Шахмардан Есенов
стазы мықты ұлы болады!» Негізі бұл нақылды әуелі Шахмарданның өзіне, сосын оның шәкірттеріне айтуға болады. Ұстазы Қаныштан алған үлгі-өнегесі оны біраз биікке көтеріп, тұлғалы ғалым атандырды. Енді өз ісін жалғастыратын шәкірт дайындауға мықтап та, нықтап
та кірісті. Геология мектебін бірі құрып, екіншісі жалғастырып, ендігі жерде сол мектепті болашаққа ұластыратын ұландар даярлауды ойлады.
Шахмардан барынша ұлтжанды болды, онысын айғайлап, кеуде соғып көрсетіп жатпағанмен, ісінен, әрекетінен, қазақ кадрларына деген пейілінен үнемі сезіліп тұратын. «Болашақ жастар қолында» дегенді құрғақ ұран емес, шындыққа айналдырып, жастар ісіне үнемі көңіл бөліп отырды. Маңғыстауда жүріп, мұнайшы маман-кадрлардың жетіспейтінін көріп, мемлекет органдарына хат жазып, аяқтай барып, ақыры Алматыдағы Қазақ политехника институтының тау-кен факультетіне қабылданатын студенттер санын көбейттірді, дайындық курсын аштырды. Ғылым Ака- демиясында жас ғалымдардың Республикалық ғылыми конференци-
168 Шахмардан Есенов
ясын өткізіп, жастарды лауазымды жұмыстарға тартты. Жас геологтарға қамқорлығын қашанда да аяған емес. Әл-Фарабидің мерейтойын өткізу, Жамбылдың 125 жылдығын атап өту түптеп келгенде жастар тәрбиесі үшін керек деп тапты. Осылай, ол қазақ ұлтының моралдық та, материалдық та азып-тозуға түспеуін әріден ойлады.
Кезінде, сонау алпысыншы жылдары Асқар Тоқмағамбетов ақын:
«Қайда тұрып сайраса да, бұлбұлдың аты бұлбұл» деп, жырлағаны кейіннен қанатты сөзге айналып кетіп еді. Дарынды адам қашанда да, қай ортадаға түссе де ерекшелігін көрсетіп, қой бастаған серкедей боп жүретіні шындық. Шахмардан да бойындағы барын жастарға беріп, болашақ иелерін тәрбиелеуге ниеттенді. Ол: «Ұлтымыздың ертең азып-тозып кетпеуіне ертеңгі ұрпақ жауапты. Ал ертеңгі ұрпақтың мықты болып жетілуіне бүгін біз жауаптымыз» деді.
Бір қызық іс болды, 1978 жыл болатын... Обалы не керек, сол кездегі ректор Есеновты ешқандай конкурсқа түсіртпей-ақ бірден
«Пайдалы кен орындарын іздеу және барлау методикасы» кафедра- сына меңгеруші етіп тағайындады. Ректор әрекеті әбден қисынды. Шынын айтқанда, институт ұжымы тәжірибесі мол, білімі ұшан-теңіз, өмірден көргені мен түйгені көл-көсір кемеңгер адамның өздеріне ұстаз болып келгеніне қуанды. Одаққа, қала берді шет елдерге ғылыми еңбектерімен танымал академик Шахмардан Есеновтың қай жоғары оқу орнына барса да абырой-бедел әкелетіні сөзсіз еді. Ең бастысы- ертеңгі жас геолог-барлаушылар мен мұнайшыларға жиған-терген білімін беріп, сапалы маман даярлауға үлес қосатынын айтсаңызшы. Осындай қуанышын жасыра алмаған «Геологиялық барлау» факуль- тетінің доценті, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты Г.П. Бурдаков институты ішінде шығатын «Инженер кадрлары үшін» деген шағын тиражды газетке «Біздің түлектеріміз енді бізге ұстаз» деген көлемі шағын ғана мақала жариялады (мақала Кәмила апайдың архивінде сақтаулы). Мақалада қысқа ғана Ш. Есеновтың атқарған қызметтері мен алған атақтары баяндалған. Сол мақала үшін Орталық Комитетте институттың ректоры, партия ұйымының хатшысы және газет редакторы Досмұхамед Кішібековті ЦК-ға шақырып, «сұрақ- жауап» алады. Сондағы Д. Кішібеков жауабы:
«...Ш. Есеновтың біздің институттың түлегі болғаны рас па? – Рас! Лениндік және Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
болғаны рас па? – Рас!
Ұстазы мықты ұлы болады
Ғылым Акакдемиясының президенті болғаны рас па? – Рас! Біздің институтымызға сабақ бергелі келгені рас па? – Рас!
169
Мақалада осыдан басқа еш нәрсе айтылған жоқ. Ал енді маған не дейсіз? Бұл мақаланың басылуына ректордың да, партия ұйымының да еш қатысы жоқ. Редактор болған соң мұндай майда-шүйде нәрсені өзім шешемін. Ал, сол үшін кінәлайтын болсаңыз, мені кінәлаңыз, одан соң мақала авторын кінәлаңыз. Бірақ мен бұл мақаладан ешқандай әбестік көріп тұрған жоқпын», – деді.
«Жауап» алып отырған ЦК-ның қызметкері кәдімгі асылдың тұқымы Ораздың баласы Санжар Жандосов еді. Ол мұндай жауапқа не айтарын білмей, сасқалақтап «отыра тұрыңыздар, мен қазір келемін» деп, содан кешкі жұмыс аяғы болған кезде бір-ақ келіп, «кете беріңіз, кейін әңгімелесерміз» деп, күні бойы күткен Кішібековке байлаулы бір шешім айта алмай шығарып салады. Бірақ, обалы не керек, бұдан кейін редактор Кішібековті ЦК-ға шақырмайды, бірақ Есеновты кафедра меңгерушілігінен түсіріп, кафедраның профессоры етіп қана қалдырады. Бәрібір алмас пышақ қап түбінде жатпайды, келесі жылы конкурсқа қайта түсіп, кафедра меңгерушілігіне оралды. Тіптен, Қазақстанда ол кезде Шахмардан Есенов деңгейіндегі ғалым некен – саяқ еді. Ол есімі республикамызды айтпағанда, Одақ, шет елдерге танымал болатын. Міне, енді сол Есенов білгенін жастарға үйретіп, өзі жетпей қалған арманын солардың орындауына әрекет етті. Біле білген адамға, нағыз ғалым үшін, халқым деген қайраткер үшін осыдан артық бақыт та, мақсат та жоқ болуы керек. Академик Шах- мардан Есенов: «Мен министр болғам, президент едім...» деп, кафедра меңгерушілігін қомсынбай, қайта жастар тәрбиесіне қайраттана түсіп, батыл кірісті. Бір данышпан: «ақша жоғалтсаң – көп жоғалтпағаның, дос жоғалтсаң – көп жоғалтқаның, ал егер батылдығыңды жоғалтсаң – бәрін жоғалтқаның» демеуші ме еді. Батылдығын бойына жинап, қайсарлығын қолына алып, дүниедегі ең ізгілігі мол ұстаздықтың туын көтерді. Қысқасы, өзі айтқандай: «біз ертеңгі ұрпақ өміріне жау- аптымыз!» деп, ұстаздық ғұмырын бастайды.
Ұстаз, профессор Шахмардан Есенов:
«Қазіргі қайта құру кезеңінде біздің кафедра Қазақ геология басқармасымен тізе қоса отырып, республиканың басты-басты деген геологиялық объектілерін зерттеуді бір арнаға түсіріп жатыр. Атап айтқанда, Балқаш сегментіндегі жер қабаттарының геологиясы мен
170 Шахмардан Есенов
металлогениясын ұңғи зерттеу көкейкесті мәселенің бірі болып отыр. Бұл зерттеу Саяқ кенішінің шикізат базасын кеңейтіп, осы аймақтағы ашылатын кен орындарын алдын ала болжауға мүмкіндік тудырар еді. Ал түсті және бағалы металдардың кен орындарын барлау методикасы» тақырыбымен жүргізілген зерттеулер табиғи құбылыстармен тікелей байланысты. Мұның ішіндегі тұнба жинаудың магматизміне, мета- морфизм мен тектоникаға кезінде геология ғылымының аса көрнекті өкілдері А.П. Карпинский, Қ.И. Сәтбаев, А.Е. Ферсман баса назар аударған. Барлаудың тектоникалық бағыты жер қабаты құрылымының ілімі негізінде кендердің аймақ бойынша орналасу заңдылықтарын ашып берді. Ал Оңтүстік Қазақстан мен Арал теңізі төңірегіндегі палеозойлық және мезозойлық қабаттарына дұрыс барлау жасасақ, мұнай мен газдың қисапсыз қорын табуымыз хақ».
Міне, ол осылай, осы бағытта дәріс оқыды, ғылыми зерттеулерге басшылық жасады, кафедра мақсатын айқындады.
Ол жүздеген жас инженерді, жер қойнауын қопарып, байлық табар барлаушыларды тәрбиелеп, білім берді, ілім сыйлады. Он алты жыл ұстаздықтың туын жерге түсірмей, абыройлы атқарды. Ол оқыған лекцияны басқа топтың, басқа курстың студенттері де келіп тыңдайтын. Қызықтыратын! Қызығатын! Олардың біразы Қазақстан Ғылым Академиясының академиялық ғылымын жалғастырса, енді біразы геологиялық барлауды дамытты, жаңа кендер көзін ашты, геолог-инженерлер атанды. Есенов өз ойларын үнемі айтып, жазып жүрді. Оның қаламынан туған елдік-жерлік мағынасы бар мақалаларды республикалық және Одақтық басылымдар: газет пен журналдар бетінен жиі көруге болатын. Мақалалары арқылы геология-барлау, геология-инженерлік мамандықтың, өндірістің күрделі мәселелерін көтеріп, қоғамдық пікір туғызып отырды.
Мысалы, Есенов қаламынан туған 200-ден астам мақаланың біразын оқыдық, қарап шықтық. Бірі ғылыми, екіншісі публицистикалық жанрда жазылған мақалалардың тақырыбы біреу – кен байлықтары болғанмен, көтерген мәселесі алуан-алуан. Әсіресе, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары жазған мақалаларында ой тәуелсіздігі басым. Жаңа пікір, жақсы идеялар бар. Проблема көтерген. Сондай бір мақаласын арнайы жариялауды жөн көрдік. Ата-бабадан қалған жер байлығы ел игілігіне жаратылса, шашылып-төгіліп, бейберекет біреулердің қолында кетіп қалмаса екен деген нағыз жанашыр
Ұстазы мықты ұлы болады
171
ғалымның, Азаматтың жан айқайын ұғасыз. Академик Шахмардан
Есенов:
Достарыңызбен бөлісу: |