«Қазақ мұнайының а р дақтылары»



бет9/47
Дата05.11.2016
өлшемі53,32 Mb.
#423
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47
***
Қазақстанның географиялық картасына назар салсаңыз, дәл жуан ортасында атжалданып жатқан адырлы аймақ Сарыарқа деп аталына- ды. Солтүстігі Батыс-Сібір ойпатынан басталып, Оңтүстігі Балқаш- Алакөл құйылымына дейін созылған, Шығысы – Алтай, Сауыр, Тарбағатай сілемдерінен басталып, Батысы Торғай жазығына дейін созылған алып жонды ертеден-ақ халқымыз Сарыарқа деп атаған». Сол Сарыарқаның бел баласы – Жезқазған, Жезді, Ұлытау.

Жезді ауданы Сарыарқаның батыс жақ шетін, Оңтүстік Шығысында жазық Бетпақдала шөліне, Оңтүстік-Батысы Арал маңындағы Қарақұм- ға ұласады. Аудан жерінде Сарысу, Сарыторғай, Қараторғай, Жылан- шық, Қурайлы өзендері бар. Ауданның жері шөлді және шөлейтті келеді. Қызыл қоңыр және боз қызыл қоңыр топырақты келеді. Құпияның бәрі осы «қызыл топырақта». Ол жеті қат жер астында сан байлықтың жатқанының хабаршысы, белгісі. Ізде де, таба бер, ала бер.

Ұлытау! Атына заты сай деуге болады. Оның төскейі – малға, жер асты кенге толы. Ұлытаудың өзі қазақ халқы үшін айрықша. Бұл үш жүздің басы қосылып, тұтастығына ұйытқы болған қасиетті жер. Ұлытаудың басына шығып байқастасаңыз, соншалықты Ұлытау үлкен тау емес. Бар-жоғы биіктігі теңіз деңгейінен 1134 метр ғана. Тау басынан төменге қарасаңыз, төрт тарапқа төгіле аққан өзендерді көресіз, Терісаққан тасырлай ағып Есілге құяды, Оңтүстікке қарай керіле Қаракеңгір, Сарыкеңгір, Сарысуға қосылады, Шығысқа қарай Жақсыкөң өзені, Батысқа қарай Қараторғай, Сарыторғай өзендері Торғай ойпатына барып құлайды. Осы бір көрініс Ұлытаудың ұлылығын ұлықтап-ақ тұр!

Жезқазған кеннің қоймасы 65
Ал, археологиялық және тарихи Ұлытау төңірегінде сонау-сонау бағзы замандарда қайнаған өмірдің, дамыған мәдениеттің болғанын бұлжытпай-ақ айтып береді. Тарихшылар жазғанындай, Ұлытауда алтын, күміс, мыс қорытылып, оны саудагерлер ұлы Жібек жолы арқылы Батыс пен Шығыс елдеріне саудалап отырған.

Адам санасынан тарихи оқиғалар еш өшпейтін болса, жер бетінен де ештеңе біржола жойылып кетпейді. Із қалады. Алтын, күміс, мыс қорытқан апандар мен шұқырлар белгісі бүгінгі күнге дейін жетіп отыр. Осы із бен белгі талай-талай саяхатшылар мен археолог- ғалымдарды өзіне қызықтырды. Тіптен ХІХ ғасырда ит арқасы қияннан ағылшындар келіп, Ұлытауда мыс қорытып, қоржындап, түйемен еліне тасыпты.

Сол Ұлытау, Жезді, Жезқазған атын ХХ ғасырда әлемге танытқан ұлы ғалым Қаныш Сәтбаев еді!

«...Сәтбаев Том Тау-кен технология институтын бітіріп, инженер- геолог атағын алған соң, Атбасар түсті металл серіктігіне келіп, көп заман Қарсақбай заводында отырып, геология зерттеу жұмысымен шұғылданады. Жезқазған, Ұлытау, Торғай, Атбасар, Есіл даласын емін- еркін кезіп, кен шығатын қазына қақпаларын іздейді. Сол зерттеудің нәтижесінде Ұлы Жезқазғанның байлығын анықтайды, топтаған кен орындарын ашады. Он бес-жиырма жыл ішінде Қаныш ашқан байлық қазыналары ертегімен бірдей. Ол байлықтың тізбесіне кіретін: алтын, күміс, жез, мыс, мырыш, қола, қорғасын, никель, кобальт, молибден, вольфрам, висмут, мышьяк, сүрме, теллур, сиркон, магнезит, ванадий, марганец, темір, титан... қысқасы, осы күнгі өндірістің көркеюіне негіз болған химия элементтерінің барлығы бар. Ұлы Жезқазған, Ұлы Алтай өндіріс орындары, Қарағандыдағы темір балқытатын зауыт, Қарағанды-Ертіс каналы, бәрі-бәрінде Қанекеңнің еңбегі зор.

Қанышты Қазақстан ғылымның атасы деуге болады».

Бұлай бағалап отырған, талай жылдар Сәтбаевпен қатарласа еңбек етіп, қазақ ғылымының іргесін бірге қаласқан академик Әлкей Марғұлан.

Академик Қаныш Сәтбаевтың жас Шахмарданға ағынан ақтары- лып, «армандарым көп» деуінің сыры тереңде. Бұл жердің байлығы әлі мол. Соны табу керек. Сонда ғана ел экономикасы көтеріліп, халық тұрмысы жақсарады. Жеке бастың қамы емес, көптің мүддесі, түптеп келгенде, өз елінің абыройын ойлайтын, өзінің ісін жалғастыратын

66 Шахмардан Есенов
шәкірт керек. Әрине, Сәтбаев шәкіртсіз емес, тіптен көп... Бірақ осы даланы зерттейтін, осы жердегі бастаған ісін жалғастыратын жанашыр шәкірттің бірі болса дейді. Тану мен талғам деген де бір күрделі нәрсе. Табиғат берген таным көзің, тәжірибең, ерекше бір қабілет-қарымың болмаса шәкірт таңдау оңай емес. «Болады» деген шәкіртің бордай тозып, «болмайды» дегенің өсіп шыға келгенде, өз болжамыңнан өзіңнің ұялатын кезің де болады. Әйтеуір, аз араласып, сырын кем білсе де, кездескен сайын осы бір жасөспірім Қаныш пейілін өзіне аударта беретін. «Осы баладан бір нәрсе шығады!» – дейді, сосын өзіне-өзі іштей.

Содан, Шахмардан Ұлытау жаққа шыққалы жатқан экспедицияға отряд геологы болып кете бар-ды. Бір қызық өмір басталды. Айнала толған тастар, кәдімгі тас. Бірақ ол геологтар үшін жай тас емес, сыры нәзік, құпиясы терең тастар. Анау, бедірейіп тұрған, айғайласаң өзіңді мазақ етіп, өз дауысыңды өзіңе қайтарып жіберетін жарқабақтарды айтсаңшы. Бір қабаты қызыл, бір қабаты сары, енді бір тұсы – қап-қара... былайғы көзге түк емес. Ал, геологтар үшін толып жатқан теория, құпиясы көп тылсым дүние. Айтып тауыса алмайтын білім мен ғылым, сосын – байлық!

Сол қызыққа – барлаушы қызметіне кірісіп кеткен Шахмардан екі айдың қалай өтіп кеткенін де білмей қалыпты. Басқа да тіршіліктің бар екені, ауылда әке мен анасының «балам диплом алып келеді» деп күтіп отырғаны есіне түсті. Енді ауылға асықты. Бастығына барып жағдайды айтып, оншақты күн демалыс алды. Алматыға ұшты. Ертеңіне-ақ апасы Аяш екеуі Шиеліге пойызбен шығып кетті. Апасы Аяштың да туған жерге келмегеніне көп болған, талай нәрсе өзгеріп, тіршілік басқа бір түрге енгенін байқады. Ол аз күн болған соң Алматыға қайтып кетті де, Шахмардан қалды. Әке мен анасының қуанышында шек жоқ. Жалғыз ұлдарының адам болғанын көріп қуануда. Тек әкесі Жорабек қана салқын. Мүмкін, күткені ауылға келіп үйленіп, немере сүйіп, өздеріне сүйеніш болатын болар деп үміттенген болар. Бар ата мен ананың басты мақсаты да осы емес пе?!

Келгелі бері Шахмардан да әке қабағының салқын сызын сезіп жүр, себебін де біледі. Сондықтан да «Әке, Жезқазғанға көшейік!» дегенді айтатын ұрымтал тұсты таба алмай қиналуда. Не керек, бір күні айтты-да. Әкесі Жорабек тура осы сөзді күткендей, жауабын дайындап отырғандай, бірден: «Көшейік, көшейік! Ең бірінші ол үшін сен анау

Жезқазған кеннің қоймасы 67
Оқшы мазарында жатқан ата-бабамды көшір, сосын мен де көшемін!» деді, тік қарап. Сосын, мұныма не дер екен дегендей, бетіне қарап үнсіз біраз отырды. Әкесінің мінезін білетін Шахмардан жауап айтуға әуреленбеді. Жаңағы зілдене айтқан сөзінде бар жауабы тұрған жоқ па. Шахмардан көнбейтін мінезді көрген соң үндемей құтылуға көшті.

Ағайын-туғаннан жас адамның ажырауы оңай. Бірақ ол да есейген соң, неге екені белгісіз, ат айналып қазығын тауып, сол ағайынды іздей бастайды. Ал, қартайған адамның туған жерден, ағайыннан ажырауы – жұртта қалған бұралқы иттің өмірімен бірдей, ішінде бір нәрсе ұлиды да отырады. Басқаларды білмеймін, қазақ үшін дәл осылай!

Үнсіздікті көп ұзамай Жорабектің өзі бұзды. Баласын көп қинағысы келмеген болуы керек.

Айналайын, Шахабас! Сенің әкең ауылдағы оқымаған жаман шал емес, бізді тастап қайда барасың деп етегіңе жармасатын. Кен іздеп, байлық тауып, елімді-жерімді көгертсем деген ниетіңе қуанамын мен сенің. Біз де жас болдық, үлкен-үлкен армандар бізде де болған. Бірақ біз өмір сүрген, нағыз жұмыс істеп, жұлқынып тұрған кезіміз бір бітпейтін аласапыран соғыстарға тура келді, жастығымыз жаумен жағаласумен, жаңа қоғам орнатамыз деумен бітті. Бізде тұрақты, тыныш өмір болмады. Енді сендерге өмір берсін. Өткенде Алматыға барғанда көрдім, шырағым, «жақсыдан-шарапат!» дейді халық, үлкен ел сыйлаған ағаларыңның пайдасы тиіп, жақсы атың шығып жүрсе болды бізге. Бізге алаңдама, тек мына шешең болмаса... үй шаруасы деген бітпейтін бір митың жұмыс қой, қыңқылдап қояды, келін болса деп... Сенің ақылың менде емес, менің ақылым сенде емес. Жүрген жеріңде Алла амандығын беріп, абыройлы етсе болды, бізге...

Осымен көшу-қону әңгімесі бітті. Жезқазғанға қайтатын күні таяп, Қызылордадағы жиен әпкесі Күлпатшаның үйіне келді. Бірер күн осында аялдап, мұндағы туыстарды аралап, үлкендерге сәлем берді. Бір күні әпкесінен:

Әпке, көршінің үйінен бір қыз шығады күнде, ол кім, деді Шах- мардан.

Ә, ол Жәмиланың сіңілісі ғой. Өзі бір пысық, зерек қыз. Пед- училищені үздік бітіріп, институтқа түсті биыл. Әкесі мен анасы жас кезінде қайтыс болып, әпкесі тәрбиелеп келеді.

Ниетін түсіне қойған Күлпатша бауыры Шахмарданның келгенін сылтауратып кешкісін көршілерін қонаққа шақыра қойды. Орта

68 Шахмардан Есенов
бойлы, бидай өңді, мойылдай қап-қара көзді, сұлу қыз Кәмила бірден Шахмарданға ұнап қалды. Танысты, ертеңіне киноға бірге барды, келесі күні қаланы қыдырды, сырласты. Қайтатын күні келсе де, Шах- мардан қайтпады, екі күнге кешікті. Ақыры екі жас хат жазысып тұратын болып, сөз байласты.

Шахмардан «әкесі мен анасын көшіріп аламын» деген арманының іске аспай қалғанына өкінбеді, оларды түсінді. «Бірер жыл қызмет істеп көрейін, болмаса қайтып келіп, қастарында болармын» деп, өз қабырғасымен кеңесіп қойды. Бәрінен бұрын Кәмиладай қызды кездестіріп, танысқанына қуанды. Сол қуаныштың соңында Шахмар- дан Жезқазғанға оралды. Ойына Кәмила жиі түседі. Жиі хат жазады, жауап күтеді. Хат алған күні Шахмарданнан бақытты адам жоқ. Өзімен бірге оқыған, тай құлындай тебісіп, студенттік шақтарын бірге өткізіп, Жезқазғанға жолдамамен келген жолдастары: Темеш, Ғазиз, Далабай кейінгі кезде Шахмардан мінезінен өзгеріс сезіп жүрген-ді. Ақырында Темеш: «Осы сау емес, біреуге ғашық болып қалған!» десе, Далабай досы: «Көзі айтып тұр ғой, Мен ғашықпын!» деп, одан әрі ойларын өрбітіп, әзіл-қалжыңға ұластырып жібереді. Бұл сөз құлағына тиген Темештің жұбайы Ғазиза, Ғазиздың жұбайы Сара, Далабайдың жары Шара Шахмарданды ортаға алып, «аты кім, әдемі ме, қайда оқиды?» деп, айналдырады-ай келіп. Ынтықтырып, біраз уақыт айтпай жүрді де, ақырында Кәмила жайлы бәрін айтып берді. «Жезқазған жерінде дүркіретіп бір той жасайықшы, тездетіп үйленші!» деді, Ғазиздың жары Сара шын пейілмен. Бұл Шахмарданның да ойында жоқ емес, бірақ, Кәмилаға бірден қалай айтсын.

Көп жұмыс күтіп тұрды Шахмарданды. Келе салысымен тағы да экспедицияға кетті, одан тапқан тастарын зерттеп зертханада біраз отырды, қайта далаға кету, тау-тасты кезу... осылай тіршілік доңғалағы дөңгелей берді, дөңгелей берді. Күз бітіп, қыс та келді. Мұнда Шиелінің қысындай жұмсақ, жылы емес екен, ақ боран бір басталса, үш-төрт күнсіз тоқтамайды, долданып, дүниенің бәрін астан-кестеңін шығарып барып тынышталады. Боранның соңы аязға ұласады. Қатты аяз болғанда, сонау- сонау ұзақтағы Ай да құлақтанып, айбат көрсетіп тұрғандай көрінеді.

«Адам кімге ұқсайды десе, өзін жаратқан Табиғат-анаға тартады екен-ау, мінезі мың құбылады» дейді Шахмардан іштей. Мұндай кездерде Шах- мардан Шиелісін, қыз Кәмиланы сағынады. Сол жаққа кеткісі де келеді. Бірақ Қаныш ағасының сенімі мен үміті бәріне тосқауыл қойған.

Жезқазған кеннің қоймасы 69
Жұмысбасты болып жүрген кезде, қыстың бір суық күні суық хабарды әкелді. «Әкең нашар жатыр» деген хабарды ести салысымен, ауылға асықты. Геологтардың жағар-жанар май таситын машинасы- мен зорға дегенде Қызылордаға, сосын Тартоғайға келсе, шынында да әкесі хал үстінде екен. Шахмарданын, жарық дүниеден арттырған жалғыз ұлын күтіп жатты ма, кім білісін, ол келісімен, кешікпей қайтыс болды. Жетпіс екі жастан асқан шағында мына жарық дүниенің небір дүрбелеңі мен аласапыранын көріп, ащысын көптеу, тәттісінің де дәмін татып көз жұмды. Асқар тауы – әкесін Шахмардан өз қолымен ақ жуып, арулап қойды, перзенттік парызын орындады.

Қайтар кезде Қызылордаға келіп Кәмилаға жолығып, әкесінің дүниеден өткенін, анасының жалғыз қалғанын қинала айтып, үйленіп, үй болайық дегенді жақауратып көріп еді, Кәмила: «оқуымды бітірмей, тұрмысқа шыға алмаймын...» деді, үзілді-кесілді. Ұнатып, жақсы көріп тұрған адамына қалай өктемдік жасасын, Шахмардан бұған көнді, бір-бірін күтуге уәде беріп, қоштасты. Екі жастың бір-біріне деген сағынышы мен нәзік сезімдерін жеткізуге асыққан көк конвертті сәлем-хаттар арада екі жыл жүрді.

Шахмардан Жезқазған мен ұлы Ұлытау арасын, тораңғылы толған дала мен ақселеуі желкілдеген кер жазықты оңды-солды кезді, сырын ішіне бүгіп жатқан жер қабатын зерттеді, көңіл көзін жүгіртті. Жастың талабын көрген, белсенділігін байқаған, біліміне сенген басшылар оны аз уақытта отряд геологы қызметінен аға геолог қызметіне көтерді. Барлау жұмысының көп сырларына қанық болды. Институтта жақсы оқыған ол «бәрін білемін» деп жүргені бекер, кітап теориясынан дала

«теориясы» жұмбақтау, кей тұста алшақтау екенін түсінді.

Біртіндеп-біртіндеп Шахмардан алдынан геологиялық барлаудың түрлі проблемалары шыға бастады. Шешуге ұмтылды, бастамашы болды. Ол Жезқазған кенді аймағының ірі масштабты геологиялық болжау картасы сызылып, онда мыс, қорғасын және мырыш рудалары таралған аудандардың шекаралары айқындалып, олардың таралу гео- графиясы бұрын белгілі болған кенді аймақтан да сыртқары жатқаны анықталды. Осыған орай, Шахмардан тың ойларын ұстазы Қаныш Сәтбаевқа айтып, ақылдаса келіп, Мәскеу мен Алматының тиісті министрліктерінің алдына мәселе етіп қойды. Бұл істің мән-жайын жақсы білетін ғалымдар, академиктер С.М. Қожахметов, Х.А. Беспаев пікіріне біз де арқа сүйейміз:

70 Шахмардан Есенов
«Алғашқыда отряд геологы қызметінен бастаған ол аз уақыттың ішінде аға геолог дәрежесіне дейін көтеріліп, көп кешікпей, экспе- дицияның бас геологы, ал 1957 жылдан бастап Қазақстан және сол кездегі Одаққа белгілі аса ірі Жезқазған кешенді геологиялық экспедициясының бас инженері қызметін атқарды.

Ұлытау-Жезқазған өңірінде жүргізілген геологиялық жұмыстарды Ш. Есенов 11 жыл бойы үзбей басқарып, мыс, түсті металдардың республика бойынша аса ірі шикізат қорын жасауға үлкен ықпал жасады. Оның тікелей инициативасы және басшылығымен 50-ші жылдарда Жезқазған кенді аймағының ірі масштабты геологиялық болжау картасы сызылып, онда мыс, қорғасын және мырыш рудалары таралған аудандардың шекаралары айқындалып, олардың таралу географиясының кенді аймақтың территориясынан да сыртқары жатқаны белгілі болды.

Міне, осы болжамға қарап, сол кезде Жезқазғанның айқындалған қорын 3-4 есе ұлғайтуға болатындығы жайында тың идея туды. Келешегі жоғары саналатын аудандарда қолда бар күшпен жан-жақты толық бұрғы салып барлау жұмысын жүргізу мүмкін де емес еді, әрі көп уақытқа созы- латыны белгілі. Осыған орай, перспективасы жоғары аудандарды небәрі

10 жылдың ішінде барлау үшін, Шахмардан Есенов экспедицияның басқа да басшыларымен келісе отырып, бұрғы жұмысының көлемін (бұрғылау техникасын) 5 есе арттыру мәселесін алға қойды. Осындай батыл ұсынысты Ғылым Академиясы (Қ.И. Сәтбаев) және Қазақ КСР-інің Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі де қолдады. Қуатты бұрғы техникасын, 100-ден артық бұрғылау агрегаттарын пай- далану Жезқазғандағы мүмкіншілікті барынша арттырды, сонымен бірге, 60-шы жылдардың басында Ш. Есенов басқарған геологтардың болжауы таңқаларлық дәлдікпен анықталды. Бұл Жезқазғанның сол кездегі қорын 2,5-3 есе ұлғайтуға мүмкіндік берді, оны кейінгі жылдарда кен орындарында жүргізілген бас есептеу нәтижесі көрсетті. Осы кезеңде Жыланды мыс кендерінде тауыз, Сарыоба, Қарашажақ, Қыпшақбай, Айранбай, Талдыбұлақ, Жартас, т.б.) барлау жұмыстары жүргізіліп, олардың болашағы айқындалды. Осындай аса ірі көлемде жүргізілген жұмыстарының нәтижесі үшін Ш. Есенов «Кен орындарын алғаш ашушы» деген дипломын алды.

Шахмардан Жорабекұлы өзінің Жезқазған өңірінде жасаған қызметі кезінде мыс кен орындарын барлау және бағалау жұмыстарымен ғана

Жезқазған кеннің қоймасы 71
айналысып қойған жоқ, сол сияқты басқа да металдар кен көздерін ашуға барынша ат салысты: кендіртас, марганец, полиметалл, никель, кобалть, темір, тағы басқа да металл қорларын айқындады. Осы кезде ол үлкен әрі бағалы жаңалық ашты: кен орындарына жан-жақты тексеру және барлау жұмыстарын өзі арнайы жасаған әдістемесі бойынша жүргізді. Осы әдіс бойынша аса ірі стратегиялық маңызы жоғары родусит-кендір тасы бар Қумола кенін анықтады. Елімізде оны «Жезқазған түрі» деп атады. Айта кететін бір жәйт, Ш. Есенов жүргізген кен орындарының барлау және бағалау әдісі сол кезде қолданылып жүрген құжаттардың нормасы мен талаптарына мүлде кереғар болатын, бірақ жаңа әдістеменің уақытты тиімді пайда- ланып, үлкен экономикалық жетістіктерге жол ашатыны белгілі болды. Осындай жаңа барлау әдістемесінің кен орындарын барлау және бағалауда бұрыннан қолданылып жүрген құжаттар талаптары- на қайшылықтарына қарамастан, Қумола өңіріндегі кендіртас кен орындарының жаңа әдіспен есептелген қоры КСРО Мемлекеттік Қор комиссиясында бекітілді. Осылай родусит-кендіртас кен орны өте қысқа мерзім ішінде өндіріске енгізіліп, Шахмардан Жорабекұлының әдістемесі бұрынғы Одақтық геология салалары бойынша негізгі құжат болып қабылданды...

Көп жылғы қажырлы еңбегі және аса білікті инженерлік қызметі, кенді аймақтың байлығын ашу бағытында жан-жақты кең ауқымды және кешенді жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары, минерал- ды ресурстарды тездетіп іске қосу, игеру, басқа да көптеген кезегін күтіп тұрған проблемаларды дер кезінде шешуі ол үшін тамаша өмір мектебі болды. Практикалық жұмыста жинақтаған бай тәжірибесін, терең ғылыми білімін және ұйымдастырушылық талантын Ш. Есенов кейінгі жылдардағы лауазымды қызметтерінде де толық пайдалана білді.

1960 жылы 33 жасар Шахмардан Есенов Қазақ КСР Геология және жер қойнауын қорғау министірінің орынбасары болып тағайын- далды...»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет