Шахмардан Есенов ұрын-соңды естігені болмаса, Шахмарданның Жезқаз- ғанғабіріншікелуі.Біріншіболсадакелісі келіс-ақ болды. Атқосшы болса да, қос академик Бардин
мен Сәтбаев қасында жүрудің өзі – бір ғанибет. Жезқазған Мыс комбинатының басшылары самолеттен түскеннен аяқтарын жерге тигізер емес. Мықты деген қонақ үйге әкеп орналастырды. Не ішем, нежейміндемейсіңбәріалдыңда.Бәріненбұрынкен–үйілгентаспен топырақтан мыс пен қорғасынды ажыратып алу әдісі Шахмарданды қызықтырды.Кітаптаноқыған.Бірақкөзбенкөрудіңәсеріалапатекен. Комбинаттыаралапкөру,шахталарғатүсу,некерек,ойламағанжерден
«атқосшы» балаға мұның бәрі нағыз ертегінің әңгімесіндей болды. Шахтадегенатыболмаса,ішікең,зәулім.Оныңішінекенқазатын бар техникалар мен оны таситын БелАЗ-ға дейін сыйып кеткен. Жан- жақтансамаладай жарқыраған жарықтарға қарапқызығасың, бейне біраспандағыжұлдыздаросыалыпүңгірдіңішінекіріпкеткендей-ақ. Алыпэкскаваторларақсиғаналыптістеріменкендіопырыпқұлатуда,
Жезқазған кеннің қоймасы 59 оныконвейерлержеделәкетіпжатыр,әкетіпжатыр.Бұрынтанысемес тарс-тарс, гүрс-гүрс дауыстар. Бәрі қосылып қайнаған еңбектің «сим- фониясын» ойнап тұрғандай. Қызық көрініс, тамаша әлем! Шахмар- дан қатты әсерленді. Санасында бір тосын ой зу етіп өте де шықты. Бірақ, ешкімге айтпады.
Айналаөндірістіңу-шуы.Жан-жағынқаумалағанкөптіңортасында ҚанышСәтбаевпенмәскеулікакадемикБардин.Оларғакомбинатбас- шыларыауыздарытынбай,қолдарынсермеп-сермепәлдененібаяндап тұр.СәтбаевбіркездеШахмарданныңбіркеншіменәңгімелесіп,оның сөзін құныға тыңдап тұрғанын байқап қалды. Жас өреннің «білсем» деген ниетіне қуанды. Ойына бір идея сап ете түсті. Бірақ, айтуға асықпады...
Біріншікүніосылайөндіріс орындарынаралапертеңінепартия басшылары мен кәсіпорын бастықтары, кенші, барлаушы-геологтар қатысқан үлкен жиын болды. Сөйлеушілер көп-ақ. Бәрінің әңгімесі кен мен кенші, геолог-барлаушы төңірегінде. Сөйлегендердің ішінен Қанышағаныңайтқандарыкөптіелеңеткізді.Олкөсіліпбіразсөйледі. Сөздері домалап-домалап түсіп жатыр. Сөзінің аяғында:
– ...мыс пенполиметалл концентраттарын балқытудың біз өзіміз ойлап тапқан неғұрлым жетілдірілген әдісін өндіріске тезірек енгізу- дің қажеттігін, оның маңызының зор екенін бәріңіз де түсінетін сияқтысыздар. Өкінішке орай, ол әдісті өндіріске енгізу ісі тым баяу жүргізілуде.Жартылайөнеркәсіптіксынаубұләдістіңартықшылығын дәлелдей алмайды. Шындығында, біз оны жаңа әдіске сай келмейтін ескірген қондырғыларда сынап жүрміз ғой. Реактивті двигательді арбаға байлап жүргізіп көріңізші, қандай болар екен, быт-шыты шықпай ма?!» – деді...
Шахмарданға «реактивті двигательді арбаға байлапжүргізіп көріңізші»дегентеңеуіқаттыұнады.Шынындада,ашылғанжаңа жаңалық өз орнымен, өз технологиясымен толық сынақтан өтпесе, дұрыс нәтиже бермейді ғой. Жаңалықтың жаңалық екенін дәлелдей де, көрсете де алмайсың. Қаныш аға дәл теңеу тауып айтты деп, өз- өзінен риза болды.
Сапырылысқан екі күндік жиын бітіп, кешкі ас та ішіліп, бәрі де ентіктерінбасып,қонақүйдеәркімөзбетіншедемалуда.Ертеңбәрі де Алматыға ұшады. Шахмардан екі күн ішінде кен мен кенші, геолог пенбарлаушыөмірініңбұрынөзібілмейтінжақтарынабіразқанықты.
60 Шахмардан Есенов Теория мен практика арасындаәжептеуір айырма барын ұққандай. Не болса да, «атқосшы» болып келгеніне қуанды, қаншама өмір көрді.
Шілденіңқақортасыболсадамұндаасаыстықемес,Сарыарқаның самал желі жанға жайлы тиіп, рахатқа бөлеп тұр. Шахмардан есік алдындағы орындыққа келіп отырды. Күн алаулап батып барады.
«Ертеңкүнашық,ыстықболады».Әкесіненестігені– егерКүн батарда батыс қып-қызыл шапаққа бөленетін болса, ертеңіне күн ыстық болады. Осылай әр түрлі ой жетегінде отырғанда қонақ үйден Қаныш ағасы шықты. Қасында екі адамы бар. Былай ұзатып барып олармен қоштасты да, Шахмарданға қарай жүрді.
– Мен сені іздегелі отыр едім, жақсы болды, жүр, былай жүріп қайтайық,–дедісабырлыүнменШахмарданға.Қатаржүріпкеледі,екеуі де биік, екеуі де сымбатты, айырмалары тек жастарында ғана. Қаныш Сәтбаевердіңжасыелугекеліпқалған,Шахмарданболсажиырманың үшеуінде.Оларшамалыжүргенненкейін-аққалашетінешығыпкетті. Көз ұшына дейін созылып жатқан кең дала. «Қызық, топырағы қызыл қоңыр...жербедерібіздіңауылғаұқсас»депқойдыіштейШахмардан.
«Жезқазған ұнады ма, кешегі жиналыс-жиындардан өзіңе бір нәрсе ала алдың ба?» деген сияқты жеңіл-желпі сұрақ төңірегінде әңгіме- дүкен болды. Сосын Қаныш Сәтбаев тосыннан әңгіме арнасын басқа жаққа бұрды:
– Міне, қалқам Шахмардан, Қазақстанның атын әлемге танытып жатқан Жезқазған, Жезді, Ұлытау деген жеріңіз осы болады. Мына топырақты қарашы, қызыл-қоңыр тартып жатыр. Осының өзі дәл осы жерде кен барын байқатады. Зерттеп, зерделей білсең болды, – Шах- марданға бір қарап қойды. – Қалқам, сенімен ақылдасқалы тұрмын, бірақ бәрін де өзің шешесің... – деді.
–Рахмет,аға,менібіркөтеріптастадыңызғой,Сізгеақылқосатын- дай мүмкіндік болса менде... – деп күлімсірей ағасына қарады Шах- мардан.
– Қазақ айтады: «Асыл тастан, ақыл жастан!» деп. Біздің жасымыз ұлғайыпкеледі, сендер өсіпкелесіңдер. Әкеніңорнынбала,ағаның орнынінібаспаса,өміралғаозбас еді.Тіршілікзаңы.Абайайтпай ма:
«Қартайдық, қайратқайтты,ұлғайдыарман...»–деп.Меніңде жасым ұлғайған сайын армандарым азая ма десем, қайта көбейіп барады. Қазақдаласытұнғанбайлық,оныөзіңсекілдіжастариемденсе,игерсе деймін...
Жезқазған кеннің қоймасы 61 Шахмардан Қаныш ағасының не айтқалы келе жатқанын түсіне алмай, жайлап жүзіне қарады. Шынында да, Қаныш ағасының маңда- йынаәжімсызықтарытүскендейме,қалай.Екі-үшкүнненберідемалған жоқ, соныкі де болар. Бәрібір бұйра шаштары толқынданып, маңдайы жарқырып,қырмұрны,қоңыркөзі,бәрі-бәрікөріктендіріптұр.
– Аға, қарттықты ойлау Сізге әлі ертерек болар, – деді Шахмардан жай ғана, басқашалау айтуға батылы жетпей.
– Жоқ, ертеңінойламаған ғалым өзінің бар ісін, ашқан жаңалық- тарын өлтірумен пара-пар. Менде шәкірттер бар, жетеді. Сені сондай шәкірттерімніңбірідепесептеймінмен.ОсысенАлматығаоралмай-ақ Жезқазғанда жұмысқа калсаң қалай болады, аспирантура деген қайда қашар дейсің. Ол жақтан көрі сен осында қажеттірексің... Геология саласында ғылыми жұмыс жүргізу үшін әуелі барлаушы болып, дала төсінарлапбарып,ғылымғакелгендұрысболады.Зерттейтінмәселең өзінен өзі алдыңнан шығады... академияның кабинетінде отырып, жоқтан бар жасап, саусақтан сорғандай... геологиядан жаңалық іздеген адам далаға, мынау шалқар дала төсін аралауы керек. Сонда небірсырыашылмағанқұпияқұбылыстаржұмбағынжайыпсалады,– деп, Сәтбаев Шахмарданға «мұныма не дейсің?» дегендей, жымия қарап тұр.
Шынынайтқанда,Шахмарданмұндайтосынұсынысқақалайжауап берерін білмей, ойы сан-саққа кетті. Бірақ, бағана жиналыста Қаныш ағасы Қазақстанның кен байлықтары жөнінде жосыла сөйлегенде
«геолог-барлаушы болсам ба екен?» деген бір ой туа қалған-ды. Қанышағасытурасолойдыоқиқойғандай,дөпбасыптұр.Таңқалып, аға бетіне тіктеу қарады. Оны басқаша түсініп қалған Сәтбаев:
Табиғат шіркіннің қай ісіне таң қалып, қай сиқырын түсініп болғандайсың. Қаныш табиғаты сұлу, таулары қыздың жиған төсегіндей текшеленіп, текті тұрғанБаянауылбөктерінде дүниеге келсе,жасШахмарданбаяғы-баяғыбағзызамандабаршақазаққаотан болғанСырбойында, Шиеліде дүниегекеліпті. Сөйтетұра,екеуібір- біріне қатты ұқсайды. Жарқыраған жазық маңдай, маңдайдан әрі бас- талатынтолқын-толқын,бұйра-бұйра қоюқара шаш,ойлы,терең тұныққаракөз,хасбатырлардағанаболатынқырмұрын,некерек,
62 Шахмардан Есенов адамқызығарлық,сүйсінерліктүрментұрпатекеуіндеде.Шахмардан анда-санда аспанға, самаладай самсаған жұлдыздарға қарап қояды. Қиялыбиікте.СәтбаевоғанҰлытаутуралы,үшжүздіңбасықосылған киелі тау екендігін айтып, әрісі Жошыхан, Едіге батыр, Абылайхан... жайлы жайлап әңгіме шертіп отыр. Әңгіме астары тереңде. Өмірдің ащысы мен тәттісін қатар татып келе жатқан ғұлама ғалым өмірі деескіжыр-дастаннанбірдекемемес.Бабаларыңбайболған,өзің
«Алаштың»өкілісіңдепкүнібүгінгедейінқоқаңдайтындартабылады. Ұстазының бар әңгімесін Шахмардан зейін қоя тыңдап отыр.
–Шахмардан,айналайын,шынымдыайтсамнебірдүбірліоқиғалар өткеносысарыдаламдысағынамын.Адамдыадаметкенақылдан көріқиялы.Қиялболмаса,жалғызақыл-жетім.Қиялыменармандары болмаса, бұл адамзат көк аспан мен жеті қат жер астының сыры мен құпиясынашаалмаседі.Академияныңбітпейтін,ұшы-қиырыжоқша- руаларышаршатады. Оныңүстіне,күнделіктіөмір ағысымен, таптау- рынболғантабанжолменжүребергіңдекелмейді.Сеніптапсырылған соң, ғылымның өркенін өсіргің келеді. Бірақ жас ұлғайған сайын шабан тартып, болмашыға шаршап қаласың...
Қанша шаршадым десе де, Қаныш өзіне қиянат жасап, тырнақ астынанкіріздеп,өзінбіразқуғын-сүргінгесалғанадамдар атынатап, түсін түстемеді. Қызғаныштың ыстық отына жандары қуырылып,
«мен, мен!» деген өзімшілдердің пенделік деңгейіне түсіп, жаны да, санасы да таза жасты уландырғысы келмеді.
Әңгімесін жалғап:
– Айналайын Шахмардан, Қазақстан территориясына: Англия, Франция, Испания, Австрия, Бельгия, Голландия, Дания тәрізді жеті мемлекеттіорналастыруғаболады.Олөзініңшетсіз,шексізкеңдігімен ғанаемес,кенбайлығымендеәлемдітаңқалдырады.ҚазіргіҚарсақбай, Жезқазған,Қоңырат,Қарағанды, Шымкентқорғасын зауыты,Ақтөбе химкобинаты – Бүкіл Одақ көлемінде алыптар санатында тұр.Ұлы Отан соғысында жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалынды. Қазақтың кең байтақ даласы, оның бұйра құмдары мен тау-қыраты толған алтын мен күміс, жез бен мыс, көмір мен мұнай... Кезінде ол шеті мен бұл шетіне ұшқан құстың қанаты талатын кең алқаптың асты, жер қойнауы кенге толы. Бейне бір алып қойма ма дерсің. Тек соны таба біліп, ел-халық игілігіне жарату керек. Атақты орыс ғалымы Ломоносовты білесің, оқыдың, сол кезінде «Россия
Жезқазған кеннің қоймасы 63 жерінде санжетпес байлық бар, оныигеруүшінғылым керек!» деп халқына ұран тастаған. Соның нәтижесінде Архангельский, Губкин, Обручев, Ферсман, Усовтар сонау-сонау Палеозой эрасынан бері Жер-ана қойнында сақталып келген асыл қазыналарын қалай танып, қалай табудың жолдарын көрсетті...
Менің жастық шағымның ең бір қызықты кезеңі осында – Жезді, Ұлытаудаөтті.ТаисияАлексеевнаекеумізрюкзагымыздыиығымызға асына салып, дала кезіп кететінбіз, – осы тұста Қаныш аға біраз үнсізотырыпқалды.Заңды,ешбіралаңыжоқ,арманыкөпжылдар
«мен мұндалап», атойлап алдынан шықты-ау дейміз, – ата-бабамыз сан ғасыр алаңсыз осы далада малын жайып жүре берген. Сөйтсе, табанының асты, Жер-ананың қойны толған алтын мен күміс, мыс екен. Онытабу,көзін ашу ХХғасыр ұрпақтарына, бізге бұйырды... Енді біздің ісімізді жалғайтын сендерсіңдер...
Қанышағасысоңғысөзінмұңдылау,шаршағанадамныңсыңайын танытып барып тоқтады. Иә, Қаныш ағаның «сары даламды сағын- дым» деуінің жөні бар. Тартысты өмірдің тауқыметі, Академияның бітпейтін мың-сан мәселесі, тіптен кейбіреулердің қызғаныш, көре алмаушылықәрекеттеріжүйкесінжұқартып-ақжүр,кейінгікезде.
«Азап-ақылдан!» дейді Грибоедов. Сәтбаевқа да жау тауып беріп жүрген – өз ақылы, білімдарлығы. Әлсіз адам кемшілікті өз бойынан емес, өзге-лерден іздейді, аяқтан шалады, арыз жазады... Кейінгі кезде Сәтбаев осындай «әлсіз» пенделерден әділетсіздікті көріп келеді.
Сәтбаевойынанетүскенінқайдам:–ҚалқамШахмардан,азайтып, көп айтқанда не, ертеңге дейін ойлан... дем алайық, – деп, әңгімесін бітіріп, қонақ үйге беттеді. Шахмардан ғалым соңынан ерді.
Ол ұзақ ойланған жоқ, «несі бар, қалсам қаламын! Қаныш ағаның өзі де осы жерден өскен жоқ па?! Оның үстіне ғұлама ғалымның өзі ұсыныс жасап, сенім білідіріп тұрғанда...» деді өзіне өзі. Тек ауылда, Тартоғайда қалған қарт әкесі мен шешесін ойлай берді. «Оларды көшіріп аламын осында!» Осы ойдың келуі мұң екен Шахмардан Жезқазғанда қалуға белді бекем буды.
Ертесін Шахмардан ертемен Қаныш Сәтбаев бөлмесіне барып, шешімін айтты.
«Бір жыл істеп көр, болмаса Алматы қайда қашар дейсің...» деп,
64 Шахмардан Есенов арқасынан қағып қойды. Алматыныңқызығын тауысып болмаған жастыңқаңбағынжелқуғанмынадаладақалармаекен,қалмаспаекен дегенСәтбаевтабірүміт,біркүдіктіңболғаныраседі.Шахмарданның бұл шешіміне көңілі көтеріліп, жүзіне нұр ұялап қалды. Ол дереу Геология-барлау басқармасының бастығына «жұмысқа ал, далаға жібер...» деп телефон соғып, нақтылы тапсырма беріп те тастады.
Содан, Шахмардан Сарыарқаға «атқосшы» болыпкеліп, отряд геологы атанып, Жезқазғанда қалып қойды.