«Қазақ мұнайының а р дақтылары»



бет16/47
Дата05.11.2016
өлшемі53,32 Mb.
#423
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47
***
Шахмардан Есенов өз өмірінде 200-ден астам еңбек жазып, ғылымға сүбелі үлес қосты. Олардың арасында 16 монография, 150-дей мазмұны терең зерттеу мақалалары бар. Ең маңызды еңбек – әріптестерімен бірлесіп зерттеген, көпшілікке, қарапайым оқырманға өте түсінікті тілмен жазылған «Қазақстан жер қойнауы» атты монография еді. Онда олар Қазақстан жер қойнауының байлығын жан-жақты қарастырып, қай қабатта, қалай жатқанын, «кімдермен» бірге, басқа қандай элементтер- мен қосарланып тұрғанын, не керек, жеті қат жер астындағы байлықты көріп тұрғандай, дәл баяндайды. Айта кету керек, бұл монография тау-кен факультеті студенттерінің және профессор-оқытушыларының әлі күнге дейін басты кітабы, оқулығы болып келеді.

Аталмыш кітапты жазуда олар геология саласының аса білгірі, академик Қаныш Сәтбаев, Қазақстан Ғылым Академиясының акаде- мигі И.И. Бок, корреспондент-мүшесі Г.С. Медоев және геология ғылымдарының докторы Г.Н. Никифоров, И.П. Новохатский, геология ғылымдарының кандидаты Д.Н. Казанли еңбектеріне арқа сүйеді. Тұңғыш Сәтбаев түзген Қазақстанның металлогениялық картасы дүниежүзілік геология ғылымында жоғары бағаланған болатын, әсіресе, олар сол еңбекті басшылыққа алды.

Өмір бойы Қаныш Сәтбаев геология саласындағы бытыраңқылық- ты қайта-қайта сынға алып, тиісті орындарға мәселе етіп талай қойған. Геологиялық барлау жұмысымен еліміздің бірқатар ведом- стволары: қара және түсті металлургия, мұнай және көмір өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдары... министрліктері айна- лысады. Олардың біреуі – көмір, екіншісі – мұнай, үшіншісі темір іздейді, осылардың басын бір министрлікке қосып, барлау жұмысын комплексті жүргізіп, жер қойнауын кешенді зерттеуді ұсынды. Ғұлама ғалымның мұндай ұсынысы аяқсыз қалмады. Жалғастырған, мәселе етіп көтеріп, іс жүзіне айналдырған өз шәкірті Есенов Шахмардан болды десе, артық айтқандық емес.

Ашық ойларын ол көптеген республикалық және шетелде өткен симпозиумдар мен конференцияларда, конгрестерде мәселе етіп көтеріп отырды. Ш. Есенов:

«...дала қойны тұнған байлық. Біз бұл байлықтарды көздің қарашығындай сақтап, табиғаттың асқан жомарттықпен беріп отырған

Бір ғылым еді іңкәрің...

121


әрбір грамм көмірі мен мұнайын, мырышы мен қалайысын, қорғасыны мен мысын, титаны мен сурьмасын және басқа да толып жатқан алтындай асыл, күмістей әсем өнімін еліміздің халық шаруашылығына орнымен пайдалана білуіміз керек.

...Соған қарамастан, «Карагандауголь» комбинаты мен «Казахстан- нефть» бірлестігінің кәсіпорындарында елеулі-елеулі ысырапқа жол беріліп жүргенін атап айтпауға болмайды. Қара және түсті металлур- гия кәсіпорындарында да осындай рәсуәлік кездесіп жүр.

Сондықтан қазба байлығын байыту мен өндірістік қайта өңдеу сис- темасында ең жетілдірілген техника түрлерін қолдануымыз керек. Атап айтқанда, біздің кәсіпорындарымызда Қазақстан Ғылым Акаде- миясы ғалымдары тапқан руданы циклондық балқыту әдісі әлі кеңінен қолданылмай келеді.

Ең алдымен шахталардағы, рудниктердегі, цехтардағы, алып заводтар мен фабрикалардағы инженер-техник қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру керек. Бұлар қазба байлығын жер астынан алуда тәжірибеде өзін-өзі ақтаған озат әдістерді кеңінен қолдануға, прогрестік жүйелерді мұнан былай да жетілдіре беруге баса назар аударуға тиіс» деген сөзінен туған табиғатқа, жер асты байлығының ысырап болмауына деген жанашырлығын байқаймыз.

Ол – геология ғылымын дамытуда геологиялық барлау, іздестіру жұмыстарын кешенді түрде жүргізу, әсіресе геологиялық, физикалық және геохимиялық әдістерді кеңінен қолдануды ұсынып, іс жүзіне асырды.

Ол Қазақстанда Бүкілодақтық барлау-геофизика институты бөлім- шесін ұйымдастырды.

Ол Геология саласына кибернетиканы енгізу арқылы алғаш есептеу орталығын ашты.

Осы кезеңде Қазақстан геологтарының жаңашылдығы, іскерлігі Одақ бойынша жоғары бағаланып, оның ішінде Ш. Есеновтың есімі құрметпен аталды. Оның аса ірі ғалым және білікті ұйымдастырушы екені мойындалды.

Қорыта айтқанда, Қазақстан геология министрі Шахмардан Есенов- тың 1960-1965 жылдар аралығында атақарған қызметі мен жұмысының ұлы жобасы осындай. Оның ерен еңбегі елеусіз қалған жоқ.

1961 жылы ХІ съезде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің

мүшесі болып сайланды, 1962 жылы Геология-барлау жұмыстарының

122 Шахмардан Есенов
кәсіподағы Орталық Комитетінің мүшесі, 1963 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 1965 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары, 1965 жылы Қарағандының Ленин сайлау округы бойынша Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1965-1967 жылдары Қазақ КСР Өндірістік геологиялық комитетінің төрағасы болып тағайындалды, 1966 жылы

«Маңғыстаудың тектоникасы және мұнай-газдылығы» деген моно- графия жазып, ғылыми ортаға ұсынды, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы болып сайланды,

Ал 1967 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, Қазақстан Ғылым Академиясының президенті болып сайланды және Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология институтының директоры болып тағайындалды.

Айта берсеңіз, әңгіме көп. Көптің ішінен басты-басты деген оқиғаларды іріктеп алып, жас министрдің тұлғасын, бейне-бітімін ашатын іс-әрекеттерін айтуға, көрсетуге ұмтылдық. Адам жаны – ең құпия, ең терең, сыршыл құбылыс. Сондықтан да министр Есеновтың бар болмысын барынша аштық, көрсеттік деген көлгірсуден біз де аулақпыз.

Бесінші бөлім
ЕЕЕЕЕЕЕЕЕ ЕЕЕЕ ЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕ

«Ондай болмақ қайда?» деп

Айтпа, ғылым сүйсеңіз».

Абай
оқ, Шахмарданда «ондай болмақ қайда?...» деген күмәнді ой болмады. Қандай жауапты, лауазымы биік қызмет алса да, алдында адастырмайтын Темірқазығы – ұстазы Қаныш Сәтбаев тұрды. Ұстазымдай болмасам да, ұқсап бағамын деп жүріп, Қазақстан Ғылым Академия-



сына президент болып сайланғанын байқамай да қалды. Бәрі заңды,

бәрі дұрыс. Әкеден – бала, ұстаздан шәкірт озбаса өмір де өзгермес еді, қараңғы үңгір ішінде қалмас па едік, осы уақытқа дейін. Абай айтқандай, «бейнетін қиын көрмей...», бел шешіп, белсене кірісті.

Біз тарихтан білетініміздей, Қазақстан Ғылым Академиясының құрылып, аяғынан нық тұруына Қаныш Сәтбаевтың сіңірген еңбегі ерен. Ал оның ғылым ордасына басшы болып келу жолын Қазақстан Үкіметін он үш жыл басқарған Нұртас Оңдасынов «Тұңғыш пре- зидент» деген естелік-мақаласында жақсы баяндайды. Қаныштың үлкен ғылымға келуіне өзінің себепкер болғанын мақтанышпен жазады. Сөйтсек, Жезқазған даласында экспедицияда жатқан Сәтбаевтың «Социалистік Қазақстан» газетіне жарияланған бір ғана мақаласын оқып, ұнатып, Мәскеуге шақыртыпты. Орталық Ғылым Академиясының президенті, академик Каморовпен танысты- рып, болашақ «Қазақстан Ғылым Академиясының президенті осы!» дегенді кесіп айтып, жеке ғылым ордасының қажеттігіне өтініш етеді. Бұл фактіні қазір біріміз білсек, көбіміз білмейміз, әрине.

124 Шахмардан Есенов
Осы тұста соғыс басталып, бар шаруа «бәрі майдан үшін, бәрі жеңіс үшін!» дегенге айналады. Соған қарамай, Үкімет басшысы Оңдасынов

«мен осы орында отырғанда қаражаттан қам жеме, тек қазақ ғылымын көтер» деген уәдесінде тұрыпты, ұтқыр ұйымдастырушы, дарынды ғалым Сәтбаев соғыс жылдарының өзінде-ақ 15 ғылыми-зерттеу ин- ститутын ашыпты. Аз жылда академиктер мен ғылым докторларын, кандидаттарды өсіріп шығарыпты.

Соғыс жылдарында Қорғаныс Комитетінің ұйғарымымен Орталық Ғылым Академиясы Қазақстанға көшіп келіп, ғалымдар Көкшетау мен Алматыға жайғасады. Мұның республика ғылымының өсуіне, ғалымдардың көбеюіне ықпалы зор болды. Қорғаныс Комитеті ғалымдарға аса жауапты міндет жүктеді. Өте тез арада оқдәрі, қару- жарақ жасауға қажетті молибден мен вольфрам кенін табуды тапсырды. Үкімет басшысының өндірісті басқаратын орынбасары Д. Қонаев тапсырма алысымен, бір топ ғалымдарды басқарып Балқаш, Ақтоғай, Ақадыр даласын оңды-солды кезді, ақырында іздегендерін тапты. Соның арқасында Қорғаныс зауыттары үздіксіз шикізатпен қамтамасыз етіліп, жұмысын бір сәтке тоқтатпады, майданды оқдәрімен қамтама- сыз етті.

Отан соғысы басталған жылы Қазақстанда тұңғыш Геологиялық ғылыми-зерттеу институты құрылды. Бұл институтты Қаныш Сәтбаев аз уақыт ішінде Одақтағы ең ірі ғылым ордасына айналдырды. Қазақ даласындағы қазба байлықтарды жан-жақты зерттеумен айналысқан институт ғалымдары бұрын-соңды геологиялық тәжірибеде жоқ тың тәсіл ойлап тапты. Ол – кен орындарын металлогениялық жолмен болжау тәсілі еді. Институт ғалымдары бұл тәсілдің теориялық негізін жасап шықты. Осы озық болжау тәсілін қолдану нәтижесінде көптеген кен орындары ашылды. Қазір бұл тәсіл Одақтық, тіпті әлемдік геология ғылымының табысына айналып, жер асты байлықтарының геологиялық карталарын жасауда бірден-бір қолданатын тәсілдері болып отыр.

Міне, осы еңбек үшін 1958 жылы академик Қаныш Сәтбаев пен осы институттың ғалымдары Қазақстан Ғылым Академиясының ака- демигі И.И. Бок, корреспондент-мүшесі Г.С. Медоев және геология ғылымдарының докторы Г.Н. Никифоров, И.П. Новохатский, геология ғылымдарының кандидаты Д.Н. Казанли Лениндік сыйлықтың лау- реаты деген атаққа ие болды.

Бейнетін қиын көрмедің...

125


Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, Қазақ халқының атын әлемге танытқан дарынды жазушы Мұхтар Әуезовке «Абай» эпопеясы үшін 1959 жылы Лениндік сыйлық берілді. Және 1961 жыл да табысты болды. Кен өндірудің озық ғылыми тәсілін ойлап тауып, оны Лениногор полиметалл комбинатының рудниктерінде тәжірибе жүзінде қолданғаны үшін Қазақстандық екі ғалым – Әлихан Мусин мен Алай Жақыпбаев Лениндік сыйлықтың лауреаттары атанды. Дәл осы жылы металлургия ғылымы саласындағы аса үздік еңбектері үшін академияның корреспондент-мүшесі Л.С. Гецкин де осы құрметті сыйлықты иемденді.

Маңғыстаудағы Жетібай мен Өзенді ашқан бір топ геолог-ғалым- дарға 1966 жылы Лениндік сыйлық бергенін жоғарыда айтқанбыз.

Қазақстан Ғылым академиясында Қ. Сәтбаев бастаған көшті алға апарушы талантты ғалымдар өсіп, қалыптасты. Айталық, әрі жазушы, әрі ғалым М. Әуезов, У. Ахмедсафин, А. Полосухин, А. Тайманов, Н. Базанова, Г. Тихов, В. Фесенков, Д. Сокольский, С. Кеңесбаев, Ә. Марғұлан, Ж. Тәкібаев, А. Бектұров, А. Жұбанов, Ш. Шөкин, С. Бәйішовтердің есімі Одақтық ғылыми қауымға таныс болды. Сапалы зерттеу, жаңа ғылыми еңбектер ашу жағынан Қазақстан ғалымдары Ресей, Украинадан кейін, үшінші орынды үнемі иемденіп жүрді.

Осындай атақтылары мен ғұлама ғалымдары бар, беделдері Одақ көлемінен асып, шет елдерге де жетіп жататын Қазақстан Ғылым Академиясының тізгіні ендігі жерде қырыққа әлі жете қоймаған Шахмардан Есенов қолына тиді. Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының академик-ғалымдары Шахмардан Есеновтың прези- дент міндетін қалай атқарғандығы хақында мынадай пікір білдіріпті:

«...Ш. Есенов өзіне тән күш-қуатымен қатаң талап қоя білуімен, жан-жақты ғылыми білімділігімен, инициативасымен және кадрларды ұйымдастыру қабілетімен бұрынғы қызметтерімен салыстырғанда сәл ерекшеліктері бар, сырт көзге сәл тұйықтау көрінетін Академия әлеміне еркін араласып кетті. Аса білімді және қабілетті басшы ретінде ол аз уақыттың ішінде көпшіліктің құрметіне бөленіп, беделі өсті. Респуб- лика Ғылым Академиясының көп қырлы жұмыстарының ғылыми проблемаларын шешуде іскерлік танытып, халық шаруашылығының өркендеуіне тікелей ықпал жасады. Академиялық ғылыми бөлім- шелердің жұмыс жағдайларымен жан-жақты танысқаннан кейін, өзіне тапсырылған қызметіне үлкен белсенділікпен кірісті. Ол Ғылым

126 Шахмардан Есенов
Академиясының мыңдаған адамдардан құралған ұжымы алдында ғылыми жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатын қойып, респуб- ликамызда ғылым дамытудың негізі болып саналатын түбегейлі зерт- теулер жүргізуді барынша ұстанды. 1967 жылы қарашада болған Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының юбилейлік жалпы жиналысында прези- дент Қазақстанда ғылымның қол жеткен табыстарын қорытындылай келіп, академия жұмысындағы кемшіліктерді де сынға алды және оларды тез арада жоюдың шараларын ұсынды. 1967 жылы Академия- да ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстардың біршама жанданғаны байқалды. Бұдан кейін ғылыми мекемелердің басшылары орталық басқару аппараттарынан қатал талапты және айқын басшылықты байқап, жұмыс-қызметтерінің әрдайым президент назарында екенін сезінді. Осының бәрі барлық ғылыми бөлімшелердің жұмыстарына жаңа дем берді және ғалымдарды белсенді қызмет атқаруға жұмылдырды. Кешенді атқарылатын ғылыми жұмыстарды жоспарлау біршама жақсарды. Әсіресе, жаңа өндіріс түрлері дамыған ауданды игерумен байланысты жүргізілген ғылыми жұмыстардың тиімділігі өсті, ғылыми институттарды, лабораторияларды жаңа приборлар- мен жабдықтау мәселесі дұрыс шешім тауып, ғылыми жұмыстардың, тексерулердің деңгейі артты, кадрларды дайындау және оларды пайда- лану жолдары дұрыс жолға қойылып, жас ғалымдардың жемісті еңбек етуіне жақсы жағдайлар жасады. Осы кезеңде Академия тарихында алғаш рет Қазақстанның халық шаруашылығын дамытуға арналған ұсыныстардың негізі жасалған болатын. Онда президенттің инициа- тивасы бойынша аймақтарда геологиялық барлау жұмыстарында тау-кен өндірістерінде прогрессивті технологияны енгізу, қара және түсті металлургияны жандандыру, химия өндірісі, машина жасау, тамақ өндірісі, ауыл шаруашылығын өркендету мәселелерінің айқындалған жоспары белгіленді. Ғылым Академиясының респуб- лика халық шаруашылығын 1971-1975 жылдар аралығында дамыту бағытына ұсынысы басшы органдарда мақұлданып, айрықша мән берілді.

Президент республикамыздағы барлық ғылыми жұмыстар мен ізденістерді үйлестіріп отыратын 29 Ғылыми кеңестердің жұмысымен танысып және талдау негізінде олардың жұмыстарын біршама жандандыруға ықпал жасады. Ол кемшіліктерін көрсетіп, өз кәсібіне икемі жоқ, кәсіби шеберліктері жоқ адамдарды ауыстырды. Жұмысы

Бейнетін қиын көрмедің...

127


нашар Кеңестердің біразын жауып тастады. Жетістіктері бар Ғылыми кеңестердің жұмысына ерекше қолдау көрсетті.

1968 жылы Қазақстан Ғылым Академиясы Төралқасының көп- теген мүшелерін қайтадан сайлап, 17 ғылыми мекеменің директорла- рын қайта бекітті.

1970 жыл Академия ұжымы үшін қажырлы еңбектің және өзгерістердің бұрын-соңды болмаған өрлеу жылы болды. Ғылым Ака- демиясы жаңа мүшемен толықты – 3 академик, 21 корреспондент- мүше сайланды. Жаңа институтар құрылды:

Жоғарғы физика институты,

Гидрогеология және гидрофизика, сейсмология институттары, Металлургия және байыту, Астрофизика институттары,

Бас ботаника бағында жаңа бөлімдер мен лабораториялар ашылды. Ғылым Академиясы бұрынғыдан да нығая түсті, ғылымның көп- теген бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, жоғары деңгейде кадрлар дайындау күрт өсті. Тек бір ғана 1970 жылы

ғылымның әр саласы бойынша 22 докторлық диссертация қорғалды.

Академияның басты проблемалары президент назарынан тыс қалған жоқ: күрделі құрлыстар салынды, зертханалар жаңа жабдықтармен жабдықталды. Бірінші 45 пәтерлік үй, сосын 35 пәтерлі үй бітіп, ғалымдарға берілді.

Өспен белдеуі бойынша жүргізілген ғылыми жұмыстар жеті томдық еңбек болып жарық көрді, ғалымдар мен өндіріс мамандарының жоғары бағасын алды. Ал оның авторларының бірі есебінде Ш. Есенов

1973 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

Ғылым Академиясының жалпы жиналысының арнайы сессиясы қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 125 жылдық мерейтойына арналды. Әл-Фараби еңбектері жарық көрді.

Қазақстан Ғылым Академиясының алдағы 25 жылдық мерейтой- ына арналған дайындық жұмыстарына да Ш. Есенов басшылық етті.

1971 жылы Мәскеуде өткен «Қазақстан ғылымының күндеріне» жан- жақты дайындықтар жүргізілді, көрме ұйымдастырды. Көрмеде қазақ халқының тарихы, оның мәдени даму жолдары, ғылыми зерттеулерінің негізгі жетістіктері, олардың тиімділігі көрсетілді. Бұған дейін Ш. Есеновтың «Қазақстан ғылымы мен ғалымдары» атты еңбегі басылып шыққан болатын Ол аса ірі бірнеше конференциялар мен сим- позиумдарды өткізуге байланысты ұйымдастырушылық жұмыстарына

128 Шахмардан Есенов
да белсене араласты. Солардың ішінде аса ірі Африка, АҚШ және Латын Америкасы елдерінің қатыстырылуымен өткен симпозиумның мәнін ерекше атап өткен жөн.

Ал 1971 жылы Ғылым Академиясы өзінің құрылғанына 25 жыл толуын атап өтті. Мерекелік жиналыста президент Ш. Есенов

«Қазақстанның Ғылым Академиясы – республиканың ғылым орта- лығы» деген тақырыпта баяндама жасады. Сессия жұмысына Қазақстанның Үкімет басшылары, КСРО Ғылым Академиясының президенті, академик М.В. Келдыш, және академиктер А.Л. Яншин, В.И. Смирнов, тағы да Одақтас республикалардан көптеген делегат- тар келді. Ғылым Академиясының 25 жылдық торқалы тойына орай

1971 жылдың маусымында президент Ш. Есенов екінші рет Ленин орденімен марапатталды.

1972 жылы 24 ақпанда болған Қазақстан Ғылым Академиясының жалпы жиналысында Ш. Есеновты бірауыздан екінші рет, жаңа мер- зімге президент етіп сайлады.

Осы жылы Ш. Есенов Канадада өткен Халықаралық геологиялық конгреске қатысты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің парламенті делегация- сының құрамында Данияға барып қайтты.

Ғылым Академиясының КСРО-ның 50 жылдығына арналған тойына орай Ғылым Академиясының туысқан республикалар арасында Орта Азия бойынша Ғылым Академияларының ғылыми-теориялық конфе- ренциясы өткізілді.

1973 жылы академиктер Ш. Есенов пен А. Каюповтың бастамасы- мен Қазақстан жеріндегі геологиялық және металлогениялық қоры- тынды шығару және орта масштабты металлогениялық болжам кар- таларын жасау сияқты күрделі жұмыстар бастады. Оған Геология институтының барлық қызметкерлері тартылды. «Қазақстан метал- логениясы» атты он бір томнан тұратын монографияның жазылуы жоспарланды. Академик Ш. Есенов бұл монографияның 1977 жылы шыққан бірінші томына ғана редколлегия мүшесі бола алды... Бұл мо- нография Мәскеу Орталық Ғылым Академиясында талқыланып, өте жоғары бағаланды».
кадемиктер С. Қожахметов, Х. Беспаев.

«Шахмардан Есенов», 1997 ж.)

Бейнетін қиын көрмедің...

129


Ғылым Академиясында талай жылдар қатарласа қызмет істеп, әріптес атанған ғалым-академиктердің президент Есеновке берер бағасы, айтар ойлары осындай. Біз сөйлескен басқа ғалымдар да осы пікірді қоштай отырып, онымен бірге Академияға тың серпіліс келді дейді. Қарап отырсаңыз, шынында да, ол барлық ғылыми-зерттеу институттарын аралап, жұмыс жоспарларымен танысып, ғылыми кеңестеріне қатысады. Ұзын арқан, кең тұсаудың ендігі жерде уақыт талабына келмейтінін айтып, ғалымдар алдына қатаң талап, күрделі мақсат қояды. Әсіресе ол ғылыми-зерттеу институт ғалымдары ашқан жаңалықтардың өндіріске жедел енгізілуіне айрықша көңіл бөліп, күш салады. Сол үшін өндіріс басшылары мен ғалымдар арасында байланыс орнатып, кездесулер мен ғылыми кеңестер ұйымдастырады.

Ең бастысы, кадр мәселесіне көп көңіл бөлді. Ол қолынан іс келетін, белсенді, талантты адамдарды жаңа қызметтерге көтерді, лауа- зымын жоғарылатты, жас ғалымдарға көңілді ерекше аударды. Ғалым ақсақалдарға құрмет көрсетілді, жастарды жұмысқа жекті, Мәскеу, Ленинград, Новосібір қалаларына аспирантураға және ғылыми дәрежелерін қорғауға жіберді. Не керек, бірден жігерлі жастың келгені сезіліп, жұмыс серпіліс алды. Сол кездің жас маманы, қазіргі ақсақалымыз, филология ғылымының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішов былайша еске алады:

«Шахаң алғаш академиямызға президент болып сайланғанда айрықша бір серпілісті шақты бастан кешкен едік. Терең ойлы, асқан адамгершілікке ие, аса көрікті Шахмардан Есенұлын «міне, мынау қазақ!» деп дүниенің қай жерінде болсын мақтанышпен айтуға бола- тындай еді.

1968 жылы мен академиядан кетуге мәжбүр болған едім. Сондай шақта «осындай жігіттер ғылым ордасынан кете беретін болса, оның болашағы туралы, ғылымды дамытуымыз туралы қандай сөз болуы мүмкін», деп Шахмардан сол кездегі институт басшыларын жазғыр- ғаны бар еді. Оның, қандай нәрседе болсын, әділдік үшін күресетіні, ғылым мәселесіне келгенде туысқандықтан да, жершілдіктен де ада екендігі қатты сүйсіндіретін.

Шынын айтар болсақ, Шахмардан Есеновтың президент болған шағында академияда ғылыми серпіліс айқын байқалған болатын. Көре алмаушылық та, күншілдік те үлкен ғалымның, қабілетті ұйымдастырушының қолын қатты байлады. Бірақ ешкім де оның

130 Шахмардан Есенов
ғылыми ізденістеріне кедергі келтіре алмады. Ол ғылымның серісі болды. Ол қандай жағдайда жүрсе де, әлсіздікке жол бермеді. Ол баршамызға азаттық өнегесін көрсетіп кетті».

Осы ойды қазақтың белгілі ақын қызы Әбдірахманова Тұрсынхан толықтырады:

«Өз бетіммен барып Академияның Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының фольклор бөліміндегі бас орынға жарияланған конкурсқа қатысып едім, өте алмадым. Конкурстан он үш жыл жұмыс тәжірибесі бар, ғылым кандидаты, ақын – мен өтпей, институт партасы- нан жаңа ғана тұрған жас жігіт өтті. Мені Төралқасының координация, информация және патентоведение кеңесі деген бөлімнің кіші ғылыми қызметкері етіп жіберді. Бұл 1966 жылдың маусым айының іші еді. Келер

1967 жылдың қаңтар айында өткен жылдың демалысын алып, Мәскеу түбіндегі Пределкино шығармашылық үйіне жолдама алып, онда барып

«Дала қыздары» поэмамды аяқтап қайтпақ болып жүргенімде «ойбай, президент өзгерді» деген сөз дүң ете қалды. Естігеніміз сол еді, іле-шала президент болып Академияға Шахмардан Есенов келді. Мен демалы- сымды алып Мәскеуге ұшып кеттім. Бір ай Мәскеуде болып, поэмамды аяқтап, көңілді оралсам, бөлмеде бірге отырған жігіттер:

Ой. Тұсеке, Сізге бір жақсылық болады, – десіп отыр.

Иә, не жақсылық? Оны қайдан білдіңдер? дедім. Сөйтсем, мен кеткен соң кешікпей Шахмардан Есенов Академияның құрамымен танысуын Орталық аппараттан Төралқасының бөлімдерінен бастап- ты. Біздің бөлімге кіріп, іспен, жігіттермен танысып, олардың талап- тілектерін тыңдап отырыпты. Тізімнің соңында менің фамилиямды оқып отырып:

Ақын, филолог. Патентоведение бөлімінің кіші ғылыми қызмет- кері. Қызық екен, – депті. Сөйтіп біраз ойланып отырып, блокнотына жазып алыпты. Жігіттердің бірі:

Бізде кейде мұндай жағдайлар болып тұрады ғой, Шаха! – депті.

Өзі қайда?

Демалыста. Таяуда келуі керек.

Жігіттер осыдан қортынды жасап, маған бір жақсылық болар, өз мамандығына жіберер деп болжапты. Бұлар маған:

Қазір ол кісі институттармен танысып жүр. Оған бір-екі ай кететін шығар. Наурыз айының ішінде Сіз өзіне кіріп шығыңыз, деген кеңес берді. Мен солай істедім де. Шахмардан Жорабекұлы:

Бейнетін қиын көрмедің...

131


Мен Сізді, сіздің жағдайыңызды білемін. Жігіттер айтқан. Бірер ай шыдай тұрыңыз, содан кейін бір ретін табамын, – деді. Мен рахметімді айтып шығып кеттім.

Осыдан бір ай өткенде мені өзі шақырды.

Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің екі ғылыми хатшысының бірі ҚазПИ-ге оқытушылыққа ауысады екен. Сильченконың ұсынысын қабылдамай жібердім. Өйткені Сізді ғылыми хатшылыққа жібергім келеді. Қалай қарайсыз? – деді.

Мен бір сәт толқып кеттім де, көп күттіруді ыңғайсыз көріп, «жа- райды», – дей салдым».

Міне, таным мен талғам осындай-ақ болар. Содан Тұрсынхан апайымыз керекті құжаттарын жинап, тапсырып, конкурстан өтіп, Академияның Әдебиет және өнер институтына, академик-сыншы Мұхаметжан Қаратаев басқаратын «Әдебиет кеңесі» бөліміне кіші ғылыми қазметкер болып орналасып, талай жылдар жемісті еңбек етті. Тамыр-таныстық іздемей, өз еңбегім еленер деп жүріп қызметтен қағылған ақын Тұрсынхан Әбдірахманованы таным мен талғамы биік жас президент Шахмардан Есенов арқасында өзіне лайықты қызметін алыпты. Қазақтың ақын қызы бұл оқиғаны өле-өлгенше айтып, басқаларға үлгі етіп, ақырында естелік етіп жазып, бүгінгі ұрпаққа жеткізіп кетті.

Мына бір құжатты біз Ғылым Академиясы мұрағатынан кезіктірдік. Оның мазмұны мұсылманшалап айтқанда «өлі риза болмай тірі байы- майды» деген фәлсапаға саяды. Әдетте, қызмет істеп, зейнеткерлікке шықаннан кейінгі өмірі мен тағдырының не болып жатқандығы ешкімді мазаламайтын шындық қой. Президент Есенов олай етпеді, өздерімен- өздері оңашаланып қалған «қызметкер-ғалымдарын» іздестіріп тұр- мыс-жағдайларын білді. Халық «қарттық пен жоқтық егіз» демей ме. Дүниенің бәрі тапшы болып, бір зейнетақыға қарап отырған кезде қандай жағдай болуы керек. Тез арада комиссия құрылып, Академия Президиумы қаулы қабылдап, зейнеткер ғалымдарға моральдық та, материалдық та көмектер көрсетілді. Қайтыс болған адамдардың бастары көтеріліп, бейіттері жөнделді, тұрған үйлеріне белгі тақта орнатуды дәстүрге енгізді. Жаңа президенттің мұндай құрметіне, көңіл бөлгеніне риза болып, алғыс айтпаған адам кемде-кем шығар- ау. Қартын қараусыз қалдырмайтын ұлттық дәстүрден келген қасиет, қазақи ортадан көрген үрдісі еді, бұл Шахмарданның. Сөзімізге дәлел

132 Шахмардан Есенов
болатын құжаттарды, алғыс хаттарды да сол архивтен көрдік. Мына бір құжаттың да айтары көп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет