*** Уақыт, шіркін, алды-артына қарамай, зулай береді екен ғой. Шәрипаның ері Жорабексіз тіршілік кешкеніне бес-алты жыл өтіп кетіпті. Айлап-жылдап барған-келгеннен бір хабар келіп тұрады, әйтеуір. Кейде Жорабек балаларына азын-аулақ болса да сәлемдеме беріпжіберіпжүрді.Екеуініңарасынасөзаралатқанадамдардаболды,
«Жорабек үйленіп кетіпті», «баласы да бар екен», «сотталып кетіпті», не керек, неше түрлі сыпсың сөз жетіп жатты. Бірақ Шәрипа оның біріне де құлақ асқан жоқ, асқысы да келмеді. Ол Жорабектің өзіне, балаларына оралатынына сенді. Сол сенім айға-айды, жылға-жылды жалғап, ері Жорабектің бір келуін күте берді.
Бір күні Жорабектің немере ағасы Ізтілеу:
–Келіншырағым,көптенЖорабектенхабар болмайкетті,мен Тәшкен жаққа барып, бір хабарын біліп келсем деп отырмын. Түсіме кіріп жүр... бір жағынан базар базарлап... – деп, аржағында тығылып жатқан «аман болса екен?» деген күдікті ойын ашып айтпады.
Шәрипа қайнағасының «Жорабектенбір хабар біліп келсем» дегеніне қатты қуанды, бар тапқан-таянғанын дорбасына салып, оң сапар тілеп шығарып салды. Ай жарым дегенде аман-сау қайнағасы ауылға оралды. Келе айтқаны: «Келін шырағым, шамалы шыдайық, Жорабек көп ұзамай біржола ауылға қайтып қаламын», – деді. Оның абақтыда отырғанын, Ералиннің тыңшы болып келгенін, баяғы
«Азамат соғысының ардагері» деген хатты соңғы сәтке, тергеушіге көрсетуге әзірлеп отырғанын Шәрипаға айтпады. Уайым шектіргісі келмеді.
Айтқандай-ақ, Жорабек айдан аз аса бергенде бесін кезінде ауылға келді. Бәрінен бұрын балалары Шаһизадан мен Шахмардан қуанышында шек жоқ. Ағасы – он алтыға, ал, Шахмардан он төртке келіп, нағыз әке қамқорлығын, тәрбиесін қажет көретін тұстары еді. Үлкенқызмет істеп, талайына қамқор болғанағайын-тума да Жорабектің аман-сау келгеніне шын қуанды. Отаршыл орыстардан біраз қорлық көрген бірді-екілі ағайын оны құшақтап, қорғаушысы келгендей, көздеріне жас та алып қалды. Шынында да Байқоңыр әулеті өз орталарынан суырыла шыққан, оқыған, білімді Бабабек пен Жорабеккеәжептәуіриекартып,күшкөретін.Осыекеуінеқарапталай ағайынның балалары Тәшкен, Алматы, тіптен Мәскеуге дейін оқу
Өмірі «Өларада» өткен Жорабек 29 іздеп кетті емес пе?! Бір әулеттің басы болып қалғанын Жорабек осы жолы мықтап сезінді.
Жорабек балаларын қасынан қалдырмай, ағайынды аралап, ауыл- дың ақсақалдарына сәлем беріп, некерек, біраз күнмауқынбасты. Бұрынғыдайемес,көңіліорнықты,артынақарапалаңдамады.Алдағы күннің тіршілігі көп ойландыратындай. «Шәрипа, балаларды оқыту керек, білім беру керек...» – дегенді жиі айта береді.
Шынында да, бұл жолы Жорабек қаншама жыл басын дауға қалдырған істі біржола жапқызып, «кінәсі жоқ, таза» деген құжатты қолына алып келді. Бұл қағаз оның өміріне де, өзіне де бетбұрыс әкелді.Ол бейбіткүннің берекеліісінеараласып,екібаласыноқытып, білім беріп, жаңа заманның талабына сай азамат етуді мақсат етіп қойды да, әрекетіне кірісті. Осы жылы біраз ағайын Жөлектен
«Ащықұдық»колхозыныңекіншіөндірістікбригадасынақоныстепті. Олар: Жорабек, Палымбет, Әбіқан, Даулет, Әшекей, Мәшен, Есжан, Қобланды, Ыбырай, Әли, Мұрат, Нұрмағанбет, Сарсенбай, Асқар... тағыдабасқаайғайындарбареді.Бәрідежаңазаманғабетбұрып,егін егіп,бау-бақшаөсіріп,балаларыноқытуғаниеттеніпжатты.Дүниекем болғанмен,адамдардыңпейілініңкеңкезғой«Тартоғайдағы»ағайын- туғанныңүйді-үйінде жатыпбалалар орта мектептеоқыды. Жорабек те екі ұлын: Шаһизадан менШахмарданын сол орта мектепке берді. Бір-біріне тете, ара жастары жақын болғансоң, бірінші класқа екеуі бір күнде, бір жылда жарыса келді. Фамилиясын сұраған мұғалімге Шаһизадан Жорабек ұлымын десе, Шахмардан мен атамның баласы- мын, Есен ұлымын депті. Осыдан бастап бір әкенің балалары екі фа- милиямен жазылып, бірі – Шаһизадан Жорабеков, екіншісі Шахмар- дан Есенов болып кете барған. Мұндай ауыс-түйіс қазақ үшін таңсық емес, қайта тән, дәстүр болатын. *** Амалқанша!Орысхалқындамақалбар:«Құдайдыкүлдіргіңкелсе, өзжоспарыңдыжарияла!»деген.ЖасКеңестерОдағыүшіншірет бесжылдықжоспарынқабылдап,халықжаңабірдәуіргеентелей еніп, коммунистік екпінді еңбектің көрігін енді қыздырып, ұрандатып жатқанда, неміс фашистері тұтқиылдан шекара бұзып, соғыс жария- лады.
30 Шахмардан Есенов Бір күнде Қорғаныс Комитеті құрылып, оның қолбасшысы бо- лып Сталин тағайындалды. Ел шетін түре кірген неміс фашистеріне тойтарыс беруге көп ұлтты совет халқы бір жағадан – бас, бір жеңнен қол шығарып, қан майданға аттанды.
«Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» Майдан даласынан алыста жатқан, шағын ауыл – Тартоғайлықтар да жеңіс үшін таңды таңға, күнді күнге ұрып еңбек етті. «Алпыс» деген жасты артқа
«шегере» тұрыпЖорабек ауылда қалғанқарттар мен бала-шағаға басшы,көзболды.Ауыладамдарыенді-ендібасыкөбейіпкележатқан қоғамдық малды қыстақырыпалмауүшінжазбойыжем-шөпдай- ындады, соқаменен жер жыртып, бидай, тары, күріш екті. Күзде оны мемлекет қамбасына құйып, колхоз мүшелерінің үлестерін теңдей етіп бөліп берді. Не керек, жеңістің келуіне аянбай-ақ өз үлестерін қосып жатты. Ауыл адамдарын шаршатқан бейнеттің ауырлығы емес, майданнан жеткен «қара қағаздың» хабары еді. Елу-алпыс үйі бар «Ащықұдық» пен жүзден асатын отбасы бар «Тартоғайдың» әр шаңырағын соғыс оты шарпыды, бірінен кейін біріне «қара қағаз» келіп жатты. Ағайын-туманың қасіретін көру Жорабекке оңайға түспеді, елді сөзімен де, ісімен де жұбатумен жүрді.
Ойына не түскенін кім білсін, бір күні Жорабек үлкен ұлы Шаһизаданға «үйленесің» деді. Ол оған қарсы бола қойған жоқ, сөз байласыпжүргенҚұрманкүлдісолкездіңәдетібойыншабіркүнде ақ алып-қашып келді. Жорабек жақын деген ағайын-туманы, көрші- қолаңдышақырып,бірмалынсойыпкөптіңбатасыналды.Құдаларын шақырып,жол-жоралғысынжасады.Айтты-айтпадыШаһизаданөзіне тәп-тәуірқолғанатеді,қасынанбірелітастамайтын.Шахмардандыәлі баласынатын, ол көбіне анасы Шәрипамен бірге-ді.
Жорабек шаңырағы астындағы бұл тыныштық көпке ұзамады. Ұлының отау құрғанына жылға жетпей, яғни, 1943 жылы жасы 18-ге толар-толмастан майданға шақырды. Бірақ, бірден соғысқа әкеткен жоқ, Орта Азия аймағында аса құпия түрде он ай әскери дайындықтан өткерді.Сөйтіп,айтулыГомельқаласыназатетуоперациясынақатысып, қайшыласқан қанды қырғында ерлікпен қаза табады. Он екі де бір гүлі ашылмаған өрен жасты жер жастандырған, көзінің ағы мен қарасындай болғанекіұлыныңбірініңөмірінқиғанфашистергеЖорабектіңдеызасы мен нәлеті көп еді. Амал қанша! Осы сұмдықтың боларын ойлап ерте үйлендіріпеді,еңболмаса,біртұяққалсыншыдеп,онысындаҚұдайы
Өмірі «Өларада» өткен Жорабек 31 қошкөрмеді.Неістемек?Құдайсалдыменкөндімдепбелдібекембуып, жалғызыШахмарданныңтілеуінтілеугекөшті.Бұл кездеШахмарданда ер жетіп, орта мектепті бітіруге таянып қалған-ды. Жорабектен аумаған еңселі,сары,көзікөкшілдеу,ақыл-есіайрықшаөренболыпөсті.
Қайғының қайсысы оңған дейсің, Шаһизаданның қазасы анасы Шәрипаны күйретіп кетті. Баяғыда, Жорабек үйде болмаған бес-алты жылда жанына жалау болған баласы еді. Ол кезде Шахмардан тым жас болатын, ал буыны қатқан үлкен ұлы мал жайласа да, отын-су әзірлесе де, қасында қатарласа жүретін. Сол кездің суреті мен келбеті қатар келіп тоғысқанда Шарипа есінен айрылып, аңырап, дауыс салып: «...қараң өшкір,қуфәшес,қайданғанакеліпедің?!Өркенімдіөсірмей,қыршынынан қидың-ау!»– деп,отырақалатын.Әншейіндесөзбенуәжгедесбермейтін Жорабектің бұл тұста амалы таусылып, Шарипаны жұбатарға сөз таба алмай:«...пешенесінежазғанжазуосышығар,Алланыңісібұл...»деп,қана қоятын.Өзініңдеоңыпжүргенішамалы,Шаһизаданыесінетүскенде,аш қасқырша іші ұлып, атына міне, Сыр бойына қарай қайқаятын. Жорабек майысса, қайысқанын сездірсе, өзіне арқа сүйеп отырған қалың ағайын менауылдастарыныңкүйінеболмақ?!Шаңырағышайқалмаған,фашистің отышарпымағанотбасыбұлауылдақалмапеді...
Бірде Жорабек Қызылордадан Шаһизаданмен бірге соғысқа аттан- ған Базарбай деген жігітті жолықтырды. Майданнан келгеніне көп болмапты. Ол Жорабекке бір әңгіме айтты. Олар (ішінде Жорабектің ұлы Шаһизадан да бар), бір топ бала болып, вокзалға жақындай бергенде,алдарынан бір сыған әйел шығып, бал ашыпберейін,алақан- дарыңды жайыңдар дейді, майданға аттанып бара жатқан бір топ жасты тоқтатып. Жамандықты күтпейтін жастық шақ емес пе, шіркін, екі-үшеуі алақандарын ашып, әйелдің алдына тұра қалады. Ойларын- датүкжоқ,соғысдегенніңнеекенінтүсініптетұрғанжоқ.Әлгіәйел:
«...сен соғыстан аман келесің, сосын профессор боласың, ал, сен – дәрігер, сен – мұғалім... боласың дей келіп, Шаһизаданға келгенде кілт тоқтап,алақанынабірқарап,бетінебірқарап,тұрыпқаладыда,артынша:
«Сен соғыстан оралмайсың!» деп айтып та салады. Жастықтың буы емес пе, оған соншалықты мән беріп, көңіл де аудармай, улап-шулап пойызғамініпкетебарады.Мәнбергендеқолданнекелмек?...
Құпиясыкөпдүниеғойбұл,солсығанәйелініңайтқанырасболып Шаһизадан соғыстан оралмады. (Әлгі екеуі шынымен-ақ кейіннен бірі–ғылымдокторы,бірідәрігерболады).ОсыданкейінЖорабек
32 Шахмардан Есенов пен Шәрипа «жазмыштан озмыш жоқ екендігін!» біржола мойындап, ендігі жерде жаратушыдан жалғызы Шахмарданның тілеуін тілеуге көшті, амандық-саулығын күндіз-түні Құдайдан сұрады.
Отан қорғау – әрбір азаматтың парызы, міндеті деп ұрандатып ақ жатамыз. Шындығында, елдің бәрі «парызым!» деп қабылдай ала ма, алдыма?Міне,мәселеосында.«Соғыс!»дегенніңатыда,затыда суық. Ол ел шетіне келмесін деңіз, егер келіп жатса, «батырмын» деп жүргендердіңбіразысырбілдіріпқояр-ау.Өйткенісоғыстыңекінші аты – Ажал! Ал, ажал аузына барып кімнің түскісі келсін... Бес саусақ бірдей емес. Соғысқа біреулер өз еріктерімен сұранып кетіп жатса, ал екінші біреулер орман мен тоғайға тырапайлап қашып, қаншама жыл тығылып өмір сүрді. Өмір. Тағдыр. Не дей аласыз. Қалай десеңіз де, бұл сол соғыс жылдарының шындығы. Жер жерде «қашқындар» саны көбейіп бара жатқан соң, ақырында Қорғаныс Комитеті «О легализа- ции беженцевизрядовКраснойАрмии»дегенқаулышығаруғамәжбүр болды.Оныңталабы–қашқындардыұстап,заңалдындажауапқатарту.
Қаулы шығуын шықты-ау, бірақ оны іске асыру оңайға соқпады. Соғыстан қашқан адам қаулы шыққан екен деп өз аяғымен келіп, кінәсінмойындамасыанық.Олардыңтығылатын,паналайтынжері де белгілі: тау мен тас, орман мен тоғай. Оның қай жерінен тауып, ұстамақсың. Қиынның қиыны. Қаулыны орындау үшін әркім әр түрлі айла тапты, көбі Мемлекеттік Қауіпсіздік комитеті қасынан топ құрып,оларорман–тоғайдысүзіп,таументастыаралады.Нәтиже аз. Қызылорда облыстық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы Тәңірберген Жармағанбетов ел ішіндегі қадірлі азаматтарға арқа сүйеуді жөн деп тапты.Мұндаймәселеніқаракүшпенемес,құдіреттіқарасөздің,аталы сөздіңкүшіменғанашешугеболады-аудептопшылады.Кімбар?Басты сұрақ осы болды. Сыр өңіріне сөзге шеберлігімен, орысша-қазақша бірдей сөйлейтін шешендігімен аты әйгілі Есенов Жорабек бірден ойынатүсті.Өзінешақыртты.Мән–жайдытүсіндірді.Жорабектүсінді.
Бұданарғыәңгімен талайжылдар заңсаласында қызметатқарған, елге еңбегі сіңген, баяғыда Жорабек Тәшкенде қамалып жатқанда артынаніздепбарып,хабарынбіліпкелетіннемере ағасыІзтілеудің баласы, полковник Ізтілеуов Серғара ағамыз айтады. Біз ол кісіні Шиеліге арнайы іздеп бардық.
Өмірі «Өларада» өткен Жорабек 33 кездің қилы оқиғасы болады, оған төрелік айту да оңай емес. Адам баласының басына бермесін... мысалы, біреу – бір үйдің жалғызы, ол кетсе, шаңырақ құлайды, екіншісінің бес-алты баласы қалып барады артында... кімніңөлгісі келеді... соғыстыңатысоғыс, әрбір сәт саған ажалаузынашыптұрады.Солажалданқашқандарсоғысжылдарында аз болған жоқ. Енді оларды бейберекет жібере беруге болмайды ғой, оныауыздықтамаса,олардыңқатары көбейіп,елішінде тәртіпсіздік орнайды. Осыны ескерген Қорғаныс комитеті жедел қаулы шығарды. Оныорындамасаң,өзіңжауапқатартыласың.Өкіметтіңқұрығыұзын... Тәңірбергеннің тапқан айласы дейміз бе, әлде ақылы дейміз бе, не де болса, дұрыс шешім болып шығады. Ол заң саласында біраз қызмет істеп танылған, сауатты, сөзге шешен Есенов Жорабекті көмекке шақырады.
Ол былай болған екен...
Қызылорда облыстық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы Тәңірбер- ген Жармағанбетов:
–...ал,Жөке,ақылтаусылып,амалқұрыптұр.Текүмітөзіңіздеғана. Соғыстанқашып...жаманәдететекалыпбарады...Отандықорғауәрбір азаматтың Коммунистік партия алдындағы парызы емес пе?! Жөке, Сталин...,–дейберіпедіЖорабекқамшысынжоғарыкөтеріп«тоқтат!» дегенді білдірді. Тәңірберген әңгімесін күрт үзді. Жорабек отырған орындығындашайқатылып-шайқатылып,денесінтіктепалдыда:
– Шырақтарым, айтылатын сөз ол емес... Қазақ отанын, елін- жерін қорғауда «қашқын» атанып көрген емес, ықылым заманнан бері бұл жерге кімдердің көзі түсіп, кімдердің табаны тимеді. Қалмақ пен шүршітті, тіптен іргедегі күнде қоқаңдап маза бермейтін Қоқан хандығын жерімізден түре қуғанымыз күні кеше ғана... Біздің ата- бабаларымыз мұндай жаман әдет көрсеткен емес... Әңгімені Сталин- нен емес, намысты оятатын, қанды қыздыратын, ұрымтал тұстан соғу керек болар... Иә, шырақтарым, асынған алдаспан, алтыатарларың бола тұрып, қара сөзге жүгінгендерің дұрыс! Сөз тас жармаса да, бас жаруға жарайды... дұрыс, дұрыс, – деп бір қойды да, жан-жағындағы әскеркиімінкиген,«неайтарекен?»деп,өзінқаумалаптұрғанбір топ адамды қыранкөзіменқағыпөтті.Сөзжоқ,шешендігімен,бірбеткей мінезімен, білімділігімен осы төңірекке аты шыққан Жорабектің аузынанбірдуалысөзестісекекендептелміріп тұрғандарыраседі.– Бұлнетұрыс?Көмексұрағанекенсіңдер,мендайын,бірақменіңбір
34 Шахмардан Есенов шартым бар, –деді де ұзынстолдың басында отырғанҚауіпсіздік комитетініңтөрағасынақарады: –Мыналарыңмылтықтарыншошаң- датып, онсыз да жүректері шайлығып отырған халыққа қоқаңдамай, тынышжүретінболсын...–дедіде,алды-артындаандыздап,«бұлшал не бітірер дейсің?» деп күмәнданып тұрғандарға қиастана бір қарап, орнынанатыптұрып,екіаяғынбір-бірінесартдегізіп,қолыншекесіне апарып: «Товарищи чекисты! Пока не завершится это дело, председа- телем Комитета по безопасности в этой местности являюсь я!» – деді. Қоршаған топ ду күлді. Алпыстан асқан алпамсадай алып денелі Жо- рабекке бұл батылдығы, қалжыңы жарасып тұрды.
Жоба-жоспарын жасап алып ертеңіне-ақ, Қорғаныс комитетінің бір-екі адамы бар және Қызылорда Ішкі істер басқарма бастығының орынбасары Ерназаров және Есенов Жорабек, бар-жоғы он бес адам болып, Шиелі өңіріндегі Жөлек, Бекбай, Қаракемер, «Ортақшыл»... ауылдарын бетке алды.
Алғашкелген«Отырықшыл»ауылыболды.БұлауылдаЖорабектің немереағасыЕлупановІзтілеутұрады.Солүйгежиырмашақтыаттылы адам сау ете түскенде, ауыл адамдары шошынып, іштерін тартып қалған-ды.ІзтілеудіңүшұлыныңүлкеніСәдірменортаншысыЕрғара, екеуі де соғыста болатын. Кішісі Серғара жасы толмағандықтан, майданға алынған жоқ. Жорабек бұл келістерінің мән-жайын ағасы Ізтілеуге түсіндірді. Балаларынан суық хабар жоқтығына қуанған ағасы бір қойын құдайыға шалып, сойып тастады, қонақтарды күтуге кірісті. Не керек, ас ішіліп біраз жайланып алған соң, Жорабек ауыл адамдарын осында шақыртты. Онсыз да шыққан қаулыдан хабардар болып отырған ауыл адамдары әңгіменің қай бағытта боларын сезіп отыр. Жорабек қолындағы «қашқындардың» тізімін оқымады, ешкімніңтүсінтүстеп,атынатамады.Келіпотырғантуыс-туғандарын жерге қаратқысы келмеді.
Болмысында Жорабек қанша өзі батыр тұлғалы, орақ ауыз, өткір тілді болғанмен, орынсыз содырлық, бас бұзар мінезі жоқ болатын. Қандай бір нәрсеге де «тағдыр, жазмыш» деген тұрғыдан қарайтын. Мүмкін, бұл Діни семинарияның берген тағлымы, тәлімі шығар, кім білсін?!
Көпшілік жиналды-ау деген кезде нақ төрде, екі-үш адамның орнынбірөзіалыпотырғаналыпденелі,екіиғынаекікісіотырғандай, жауырыны қақпақтай Жорабек баяу үнмен сөз бастады. Ол сонау
Өмірі «Өларада» өткен Жорабек 35 Адам ата,Хауаанадан бастап,Нұқпайғамбарға «соғып»,одан кейін Хам, Сам, Япес дегендерді тектеп, сақ, ғұнтайпаларын қозғап, көк түрікке келіп: Ілтеріс қаған
Қатулана атқа қонбаса, Мен де атқа қонбасам, Түрік елі құм астында, Күл астында қалар еді. Шүкір!
Елім-ел болды. Жерім-жер болды. Ерлерімді былай қойғанда, Құлыма дейін өр болды! – деп, Тоныкөк батыр сонау-сонау бағзы замандарда батырла- рына, жауынгерлеріне риза болып жырлаған. Бұл далаға кімдердің көзі түсіп, кімдердің табаны тимеді дейсің, шырақтарым! Солардан аман алып қалған көк түріктің ұрпағы, өзіміз секілді анадан туып, әкеден жаратылған қазақтың ер – азаматтары. «Ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер, ер басына күн туса, етігімен су кешер», – демей ме халық. Біздің де басымызға сондай бір күн туып тұр. Неміс фашистері ентелеп Мәскеудің түбіне келді, біздің батырлар: Бауыр- жан мен Панфилов қандай ерлік көрсетті десеңізші. Көшедегі қара радио олардың ерлігі жайлы қайта-қайта айтып жатыр. Өздерің де естіген боларсыңдар, шырақтарым. Олардың ерлігі жайлы естіген сайын жанарыма жас үйіріледі, кеудемді мақтаныш кернейді. Неге? Өйткені олар қазақ халқының абыройын асырып, даңқын жер-әлемге жария етті. Сол батыр Бауыржан былай дейді: «Отан үшін отқа түс, күймейсің, арың үшін алыссаң, өлмейсің!» Нағыз ер жүрек, хас батырдың сөзі.
Жасым ұлғайған шақта мен де бір сынға түсіп отырмын... Дұрыс түсініп, тура қабылдағайсыңдар, шырақтарым. Адам баласы анадан батырболыптумайды,батырдыжағдайжасайды,намысжасайды. Сол секілді адам баласы анадан қорқақ болып тумайды, оны жағдаймәжбүрлейді.Ненәрсегедеақыл,сабырлылықкерек.Олар өз әрекеттерін сол ақылға салып, сабырмен ойлансын. Мына заң
36 Шахмардан Есенов органыныңадамдарысоныайтқалыкелдіСіздерге.Өкіметтің,Сталин жолдастыңқолықойылғанқаулышықты,соғыстанқашып-пысқандар өз еркімен келгендерді жазалап-жазғырмай-ақ тура майданға жібере- міз, қатардан қалмасын дейді.
Адам дегенде тағдыр деген болады, маңдайға жазған жазу бар. Біздіңтағдырымызға осы қусоғыс туракеліптұр,әйтпесе,кімнің соғысқабарғысыкеліпқұлшыныптұрдейсіңдер. Елдіңішікүнде жылау мен сықтау...
Ақылға салып, олар өз бастарынан бұрын ұрпақтарының бола- шағын ойлаулары керек. «Сенің әкең қашқын болған, сенің ағаң қашқын болған!» деген ғайбат сөзді естудің ауырлығын, санаға салар салмағын олар ұғынуы керек. Біздің бүгінгі қателігіміз үшін ертеңгі ұрпағымыз ұялмауы керек! Біздің қателігіміздің азабын олар тартпау керек! Балардың «көжесіне қатық, бетіне салық» етпеуі үшіноларөзқалауларыменмайданғасұрануларыкерек.Оларғаәлі деболсаөзқателіктерінтүсініп,жоюүшінмүмкіндікберіпотыр, соныпайдаланукерек. Тағыда халықтың сөзін айтуғамәжбүрмін, шырақтарым: «Тізерлепжүріпкүнелткеннен,қайраткөрсетіп өлген артық!» – дейді. Біз ешқайсымыз да халықтан әулие емеспіз, халық айтса,дөпайтады,шындықтыайтады...«Жүкауырыннаркөтереді, ел ауырын Ер көтереді». Осы ауылдан қаншама азамат ел басына түскенауыртпалықтыкөтеріпалмаққамайданғакетті.Амалқанша,
«қара қағаз» алып, қара жамылғандарымыз да аз емес. Менің де көңілімалаңдаулы,онекідебіргүліашылмағанбіразаматым–балам майданның қақ ортасында жүр... – Дәл осы тұста манадан бері хас батырша қасқайып, жосылып отырған Жорабектің дауысы дірілдеп- дірілдеп барып, бастапқы ырғағына әрең-әрең түсті. Еріп келген- дер ұйып тыңдап, ауыл адамдары бастарын төмен салып, бірі – жер шұқылап,тіптенкейбірініңмұрындары суланып,пысылдап-аққалды. Қайтсін, бұлардың да күні – күн емес, кімге болысарын, кімнің сөзін сөйлерін білмей шерменде күйді кешуде. – Шырақтарым, мен бар діннің тарихын оқып, тамырын қазған адаммын, сондағы көзімнің жеткені–қырықжылқырғынболсада,ажалды өледі, ажалсызы келеді.Қашу–жауданқұтылудыңжолыемес.Жеңістекеледі,соғыста бітеді,бірақолар«қашқын»дегенжаманаттанөміріқұтылаалмайды. Өкіметтің құрығы ұзын... қарабет болып қашқанша, «көппен көрген ұлытой»депмайданғааттануларыкерек.Қашып-пысыпөмірбойы
Өмірі «Өларада» өткен Жорабек 37 елеңдеп,кімнедерекендепжалтақ,жалтаңболғаннанкөрі,майданға барыпмертболған–жүзесеартық!Ердіңтуы-намысы!Солнамысты өлтірмесін олар! Жауға шаптым ту байлап, Шепті бұздым айғайлап, Дұшпаннан көрген қорлықтан, Жалынды жүрек, қан қайнап, Ел-жұртты қорғайлап,
Өлімге жүрміз бас байлап. Уа, жігіттер, жандарың Жаудан аяй көрмеңіз,
Әзірейіл тура келмей, жан алмас! – деп, Ақтанберді жырау жырлаған екен, шырақтарым!
Қашыпжүріпқабанға жемболама,жоқсоғысқа барыпаманорала ма,олбірАлланыңісі.Адамғабатырлыққандайтәнболса,қорқыныш та тән, түсінеміз. Жер бетінде қорықпайтын адам жоқ, қорқыныштың әртүрінәрбірадамбасынанөткереді.Қорқынышпенкүресуде–ерлік! Ерліктерінкөрсетсін,қорқыныштарынжеңсін,ел-жұрталдындағыпа- рыздарынөтесін,қарызболмасын...олардыңдааналары«ұлтаптым!» деп, қалжа жеген шығар, ақтасын соны! Қара бет болып қашқанша, қан майданда халық үшін қайрат көрсетсін, қатардан қалмасын, шырақтарым.Осысөзім–сіздергеаманат,жеткізіңдержүйелеп...–деп, жан-жағында қаумалап отырған, еріп келген «нөкерлеріне» бір қарап қойды да, «Сіздің айтарыңыз бар ма?» деп Ішкі Істер бастығына қарады. Сөз алған ол «Жөкеңдікі жөн» дегеннен әрі аса алмай,
«қашқындарға» Кеңес заңының қатал екенін айтып қана тоқтады. Жиналған жұрт үн-түнсіз орындарынан тұрып, үйді-үйіне тарады. Олардың жан-дүниелерінде не болып жатқанын айтып жеткізу қиын, әрине. Ақылдары азайып, саналары солып, солпиып-солпиып кетіп барады. Жол айрығында тұрған жолаушының жай-күйі...
Ертеңіне,сәскекезіндеСырдыңбойындағыиттұмсығыбатпайтын орман-тоғай ішінде жасырынып, Отан қорғау міндеттерінен қашып жүрген адамдардың алды келіп, басын иді. Басқалары да ешқандай атыс – шабыссыз-ақ өздері келе берді, келе берді. Осындай шаралар Шиелінің айналасындағы ауылдарда да өтті. Бір жұманың ішінде
38 Шахмардан Есенов Қызылорда облыстық Ішкі істер басқармасының бастығы Ерназаров жәнеоныңсақшыларыелужетіадамдыалып,облысқакетті. Кейіннен олардың біразын – майданға, біразын қара жұмысқа жіберіпті дегенді ғана естіді Жорабек.
АртыншаҚызылордаоблыстықҚауіпсіздіккомитетіменІшкіістер басқармасы Есенов Жорабекті арнайы шақырып, алғыстарын айтты. ҚазақтыңқарапайымауылындағыалпыстанасқанЕсеновЖорабектің жеңісті жақындатуға қосқан үлесі осылай болды...