«Қазақ мұнайының а р дақтылары»



бет24/47
Дата05.11.2016
өлшемі53,32 Mb.
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47
***
Абайша айтқанда, адамның өмірде мәңгілік боларлық іс көп. Соның бірі – адам ұрпағымен мәңгі. Жезқазғанда дүниеге келген балалардың бәрі бұл күнде ер жетіп, бір-бір шаңырақтың иесі болған. «Жалғызбын» деп жабырқап жүретін Шахмардан отбасы бүгінде «Есеновтар әулеті» атанып, ордалы жанұяға айналған. Келіндер түсіп, немерелер келіп, үй-іші ақар-шақар шаттыққа бөленгелі біраз.

Мамандық таңдауда да олар – балалары әке жолынан алшақ кет- педі. Қыздары Шәйза биология факультетін бітіріп, ғылым кандидаты

Ұстазы мықты ұлы болады

177


атанды. Үй болды, ана атанды, Ержан мен Ғалымжаннан: Сара, Мағи, Әлен атты немерелерін сүйіп отыр.

Мақсұтбек Мәскеудің Металл және қорыту институтын бітіріп, ол да ғылым қандидаты, білікті инженер атанды. Қызық бір жағдай, әуелгіде Мақсұтбек Қазақ политехника институтының тау-кен факультетіне түседі. Өте жақсыға оқиды. Бір күні әкесі Шахмарданға келіп:

Папа мен Мәскеуге барып оқығым келеді. Сіздің беделіңіз менің

«бестіктерімнің» беделін түсіріп тұр... – деді. Әкеге ойын әзілмен жеткізгенмен, Мақсұтбек шынын айтып тұрды. Өз білімімен алған бестік бағасын көре алмаған кейбір студенттер «президент әкесінің беделі ғой» деп, намысына тие берген соң осы шешімге келіп еді. Баласының әзілі де, шешімі де Шахмарданға ұнады да, бір сөзге келген жоқ:

Дұрыс, балам, әркім өз беделін өзі жинауы керек. Қазақ оны

«әкенің малы балаға мал болмайды» дейді. Жолың болсын, – деді. Бір ғана әрекеттен, аз ғана сөзінен баласының болашағын болжағандай, іштей шын қуанды.

Сол Мақсұтбек қазір Есеновтар әулетінің көш бастаушысы. Жары Гүлнәрмен ынтымағы жарасқан жанұя. Қазақ тегін айтпаған ғой, «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп. Сондай-ақ, Гүлнардың әкесі, өскен ұясы, мемлекет және қоғам қайраткері Мұқтасым Ықсановтың отбасы. Анасы Саида да көрегенді, өскен жердің қызы болатын. Сол ана мен әке Гүлнәрға зиялы от басының тәрбиесін, білімін бере білді. Мақсұтбек пен Гүлнәрдың ұлдары Тайыржан Бостонда білім алып, еңбекке енді араласып жатыр.

Ал Мақсұтбектің әрекетінен сабақ алған Шахмардан мен Кәмила Ескендірбекті бірден Мәскеудің атақты ММУ-іне оқуға жіберді. Ол да әке жолын қуып, гиофизик мамандығын таңдады. Сол салада көп жылдар қызмет етті. Жары Ғалиямен бірге екі қыз: Динара және әжелерінің құрметіне кішісінің атын Кәмила деп қойып, тәрбиелеп өсірді. Бәрі де ойламаған жерден басталды. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдар басында адамзат тарихында болмаған қайғылы жағдай – Чернобыль атом электр станциясы кенеттен жарылды. Жан- жақтан, әсіресе, туысқан республикалардан көмекке адамдар келе бастады. Солардың қатарында Қазақстаннан барған Ескендірбек те бар еді. Талай адамның тағдырын алып кеткен бұл апаттың соңы да

178 Шахмардан Есенов
жаман болды, көмекке барғанның көбі сәулеге ұшырап, айықпас ауруға шалдықты. «Айналдырған ауру алмай қоймас» деген, ақырында, 2004 жылы Ескендірбектің жас өмірін қиды. Артында қалған екі қызы әке өмірін жалғастырып, орындай алмай кеткен армандарын іске асыру үшін талаптануда. Екеуі де шетелдің дәрежесі жоғары оқу орнынан білім алды, тәрбие көрді.

Шахмардан мен Кәмила кенже ұлдары Сұлтанды еркелетіп өсірді, сондықтан да болар, оны алысқа шығарғылары келмей Қазақ политехникалық институтының геология факультетіне оқуға түскенін қалады. Солай болды да. Мамандығы бойынша талай жылдар еңбек етті, қазір жаңа заманның талабына қарай ойысып бизнеспен айналы- сады. Сұлтан мен жары Баян екеуі: Салтанат, Ким, Әсел, Дархан, Ахан деген балаларды оқытып, өсіріп келеді.

Кәмила апай айтады: «Іздеп табар жалғаннан, Бала берген пенде едім...» деп Абай айтқандай төрт баланы өсіріп, ер жетірдік. Бала- лардың бәрі де мектепті жақсы оқыды, мамандықтарын өздері таңдап, тағдырларын өздері шешті. Еш уақытта Шахаң балаларына ондай болмаңдар, мұндай болыңдар деп уағыз айтып өсірген емес, ол ата-бабалары секілді өзінің іс-әрекетімен, қылығымен, қарым- қатынасымен тәрбиеледі. Балаларға да ана институтқа бар, онда барма деген әңгіме айтқан емес. Таңдауды балаларына тастап, сырттан бақылап отыратын.

Жазғы демалысымызда балаларды алып Қырым мен Кавказға кететінбіз. Алғашқы жылдары ғой, төрт бала және екеуміз, алты адамның билетін екі күнге бөліп әкеп тұр, мен:

Батыр, билет болмады ма? Неге бәрімізге бір рейске алмадың,

дедім, түкке түсінбей.

Батыр-ау, әдейі осылай алдым. Сақтықта қорлық жоқ. Техниканың аты техника... Бастысы – аман барып, сау қайтсақ болды емес пе? Бір күннің әрісі мен берісі не етер дейсің, – деді Шахаң.

Сонда ғана түсіндім. Алғашқы күні екі баласы: Шәйза мен Ескен- дірбекті алып ол ұшып кетеді, жетісімен телефон соғып хабарласады. Әрине, ол кезде сотка деген жоқ қой, кәдімгі қара телефон ғой байла- ныстыратын. Келесі күні мен ұшамын Мақсұтбек пен Сұлтанды алып. Өте балажан еді, айналып-толғанып отырмағанмен, бар жағдайын ой- ластырып, сабағын сұрап, «Батыр, балалардың сабағын қадағала, дүние білімге ауып бара жатқанын түсінесің ғой» деп қоятын анда-санда.

Ұстазы мықты ұлы болады

179


Демалыста балалармен қосылып доп ойнауды жақсы көретін. Денесі зор болса да, балалардан қалыспайтын, допты өте шебер ойнайтын. Соған үйренген балалары «Папа, пошли, в футбол поиграем» деп, қиылып тұратын. Барған жеріміздің тарихымен танысып, оны бала- ларына баяндап отырғанды да жақсы көретін. Алматыда басымыз бұлай қосыла бермейді ғой, Шахаң жұмыстан кеш келеді, ерте кетеді, кей кездері апталап балалар әкелерін көрмейді. Сондықтан да жыл сайынғы жазғы демалысты бәріміз де күтеміз, жақсы көретінбіз. Өзімізбен өзіміз болып, әңгімелесіп, қыдырып, доп ойнап, суға түсіп, не керек, Шахаң бізге «олжа» болып, мәре-сәре күй кешетінбіз. Кейіннен балалар ер жетті, оқуға түсті, басқа қалаға кетті. Содан демалысқа екеуміз ғана баратын болдық. Бұл да өмір заңы шығар, ұясынан балапандарын ұшырған қоңыр қаздай қала бердік, екеуден екеу. Өткен күннің бәрі ыстық болады екен, сағынамын, көп ойыма аламын. Өкінішті-ақ, қайтып келмейді. Сондықтан да балаларыма, келіндеріме: «әр күндеріңді қадірлеңдер!» деп айтып отырамын».

Таудан құлай аққан асау өзен күркіреп, көбігін көкке атып, буырқа- нып барып етекке жетіп, ентігін басып, жуасып, жайбарақат ағысқа түседі. Бір қарасаң адам өмірі де осыған ұқсас. Шахмарданның өмірі, ұстаздық өмірі жайбарақат, тіршілігінің бір қалыпқа түсіп, сабырлы- салмақты тартқан кезі еді. Өткен өмірін ой елегінен өткізіп, артық- кемін таразылап отыратын. Былай қарағанда, Шахмарданның өткен өміріне өкініші де жоқ, отыз үш жасында министр болды, қырыққа жетпей президент атанды, абыройсыз болған жоқ. Қазір ел-жұрт сыйлап жатса, сол кезде жинап алған абырой мен беделдің арқасы. Қазір алаңдататын бір-ақ нәрсе, Қазақстанда қандай байлықтың қаншалықты барын білетін ол күндіз-түні ойлайтыны соның талан- таражға түспей, халық игілігіне асырылуы... «Біз, геологтар, қаншама байлық таптық, алтын көмбенің үстінде отырмыз, бірақ ең кедей елміз. Неге?»

Бұл ойын Қазақстан Жоғарғы Кеңес депутаты кезінде Жоғарғы халықтық трибунадан да талай айтты. «Сайландым ғой», жайланып отыра берейін деген «күнім өтсінге» салмады. Қайран, Азамат! Не керек, ел мен жұртының қамын қарастырумен өмірі арпалыста өтті. Қай заманда, қай уақытта шындықты айтқан адамның жолы болып еді?! Әділдік іздеген адам да бір, жоғын іздеген адам да бір. Екеуінің де жолы шырғалаң. Соған қарамастан, ол кезі келгенде сөзін өлтірмей,

180 Шахмардан Есенов
ұсыныстар жасады, бастамалар көтерді, сындар айтты. Ол бірде

«Егемен Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында:

«Парламентке сайланған депутаттар Қазақстандағы бүкіл халықтың өкілдері екенін ұмытпауы керек. Қалың көпшілік бар аманатын соларға жүктеп отыр. Мемлекеттік маңызы бар ірі-ірі мәселелерді шешу міндеті Жоғарғы Кеңеске жүктелгені де сондықтан. Алайда, Жоғарғы Кеңестің құқығы мен мүддесін қорғай отырып, Президенттің де қолын байламау жағын ойластыру қажет. Нұрсұлтан Назарбаевтың қай мәселені болсын жедел шешуі, ұсынып жатқан ұсыныстары маған ұнайды. Жалпы, мемлекетті бір адамның басқарғаны жөн демекпін. Әрине, бұл жеке басқа табынушылық немесе диктатуралық билік орнатуды көздейтін мақсаттан емес, мемлекеттік, халықтық проблемаларды мүмкіндігінше дер кезінде шешіп отыруды қалайтын райдан туындауы керек.

Тағы бір айта кететін жәйт, осы сессияда Республика Күнін

16-желтоқсаннан 25-қазанға ауыстыру жөнінде мәселе көтерілген еді. Сенбі күнгі мәжілісте мұны депутат Мұхтар Шаханов тағы да қозғады. Өкінішке орай, ол күн тәртібіне ұсынылған Заң жобасын талқылаудың көлеңкесінде қалып отыр. 25-не дейін санаулы ғана күн қалғанын ескерсек, тездетіп бір шешімге келуге тиіспіз».

Ескі қоғам құлап, жаңа базарлы экономика келіп жатқан тұста академик Шахмардан Есенов пікірі осындай еді. Қазіргі заманға куә болғанда қандай баға берерін кім білсін?!


Оның есімі – халық жадында
Слово о шахма
Память о зве
Г.я. щерба.

Каталог: uploads -> files
files -> Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»
files -> Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер
files -> Шахмардан есенов
files -> Конкурса научных работ среди школьников «turan-junior-2016» Секция «Физика, техника, науки о земле и космосе»
files -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
files -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
files -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)
files -> Формы и методы подготовки учащихся к итоговой аттестации по обществознанию


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу