*** Соғыс шиеліліктерге аз тауқыметін салған жоқ. Ауыл адамдары ерте көктемнен егін екті, су суарды, шөп орды, мал өсірді... Су демекші, қаншалықты Сырдарияның жағасында отырмыз дегенмен де, бергі, қырдағы елге су жетпейтін. Тоған тарту керек болды. Ол кезде техника тапшы, болса, барша аудан үшін бір-екі трактор бар шығар, әйтпесе, ол да жоқ кез. Бар тоған, арық-атыз қолмен, қара кетпеннің күшімен қазылды. Осы қара кетпен мен ауылда қалған бала-шаға, әйелдер күшімен қырға арық қазып, тоған тұрғызып су шығарды. Сол күндердің куәсіндей болып, Шиелі аймағында, оның ішінде Тартоғай маңында жон арқасын күдірейтіп, белдеу-белдеу болып Жорабек қазған тоғандардың белгісі әлі жатыр. Халық жады жазылған хаттан да мықты-ау, шіркін! Ұмытпаған ел «Жорабектің тоғаны» деп айтып, және ол алыс-алыс ғасырларға ұласып кетіп барады.
Соғыс – кәріні күйретіп, жасты есейтіп кетті. Баламын деп жүрген ШахмарданмайданғакеткенжалғызағасыШаһизаданнан«қарақағаз» алған күні-ақ, бір күнде есейіп, ес жиып шыға келді. Бала болып, тете өсіп бір-бірімен басқалар сияқты ұрысып-төбелесіп көрмеген ағасын ұзақ-ұзақ іздеді, сағынды. Өлді, енді ауылға келмейді дегенге сенгісі келмей,майданжаққаалаңдапжүрді.Әкесіменанасыныңбірсәтте-ақ шөгіп қалғанын көріп, көңілдерін табуды ойлады. Әкесінің қасынан қадамқалмай,ісінеқарап,сөзінтыңдады.Олешкімгеемес,өзәкесіне ұқсағысы келді. Он беске жаңа ғана келген жастың бойы баршадан биік,жаурынықақпақтайеді.СырттұлғасыЖорабектіңөзіболатынын өзгелер де байқайтын. Анасы Шәрипаның «тіл көзден аман болғай, қарағым!» деген өз тілеуі өзінде жүретін.
Өмірі «Өларада» өткен Жорабек 39 Соғыстың әлі қайнап жатқан кезі. Көңілге демеу – совет жауын- герлері жаудың бетін қайтарып, түре қуып бара жатқан тұс. Қанша жерден«қарақағаз»келіп,қайғыауылүстінеүйіріліптұрсадатіршілік жалғасабереді.БіркүнімектепмұғаліміДәулетовСағымбайауылдың ақсақалы Жорабекке келіп:
– Жөке, үйленіп жатырмын... бетін аштық... кешке бес-алты адам- ның басын қосып, баталарыңызды алсам деймін...
Кешкісін Жорабек баласы Шахмарданын ертіп келін түсу тойына келді. Айтқандай-ақ, бес-алты адамнан аспапты қонағы. Өзімен бірге мектепте істейтін мұғалімдерді шақырыпты, ішінде бір орысы бар. Оныңаты-жөніАлександрАндреевекен,орыстіліменәдебиетіпәнінің мұғалімі көрінеді. «Әдебиет пәнінің мұғалімі» деген кезде нақ төрде төбедей болып отырған Жорабек қасына келіп жайғасқан орыстың төбесіненбірқарапқойды.«Сеніңәуселеңдіқазіркөремін»дедііштей. Кәкүр-шүкір әңгіме басталып, ас-су ішілді. Бөлмеге кіре берістегі қазанда ет қайнап жатыр. Асып-сасып жүрген Сағымбайдың анасына қарап Жорабек: «келін, шырағым, етіңді асықпай, тасырлатпай, баппен пісіре бер...» – деді, әңгіменің көрігін қыздыра түсіп. Орыстың тілін ойнақтатып,бұзбай, таза сөйлеп отырған Жорабекке әлгі орыс әдебиеті пәнініңмұғалімі«бұлкім,недегендарыниесі!»дегендейінқарап-қарап қояды. Білетінін білдіргісі келгендей ме, жоқ әлде көптен бері өзін түсінетінмұндайортағатапкелмегендіктенбе,некерек,Жорабектеша- быттанып алған. Әңгімесінің басын Михаил Ломоносовтан бастап еді, әріқарайДержавин,Крылов,Карамзин,Пушкин,Лермонтовтворчест- восын таратып әкетті. Бәйгеге түскен жүріктей жүйткіп, жүзі алаулап сөзге дес бермей отыр. Қамшы салдырар түрі жоқ. Ара-арасында қара сөздіақындардыңөлеңіментұздықтап-тұздықтапқояды.
Шағын бөлмедегі бес-алты адамның көңілі көкке көтеріліп қалған, бәрі бірдей ол айтқан орысшаны түсінбесе де, Жорабекке қарап мәз. Ара-арасында әдебиет пәнінің мұғаліміне: «Я правильно говорю?» – деп, арқасынан бір қағып қояды. Ол жалт-жалт қарап, «правильно, правильно!» дейді.
Осының бәрін көріп отырған Шахмардан іштей: «Әдебиет пәнінің мұғаліміАндреевемес,меніңәкемғой»,–деді.Әкесініңайтқандарын бар ынтасымен тыңдап, жадына жаттап алғысы-ақ келеді.
40 Шахмардан Есенов Сөздетыңдаушысыболғанжердешығады,Жорабекжосылакеліп: Но ах! Жестокая судьбина! Бессмертия достойный муж, Блаженства нашего причина,
К несносной скорби наших душ, Завистливым отторжен роком, Нас в плаче погрузил глубоком! Внушив рыданий наших слух, Верхи Парнасски восстенали,
И музы воплем провожали
В небесну дверь пресветлый дух... Это написал Михаил Ломоносов. Онтакже как и я выходец села, выросшийвкрестьянскойсемье. Нооннавечноосталсявистории русского народа, ну а я так и не смог выбраться дальше деревни. Значит, это судьба. Девятнадцатилетний Ломоносов ушел учиться в Москву. Преодолев множество препятствий, он попал в академию, учился при Академии наук в Петербурге, завершил образование в Германии. Он – настоящий патриот свого народа.
А теперь послушайте Пушкина. Это стихотворение от твоего имени, Сагимбай, я посвещаю твоей юной невесте, послушай.
Кіреберістегі ошақ қасында ас қамымен жүрген ене мен жас келін де құлақтарын түре қалды.
Орысша оқылған өлеңнің мәніне түсінбесе де, Жорабектің ерекше нәзік, сызылған үніне елітіп отыр. Я помню чудное мгновенье: Передо мной явилась ты, Как мимолетное виденье, Как гений чистой красоты. В томленьях грусти безнадежной, В тревогах шумной суеты,
Звучал мне долго голос нежный
И снились милые черты.
Өмірі «Өларада» өткен Жорабек 41 Шли годы. Бурь порыв мятежный
Рассеял прежние мечты,
И я забыл твой голос нежный, Твои небесные черты. В глуши, во мраке заточенья
Тянулись тихо дни мои
Без божества, без вдохновения, Без слез, без жизни, без любви. Душе настало пробужденье: И вот опять явилась ты,
Как мимолетное виденье, Как гений чистой красоты. И сердце бьется в упоенье, И для него воскресли вновь
И божество, и вдохновенье, И жизнь, и слезы, и любовь. Өлең бітті-ау деген кезде Александр орнынан атып тұрып, алдындағы жаюлы дастарханды қайыра сала, Жорабектің алдына қарсы тұрақалып,екі қолынайқастыра кеудесінебасып,басыниді. Сосын қазақшалап «Жөке» деп бір қойды да:
– Мен сіздің мынандай талантыңызға басымды иемін. Шынымды айтсам, Сіздей білімді адамды бірінші көріп тұрмын. Мойындаймын, мойындаймын!Әдебиетпәнініңмұғаліміболсамда,сізсекілдіақындар өлеңін жатқа көп оқи алмаймын. Вы просто молодец! Ұят болады, ұят! МенертеңненбастапорнымдыСізгеберемін,–деді,жасықырықтардан асқан,ортабойлы,маңдайықасқа,көзіқараболғанмен,жүзісарыжігіт. Соңғысөзінқалжыңдепқабылдағанбасқалардукүлісті.
Некерек,солкүнгіотырыстан,орыстардансатыпалғансамагонның буыма,әлдеЖорабектіңәңгімесініңәсеріме,Сағымбайдыңқонақтары көңілдері шалқып, өздері масаттана тарады.
Шахмарданболса:«Әке,менсеніжақсыкөремін!»–деп,шартарап- қа айғайлағысы келіп-ақ тұрды. Бірақ, қазақи мінезден аса алмай, бар қуанышын, шаттығын ішіне бүгіп қалды.
42 Шахмардан Есенов Бұл әңгіменің желісін біз сол кештің куәгері болған, Сағымбайдың үйлену тойының бір қонағы, жас мұғалім Ержанұлы Ахметтің
«Дарабоз» атты естелік әңгімесінен алдық. Ахмет ағамыз бұл күнде тарих ғылымының докторы, профессор. Қара сөздің қаһарманы, білімді, алғыр адам – Жорабекті жадынан өшірмей, жастарға өнеге болсын деп осындай естелік жазыпты. «Жақсының кеудесі алтын сандық».
Біз Есенов Жорабек туралы көп естеліктер естідік, ол жайлы жазылған жазбаларды да оқыдық. Одан туған пікір мен ой – Есенұлы Жорабек шын мәнінде өз заманынан, өз ортасынан озып туған тұлға. Ол кісінің әр әрекетін, кесек мінезін, ұтымды сөздерін, көл-көсір білімін айтабергіңкеледі.Мүмкін,бұладамдары ұсақтанып,жан байлығынан көрі материалдық байлыққа құныққан уақытқа тап келгендіктен болар. Әйтеуір, Жорабектей кесіп-кесіп сөз, есіп-есіп әңгіме айтатын, адасқанды – жолға, шатасқанды жөнге салатын кесек тұлғаны көңіліміз көбірек іздейді.
Шахмардан1942жылыжетіжылдық мектептібітіріп,Қызылорда қаласындағы мұғалімдер даярлайтын училищеге түсті. Білімі бар деген азаматтардың бәрі соғыста. Олардың орнын Шахмардан секілді зерек, алғыр жасөспірімдер жоқтатпады. Ол Сырдария аудандық атақару комитетінде екі жылдай нұсқаушы болып қызмет атқарды. Түске дейін сабақта болса, түс ауа жұмысқа асығатын. Тіптен науқан кезіндеіссапарғашығып,ауыл-ауылдыаралайтын.Бұлқызметтіңжас Шахмарданға бергені көп болды. Ол, біріншіден, тәртіпке, жауап- кершілікке, екіншіден, адамдармен араласып, істі ұйым-дастыруды үйренді.
Сол кездің хат тасушысы болған Абдоллаев Шәдібай мынадай естелік айтады:
–МенЕсеновШахмарданменалғашрет1942жылыкездестім. ОлСырдарияаудандық атқарукомитетініңнұсқаушысы екен.Аудан орталығыҚызылордақаласынантөрт-бесшақырым жерде.Меносы ауданның«Қарауылтөбе»ұжымшарындахаттасушыедім.Елдегікәрі- құртаңнанбасқаеркектіңбәрініңмайданғааттанғанкезіғой.Ұжымшар басшылары мені кез келген жұмысқа жеге береді. Шамасы, Шахмар- данмен ауданға солардың тапсырмасымен келіп жүргенде таныссам керек.Дәлесімдежоқ.Онтөртжастамын.Баласынатынболар,атқару комитетіндегілердіңкөбіменікөздерінеілеқоймайды.БіркүніШах-
Өмірі «Өларада» өткен Жорабек 43 марданмен таныстым. Жылы шырайлы, көпшіл, өзі әдемі, бойшаң жігітекен.Кездескенсайынелдіңжағдайын,өзжағдайымдысұрайды. Айтқандарымның бәрін асықпай тыңдайды. Тіпті онымен кездесуді аңсайтын болдым. Аудан орталығына келсем, оған соқпай кетпеймін.
Біркүніменіағаларыныңүйінеқонаққашақырды,соғымсойылған екен. Дастархан басында ұзақ сөйлестік. Сыр бойының өткені мен бүгінгісін үлкен адамдарша сайрап тұр. Елдегі қарттардың әңгімесін көп тыңдағаны, құйма құлақ болғаны көрініп-ақ тұрды...»
Естелік шағын болғанмен, көп мағлұмат береді. Училищені үздік бітірген бала «нұсқаушыға», «қызметке қалсайшы» деген басшылар өтінішінеол«оқығымкеледі,жоғарыбілімаламын»депнықжауабын айтады.
Әке балаға сыншы. Қай қазақ баласын алдына отырғызып қойып, ақыл айтыпөсірді дейсіз. Барқазақтың баласы ұлттық дәстүр мен салттан,әдет-ғұрыппентәрбиеленіп, өсіп-өнбеді ме?! Солсекілді Жорабектебаласынабіразақылайтпақболдыда,«түйсіксіземесқой, өзі-ақ түсінер» деп, айтпағын ішіне бүге салған. Бала Шахмардан да әкесінебірнәрседегісікеледі,бірақолдаұлттықтүсінік-түйсіктенаса алмады. Олардың айтпақ болғандары мынаған сайып еді:
«Балам,әкеңдежасболған,меніңдетаудай-таудайталабым,ақарман- дарым болған. Бірақ оның біріне қолым жетсе, көбіне қол жеткізе алма- дым. Мен өмір сүрген заманның қуғын-сүргіні көп болды, тұрақтылық, тыныштықжоқболды.Басым–дауға,өзімсергелдеңгекөптүстім.Талай асылармандарымөлді...Кімкінәлі?Мүмкінөзімболармын?!Жоқ,менің кінәлінітапқымда,жазғырғымда,тіптеніздегімдекелмейді. Ұлы адам болғым келеді, Россия арын сүйемін. Келер деп қолдан сенемін, Болам ба? Құдай біледі,
– дейді ұлы Пушкин де өзі туралы. «Пушкин осылай дегенде, мен не демекпін? «Жазмыштан озмыш жоқ!»
«Жоқ, әке, мен келіспеймін, Адам тағдырмен өмір сүрмеу керек, тағдырды жасау керек!»
«Балам,сенәліжассыңғой!Жасыңалайықарманыңдаасқақ,таза, биік. Менде армандайтын тыныш күн, бейбіт заман болды ма өзі? От- аршылдаркеліпжеріміздітартып алды...«ақтар»келіпшабамыздеді,
44 Шахмардан Есенов «қызылдар» келіпқырамыз деді,артынанбармалымыздыортаға салғызып«колхоз»құрдық,оданаштыққаұшырапқырылдық,«халық жауы»дептағыдақырды,ақырында Отансоғысынакеліпкиліктік. Бізде тағдырмен тайталасып, таласатындай уақыт та болған жоқ. Біздерді басқалар басқарды, тағдырымызды солар таңдады.Талабыңа нұр жаусын! Әкең жетпеген биіктерге сен жет, әкеңнің орындалмай қалған асқақ армандарына сен қол жеткіз. Мен сенен соны сұраймын және үміттенемін!»
«Әке,өзіңайтқандай,еламан,жұрттынышболсасеніңде,өзар- мандарымды да орындауға уәде беремін. Өкінбе...»