«Қазақ мұнайының а р дақтылары»



бет25/47
Дата05.11.2016
өлшемі53,32 Mb.
#423
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47
***
1993 жыл... Ол өте сирек кездесетін аурумен ауырды. Қоғамдағы адам қолымен жасалып жатқан небір әділетсіздіктерге, өзіне жасалған қысымшылық, қарсылыққа, күншілдікке төзе-төзе шаршаған жан мен тән имунндық қасиетін азайтып, денсаулығын бұзды. Ол елі мен жұртының ен байлықтың үстінде отырып кедей болғанына күйзелді, ол кен байлықтарының қалай болса солай қазылып, шашылып- төгілгеніне қайғырды, ол «отаршылдардың» Отанын аздырып, ұлтын тоздырып, тілінің жоғалып бара жатқанына жаны күйді, ол Әбділда ақынның өлеңін қайта-қайта оқып, жанын тілгілейтін шындыққа шыдай алмай, көзіне жас алды:

Тағы да нең бар

Көрсетер маған, тағдырым

Қинайсың қанша

Ұстазы мықты ұлы болады

181

Қазақ болғаныма жазғырып? Мен өзгермейтін

Және мәңгі өлмейтін халықпын, Айыра алмайсың

Жылуынан мені жарықтың!
Ол: осындай ұлы мекені бар ел оп-оңай өле сала ма? деп, күйінетін. Ол: ұлтымыздың ертең азып-тозып кетпеуіне ертеңгі ұрпақ жауапты. Ал ұрпақтың мықты боп жетілуіне бүгін біз жауаптымыз, – деп, күндіз-түні ойланатын, миына маза бермейтін! Осындай-осындай ойлар, әділетсіздік пен арсыздықтың миға түскен салмағы ақырында айықпас ісікке айналды. Адам темір емес қанша салмақ салсаң да майыса беретін. Соңғы жылда бір емес, бірнеше мәрте операцияға да түсіп шықты. Соңғы төртінші операциядан кейін жалғанып келген үміт үзілгендей, науқастың беті бері қарамай қойды. Ақылды адам ғой, бәрін де түсініп, бәрін де сезді. Келген жаққа кетерін, мәңгілік мекенге қайтыстың боларын болжады. Жаратушыдан келіп, сол Жаратушысы- на қайту сапары тұрғанын мойындады. Сабырлы қалып, сырбаз мінез танытты. Ағайын-туған, жора-жолдас көңілін аулап, жанына жалау бола білді, жалғыз қалдырмады. Бірде көп ағайынның ортасынан,

Шиеліден ағаның көңілін сұрауға Кәрімов Рысбай келді.

«Ассалаумағаликум, Шаха! деді ол ас үйде шайын ішіп отырған

Шахмардан ағасымен биязы ғана амандасып.

Ау, батырым, тағы келіп қалдың ба? Ауыл-ел, ағайындар аман ба? Елден әкелген қандай жаңалығың бар? – деп, құдды дені сау кездегі сұрақтарды жаудырып, қызу әңгімеге көштік. Кәмила апай да жақсы көңіл-күйде. Дастархан мәзірін жасауға кірісті. Шахмар- дан ағаның сондағы сұрағандары – аудан, облыс көлеміндегі танымал ел басқарған және де басқарып жүрген азаматтар мен жаңа басталған нарықтық қатынас. Ел ішінде қалай жүзеге асырылып жатқандығы, ауыл адамдарының күн көрісі болды. Қайран Шахаң-ай десейші, сонда халқын уайымдап отыр.

Нарықтың заңы қатал, қазақша айтқанда «қолы қимылдағанның аузы қимылдайды» дегендей заман келді. Мемлекетке деген масылдықты қою керек. Оны сендер, өздерің түсініп, сосын халыққа жеткізулерің керек, аға тағы да үнсіз қалды. Басына қандай ойдың

182 Шахмардан Есенов
келгенін білмеймін. Алдындағы шайынан сараңдау ұрттап отырды да, ал, Сыр бойында, Құдайға шүкір, тіршілік жасаймын деген адамға табиғат бәрін берген, деп, тағы да әңгімесін ауыл жаққа ойыстырды.

Ғылыми көзқараспен суармалы өңір, бақша егу, орман-тоғай, аң-құс, балық байлықтарына шолу жасап, жастық шағын еске алды. Елде отырғанда сол несібелердің арқасында адам болдық қой, – деп үнсіз отырды да, ойына бір қызықты оқиға түскендей, ақырын жымиып, күліп алды да әңгіме бастады:

Тартоғайда «Жорабек қыстауы» деген қоныс болды. Әкем жасы ұлғайған соң диқаншылықпен айналысып, шаруашылыққа бет бұрды. Ал Тартоғайдың қауындары, қырғауылы қандай еді?! Дәмі тіл үйіреді. Үйдегі жалғыз ер баламын. Бақша егеміз, мал бар. Оқудан қолым боса- сымен, Тартоғайға тартамын, әкеме көмектесемін. Есімде, күздің күні болатын. Біздің елде бұл кезді мизам деп атайтын. Бір күні әкемнің тірі жанға ұстатпайтын мылтығын алып, аң аулауға шықтым. Әкем менің мылтықпен әуестенуімді қолдамайтын еді.

Балам, оқуыңды оқы, сенің наның оқуда, – деп, кесіп айтатын.

Ал менің аңшылыққа деген ынтызарым күннен-күнге арта түсуде. Апамнан сұрасам: «әкең мылтықты қимайды емес, мылтықтың аты мылтық, сені жазым бола ма деп қорқады» деп жұбатты.

Бірде көкем үйде жоқта мылтықты иығыма асып алып, оқшантайды беліме байлап алып, нағыз аңшылардай тоғайға кеттім. Алдымнан пыр-пыр қырғауылдар дамылсыз ұшып жатыр, мен ыңғайланып болғанша ұзап кетеді. Осылай келе жатқанымда үлкен шоқ шеңгелдің түбінде үлкен бір қырғауылдың қоразы қомданып ұшқысы келеді, бірақ ұша алмайды. Іздегенімді құдай көктен берді.

Асықпай қырғауылды атып қалдым. Жүгіріп барып қырғауылды көтерсем, тұзаққа түскен екен. Сасқанымнан жан-жағыма қарадым, ешкім жоқ. Қырғауылды беліме байлап, кәдімгі кәнігі аңшылардай мылтығымды иығыма асынып, жүре бергенімде бір аттылы кісі далақтап шауып келеді. Мылтықтың дауысын естіген ғой. Қарасам, немере ағамыз Серғара екен.

Бұл жерде қырғауыл көп, рахатын мына Тартоғайдың орыстары көріп жатыр. Бірінші олжаң ғой, маған байламай-ақ қой, шешеңе апар, мен де Жөкеңе сәлем берейін... – деп туыстығына салды.

Мен тұзаққа түсіп қалған қырғауылды атқаныма қуыстанып, ағаның соңынан еріп, үйге келдім.

Серғара аға:

Ұстазы мықты ұлы болады

183

Балаң нағыз мерген екен, олжалы болды. Қазанға сал! деп бұйрық беріп жатыр апама. Осы кезде көкем де аттан түсіп жатыр екен. Менің мылтықты алып, аңға кеткенімді біліп сыртымнан байқастап жүрсе керек.

Шешем қырғауылдың жүнін жұлып, қазанға салды. Екі кісі қараша үйде қызу әңгімеге кірісіп кетті. Қырғауылдың еті табаққа салынып, үшеуміздің ортамызға тартылды. Мен етті турауға кірістім. Көкем көзінің қиығымен етке, сосын маған қарап қояды. Ал көрші ағай ке- лешекте менен жақсы аңшы шығатынын, бір оқпен бір қоразды атып алғанымды мақтап, өзімен-өзі болып отыр. Сонда көкем:

Шахантай, сен қырғауылды ұшқанда аттың ба, әлде отырғанда аттың ба? – деді.

Отырғанда аттым, – дедім.

Ә, отырған, мәжбүр болған қырғауылды әркім де атады, – деді. Сонда ғана бұның көкемнің тұзағына түскен қырғауыл екенін

білдім. Бірақ, бұл сырды өмір бойы көкем екеумізден басқа ешкім білмей-ақ кетті, – деп, Шахаң әңгімесін күле отырып аяқтады.

Менің ауылдан әдейі көңіл сұрай келдім дегеніме риза болғандық бар жүзінде».

Неге екенін қайдам, жас ұлғайған сайын адамдар сонау артта қалған балалық шағын, әке мен анасын жиі есіне түсіретіні несі екен. Және бұл барша адамзат атаулыға тән. Сыры біреу – бала кездегі тазалық пен пәктікті аңсау. Қалған өмірде талай тартысқа түсіп, тар жол, тайғақ кешуден өтетін Адамзат атаулы сол бір бейкүнә, періште күндеріне ойша болса да, оралғысы келе береді.

Әңгіме айтылып, дәм татылап болған соң Рысбай рұқсат сұрап, ауылға қайтпақ болды. Екеуі де іштей сезеді, бұл олардың соңғы кездесуі екенін. Жүректері жылап тұрды.

Шаршаңқырап қалған Батырын төсегіне жатқызды, жастығын биіктетіп, суын бас жағына қойды. Осылай бәйек болып жүрген жары Кәмилаға:

Батыр, отыр қасыма, – деді Шахмардан. Баяғы қапсағай денелі, биік бойлы Батыры жоқ, жүдеген, еттен арылған. Кәмила салалы саусақтарын алақанына салып, баяу сипап отыр. Екеуі де үнсіз. Кәмила Батырының айтпағынан қорқады, баяғыдағы үлкендер айтатын

«арыздасу-соңғы сөзін» естуге жүрегі дауламайды. Арыздасса-ақ болды, сол минутта жүріп кететіндей, жүрегі аузына тығылады. Бірін-

184 Шахмардан Есенов
бірі қимайды, жаратушы алдында дәрменсіз, шарасыз. Өкініштің өксігі Кәмила кеудесін кернеп, еркіне жіберсе болды-ақ, моншақ- моншақ болып ағылудың аз ақ алдында. Осыны сезе қалған Шах- мардан: – Батыр, сен жылайтын болсаң, мен шаршап қаламын, сен жылама сондықтан, – деп, біраз дамылдап отырды да, – жаңа әке мен анамды босқа сөз еткен жоқпын, Батыр. Түсіме көкем кіріп жүр... – тағы да үнсіздік. Кәмила «әкей не айтты?» деп сұраған жоқ, бәрі де белгілі болып тұрған жоқ па, несін сұрайды. – Мені уайымдама, балаларың бар, Құдайға шүкір, немерелер де келіп жатыр өмірге... Екеуміз бір кісідей-ақ өмір сүрдік, ащыны да, тәттіні де бірге бөлістік... Шахмарданның ауруы содан болды, сол кінәлі деп ертең біреулерге өкпе артып жүрме, ол ұсақтық болады, Алланың жазуы осы шығар. Ешкімге өкпелер жағдайым жоқ, Димекеңе не деп өкпелейін, жас демей, министр етті, президент қойды... айналасындағы өсекшілер ғой көп нәрсені бүлдірген... ал, олар өз күнәлары үшін жауап береді әлі... Сен жылап, азып-тозба... балаларға бас – көз бол. Бір-бірімізге артық- кем кеткен кезіміз болса, кешіріммен қарайық, – деді де Шахмардан бейне бір арыздасып, ақтық сөзін айтқандай болып және «бұныма не айтасың?» дегендей Кәмилаға қарады. Кәмила: «Сен де кешір мені?» деп, аузын ашса болды ажал Батырын алып кетердей болып, үндемеді. Бірақ, осы үнсіздігі үшін әлі күнге дейін өлердей өкінеді, арызда- сып, бұрынғы-соңғының жолын жасамағанына өкінеді. Өмірдің соңы осылай өкінішпен бітетіні несі екен?!

Шахмардан осыдан кейін ұзақ жатқан жоқ. 1994 жылдың 23 тамы- зында дүниеден озды.

Ол жеті рет Республика Жоғарғы Кеңесіне, бір рет КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат болды, СОКП Орталық Комитетінің мүшелігіне сайланды, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі атанды. Ол жоғары дәрежелі тау-кен мамандарын даярлап, қабілетті шәкірттері арқылы ғылымдағы үрдісті ісін жалғастырды.Ұлағатты ұстаз атанды. Ең бастысы – Адамдықтың ақ туын құлатпай, жүзі жарқын, рухы асқақ өтті. Ұяттан аттап, намысын жер еткен жері жоқ. Дос түгілі дұшпанына да адал болды. Ол адамгершілігі биік, кісілік келбеті дара, ғұлама ғалым ретінде қазақ халқының тарихында мәңгіге қалды.

Жетінші бөлім
Е

ЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕ

немесе Ш. Есенов қаламынан туған ойлар

Каталог: uploads -> files
files -> Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»
files -> Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер
files -> Шахмардан есенов
files -> Конкурса научных работ среди школьников «turan-junior-2016» Секция «Физика, техника, науки о земле и космосе»
files -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
files -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
files -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)
files -> Формы и методы подготовки учащихся к итоговой аттестации по обществознанию


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет