауап табу үшін өткенге көз жүгіртіп тарих беттерін парақтауға мәжбүрміз. Ең бастысы, бұл сұрақтарға жауап табу – кітаптың басты «кейіпкері» Лениндік және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, академик Есенов Жорабекұлы Шахмардан өскен ортаны біліп, қанығуымызға, тегін тануымызға көмектеседі.

Деріпсал мен Есен! Олар туралы мәліметтер табу бізге қиындау болды. «Біледі-ау» деп, Қызылорда мен Шиеліге іздеп барған Дәулет- ұлы Абдолла мен Ізтілеуұлы Серғара ағаларымыз: «...Есен атамыз ер жетіп, есейген кезінде найман руының сұлуы Батшайым қызға үйленіпті. Одан екі ұл – Жорабек пен Бабабек дүниеге келеді... ал, Деріпсал бабамыз батыр шалыстау, тау тұлғалы, мінезі бірбеткей адам болыпты... негізі, біздің бабаларымыз Сыр бойына Торғай, Бай-қоңыр жағынан баяғы-бағзы замандарда көшіп келген қыпшақтар. Себебі белгісіз. Шаруашылыққа қолайлы табиғаты ұнаған болар, кім білсін? Әлде жаугершілік заманында келді ме екен?... кімнің басы қайда до- маламады дейсің...» дегеннен ары аса алмады. Абдолла мен Серғара ағалар Деріпсал, Есен, Жорабек, Бабабек, Шахмарданмен ағайындас, аталас адамдар, осы әулеттің қазіргі үлкендері деуге болады. Олар да қыпшақ руынан.

«Деріпсал баба мен Есен атаның кіші аталары Бұлтыңнан –Уәріс, Бегіс туады. Бегісінен Күрлеуіт, Жолаба туылады. Жолаба алты ұлды болған. Олар Күсілбас, Жангелді, Қызышекпек, Әбілқасым, Тоқболат, Есенкелді. Міне, осы алтаудың үлкені Күлісбастың екінші әйелінен туылған Бай- қоңыр, Деріпсал-Есен-Елупан-Ізтілеу-Жорабек-Бабабек-Балтабай... бір сөзбен Қоңыр балалары болып табылады, – дей келе Абдолла аға Есен атасына толығырақ тоқтала түсті, – ...Есен ел ішінде елеулі, қадір-беделі жоғары болған. Айтарлықтай бай болмағанмен, өз қоңы өзінде, ретсіз жан-жағына көз салған, сөз салған адам емес. Бір ерекшелігі ойлы, зерделі, өмір ағысын талдап түсіну, бүгінгі күніне қанағат қылумен бірге ертеңгі күннің бағыт-барысына, аяқ алысына мұқият мән берген.

Балаларын білімді азаматтар қатарынан көруді армандаған Есен ақсақал Жорабегі мен Бабабегін сол кездің өзінде Орта Азияның кіндік қаласы, мәдени, сауда, экономиканың орталығы – Тәшкен шаһарын- дағы оқу орындарына түсуге ақыл-кеңес береді».

Көкірек көзі ояу Есен ақсақалдың балаларына берген бағыт- бағдарының, білім-сауатының дұрыс болғанын уақыттың өзі көрсетті.

16 Шахмардан Есенов
Ал, Есенді бұл әрекетке итермелеген, бағыттаған, себеп болған кім, немесе не оқиға дер едіңіз?

Әке Жорабек пен оның баласы Шахмарданның болмыс-бітіміне, іс-қимылына, ақыл-парасатына қарай отырып, олардың бабалары – Деріпсал мен Есен де осал адамдар болмаған-ау деп топшылай- мыз. Алласын ауыздарынан тастамай, бес уақыт намаздарын қаза етпей, адамгершіліктің асыл қасиеттерінен аспағаны, жалғасқан ұрпақтары: Жорабек, Бабабек, Шахмардан, Шаһызадан... өмірінен көрініп тұр. Бабалары мықты болмаса, балалары қайдан дана болсын. Майлықожа ақын айтпай ма: «Жаманнан жақсы туса да, жақсыдан жаман туса да тартпай қоймас негізге» деп. Орыс халқы болса: «Алма алма ағашының түбіне құлайды» дейді. Халық мұндай нақыл мен өсиет айту үшін сан ғасырларды артқа тастап, тіршіліктің ащысы мен тәттісін талай татып барып, тұжырым-теорема айтқан. Біз соған сенеміз, мәнін іздейміз.

Баба Деріпсал мен ата Есеннің өмір сүрген кезеңі өте күрделі болды. Қазақ халқы өз дербестігін жоғалтты. Патша әкімшілігі қазақ жерінде ойына келгеннің бәрін істеді. Хандық билікті таратып, қазақ жерін бөлшектеп тастады. Қазақ ішіне іріткі салды. Бар байлығы – жерінен және тәуелсіздігінен айырылған қазақ халқы ХХ ғасыр есігін азып-тозып, аш-жалаңаш күйде ашты...

Алайда, қазақ қауымынан: Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Бай- тұрсынов, Міржақып Дулатов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Нәзір Төреқұлов... секілді зиялы қауым қаулап шықты. Олар азаттық үшін, тәуелсіздік үшін күресті жалғастырды. Қолына қару алып емес, сананы ояту арқылы, білім мен сауаттылық арқылы жету керектігін ұқты және халқына ұқтыруға ұмтылды. Міржақып Дулатов

«Оян қазақ, көзіңді аш, оян, көтер басты! Өткізбей қараңғыда бекер жасты! Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп, Қазағым, енді жату жа- рамасты!» – деп ұран тастады.

Осы кезде Сыр өңірінен де оқыған, білімді азаматтар шыға бастады. Мысалы, 1891 жылы Петербор университетін тәмамдаған, үлкен заңгер Сердәлі Мұңайтпасұлы, 1896 жылы сол қаладағы Әскери-медицина академиясын бітірген Әли Көтібарұлы, Тәшкенттің заңгерлер даярлайтын гимназиясын алтын медальға, Ресейдің Императорлық Заң университетін үздік бітірген Шоқайұлы Мұстафа

Өмірі «Өларада» өткен Жорабек 17
бар еді. Алдыңғы ағалар жолына түсіп, хал-қадерінше білім, ғылым іздеген қазақ жастары жыл озған сайын көбейе берді. Солардың бірі, ел ішінің ерлері – Жорабек пен Бабабек еді.

ХХ ғасыр. Қазақ даласы бұрын-соңды болмаған түр мен түске енді. Қазақстан Өкіметі 1924 жылдың соңына қарай астананы Орын- бордан Қызылордаға көшірді. Сыр бойы екі уезге, бірі – Перовск, екіншісі орталығы Жөлек болып құрылды. Жөлекке 12 болыс, 5 кент қарады. Атап айтсақ: Сұлутөбе, Сорқұдық, Қоғалы, Телікөл, Өзгент, Жаңақорған, Сауран, Ақөрік, Приреченский болыстары мен Тартоғай, Скобелевск, Жөлек, Жаңақорған... Скобелев атауы «Шиелі» болып өзгертілді. Колхоздар құрылды, мектеп, ауруханалар салынды, пошта ұйымдасты... Айта берсек, әңгіме көп...

Түрлі-түрлі, қилы-қилы оқиғалар ортасынан ел ішінің ерлері, Шиелі азаматтары да өсіп шығып, халықтың жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етті. Әруақтары риза болғай, есімдерін атап өтелік: Жорабек пен Бабабек Есеновтер, Қалжан, Әуелбек Қоңыратбаевтар, Бегайдар Аралбаев, Әбу Палмұхаммедов, Сыздық Ережепов, Сыздық Боқаев, Жұмақай Оразбаев, Әбділдә Тәжібаев, Мұхамеджан Қаратаев, Бәкір Палымбетов, Нартай Бекежанов, Палымша Күзембайұлы... Бұлар қазақ халқын жаңа өмірге икемдеп, ел қатарына қосу үшін алған білім мен күш-жігерлерін аямаған елдің абзал азаматтары.

Есенұлы Жорабек және Бабабек! Есеннің үлкен ұлы Жорабек 1877 жылы, ал Бабабек 1880 жылы Шиелінің Тартоғайында дүниеге келді. Патшалық Ресейдің қазақ даласын отарлауды қызу жүргізіп жатқан кезі. Орыс мұжықтары Шиелі, Тартоғайдың шұрайлы жерлерін қайырып алып, егін егіп, бау-бақша өсіріп, түпкілікті қоныстанды. Тіптен олар ауыл-селоның қазақша атын орыстандырып, орыс мектеп- терін ашып, шіркеулерін салып үлгерген-ді. Ауылға келіп қоныстанған отаршыл орыстардың балаларымен күн ұзақ ойнай жүріп, (Жорабек пен Бабабек) орыс тілін үйреніп қалған ұлдарын (дүниенің қайда дөңгеленіп бара жатқанын түсінді) Есен ақсақал бірден орыс мекте- біне берді. Не керек, жаңа заман әкелген тіршілік ортасында Жорабек пен Бабабек өсті, ер жетті, білім алды, қалыптасты. Ел ішінің ісіне араласты, қызмет істеді.

«...Ақмешітке (қазіргі Қызылорда облысы) қарайтын Шиелі өңірінде Ресей патшалығы мен Кеңес дәуірінде көрнекті істерімен із қалдырған, халық жадында сақталған, осы күндерге дейін ұмыт

18 Шахмардан Есенов
болмай үлкен қанағаттанғандық сезіммен айтылып жүрген азаматтар аз емес. Солардың бірегейі – Есеннің ұлдары Жорабек пен Бабабек. Әкелері Есеннің ақыл-кеңесімен екеуі де Тәшкентке – Жорабек Діни семинарияға, Бабабек Оқытушылар гимназиясына түсті. Діни семина- рияда тек діни мағлұматтар ғана оқытумен шектелмей, орыс тарихы, мәдениеті, әдебиетінен жан-жақты терең білім беретін.

Қызмет жолында Жорабек өз мамандығының жолына түспей, патшалық Ресей кезінде приставқа тілмаш, Кеңес Өкіметі орнаған соң Перовскіде тілмаш, кейіннен Әскери-революциялық кеңесте қызмет істеп, көтерілісшілерді көбіне бейбіт жолымен басуға жұмыстанған. Кеңес Өкіметінің бастапқы кезінде Ақтөбе облысында Анненков бастаған ақтар көтерілісін басуға барлау отрядын басқарып, азамат соғысына қатынасқан. Ол жөнінде «Азамат соғысына қатынасқан ардагер» дегенді куәландыратын ресми құжаты да болған.

Ал Есенұлы Бабабек, жоғарыда айтқандай, Мұғалімдер гимназия- сын үздік бітіргеннен кейін біріңғай ағартушылық салада жұмыс жасады. Алғашқы қызметін Сыр бойындағы белгілі Хан мектебі аталған қазіргі Сырдария ауданындағы Шаған мектебінен бастаған. Әуелгі кезде орыс тілінен сабақ берсе, 1905-1908 жылдары сол мектептің директоры болған.

Бабабек сәл кейінірек өзінің туған ауылы Жөлекке қызмет ауысты- рып, сонау ХІХ ғасырдың аяғына таман, анығын айтсақ, 1893 жылы Жөлекте ашылған орыс-қазақ мектебінде ұзақ жылдар директор болады, ұстаздық жасайды. Бабабек алдынан көптеген орыс, қазақ, татар, ноғай, өзбек балалары білім алып, Кеңес заманы кезінде ірі-ірі мемлекеттік қызметтерге араласады.

Есенұлы Бабабек – сауатты, білімді, адамгершілігі мен мәдениеті асқан адам ретінде, ел-жұрт, халық жадында осы күнге дейін сақталған.

Атап айтсақ, жасынан жетім қалған, ширақ, адал, пысық бір орыс баласын жеке тәрбиесіне алып, қамқор болып асырап, оқытып адам-азамат жасауы, оған өз әулетінің аты-жөнін Байқоңыров Әбдірахман деп құжат алып беруі, жоғары оқу орындарына түсуіне бас болуы осы күндердің өзінде ешкімнің қолынан келе бермейтін, екінің бірінің маңдайына жазбаған ерекше қасиет болса керек. Сол Әбдірахман Байқоңыров үлкен азамат, ірі қызметтер істеп, Алматы өңірінде ғұмырын өткізді.

Бабабектің еңбегі жөнінде Сыр елінің белгілі ағартушы ұстазы, парсы, араб тілдерін жетік меңгерген, кешегі 30-шы және 50-ші жылдар

Өмірі «Өларада» өткен Жорабек 19
аралығында Шиелінің «Ортақшыл» ауылында ұстаздық жасаған Қалдыбаев Мінәт ақсақал да кезінде облыс, аудан деңгейіндегі кезекті басылымдарда салиқалы да салдарлы мақалалар жазғаны белгілі.

Бабабек Раушан деген қызға үйленді. Одан 1919 жылы Аяш деген қызды болды. Аурулы болып, 1926 жылы Бабабек дүние салды. Оқшы ата мазаратына жерленді. Қызы Аяш Жорабек қолында тәрбиеленіп, кейін Алматыға оқуға түсіп, Қазақ Ғылым Академиясының қызметкері Садықов Тәңірберген мырзамен тұрмыс құрды. Бұл күндері Аяш марқұм болған. Ер жеткен ұлдары, қыздары, немерелері бар. Бәрі де Алматыда...»

(А. Дәулетұлы. «Мәуелі әулет» «Қызылорда-2007»).
Мұғалімдер гимназиясын «өте жақсыға» бітіріп, елге, Шиеліге оралған Бабабек ел ішінде жүріп жатқан сауатсыздықпен күрестің бел ортасына түседі. Ол Тартоғайдың басынан қазақ балаларына арнап тұңғыш түземдік-қазақ мектебін ашты. Ауыл-ауылды аралап, үй-үйді жағалап, «балаларыңды оқытыңдар, болашақ – білімде!» деп, санасы әлі марғау, ойы керенау қазақтарды оқуға тарту оңайға түскен жоқ. Ақырында сан баланы сауаттандырды, ғылым, білімге деген құштарлығын оятты. Одан тәлім мен тәрбие алған қаншама жас Мәскеу, Петербор, Алматы, Тәшкенге оқуға түсіп, қазақ даласында жетіспей жатқан мамандықтар: дәрігер, мұғалім, инженер, геолог... болып, жас мемлекеттің іргесін қалап, ел экономикасын көтеруге араласты. Біздің ойымызша, осындай және Бабабек сияқты қазақ халқының сауатын ашып, қараңғылықтан шығарған алғашқы ұстаздар алғашқы қарлығаштарды тарихта бетінен іздеп, тауып, қалдырғанымыз абзал. Мысалы, Есенұлы Бабабектің есімін көше, мектеп, мекемелерге берсе, еш артықтығы жоқ. Бұл, бәрінен бұрын бүгінгі жасты жақсы әдет пен әдепке тәрбиелеу үшін қажет!

Есенұлы Жорабек туралы ел арасында аңыздай айтылып жүрген әңгімелер көп. Біз біразын ауыл ақсақалдарынан, көзін көрген қазы- налы қарттарымыздан естідік. Жорабек ел ішінде білімділігімен, өткір, әділ, қайрымды мінезімен құрметті болыпты. Бітірген оқуы Діни семинария болғанымен, бұл салада қызмет жасамай, ол

1917-1930 жылдар аралығында Большевиктер-жұмысшы Кеңесі төрағасына аудармашысы, артынша бірінші орынбасары, кешікпей Перовск (Қызылорда қаласы) уездік милиция бастығы қызметін

20 Шахмардан Есенов
атқарады. Сөйтіп, ол қазақ даласында Кеңес өкіметінің орнығуына өзіндік үлесін қосады.

Бұл айтуға ғана оңай мәліметтер. Әйтпесе, Жорабек пен Бабабек қым-қиғаш қайшылықты, тұрақтылығы жоқ беймаза уақытта өмір сүрді. Сынға көп түсті. Қандай қиындыққа тап келсе де жеке бастың пайдасы үшін ар мен ұяттарын ешкімге олжалатпады. Сондықтан да болар, олардың жақсы ісі, көпке жасаған қамқорлығы ұмыт болмай ел есінде қалып, ұрпақтан-ұрпаққа таралып келе жатқаны.

Қашанда да жас ұрпақты тәрбиелейтін бөгде елдің билері мен патша, хандары емес, Жорабек сынды қалың халық ортасында жүрген арлы, намысты ел азаматтары! Елімізге отаршылдар өңмеңдеп келіп,

«төр менікі!» деген тұста талайын орнына қойып, демдерін басқан осы Жорабектер және намысты қолдан бермейтін ел ішінің нар тұлғалы азаматтары. Бұл пікірімізді ел аузында жүрген Жорабектің мына бір мінезі, әрекеті дәлелдейді.

Бірде Жорабектің көршісі Сәрсен ауылға көшіп келгеніне екі жыл болған жүндібас, сақал-мұрты беліне түскен, екі беті бауырсақтай майлы, өзі сары, көзі көк Иванмен жерге таласып қалады. Орысшасы жетпей, ақысы кетіп бара жатқан соң Жорабектен көмек сұрап, болған жайды түсіндіреді. Олар Иванға келеді. Патшалық өкіметтің шексіз қамқорлығына мастанып алған ол бұлардың сөзін тыңдағысы келмей кете бергенде, Жорабек алып денесімен алшаңдай келіп, әлгі сары орыстың жолын қиып, талтайып, төбесінен төніп тұра қалды да:
Прощай, немытая Россия! Страна рабов, страна господ. И вы, мундиры голубые,

И ты, им преданный народ.
Маған өкпелеме! Бұны айтқан сенің бауырың Лермонтов! Сен тартып алмақ болған жер Сәрсеннің ата-бабасынан қалған мұра. Сенің ата-бабаңнан қалған жер Ресейде! Бар да тауып ал! деді, дүрілдеген үнмен. Содан кейін еңгезердей денесін Иванның тәштек бойына үйіріп. – Мұндай істі тағы қайталасаң әңгіме басқаша болады! деді. Екі көзі тас төбесіне шыққан тәштек сары орыс лып етіп жоқ болды.

Өмірі «Өларада» өткен Жорабек 21
Бірақ Жорабек былай шыға бере Сәрсен көршісіне:
Ойында жоқ бірінің, Салтыков пен Толстой. Я тілмаш, я адвокат, Болсам деген бәрінде ой,

деп, данышпан Абай айтқан. Сенің де қазағың оңып тұрған жоқ, бауырым! Сондықтан балаларды оқыту керек, бұларды біз солай жеңбесек төбелесіп, не қорқытып жеңе алмаймыз. Қойын- қонышымызға кіріп алды ғой... деп, абажадай алақанымен Сәрсеннің арқасынан қағып-қағып, дүрілдей бір күлді де жөніне жүріп кетті.

Әйтеуір, бұл оқиғадан кейін Шиелі өңіріндегі қазақтар бір-біріне:

«Жорабек сөйдепті!» деп, арқаланып, айбарланып қалса, орыстар:

«сақ болыңдар, ол дүлей!» деп жатыпты. Мұндай дау бұл өңірде бұдан кейін қайталанбапты.

Каталог: uploads -> files
files -> Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»
files -> Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер
files -> Шахмардан есенов
files -> Конкурса научных работ среди школьников «turan-junior-2016» Секция «Физика, техника, науки о земле и космосе»
files -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
files -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
files -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)
files -> Формы и методы подготовки учащихся к итоговой аттестации по обществознанию


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет