«Қазақ мұнайының а р дақтылары»



бет2/47
Дата05.11.2016
өлшемі53,32 Mb.
#423
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Шахмардан Есенов – Алматы, 2011. – 320 б. ISBN 9965-816-37-9

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Шахмардан Есенов туралы деректі-көркем ғұмырнамалық эссе.
Бұл кітапта көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан- ның геология саласы мен ғылымының талантты ұйымдастырушысы, Геология министрі, Ғылым Академиясының президенті, Лениндік және Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик Шах- мардан Есеновтың мемлекетіміздің іргесін нығайтуға қосқан орасан еңбегі, мол үлесі әңгімеленеді.

Өзінің біліктілігімен, ұлтына деген жанашырлығымен, биік адам- гершілігімен, әділдікті ту еткен турашылдығымен ел құрметіне бөлен- ген ардагер азаматтың кейінгі ұрпаққа үлгі болар тұстары жетерлік. Кітаптың тілі айшықты, оқырманға айтары мол.


УДК 551

ББК 26.3


ISBN 9965-816-37-9 © ОФ «Мұнайшы», 2011
Е(сөз басы)

ЕЕЕЕЕЕЕЕЕ ЕЕЕ ЕЕЕЕЕЕЕ

р ғасырдың басты бір оқиғасы болады. Әрине, өткен ғасыр- дың айтулы оқиғалары, жақсысы мен жаманы, жетістігі мен кемшілігі жетерлік. Жетістігімізді айтар болсақ, әуелгілердің

бірі болып ауызға Қазақстан геология-барлау жұмысының, инженерлік қызметтің келуі, сосын қалыптасуы, дамуы ойға оралады. Аз ғана уақыт, бар-жоғы 60-70 жылдың ішінде жедел жылдамдықпен, екпінді қарқынмен Қазақстанда дамыған бұл сала талай ғасырлардан бері дәстүрлі геологиялық мектебі бар мемлекеттер қатарына қосылып, тіптен басқа республикалардың ішінен алдыңғы орындарды иеленді. Мысалы, Геология-барлау қызметінің іргесі қаланғанына 300 жыл болған Ресей мемлекетінен Қазақстан геологиясы сәл-ақ қалып тұрды десе болады. Соның арқасында Қазақстан кен байлықтары молынан табылып, әлемдегі шикізат өндірісі дамыған мемлекеттер қатарына қосылды, және бұл Евразиялық кеңістіктің экономикасына едәуір өз ықпалын тигізуде.

Қазақстанда геология-барлау қызметінің барынша күшіне енген кезі – 1956 жыл. Әуелі, КСРО Геология және кен қорғау министрлігі құрылды. Бұл әлемде теңдесі жоқ және үлгісі де мол мекеме еді. Осының негізінде бұрын Одаққа бағынып келген көптеген геология- лық құрылымдардың басын қосып, Қазақстан Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі құрылды. Мұндай министрліктің құрылуын өмірдің өзі, жеріміздегі кен байлықтарының молдығы алға ұсынып еді. Тек бізден кейін, 10 жылдан соң ғана Ресей, Украина, Өзбекстан республикаларында мұндай министрліктер ұйымдаса алды.

6 Шахмардан Есенов
Осының өзі біздегі геология-барлау өндірісінің қаншалықты алға кеткенін аңғартса керек.

Бұл бастаманың басы-қасында тұрған білімі терең, ұлтының болашағын ойлаған нағыз жанашыр азамат, ұйымдастырушылық қабілеті мықты басшы, ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаев екенінде ешкімнің дауы жоқ. Ол еліміздің минералдық шикізат қорын ұлғайту мақсатында Қазақстан аумағынан геологиялық зерттеудің ауқымын кеңейтіп, Үлкен Жезқазғанның болашағын нақ болжады, іске асырды. Қаныш Сәтбаев геологияда металлогендік бағыттың негізін салды. Ол ғылымда «қазақстандық металлогендік мектеп» деген атпен әлемге белгілі болды.

Қ. Сәтбаев Орта Азия мен Қазақстан геологтарын, яғни, шәкірттер дайындауға көп көңіл бөлді. Сондай дарынды шәкірттерінің бір дарасы Шахмардан Есенов болды. Ол ұстазы салған жолды жалғастырып, Жезқазған-Ұлытау аймағының кен байлығын айқындап-анықтауға он бір жылын – өмірінің ең бір тамаша кезеңін жіберді. Ш. Есенов кен орындарын болжау және жер қыртысы дәуірлестігімен байланысты металлогендік талдаудың кешенді әдістерін жан-жақты зерттеп, жетілдірді. Ш. Есенов Геология министрі, Ғылым Академиясына пре- зидент болған тұстарында геология-барлау жұмысын жандандырып, әсіресе, өндіріс ұжымдарымен бірлесе отырып, металлогендік бол- жамдар картасын жасап, кен байлықтарының шекарасын бірнеше есеге ұлғайтты. Осы картаға сүйене отырып, соңғы жылдары Орталық Қазақстанның қара, түсті және сирек кездесетін металдарының қайда, қай қабаттарда қалай жатқандығы анықталды. Елімізде осыған сүйене отырып көптеген ірі өндіріс ошақтары ашылды.

Әсіресе, Ш. Есенов Геология министрі кезінде Қазақстан кен бай- лықтарын іздестірудің, жұмысты ұтымды ұйымдастырудың үлгісін көрсетті. Оның табанды, батыл басшылығының арқасында Жетібай мен Өзен мұнай қоры табылып, кешікпей өндірілді. Бұл үшін бір топ мұнайшы Лениндік сыйлықтың лауреаты атанды, олардың бел орта- сында Шахмардан Есенов те бар еді.

Мұндай түрлі кен орындары республикамыздың барлық аймақта- рында ашылды, сосын өндірілді. Есеновтың жаңа бастамалар бастап, жақсы идеяларды іс-жүзіне батылдықпен асырғанының арқасында Қазақстан геологиясы әлемдік деңгейге көтеріліп, мойындалды. Ол шетелдік дәрежесі жоғары конференциялар мен симпозиумдарда

Еліміздің бас геологы 7
баяндама жасап, еліміздің геологтарының жетістіктерін шар тарапқа паш етті. Геология ғылымына қосқан Есенов еңбегін біз ешқашан ұмытпаймыз, қайта жаңа істерде басшылыққа аламыз.

Ол әр түрлі қызметтерді атқарды: министр, президент, ұстаз. Біз үшін ол қашанда «Еліміздің Бас Геологы!» Оның тұлғасы біздің жа- дымызда жер қойнауын іздеген барлаушы, кен көздерін зерттеген ғалым, беделді басшы, жас геологтарды тәрбиелеуші «Бас геолог» болып мәңгіге қала береді. Біртуар, аса дарынды перзенті Шахмар- дан Есеновты қазақ халқы ешқашан ұмытпайды. Оның «өмірі» ұзақ, сапары ғасырлардан ғасырларға жалғаса береді.
Б.С. Өжкенов ҚР Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің төрағасы.

Бірінші бөлім
ЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕ

«Бойы екі метрден асатын Шахмардан палуан денелі, өз тұлғасы өзіне жарасымды, сөйлескен кісілеріне лебінің жылылығы үнемі сезіліп тұратын ақпейіл жан еді. Мен Шахмарданға қарап отырғанда есіме оның әкесі, біздің ағамыз Есенов Жорабек түсуші еді».

Әбділдә Тәжібаев


аңағы ұзынтұра не деп кетті өзі. «Жөке, қамсыз отыр- маңыз...» – деді ме маған?! Иә, неге мен қамдануым керек? Қамданғанда қайда барамын, кімге барамын? Не болып кетті бұл дүние!

Кеңес Өкіметі қара халықтың, кедей-кепшіктің қамын жейді, бай мен кедей деген болмайды, бәрі тең болады деді. Бәрекелді, тең болсақ тең болайық, теңдікке не жетсін шіркін! деп Кеңес Өкіметін құруға белсене кірістік, азамат соғысына қатыстым... Оқыған орысшам пайдаға асып, қазақ пен орыстың ортасына тілмаш болдым... «азамат соғысына қатысқан ардагер» деген құжатым да бар... Енді не демек бұл өкімет маған? Түсінбедім, «халық жауысың» дегелі тұр ма сонда?... Шошиын дедім бұлардан. Ісі мен сөзінен бәтуа кете бастады... кеше ғана «халық жауы» деп Қамашты, бұдан он күн бұрын Сәрсенді ұстап әкетті. Жазғаны, кінәсі әкелерінің бай болғаны. Ойбай-ау, ол байлықтан жұрнақ та қалған жоқ қой қазір, колхоз боламыз деп бар малын тартып алды, содан олар да ығыршығы айналған кедей- кепшік болды да шықты. Бұл Өкімет өңкей кедей-кепшікпен қандай

Өмірі «Өларада» өткен Жорабек 9
мемлекет құрмақшы өзі?... Тоқта, тоқта, жаңағы Жаңабай дос: «қамсыз болмаңыз!» дегенді маған қатты айтты-ау өзі?... – Осы сұрақтың тууы мұң екен Жорабек бірін-бірі қуып, лек-лек етіп жалданып, жалындап келе жатқан айбарлы ойларын кілт тоқтатты. – Айтқандай «азамат соғысының ардагері» деген құжатым қайда? Мықты бір жерге тығып едім-ау өзін?...

Жедел келіп, жедел кеткен Жаңабай соңында Жорабек осылай, төрде молдас құрған бойда ойланып отырып қалды. Бірақ соңғы сұрақ оны елуден асқан жасына, еңгезердей денесіне қаратпай-ақ орнынан атып тұрғызды. Саздан салынған жаппа тамның төбесіне төбесі екі елі ғана жетпей тұр. Жорабек жан-жағына қарады.Үй ішінде көзге ілінер бір қатар жинаулы көрпе-төсек пен оның астындағы кебеже, сандықтан және есік жақтағы шағын стол үстіндегі ыдыс-аяқтан басқа ештеңе жоқ. Сандық үстінде жиюлы тұрған көрпелерді жерге тез-тез тастап, оның ішін қарай бастады, іздегенін таппады. Сосын кебежені қопарды. Не керек, тап-тұйнақтай жинаулы тұрған үй ішін әп сәтте-ақ астан-кестеңін шығарды. Іздегені жоқ. Таппады. Енді не істемек? Далаға атып шықты да:

Шәрипа, а, Шәрипа! деп, есік алдындағы қора жаққа дауыс салды.

Не болды, ақсақал? – деуін дегенмен жауабын күтпеген Шәрипа айырын қораға сүйей салып үйге асықты.

Қызыл Армия берген документ, қағаз қайда? – деді, табалдырық- тан аттай берген Шәрипаға қатқыл үнмен.

Ақсақал-ау, оны Сіз маған берген жоқсыз ғой... – деді, Шәрипа күмілжіп, бейне бір кінәлі адамдай. Орта бойлы, көзі ботадай, аққұба келіншектің басына тартқан ақ орамалы одан сайын ажарланды- рып тұр. Қанша ашуланып, шиыршық атып тұрса да осы сұлулық Жорабектің меселін қайтарып, одырая бір қараудан асыртпады. Түйе- жүн шекпенін киіп, белін шұбатылған белбеумен тас түйін етіп буа тұрып «Әкеңнің...» деп, ауызын толтыра, әр сөзін анық-қанығымен бір боқтады да далаға ата жөнелді. Кімді, не үшін боқтады – оны білу қиын. Есіктің алдындағы мама ағашта байлаулы тұрған Қаражалға келіп, үзеңгіге аяғы тиер-тиместен қарғып мінді де, Сырдарияға қарай бет түзеді. Атын ауыздығымен жағаластырып, тарпаң-тарпаң бастырып барады. Қайда, неге кетті? Жорабекке бұл сұрақты ешкім қоя да, сұрай да алмайды. Жиі көрмеген адамға ол ашық-жарқын, мінезі жайдары адамдай көрінеді. Әсіресе, жиын-тойларда көптен

10 Шахмардан Есенов
мойны оқ бойы озып, екі кісінің орнын бір өзі ала отырып, орысша, қазақша әзіл-қалжыңды ағытқан кезде оның бойында басқа бір оғаш мінезі бар-ау деп ешкім ойламайды. Оның батыршалыс-шалт мінезін ағайын-тума, Шәрипа ғана біледі. Суыт кеткен Жорабекке «ақсақал-ау, қайда барасыз?» демей соңынан қарап қала беруінің сыры осы.

Шәрипа үндемей қалғанмен, іштей ойланып отырып қалды.

«Қызылдар» берген документке кем дегенде он-он бес жыл болды. Ол енді неге қажет болып тұр екен? Жаңа құрдасы Жаңабайдың үйден шығып бара жатқанын көріп еді, не де болса сол бір нәрсені бүлдіріп кетті. Ол не айтты екен? Мына дүниенің дүрбелеңі қашан басылар екен? Тыныштық болатын күн бар ма өзі? Аулымызды бөгделер жайлады... күнде өзгерген өкімет, кімге еріп, кімге сенеріңді білмейсің... «ақ пен қызыл» болып соғысты, енді «халық жауы» деген бір нәрсені шығарды. Ел іші үрейлі, бүгін бар адам ертең жоқ. Күнде бір жаңалық естімесең құлағың керең болып қалатындай...

Бұл тағдыр дегенді қойсаңызшы, Жорабек пен Шәрипа екеуінің отау құрғаны да қызық, бәрі табан астынан болды. Ол кезде, жиыр- масыншы жылдары Шәрипалар Бәйгеқұмда отыратын. Жорабек секілді оқыған азаматтардың әлі аз кезі. Оның Әскери-революциялық Кеңес төрағасының орынбасары болып, түкірген түкірігі жерге түспей, абыройы асып тұрған шағы. Бірде ол ел аралап жүріп бір топ нөкерлерімен Бәйгеқұмды жайлап отырған қонақбай руының ақсақалы, Шәрипа әкесінің үйіне тоқтайды. Қызайы түлкіге көзі түскен қырғидай Жорабектің назары бірден үлбіреп, тал шыбықтай майысып, ботадай көзі жәудіреп тұрған Шәрипаға түсе қалды. Жорабектің әйелі қайтыс болып, қызы Сақыпжамалмен қалған кезі еді. Шай үстінде көңілі көтеріңкі отырды. Тіптен мұндай жүрісте көрсете бермейтін

«талантын» танытып, ауық-ауық Абай мен Пушкиннен өлең оқып та қойды. «Бұным қалай?» дегендей шай құйып отырған Шәрипаға көз қиығымен қарайды. Аз айтып, көп айтып не керек, жарты айға жетпей ол қасына немере ағасы Ізтілеуді ертіп Бәйгеқұмға қайта оралды. Қыз жеңгелеріне қол үздігін, сосын қол ұстатарын беріп жүріп, ақырында бір күннің бір түнінде қызды – Шәрипаны алып қашып кетті.

Қалай болғанда да, жар таңдаудан екеуі де қателеспепті. Тағдыр тауқыметін қанша тартса да қайыспай, қоғамда болып жатқан өзгеріс, жаңалықтың нақ ортасында өмір сүріп, бірде «құлап», бірде «тұрып», бала-шаға өсіріп, ел-жұрттан қалмады. Шәрипаның басына түскен

Өмірі «Өларада» өткен Жорабек 11
тауқымет аз емес, әрине... Арпаң-тарпаң батыршалыстау Жорабек әйелі Шәрипаның үстіне Ақкенжені алды, алуға мәжбүр болды. Қыздың ағалары сол кездің бай-манаптары болатын. Жорабектің қызметі өсіп, өздерінен асып бара жатқанын көре алмай жүрген оларға, оның Ақкенжемен бірді-екілі жастық желікке салып, сырласып қалғаны сылтау болып, үстінен арыз жазып, «қырамыз, жоямыз» дей берген соң әйел етіп алды. Ақкенже Жорабектен екі перзент сүйді, қызының атын Рәш, ұлының атын Шайқыслам қойды. Олар Ақмешітте тұрды. Шайқыслам өмірі соғысқа тап келіп, майдан даласында қаза тапты. Ажал айтып келе ме, аз ғана ауырып Ақкенже де дүниеден өтті.

Жорабектің екінші әйелінің барлығын білген кезде Шәрипаның жан-дүниесінде біраз аласапыран, арпалыс болды. Айтып алса бір сәрі, жасырып алғанына ренжіді. Әйел неге көнбеген, Шәрипа да солардың бірі емес пе, келе-келе «балаларыңа барып тұр, олардың не жазығы бар?...» деп, тағдырымен келісіп, күйеуіне кеңес те берді. Көркіне ақылы сай Шәрипаның осындай мінезі мен қылығы Жорабекті алысқа жібермеді. Ордалы отбасым осы үй деп ұқты. Өмір жалғасып, екі ұл – Шаһызадан (1925 ж.) мен Шахмардан (1927 ж.) келді өмірге. Балаларының қызығына, от басының берекесіне мойын бұрып, бар қиындықтар артта қалды-ау дегенде «халық жауы» деген шықты. Шәрипаның жүрегі үнемі бір жамандықты күтетіндей, сезетіндей еді...

Содан Жорабек екі күннен кейін оралды. Қайда барып келгенін өзінен басқа жан білмейді. Бойында беймазалық бар, ойы орнықты емес. Ауыл адамдарымен де аса араласа қоймай, томаға-тұйық бірер күн жүрді де, бір күні кешкісін ас-суын ішіп отырып Шәрипаға әңгіме бастады:

Жол жүрмекпін. Басыма іс түскелі тұр, Шәрипаш! Маған деген ықылыс-пейіліңді қадірлемесем, сендерге ештеңе айтпай-ақ бір күнде жоқ болып кетер едім. Сендер үшін, балаларымның болашағы үшін жол жүргелі отырмын. Шәрипа, мен амалсызбын. Мыналардың түрі жаман, мені де ұстатып жіберудің аз-ақ алдында. Сеземін. Кеше Ақмешітке барып, «Азамат соғысының ардагері» деген құжаттың түбірін іздеп таппай келдім. Енді кешіксем, мені «халық жауы» деп итжеккенге жібермек, әлде атып та жібере ме, кім білсін. Мына бала- ларды қалай жетім қалдырамын, сондықтан бой тасалай тұрғанды жөн көрем. Алдымда не күтіп тұрғанын білмеймін. Айналайын, Шәрипаш, балалар саған аманат! деп, осы төңіректе біраз әңгіме айтты.

12 Шахмардан Есенов
Алғашында шошып кеткен Шәрипа күйеуінің не айтып отырғанын бағдарлап, байқастай алмай қалды. Келе-келе айтпағын ұға бастады, сабырмен, үнсіз тыңдады. Жорабек үндемеген әйеліне қарап өзімен келісіп отырғанын сезді.

Не керек, екеуі сығырайған майшамның астында таңға дейін отырды. Көңілдің күйі шертіліп, сыры ақтарылды. Өткен-кеткенді еске алды. Балалары бейқам, пысылдап ұйықтап жатыр. Екі ұлына қарап Жорабек іштей: «шырақтарым-ай, болашақтарың не болар екен?» десе, Шәрипа: «әкелеріңнің күні не болмақ?» деп, түйткіл көңілмен қарайды.

Жолға Жорабектің киімдерін жинады. Осы кезде шыдай алмаған Шәрипаның көзіне жас үйірілді. Оны байқап қалған Жорабек әйелінің қолынан тартып, қасына отырғызып, бауырына басты. Үнсіз ұзақ отырды. Жылы ұясын, өсіп келе жатқан екі баласын, өзі десе жан ұшырып, құрақ ұшып тұратын адал жарын қиып, бас сауғалап, бір жаққа кету өзіне де оңай болып тұрған жоқ. Сергелдеңнен басы бір арылмай-ақ қойды. Қырып-жойған қылмысы болмаса да, бір қырсық соңынан қалар емес. Шарасыздықтан шаршады. Бірақ, қарап отырып дұшпандарының қармағына түскісі де келмейді. Досы Жаңабайдың айтпағы да осы – «бой тасала, кет бір жаққа!»

Қай ортада жүрсе де Жорабек абыройлы, беделді болды. Оның өздерінен бойының да, ойының да озықтығын көре алмайтындар түймедейді түйедей етіп жала да жапты. Бәрінен де өзінің адалдығы құтқарып келіп еді, ал, мынау жоқ жерден ойлап табылған «халық жауы» деген жаладан құтылу қиын. Ауылдағы «адалмыз» деп жүрген ақжүрек жігіттердің өзін бір күнде ұстап әкетіп, итжеккенге айдап жіберді емес пе. Түсініксіз.

Ұлттық әдет пен ғұрып, тұрмыс пен салт қалыптастырған түсінік- түйсікті Діни семинария берген тәлім мен білім Жорабектің өмірге, тіршілікке, адамдарға деген көзқарасын ерекше етіп қалыптастырды. Басқалардай дүниеқұмар, мансапқор болмады. «Дүние – боқ, өмір- теңіз, ағады да кетеді. Қалатын нәрсе адамгершілігің!» Бұл Жорабек- тің өмірде ұстанған ұстанымы еді.

Жары Шәрипа өзіне лайық болды, қолы берекелі, ақжарқын, да- старханы жиылмайтын. Жорабек басқалардай қызметі мен абыройын пайдаланып артық-аспай дүние емес, дос жинады, өмірден дос арт- тырды: орыс, татар, шешен, кәріс, өзбек... не керек бәрімен де тіл табы-

Өмірі «Өларада» өткен Жорабек 13
сып, сыйластықта болды. Қашан болса да шағын, жаппа тамның іші гуілдеген көпке, әзілі мен қалжыңы жарасқан ағайынға толы болатын. Бұл жолы да ол сол Тәшкен жақтағы достарына сеніп, бас сауғалап барады

Біраз үнсіз, өз ойымен әлек болып қалған Жорабек қайыра сөз бастады:

Бұл пәле қайдан жабысты «ақсақалыма» деме, Шәрипаш. Жәй қойшы-қолаң болмадық, үлкен ортада, үлкендермен бірге жүрдік. Үлкен ортаның шаруасы да күрделі болады. Отаршыл орыстар келе бастады, олардың соңын ала «ақтар мен қызылдар» болып соғысты. Біздер кімге болысармызды білмей, бір басымыз екіге жарылып аз азап көрген жоқпыз. Ақырында кедей-кепшіктің қорғаушысы, сүйеуі боламыз деген соң, «қызылдар», Кеңес өкіметінің соңынан ердік. Жаңа заман, жаңа заң мен зүкін келді. Бір заңын түсінсек, екіншісін түсінбедік. Әкелеріміз сауатсыз болды, Алла берген түйсік-түсінікпен бізді жетелеп, жеткізді. Аруағыңнан айналайын, әкем марқұм қайта ағайын-туғанның «балаларыңды кәпір еттің» дегеніне қарамай, оқытып, білім бергеніне ризамын. Соның арқасында көштен қалмай, заман ағымына ілесе білдік. Өкіметтің қызметін істедік, біреуге қату айттық, біреуге басу айттық, біреудің көңілінен шығасың, біреудің аяғын басасың дегендей ғой. Бірақ мен жазықсыздан-жазықсыз ешкімді жазалап, қанын мойныма артқан емеспін, соған сен! Маған көп қырсығын тигізген Гержот (Перовск қаласындағы Большевиктер- жұмысшы Кеңесінің төрағасы) болды, ақылсыздау адам еді, талайдың жаны мен қаны мойнында оның. Соның қасында жүрген соң, сені де қаралайды, кімге барып ақталып жатасың. Әйтпесе, Кеңес Өкіметіне еткен еңбегім адал, «халық жауы» деп қаралайтындай ештеңе бүлдірген жоқпын. Бірақ, қазір Өкіметтің іші де бүлініп бітті, ішкі пиғылдарын білдірмейтін бүлікшілер көп.

Сталин сондайларға сеніп отыр ғой, сенген адамының бірі – Голо- щекин Қазақстанда «кіші Октябрь» жасаймын деп, малын жинап алып, елді аштыққа ұшыратты. Кімге барып, не айтарсың?! Тарихқа үңілсең, бұл адамзаттың басынан қиқу кеткен емес ешқашан. «Әр патшаның тұсында бір сұрқылтай!» Бұл дүрбелең де уақытша шығар, сабасына түсер. Сүлеймен пайғамбар айтқан екен: «Бәрі де өткен, бұл да өтеді», – деп. Жақсылықты тілейік, үміттенейік, – деп барып, сөзінің арнасын басқа жаққа кілт бұрып, Шәрипа, ата-баба, әке-шеше әруағына

14 Шахмардан Есенов
құран бағыштайын, жаратушыға жалбарынып, оң жол тілейін, құран кітабымды әкелші, – деді.

Шәрипа сандық түбінде жатқан ақ матаға ораулы Құран кітапты алып Жорабекке ұсынды. Ол оны маңдайына сүйкеп, сосын сүйіп, кеудесіне басып, алдына қойып, көзді жұмып құран сөзін құйқылжыта, аспай- саспай сызылтып оқыды және ұзақ оқыды. Соңында осы Құранды ата- баба, әке-шеше, жас кеткен жалғыз бауыры Бабабекке арнадым деген тұста дауысы дірілдеп, көңілі босап барып қатайды. Шәрипа да көзін жұмып, Құранға ұйып ерінің амандығын, балаларының саулығын жа- ратушыдан тілеумен болды. Жорабек дұғасын бітіріп, көзін ашты. Міне, Құдайдың құдіреті, Алланың кереметі! Апталап іздеп, ала өкпе болған, шашын ағартқан, жүйкесін жұқартқан қағаз – «Азамат соғысының ардагері» деген құжат алдында жатыр. О жасаған! Мұндай да кереметің болады екен-ау, шүкір, шүкір! Құдайдың құлымын, Алланың үмбетімін, өзіңе мың алғыс!... – деді де Құран арасынан сусып түскен қағазды төс қалтасына қаттап салып, орнынан атып тұрып,– Шәрипаш, жылама, бәрі жақсы болатын шығар, осы қағаз түбі мені бар пәледен құтқарады, мен жолдан қалмайын... – деп, бір сәтте ширығып тез киініп-буынып, балаларын иіскеді де далаға беттеді.

Күздің таңғы салқыны, бір түрлі ызғар бар. Шығыс жақ енді-енді бозарып келеді. Жорабек қоржынын атқа салды да, бір шетін еріне байлай сала, үзеңгіге аяғы тиер-тиместен «Биссимилла рахман рахим!» деп атына қарғып мінді. Шәрипамен ширақ қоштасты да, атын тебіне түсті. Бозала таңның бозғылт бояуына сіңіп, біраздан соң Жорабек көрінбей де кетті. Бағыты Сырдарияны жағалап Тәшкенге жету. Бар оқиғадан бейқабар балалары Шаһызадан мен Шахмарданның қасына келіп Шәрипа қисайды.

Каталог: uploads -> files
files -> Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»
files -> Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер
files -> Шахмардан есенов
files -> Конкурса научных работ среди школьников «turan-junior-2016» Секция «Физика, техника, науки о земле и космосе»
files -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
files -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
files -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)
files -> Формы и методы подготовки учащихся к итоговой аттестации по обществознанию


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет