«Қазақ мұнайының а р дақтылары»



бет23/47
Дата05.11.2016
өлшемі53,32 Mb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47
«ЕРТЕҢІН ОЙЛАМАҒАН ЕЛ БОЛМАС!»
«Қазақстан геологтары жерімізден мол минералды шикізат қорын тауып отыр. Бұл арада ғұлама ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың еңбегі ұланғайыр. Ендігі міндет – жаңа экономикалық саясатқа сай, сол мол қазынаны есепсіз оңды-солды шаша бермей, бір түйірін де шашау шығармай, орнымен жұмсап, ұқсатып, ел кәдесіне жарату. Ол үшін ең алдымен технологияны барынша жетілдіріп, қалдықсыз өндіріс дәрежесіне дейін жетуді діттеген жөн. Біз жоғарыда айтқандай, құрамында бірнеше қоспалары бар құранды шикізатқа – оны барлап тауып, қазып алып, өңдеп, халық тұтынатын дайын товар дәрежесіне жеткізгенге дейін кешенді түрде келу қажет. Біз, өкінішке орай, құранды рудадан оның құрамындағы 15-20 химиялық элементті түгелдей ажыратып алуды әлі үйренген жоқпыз. Тіпті негізгі діттеген элементіміздің өзін жүз процент айырып ала алмаймыз. Егер республикамыздағы аса мол қара, түрлі-түсті және сирек металдар кенішінен басқа да пайдалы қазбалардан олардың құрамында жиі кездесетін литий, рубидий, цезий, берилий, стронций, тантал, галлий, кадмий, таллий, селен, теллур және тағы басқа құнды элементтерді айырып алып, кәдеге жаратсақ, онда біз қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің алғы шебі саналатын радиоэлектроника, компьютерлі және лазерлі техника, оптика, машина және прибор жасау, роботты техника сияқты салаларды мықтап өркендеткен болар едік. Ал, бұл дегеніңіз – өндірісімізді жедел жолға қойып, халықтың әл-ауқатын шұғыл көтерудің ең сенімді жолы. Мәселен, дәл осы салаларды өркендету арқылы әлемдік цивилизацияның алдына түскен Жапония- ны алып қараңыз. Оларда табиғи ресурс жоқтың қасы ғой. Біз болсақ, ен байлықтың үстінде отырмыз.

Әлгі жоғарыда айтқан тау-тау болып үйілген қалдықтардың 4-10 процентін қайта өндіріске түсіргенде ғана 3 жыл ішінде 2,7 миллиард сом пайда тауыппыз. Ендеше шикізатты кешенді пайдаланудың қай жағынан алып қарағанда да, экономикалық жағынан болсын, экологиялық жағынан болсын, ең бастысы әлеуметтік жағынан пайдасы аса зор. Бұл дүниежүзілік тәжірибеде өзін-өзі ақтаған әдіс.

172 Шахмардан Есенов
Ғылыми-техникалық прогресті жеделдетіп, республика халқының әл-ауқатын арттыру үшін минералды ресурстарды тиімді пайдаланудың әр түрлі жолдары бар. Соның бірі – сан-салалы өндірісті шоғыр- ландырып дамыту. Республикамыздың пайдалы қазбалардың түр-түрі көптеп табылатын әрбір аймағының мұндай көп салалы экономиканы дамытуға мүмкіндігі мол. Мәселен, құрамына Жезқазған, Қарағанды, Павлодар кіретін Орталық Қазақстанды алайық. Бұл өңірді мыстың, қорғасынның, мырыштың, вольфрамның, молибденнің, никельдің, кобальттың, алтынның, темірдің, марганецтің, көмірдің қоймасы десе де болғандай. Мұндағы мыс-полиметалл кеніші болып саналатын Жезқазған-Жәйрем мен оған жақын вольфрам-молибден рудасының мол қоры бар Қайрақты мен Көктіңкөлі жақында еркін экономикалық аймақ болып жарияланды. Ал Қарсақпай бассейіні қара металлургия резерві болып табылады. Енді осыған әкеліп бұл өңірдегі мол көмір қорын қосса, көп салалы экономикасы қарыштап дамитын өзінше бір аймақ болуға әбден жарап тұр.

Екінші бір экономикалық еркін аймақ құрамына Маңғыстау және Гурьев, Ақтөбе облыстары кіретін Батыс Қазақстан. Жаңа мұнай және газ көздерінің табылуына орай бұл өлке осы сала жөнінен таяудағы болашақта Батыс Сібірден кейін екінші орынға шықпақ. Аталмыш өңірде хром рудасы қорының еліміз бойынша 97 проценті, әлем бойынша 74 проценті бар екені анықталып отыр. Ал Ақтөбеден 10 миллиард тонна қоры бар аса ірі фосфор бассейіні табылды. Міне, бұл да бір көп салалы аймақ болуға дайын өңір. Батыс Қазақстан мұнайын игеру қазір көптеген шетелдік фирмалардың қатыстырылуымен жедел қолға алынуда.

Ал құрамына Қостанай, Көкшетау, Целиноград кіретін Солтүстік Қазақстан аймағы болса – бұл республиканың алтын және сирек кездесетін металдар өндіретін өңірі. Шығыс Қазақстан мен Семей облыстары бұрыннан-ақ түсті металлургия алыбы болып танылған. Қалдықсыз технологияға көшіп, экспортқа және халық қажетіне дайын бұйымдар өндіретін, ғылымды көп қажет ететін кәсіпорындар салу – бұл өңір үшін болашақтағы негізгі міндет осы болуы керек.

Жамбыл, Шымкент, Алматы, Талдықорған облыстарын қамтитын Оңтүстік Қазақстанды фосфорит және қорғасын-мырыш рудасының Бүкілодақтық қоймасы десе де болғандай. Мұндағы Қаратау бассейні келе-келе еліміздің бірінші фосфорит кенішіне айналады. Қазір

Ұстазы мықты ұлы болады

173


Одақтағы товарлы фосфор шикізатының бестен бірі, сары фосфор түгелдей осы қарт Қаратау қойнауынан шығып жатыр. Ал Балқаштың оңтүстік жағалауы мен Талдықорған облысынан көмірдің ірі қоры байқалып отыр. Алматы облысында фтор шикізаты бар екен. Оңтүстік Қазақстанның Аралмен астасқан жерінен мұнай мен газ көздерінің табылуы бұл өңірдің өсу-өркендеу перспективасын арттыра түсті.

Қаратау жотасының солтүстік-батыс сілемінде де молибден- ванадийдің ірі қоры бар. Ол игеріле қалған күнде соның негізінде ыстыққа төзімді қорытпа өндіріп, аса сапалы болат шығаруға болар еді. Міне, осылардың негізінде халық шаруашылығы үшін аса бағалы бұйымдар беретін көп салалы қазіргі заманғы кәсіпорындар шоғырын салуға мүмкіншілік зор. Көріп отырсыздар, бірін-бірі толықтыратын, бірінің қалдығы екіншісіне шикізат болуға әбден жарайтын, сөйтіп, біріге келе, қалдықсыз технология құрайтын көп салалы экономикалық аймақтар құрауға республикамыздың қай түкпірі болса да даяр. Тек қана еркін қимылдап, батыл басу үшін экономикалық дербестік керек. Ол үшін Орталықтың делебені біржола босатқаны жөн.

Республикамыздың экономикалық дербестік алып, егемендікке қолы жетті деген сөз, әлбетте, жерді және оның қойнауына жанашырлықпен, иегерлікпен қарап, ондағы қазба байлықтарды бүгінгі күйі төмендеп отырған тұрғындарымыздың тұрмысын көтеруге тікелей пайдала- ну деген ұғыммен қатар жүрмек. Жылдар бойы қалыптасып қалған Орталық ведомоствоның озбырлығын тыю үшін шұғыл түрде Қазақ КСР-інің жер қойнауын пайдалану және қорғау туралы заңдар негіздерін жаңадан жасап, бекіту қажет.

Республикамызда Геология министрлігінің жабылып қалғаны бел- гілі. Сондықтан да бұл істі бетімен жібермей, яки тек Одаққа ғана тәуелді болып қалмай, республиканың өз өндірістік геологиялық барлау қызметінің ұйымдық құрылымын шұғыл жолға қойған жөн. Бұл орайда бұрынғы Геология министрлігі қайта құрыла ма, әлде Респуб- лика Жоғарғы Советі жанынан Геология жөніндегі комитет құрыла ма, әйтеуір, осы істің тізгінін жіті бақылап, бағдар беріп отыратын бір қолға берген дұрыс-ау деп ойлаймыз. Ал жергілікті жерлерде облыстық атқару комиттетері жанынан кең өкілеттілігі бар табиғатты пайдалану өніндегі депутаттар комиссиясы құрылса. Сонда жергілікті жер табиғатын ұқыпты пайдалануға және қорғауға Советтердің де рөлі арта түсер еді. Бұл комиссия, біздің ойымызша, тұрғындардың

174 Шахмардан Есенов
өмірлік қажеттіліктерін неғұрлым қанағаттандыру, табиғатты ұқыпты да тиімді пайдалану, экологиялық проблемаларды шешу т.с.с. үшін облыстың экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымын кешенді дамытудың бес жылдық және перспективалық жоспарларын жасауға міндетті түрде қатыстырылып отыруға тиіс.

Осы орайда, сөздің реті келіп тұрғанда мына бір жайтты айта кетейік. Биылғы жылғы «Разведка и охрана недр» журналының 6-шы санына А.Н. Еремеевтің, Ю.А. Соколовскийдің және В.В. Кочеткованың мақаласы шықты. Онда олар әр республикадағы жер қойнауындағы байлықтар жалпыодақтық меншік болуға тиіс деген сыңаржақ пікір айтты. Өз басым бұған үзілді-кесілді қарсымын. Бұл дербестікке бағдар алған қазіргі экономикалық саясатқа, жалпы саяси-әлеуметтік бағытқа мүлдем кереғар пікір. Әжептәуір атағы бар ғалымдардың бұрынғы ойлау машығынан арыла алмай, арқандаулы аттай өз қазығына өзі оралып, айналшықтап қалғаны өкінішті-ақ.

Үстіміздегі жылы КСРО Геология министрлігі барлық Одақтас республикаларға жаңа жағдайдағы кешенді халық шаруашылығы міндеттерін шешуге бағытталған жер қойнауын геологиялық зерттеудің жаңа концепциясын ұсынды. Мұнда әр республикада территорияның әмбебап геологиялық негізгі түріне жан-жақты ақпар беретін материалдар қорын жасау басты міндет ретінде көтерілген. Бұл халық шаруашылығына қолдануға әрі ұғынықты, әрі жарамды болуға тиіс. Жаңа кеніш көздерін, тіпті олар геологиялық-экономикалық, технологиялық және техникалық жағынан таяудағы болашақта игерілмейтін болса да, іздестіруге және барлау жасауға байланысты жұмыстарды қаржыландырудың тоқтатылмайтын болып шешілуінің зор стратегиялық маңызы бар. Расында да, жаңа кен көздеріне жасалған барлау – болашағымызға, ертеңімізге жасалған барлау ғой. Ал, ертеңін ойламаған ел бола ма?

Сол сияқты қазіргі жұмыс істеп тұрған кеніштердің терең қабаттарында, жер-жер астында жүлге-жүлге болып тарап жататын кен өрімдерінде кейде руда қалып қояды. Бұл да туған жердің топырағына деген жанашырлық емес. Сондықтан геологиядағы тағы бір қолға алынып жатқан бағыт осы жұмыс істеп тұрған кеніш маңайын әлі де барлай түсу. Сөйтіп, ол жердің қазба байлығын жұмыс істеп тұрған әзір техникамен түгін қалдырмай қырнап әкету. Бұл үшін кеніштің геологиялық құрылымын, топырақ қыртыстарын жете зерттеп, сол

Ұстазы мықты ұлы болады

175


учаскенің терең қойнауының үлгісін жасап алу қажет болды. Бұл айтуға ғана жеңіл. Әйтпесе, түрлі аспаптарды, аппаратураларды қажет ететін күйбеңі көп күрделі жұмыс. Осыған байланысты жеке- леген кен көздерінің аймақтық геологиялық жағдайын коммерциялық негізінде шетелдік фирмалармен қосыла жүргізу көзделуде. Және де осы тәсілмен жасалған геологиялық құжатты кейін республикамыз бірлескен кәсіпорын құруға келісімге отырған шетелдік фирмаларға валютаға сататын болды.

Мұнай барлаудың тағы бір пайдасы – кеннің негізгі түрімен қатар оның маңайында жиі кездесетін басқа да минерал шикізат қорларын да анықтап алуға болады. Мәселен, біз жоғарыда айтқанымыздай, ірі кен көздері маңайынан туристер, шетелдік және тұрғын халықтар үшін табиғи және асыл тас бұйымдарын, түрлі әшекей заттар шығаратын шағын-шағын кәсіпорындар салуға болады. Кейін мұндай кәсіпорындарды көбейте келе, қадау-қадау көмбе секілді бұғып жатқан алтын, күміс, мыс, қорғасын, мырыш, барит сияқты шағын кеніштерді қалдықсыз технология арқылы түгелдей игеріп алуға болар еді.

Жалпы Республиканың салалық және академиялық ғылымы алдында минералды шикізаттарды өндіру және байыту, оның тау-тау болып үйіліп жатқан өндіріс қалдықтарын пайдалану, пайдалы қазбаларды жер асты скважиналары арқылы ұқсату жөнінде көптеген келелі міндеттер тұр. Қазір де біз Қазақстанның шикізат қорының жартысына жуығынан қазып алу, тасымалдау, байыту және балқыту кезінде айрылып қалып отырмыз. Бұл дегеніңіз табиғатқа, келер ұрпаққа жасалынып отырған үлкен қиянат. Есепсіз дүние жоқ. Судың да сұрауы бар.

Қазып алынатын шикізатта, әдетте, негізгі құрамнан басқа

10-25 проценттей басқа да элементтер кездеседі. Бүгінгі заманғы жетілдірілген технологияның жоқтығынан, оларды кәдеге жарата алмай отырмыз. Ал ондай озық техника мен технологияны сатып алу үшін валюта керек. Егер біз қысқа мерзімде халықтың әл-ауқатын көтеруге барынша ұмтылып отырғанымыз рас болса, онда міндетті түрде осы валюта мәселесін шешіп алуымыз керек. Онсыз іс бітпейді. Бұл орайда республиканың басты фирмаларына тау-тау болып үйіліп жатқан қалдықтарды сол жерде-ақ ұқсатуды ұсынып, сыртқы рынокке батыл қадам жасағаны жөн. Ал одан түскен капиталға әлгіндей озық технология, түрлі машиналар мен құрал-жабдықтар сатып алар едік.

176 Шахмардан Есенов
Алайда, бұл жерде мықтап ескеретін бір жайт бар. Біз қызды- қыздымен шетелдіктердің негізгі шикізатымызға қол салуына әсте жол бермеуіміз керек. Оларға тек ерекше өңдеуді, қалдықсыз жоғары технологияны байытуды және металлургиялық өңдеуді қажет ететін қалдықтарды яки төменгі сортты шикізаттарымызды ғана ұсынуымыз керек. Онда да олардың сол шикізаттан халық тұтынатын товар шығарып беруі жағын қарастырған жөн».

(«Қазақстан коммунисі», 1990 жыл, №10)
Міне, Ш. Есенов соқырға таяқ ұстатқандай етіп бәрі-бәрінің жолын да көрсетті, амалын да айтты. Егер ол айтқан жолмен жүріп, айтқандарын іске асырған болсақ, біз бүгін шын мәнінде өзіміз айтып жүрген «50 мемлекеттің» қатарына қосылып-ақ қалар едік. Әзірге ол елу елдің қарасы да көрінбейді. Соған қарағанда, Есенов айтқан кен байлығын ел игілігіне айналдыру әдістері, іс-шаралары еске алынбаған болып тұр-ау.

Ш. Есенов Қазақстанның кен байлықтарына байланысты 13 мо- нография жазды. Бұл монографиялар Одақ көлемінде үздік атанып, кеңінен таралған еңбектер болды. Ол Қазақстанның және Одақтық Ғылым Академияларымен тығыз қарым-қатынаста болды, түрлі ғылыми конференцияларға қатысты, сөз сөйледі, пікір алмасты. Белгілі жазушы Әзілхан Нұршайықов: «Шахмардан Қазақстан өңіріндегі қазба байлықтары жайында баяндаған кезде тура «Мың бір түннің» әңгімесін айтып тұрғандай, қызықты суреттейтін. Әр тастың сыны мен сипатын, түсі мен қасиетін келістіре, теңеулермен әдемі етіп жеткізетін...» дейді.


Оның есімі – халық жадында
Слово о шахма
Память о зве
Г.я. щерба.

Каталог: uploads -> files
files -> Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»
files -> Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер
files -> Шахмардан есенов
files -> Конкурса научных работ среди школьников «turan-junior-2016» Секция «Физика, техника, науки о земле и космосе»
files -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
files -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
files -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)
files -> Формы и методы подготовки учащихся к итоговой аттестации по обществознанию


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу