«Қазақ мұнайының а р дақтылары»



бет10/47
Дата05.11.2016
өлшемі53,32 Mb.
#423
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47
***
Сол бір жылдардың қызық бір оқиғасын Шахмарданның өзі былайша баяндайды:

72 Шахмардан Есенов
«...Жезқазғанда геологиялық-барлау экспедициясында мамандығы- ма байланысты геолог, соңынан бас геолог болып қызмет атқардым. Бұл жылдар мен үшін кәсіби мамандығыма қоса, халқымыздың тарихына куә болған Ұлытау өңірінің елі, халқымен жақын таныстым. Көнекөз қариялармен сөйлестім, қызықты әңгімелер болса, қағазға түртіп қоюды да ұмытпадым. Сондай бір кездескен қариям Асан деген ақсақал болды. Жасының ұлғайғанына қарамастан, ұзақ жыл шаруашылықтың жылқысын бағып, балаларына бас-көз болып, өңірдегі қонақжай, еліне қадірменді қария еді.

Үйленбеген кезім, апам екеуміз тұрамыз. Қол боста Асан ақсақалдың үйіне барып, әңгіме-дүкен құрып, бір сергіп қайтқанды екеуміз де ұнатамыз. Біздің экспедицияның жігіттерімен де жақсы болды. Аң аулап, олжалы болса Асан ақсақалмен бөлісуді ұмытпайтын. Үлкен бір сыйластықта болдық.

Күзгі уақыт болатын. Бір күні кештетіп үйге келсем апам көңілді, қазан қайнап жатыр. Жас жылқы етінің иісі мұрынды жарады. Апам:

Шешін, тамақ та дайын болып қалды, – деп, бәйек болуда.

Апа, бұл ет қайдан келді? – деп сұрадым.

Апам экспедицияның жігіттері жарты қой мен жылқының етін әкеліп беріп кеткенін айтты.

Мен ойланып отырдым да бір түсініксіз жайттың болғанын аңғар- дым. Күн жексенбі болғандықтан жігіттердің аңға шыққанын білемін...

Мен тездетіп киіндім де кеңсеге барып, барлық аңға шыққан жігіттерді жинап алып, не болғанын сұрадым. Олар қараңғы түнде байқамай бір жылқыны киік деп атып алыпты. Далаға тастап кетпейді ғой, ақылдаса келіп, иесін тауып, құнын беретін болып, етін бөліп алады ғой баяғы. Маған да өз үлесімді беріпті.

Жігіттерге біраз ренжіп, ұят жасағандықтарын саналарына жеткізіп, жылқының құнын жинап, «аңшыларды» алып Асан ақсақалға кешірім сұрауға келдік. Ақсақал ойында түк жоқ, ақ көңілімен аңқылдап қарсы алып жатыр. Сол екі ортада әйелі қазан да көтеріп қойыпты.

Бірден қылмысымызды айта алмай ақсақалмен біраз әдеттегідей әңгіме шерттік. Осы өңірдің шежіресін сұрап, тағы да талай тарихтың басын қайырдық. Жағдайды, менің жігіттерім бүлдірген істі біледі-ау деп топшыладым. Тамақ ішіліп, рұқсат сұрайтын кезде:

Асеке, мына менің жігіттерім бір ұятты, атымызға кір келтіретін жұмыс жасапты. Сіздің бір жылқыңызды қараңғы түнде байқамай

Жезқазған кеннің қоймасы 73
атып алыпты. Сол айыбымызды мойындап, кешірім сұрауға келіп отырмыз, – дедім.

Асекең ақсақалдығына сән берген шоқша сақалын тарамдап сипап отырып:

Шахмардан, шырағым, соны да әңгіме етіп отырсың ба? «Сырты түк, іші боқ» бір малда тұрған не бар? Сендер түздің арыстанысыңдар, халық игілігі үшін жасап жатқан еңбектерің білген адамға ұлан- ғайыр. Әдейі атпаған болар, бір жолға жігіттердің сағын сен де, мен де сындырмайық, – деп, осымен әңгімені доғарайық дегендей, тіктеп маған бір қарады да, – ал, інілерім, маған пұлдың қажеті жоқ. Сендер бердіңдер, мен алдым. Ескеріп, осынымыз жөнсіз болды-ау деп келгендеріңе тәуба, келмесеңдер не етер едім, рахмет!

Біздер мойнымыздан ауыр жүк түскендей, қалашығымызға қайт- тық.

Бір апта өткен соң апам екеуміз Асекеңнің үйіне қайта бардық. Өзіне – костюм, жеңгейге – көйлек, балаларына да сыйлық алдық. Асекең баяғы қалпы, жарқырап қарсы алып, төріне шығарып жатыр.

Осылай талай жыл аралас-құраласта болдық.

Кейіннен біз Алматыға көштік, бірақ барыс-келісімізді үзген жоқпыз».
***
Осы тұста біз әңгіме бағытын кері бұрып, басында сөз еткен жәйттерге кері оралмақпыз. Шахмарданның ата мен анасы, өзінің жеке басын әңгімеге арқау етпекпіз. Әйтпесе, кейіпкеріміз жұмыстан басқаны білмейтін, адами құндылықтары белгісіз біреу болып шығуы мүмкін. Онда біз әуелі Адам, сосын Азамат, кейіннен ғалым-академик Есенов Шахмардан шындығынан ауытқып, жалғандыққа ұрынамыз, оның толық «портретін» жасамаған боламыз...

Содан, келер – 1951 жылы әкесі Жорабектің асын өткізіп, ел- жұрттың ризалығын алып, Шахмардан анасы Шәрипаны Жезқазғанға көшіріп әкетті. Бар ана қайда барса да баласы қасында болса риза-ау. Сол сияқты, Шәрипа ана да «бұл жер ұнамайды, туысқандарым алыста қалды, немесе, күні суық екен...» демей, жалғызы Шахмарданының соңынан еріп, бұрын көрмеген-білмеген, туысты былай қойғанда, жай тамыр-танысы да жоқ елге ренжімей-ақ келді. Таңертең баласын

74 Шахмардан Есенов
жұмысқа шығарып, кешкісін күтіп алып, тіршілік ете берді. Жақсыда жаттық жоқ, тез арада көрші-қолаңмен де танысып, қыпшақ рулы қайнаға-қайындарын, келіндерін тауып алды. «Қазақи дәстүр! Сен қандай жақсысың!» дегің келеді осындайда. Осылай адами араласу- дан, бірін-бірі құрмет тұтудан артық не бар екен?!

Ара-арасында Шахмарданның курстас достары Далабай, Темеш, Ғазиз, жұбайлары Шара, Ғазиза, Сара бала-шағаларымен келіп, үйдің ішін базар етіп, у-шуға бөлеп кетеді. Мұндайда Шәрипа апада ес қалмайды, барын солардың аузына тосып, осындай келін мен немерелердің осы шаңыраққа келуін ырымдап, бір жаратушыдан тілейді. Бәрінің арманы бір арман осы үйге бір келін түсіріп, Шәрипа аналарын ыдыс-аяқтан босату. Жасы ұлғайған сайын бітпейтін үй шаруасы шаршатып, қажытып жүргенін бәрі де сезеді.

Не керек, 1952 жылдың жазы да келді. Бұл кезде Кәмила қыз Педаго- гика институтын бітіріп, тарих пәнінің мұғалімі атанған-ды. Демалыс алып, Шахмардан анасы екеуі әуелі Шиеліге келді. Ондағы жақын- жуық ағайынмен ақылдасып, Қызылордаға шықты. Мақсаттары – Кәмила қызға құда түсіп, Жезқазғанға ұзатып алып келу.

«Сексен жылқы, сегіз нар – жасаулы қыздың қалыңы...» – дейтін заман ба еді, ол бір. Соғыстан кейінгі жылдар, елдің қарны енді-енді тойынып, киімінің әлі бүтінделе қоймаған кезі емес пе?! Кәмиланың әкесі мен анасы бір жылда, Кәмиланың он жасында қайтыс болып әпкесі Ақілгек тәрбиелеп-өсірді. Қатарынан кем етпеді. Енді әпкесі мен жездесі ел қатарлы көрші-қолаңның басын қосып, сол кездің жағдайына орай ұзату тойын жасап, көңілдері жарасқан екі жасты Жезқазғанға шығарып салды.

Ал Жезқазғанда оларды достары асыға күтіп, келін түсірудің сал- танатын сол кездің заманына лайықтап, «көрпеге қарай көсілген» той жасады. Жас келіннің беті ашылды, достары әуелетіп ән салып, күмбірлетіп күй тартып дегендейін, не керек, бір қызықты жиын өткізді. Осылай Жезқазған өңіріне тағы бір жас отау шаңырақ көтеріп, уығын шаншып, керегесін керді...

Сүйіктісін қасына алып, көңілі жайланған Шахмардан геология- сына бар ынта-ықыласымен кірісті. Институтта оқығандай емес, мұнда мәселе күрделі екенін көрді. Өзіне дейінгі барлау барысын, анықталған кен байлықтарының шеті мен шекарасын байқастап қараса, ол бүгінгі белгілі боп отырғаннан әлдеқайда көп екен. Ғылыми

Жезқазған кеннің қоймасы 75
зерттеулер, ара-жігін анықтайтын талдаулар жасады, өз ұстазы Қаныш Сәтбаев еңбектерін қайта қарап, сосын Н.Г. Кассин, М.А. Усов еңбектерін оқыды. Жұмыс барысында алдынан шешілуін күтіп тұрған талай проблемалар шықты. Ең әуелі Жезқазғанда белгілі болған кен байлықтарының таралу шекарасын қайта қарап, кеңейту керек болды. Шекараны кеңітсе, бұрынғы анық болған кен байлығы 3-4 есеге көбейеді. Бұны игерсе, ел ырысы да асады деген сөз.

Жаңа идеяларын ұстазы Қаныш Сәтбаевқа айтып, ақылдасты. Ол шәкіртінің жаңа, жақсы идеяларына, әсіресе, оның белсенділігіне қуанды. Кез келген жаңалықтың бірден өмірге, ғылым «орбитасы- на» түсе қоймайтынын, түрлі кедергілер мен қарсылықтар болаты- нын ғылым мен өндіріс ортасында жүрген әрі басшы, әрі ғалым өте жақсы біледі. Әуелі Мәскеудегі тиісті министрліктер мен ғалымдар алдында дәлелдеу керектігін айтты. Жаңа бастаманы іске асыру үшін қолдау аз, қаражат керек. Оны шешетін жоғарғы жақ. Мәскеу Ғылым Академиясы мен Геология министрлігіне хат жолдады, жаңа идея мен тұжырымдарын баяндады. Кешікпей әбден жаттанды болған:

«келсін, дәлелдесін» деген жауап алды. Артынша «тез жетсін» деген де телеграмма келді. Бұл кезде Шахмардан қаладан екі жүз шақырым қашықтықта экспедицияда жүрген. «Самолетке үлгерсін!» деген қосымша хабар тағы келді. Мәскеуге самолет аптасына бір-ақ рет ұшады. Амал жоқ, жету керек. Ыңыранған «Газ-51» машинасымен 200 шақырымды алты-жеті сағат жүріп зорға дегенде Жезқазғанға жетті. Жол-жөнекей конторға кіріп қағаздарын, жол қаражатын алып ұшқалы тұрған самолетке әрең үлгерді. Үйге соғып киім ауыстыруға уақыт қалмады, бірақ Шахмардан оған ренжи қойған жоқ. Ең бастысы – самолетке үлгергеніне қуанды. Аяқтағы керзі етіктің шаңын қағып, шалбардың балағын қонышына тығып, үстіндегі фуфайкасын қаусыра түймелеп, Кеңестер Одағының астанасы Мәскеуге келді. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де Шахмардан шындығы осы. Әрине, дәл бүгін бұған сену қиын...

Ертеңіне осы түр-тұрпатымен Ғылым Академиясы мен Геология министрлігі өткізіп жатқан жиналысқа келді. Соғыстан кейінгі жылдар ғой, алтынға оранып, күміске көміліп жүрген ешкім жоқ, бірақ тап- таза, тап-тұйнақтай киінген ғалымдар ортасы. Керзі етік, фуфайка- мен жүрген ешкім жоқ. Шахмарданға қарап: «қайдан келген азиат?» дегендей, таңдана қарайды. Ығатын Шахмардан емес, алшаңдап басып,

76 Шахмардан Есенов
шалқақ жүр. Ойында мына отырған тәкаппар ойшыл-ғалымдарға жаңалығын жайып салып, идеясын мойындату. Ойын жинақтап, тұжырымын пысықтап қояды.

Дабыр-дұбыр басылып, жиын басталып та кетті. Мәселе көп, сөйлеушілер одан да көп. Кезек Есенов Шахмарданға келді. Бір кезде иығы қақпақтай, алып тұлғалы, ақсары жігіт трибунаға көтерілді. Көп адамға бұл көрініс ұнамады, әрине, киім киісі. Түйелі қойшыдай өңкиіп шыға келгенде, кейбір жеңілтек мінезділер жырқылдап күліп те жатты. Шахмардан олардың мысқылына пысқырған да жоқ, өз жөнімен, аспай-саспай сабырмен сөзін бастады.

Орыс тілін өз мәйегінде, ешқандай бұрмалап, бұлтыңға салмай тап-таза сөйлей жөнелгенде, зал бірден тына қады. Әуелі Қазақстан жеріндегі кен байлығына қысқаша тоқталып қана негізгі айтпағына көшті. Кен байлықтарын түсіріп келген картасын іліп, қайсысы қалай орналасқан, қай қабатта қалай жатыр, шекара-шеті қайда... дегендерді айта келіп, өндіру үшін кешенді түрде қазу керектігін, бір- біріне араласа, қапталдаса орналасқан кенді ажыратып алу маңызды екенін баса айтты. Сонда өнім 3-4 есеге өсетінін нықтап, нығырлап, міндеттілерге діттеп айтты. Мамандар мен ғалымдарға жаңа идея ұнаған іспетті. Тырп етпей тыңдауларына қарағанда, үміт бар, ишара- лары соған саяды. Сөзінің соңын Шахмардан:
Науки юношей питают, Отраду старым подают,

В счастливой жизни украшают, В несчастный случай берегут;

В домашних трудностях утеха

И в дальних странствах не помеха. Науки пользуют везде,

Среди народов и в пустыне, В градском шуму и наедине, В покое сладки и в труде...

деп, бітірді. – «Бұны мен емес, ұлы Ломоносов айтқан, – деді трибунадан түсіп бара жатып. Сол-ақ екен, зал іші дүр ете түсті. Қол соғылып жатыр. Зиялы қауым, ғылыми орта, бір сөзбен айтқанда, жас жігіттің талантына ауыздарын ашап, көздерін жұмды. Қол соғуларын тоқтатпай қойған соң, жиналысты жүргізіп отырған адам:

Жезқазған кеннің қоймасы 77
«тоқтаңыздар, тоқтаңыздар, концертте отырған жоқсыздар ғой, бұл ғылыми кеңес!» деп, әрең дегенде дамылдатты. Ақырында, Есенов Шахмарданның бұл ғылыми жаңалығы Мәскеу ғалымдарынан қолдау тауып, Жезқазған кенінің «жаңа картасы» жасалынатын болды. Жаса- лынды да. Бұл жаңалық «Жезқазған типтес кен орындары», «Жезқазған әдісі» аталынып, барша Кеңестер Одағында геология ғылымының ай- налымына түсті.

Бұл геолог-барлаушы, инженер жас Шахмарданның Жезқазған жеріндегі алғашқы үлкен жетістігі мен жеңісі еді.

Жезқазғанда алғаш рет жер қойнында жатқан байлықты бұрынғы таптаурын болған әдіспен емес, ендігі жерде жаңа технологиялық әдіс – бұрғылауды бір-біріне қапталдата орнатып, бұрынғыдай біреу-екеу мұнара емес, қатар-қатар кен мұнарасын тұрғызып, байлықты түптеп, ауқымын кеңейтіп іздеуді қолға алды. Бұл өте тиімді әдіс болып, кен байлығын өндіру Жезқазған жерінде жедел өсті. Нәтижесінде Сарыарқа төсінен Итауыз, Сарыоба, Қарашошақ, Қыпшақбай, Айранбай, Талды- бұлақ, Жартас мыс кеніштері және Жыланды, Қумола көгілдір асбест... теңдесі жоқ кен орындары ашылды.

Жезқазған жеріндегі Шахмарданның айтарлықтай атқарған бір ісі – жер асты теңіз көзін тауып, ауыз сумен халықты қамтамасыз ету болды.

Айналасында гүрілдеп аққан өзен мен көгілдір көлі болмаған соң, Жезқазған тұрғындары мен өндіріс орындары ауыз судың тақсіретін тартып отырғалы талай жыл. Сусыз өмір, өмір ме. Жер бетіндегі тіршіліктің өзі су ішінде басталмап па еді?! Олай болса, халықты бұлай қинауға болмас, су көзін табу керек деп Шахмардан геолог- тарына жаңа мақсат қойды. Жері таулы-қыратты, Ұлытауды айнала ағып жатқан жылғалы бұлақ аз емес. Ғылымға жүгінсек, мұндай аймақта жер асты су көзінің болмауы мүмкін емес, тек таба білу керек. Бұл мәселе геологтар алдына бұрын да талай қойылған. Бірақ, үнемі бастауын бастағанмен, аяқсыз қалып, кейінге шегеріле берді. Енді шегіне жеткен су проблемасы шегінерге жер қалдырмай тұр. Жезқазғанда өндіріс ошақтары көбейді, қала өсті, халық көбейді. Суға деген мұқтаждық өсті. Мұқтаждықты жоюдың жолы – су асты көлдер көзін табу. Осындай сауапты да салиқалы міндет Шахмардан экспеди- циясына жүктелді. Тапсырманың маңыздылығын түсінген олар оны орындауға құлшына кірісті.

78 Шахмардан Есенов
Жер асты суын айлап, жылдап іздеді. Ғылыми тұжырымдарға сүйенді, халық сөзіне құлақ түріп, ескі, көзі жабылып қалған бұлақ пен өзен табандарын бұрғылады. Не керек, күндердің бір күнінде Жанай мен Айдос мекенінен тап-таза, мөп-мөлдір су аспанға атылды. Ойхой, ол күнгі жезқазғандықтардың қуанышында шек болған жоқ. Шах- мардан бастаған геологтарға айтылып жатқан алғыс пен марапатта шек жоқ. Артынша жер-жерге құбыр тартылып, көп қабатты үйлерге алғаш су кіргізілді, өмір гүлденіп, тіршілік мәнденіп қалды. Рудниктер мен көптеген шахталар суға «тойып», халық бау-бақша салып, көкке ауыздары тиді. Шахмарданға «Жанай мен Айдостан су көзін тапқан Бас геолог» деген диплом берілді.

Зымыран уақыт бір сәтке артына қарайлап тоқтасайшы. Жоқ, оның тоқтауға мүмкіндігі жоқ. Табиғат заңы солай. Сол заңмен ол өз шығырында шыр айнала береді. Шахмардан: «Барлау... Ұлытау... Жезді... алтын, күміс, мыс, жез...» деп жүргенде біраз жылдардың өтіп те кеткенін байқамапты. Бұл кезде Кәмила мектепте оқу ісінің меңгерушісі болатын. Шәрипа ана тұңғыш немересі Шайзаданы бауырына басып, қызық көрген кезі. Ендігі тілегі жалғызымның ізін жалғайтын бір ер бала болса. Жаратушы көп ұзамай Шарипаның тілегін берді, екінші немересі ұл болып, атын ырымдап, мақсатты, мұратты болсын деп «Мақсұтбек» қойды. Оның соңынан Ескендірбек, Сұлтанбек келді өмірге.

Сол бір жылдардың естелігін Кәмила апайдың аузынан естігіміз келіп, әңгімеге тарттық. «Е, несін сұрайсың, қалқам...» деп, жеңіл ғана күрсініп алды да:

Шахаң, «Өтті де кетті-ау қайран бір, көктемгі тасқын суындай» деп, Тургенев өлеңін соңғы жылдары жиі еске алып, айтып отыратын. Сол секілді бәрі де өтті де кетті ғой. Өткен өмірге өкінуге хақым жоқ, тек Батырдың өмірден ертелеу кеткені болмаса... – деді, көңілі жабырқап. Біз «Батырым» деп кімді айтып отыр екен деп, енді сұрақ қоя бергенімізде, бәрі түсінікті болу үшін әңгімені басынан бастайын, қалқам. Біз де жас болдық, біз де ғашық болдық, Батыр сөзіне де, ісіне де берік жігіт екенін дәлелдеп, мен институтты бітіргенше күтті, ақырында үй болдық, балалы-шағалы болдық.

Олар төрт жігіт: Темеш, Ғазиз, Далабай, Батыр (Шахмардан) Алматының Кен-металлургия институтын бір жылда бітіріп, Жезқаз- ғанға бірге келді. Айналайын, сен мені дұрыс түсін, тіршілікте

Жезқазған кеннің қоймасы 79
бақырайтып-бадырайтып «Шахмардан!» деп атамай «Батырым» деп кетіп едім. Көзі жоқ болса да, солай атаймын әлі. Оның сыры мынадай. Жаңадан келін болып түсіп, жат ортаға енді-енді үйреніп жатқан кезім. Әлгі төрт дос байқастап қарасам, бірін-бірі «Батыр» деп атайды екен. Қандай жақсы. Қазақ айтпай ма, «Өсер елдің баласы бірін бірі батыр дер, өспес елдің баласы бірін бірі қатын дер» деп. Олардың бір- біріне деген мұндай ілтипаты маған қатты ұнады. Өсер елдің ұлдарын көргендей қуандым. Қарасам, олардың әйелдері де ерлерінің есімін атамай бәрі «батыр» дейді екен. Бізден басқалары үйлі-баранды, балалы-шағалы болып қойған. Содан мен де Шахаңды «Батыр» деуге көштім. Бір қызығы, «Батыр» деп атау екеуміздің арамызда бір жола қалып қойды. Шынында да, Шахаң «Батыр» деген атқа лайық, бойы да, ойы да сай азамат еді-ау...

Несін сұрайсыз, ол жылдар біздің өміріміздің ең бір тәтті, қызықты кезеңі. Қызық. Бірде олардың бір жолдасы брезент туфли сатып алыпты. Тапшылық кез ғой, теріден тігілген туфлиге ақша қайда. Содан оған Батырлар жу да, жу деп қоймайды ғой баяғы. Таңертең қарасам, әлгі жігіт брезент туфлиін арықтың суына жуып отыр. Маған:

«Кәмилаш, сенің Батырларың оңбайды... қарашы, кеше ғана алған брезент туфлимді батпаққа батырып... «жаңа затты жуу керек» деп, қояр да қоймай жуғызды, алған бағасынан үш есеге асып түсті. Солай да бола ма, Кәмилаш!... Ең болмаса, «кожынный» болса да, өкінбес едім ғой... әй, бұл батырлар ма, батырлар...» деп қойып, өзі шиқ-шиқ күледі.

Жас адамның әр күні қызыққа толы болады екен. Есейе келе ғой, балалар өсіп, түрлі проблемалардың шығатыны. Біздің жастық шағымыз бәрінен де қызық болған секілді. Әрқайсымыздың соңымызда екі-үш баладан, не керек, «құстың базары» сияқты улап-шулап бір- біріміздің туған күнімізді, мерекелерді бірге өткіземіз. Әсіресе,

«Батырларымыздың» бір-біріне деген достығы мықты болды, қайда барса да, жұптарын жазбай, төрт жігіт қатар жүретін. Олар отырған той-жиын, отырыс қызықты, думанды өтетін, Батырлар ән де айтатын, биді де билейтін. Қалжыңды қандай әдемі айтушы еді. Әйтеуір, жатқан бір қыран-топан күлкі болатын. Шіркін-ай, десеңізші, Абай айтпай ма,

«бұл өмір қызығыңды білдірмей ұрлайды» деп. Ақыры солай болды.

Қалқам-ай, айтып-айтпай не керек, төртеуі де дарынды, өз істерін жетік білетін мықты маман, қызметтеріне белсенді, берік болды.

80 Шахмардан Есенов
Соның нәтижесі шығар, мысалы, Темеш (Садуақасов) көптеген шахтаның бас инженері, басқарма бастығы болды. Жезқазған қалалық партия комитетінің екінші хатшысы, сосын, Орталық Коми- тетте ауыр өнеркәсіп бөлім бастығының орынбасары, бір жылдары Павлодар облыстық атқару комитетінің төрағасы, Түсті металдар министрлігінде министрдің орынбасары қызметін атқарды. Осы қызметтен зейнеткерлікке шықты. Ол Еңбек Қызыл Ту орденімен үш рет марапатталды.

Ал, Ғазиз маров) болса, өзі Ұлытаудың тумасы болатын. Әуелі смена бастығы, сосын Бас инженер болды, шахта басқармасының бастығы, «Жезқазғанкенбайыту» басқармасында партия комитетінің хатшысы, ал 1966 жылы жаңадан «Жезқазғаншахтапроходка» тресі құрылып, сонда бірінші басқарма бастығы болды. Осы қызметте ол

21 жыл істеп, зейнеткерлікке шықты. Кейіннен «Қазақмыс» болып құрылған кезде тау-кен мәселесі бойынша корпорация президентінің кеңесшісі қызметін атқарды. Оның көп жылғы жиған тәжірибесі мен білімін жаңа басшылар пайдалана білді. Көптеген орден, медальдар- мен марапатталды, Социалистік Еңбек Ері атанды.

Тау-кен саласында маркшейдер деген мамандық бар. Далабай (Ешпанов) еңбек жолын осы мамандықтан бастады. Бірақ бұл жерден оны атақты кенші Байқоңыров бір шахтаға учаске бастығы, сосын бас инженер етіп жіберді. Себебі сол кезде жаңадан табылған бір әдісті, тәсілді кен байыту жұмысына тез енгізу керек болып, бұл міндетті Далабай ойдағыдай орындап шықты. Бұдан кейін оны Шығыстағы

«Түрліметаллкенбайыту» комбинатына директор етіп жіберді. Ол

«Жезқазғанкенбайыту» басқармасында Бас инженер, Ақшатау

«Тау-кен металлургия», Балқаш «Тау-кенметаллургия» комбина- тында директор болып қызмет атқарды. Далабай КСРО Мемлекеттік сыйлығыңың лауреаты атанды, Қазақстанның Еңбек сіңірген кеншісі деген де атағы бар.

Ал, Шахаңды білесіз, сол кездің ең жоғарғы марапаттарының бірі – Лениндік сыйлықтың лауреаты атанды. Кейде ойланып отырамын да, біздің жігіттеріміз қандай мықты болған, батыр десе батыр екен-ау өздері деп қоямын. Тау-кен мамандығының нағыз майталманда- ры бола білді, төртеуі де. Бүгінде балаларыма, немерелеріме айтып отырамын. Бәрі де әруаққа айналып кетті. Жатқан жерлері жайлы болсын, жарықтықтардың...

Жезқазған кеннің қоймасы 81
...Төрт баламыз да сол Жезқазғанда дүниеге келді. Ол жақтың қысы қатты ғой. Бұрғылау станоктары қатып қалмасын деп, Батыр түнде бір аралап келетін. Даладағы аяздан үсті-басы аппақ қырау- қырау болып үйге кіріп келгенде балалары: «Аяз Ата келді, Аяз Ата келді!» деп алдынан шұрқырай шығатын, мәз болатын. Дәл осындай сәттерде Батыр мен анасы өздерін ең бақытты жандардай сезінетін. Оларға қарап менің де жүрегім қуанышқа толатын. Апам жарықтық

«тәубасын» тауысқан емес, өмір бойы жалғыз ұлының, немерелерінің тілеуін тілеумен өтті. Баласы жалғыз болып, баланың кемдігін көргеннен болар деп ұғатынмын. Өзі жалғыз өскен соң ба, білмеймін, Батыр балаларын өте жақсы көрді, бірақ беталды еркелетпеді. «Өмірге әкелдік пе, жақсылап тәрбиелейік, Батыр» деп, қатты айтсам, ренжіп қала ма дегендей, ойын еркелете тұрып жеткізетін маған. Пейілін түсіндім де, балалардың басы көбейген соң мектептегі оқу ісінің меңгерушілігі қызметімді қоя қойып, үй шаруасымен айналыстым, анамызға қарадым. Батырдың анасы алтын адам еді, жалғыз баламның әйелі ғой деді ме, білмеймін, еш ренжіп, бетіме келген емес. Айтар ақылын аялап, жұмсартып қана жеткізетін. Бір үйдің қызындай тату- тәтті өмір сүрдік...

Мына бір оқиға дәл кешегідей көз алдымда тұрады да қояды. Ер баламыз Мақсұтбек өмірге келгенде апам да, Батыр да тіршіліктің жалғасы келгендей, қатты қуанды. Түсінікті ғой. Біреуінің баласы жалғыз, біреуінің өзі жалғыз. Бір күні Батыр жұмыстан келе сала:

Апа, Жорабектің ұрпағын жалғастыратын Мақсұтбек деген ұлды дүниеге әкелген келініңізге сый-сияпат жасауға рұқсат етіңізші, – деді, дәу тұлғасын қайда тығарын білмей, еңкейіп, анасына жалт-жалт қарап, балаша еркелеп. Ол кісі не болғалы тұрғанын аса түсінбесе де, әйтеуір, «рұқсат, рұқсат, құлыным!» деп жатыр. Бір кезде Батыр қалтасынан алтын сағат алып, менің қолыма тақты, шифон матаны иығыма жапты. Кімнің әйелі ұл бала таппай жатыр дейсің, қалқам! Батыр өзінің жалғыздығын кей-кейде сезініп, соғыстан оралмаған ағасы Шаһизаданды есіне алып, мұңайып қалатын. Мақсұтбекті өзіне серік, таяныш болатын болды-ау деп қуанған түрі ғой. Мен апамнан ыңғайсызданып көйлекті, Сіз киіңіз деп жатырмын... деді де Кәмила апай үнсіз отырып қалды. Біз бұл үнсіздікті бұза алмадық. Салықов Кәкімбек ағамыз айтпай ма, «өмір кездесу мен қоштасудан тұрады, ал оның арасын жалғап тұратын сағыныш деген асыл бір сезім бар» деп.

82 Шахмардан Есенов
Кәмила апайдың Батырына деген бүгінгі сарғайған сағынышы сол күндерге бастап әкеткенін сездік те, үндемедік. Бір кезде өз-өзіне келіп, – Содан біздер, бас-аяғы Жезқазғанда 11 жыл тұрып, жора-жолдас, дос, ағайын-туыс тауып, Алматыға оралдық. Себебі, 1960 жылы Қазақстан Геология министрінің орынбасары болып тағайындалды Батыр...»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет