«Қазақ мұнайының а р дақтылары»



бет44/47
Дата05.11.2016
өлшемі53,32 Mb.
#423
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
ЗАМЕЧАТЕЛЬНЫЙ УЧЕНЫЙ, ТАЛАНТЛИВЫЙ ОРГАНИЗАТОР
Вот уже несколько лет нет среди нас Шахмардана Есеновича Есенова – человека неповторимой природной и духовной красоты, яркого исследователя, создателя плодотворной научной школы по важнейшему направлению геологической науки в Казахстане, госу- дарственного деятеля и одного из выдающихся организаторов отече- ственной академической науки.

Он любил повторять имя своего учителя, основателя академии наук Казахстана Каныша Имантаевича Сатпаева, постоянно помнил

292 Шахмардан Есенов
и говорил о его заветах. Позднее, когда ему самому было доверено возглавить штат казахстанской науки, Шахмардан Есенович многое сделал для того, чтобы эти заветы претворились в жизнь. Его неутоми- мые искания во многом обогатили науку, его деяния дали возможность расцвести целому ряду научных школ, молодым талантам и научным учреждениям.

Сейчас, в нынешний весьма трудный, во многом сумбурный пе- реходный период, в казахстанском обществе витают различные на- строения и суждения относительно достоинств и судеб отечествен- ной (прежде всего фундаментальной) науки. К глубокому сожале- нию, научные рекомендации и технологические открытия и разра- ботки ученых не были положены в основу происходящих в обществе реформ. Казахстанская наука оказалась задвинутой на второстепен- ные роли современной модели модернизации общества. Иные в оправ- дание такого положения говорят об отсутствии или же недостаточно- сти разработок казахстанских ученых, об отставании их от современ- ных требований.

Плодотворная деятельность Шахмардана Есеновича, его коллег, со- ратников и учеников, результативная работа многих научных учрежде- ний академии говорят об обратном. В бытность президентом Академии наук мне приходилось дважды иметь непосредственное отношение к экспертизе состояния казахстанской науки, проведенной ООН. В отчете ООН «Казахстан: продвижение науки на международные рынки», со- ставленном в июне 1995 г., говорится «Наука и технология представ- ляют собой, возможно, наиболее ценное, что есть у страны (Казахста- на – К.С.), с учетом перспективы это то, что потенциально может быть двигателем экономического роста в течение десятилетий».

Согласитесь, что это весьма высокая и лестная оценка состояния ка- захстанской, прежде всего академической науки. Оценка справедливая и заслуженная. Она добыта трудом многих поколений казахстанских ученых, активной и целеустремленной деятельностью многих органи- заторов науки. Среди них особое, весьма значимое, место занимает академик Ш.Е. Есенов. Он автор более 100 научных работ, многие из которых и в свое время и сейчас имели и имеют весьма актуаль- ное первостепенное значение. Он основатель научной школы по ме- таллогении, работа сей школы получила мировое признание. Вместе с Канышем Имантаевичем Сатпаевым и после него он создавал научные

Адамның қасиеті өзінде емес сөзінде!

293


основы освоения богатейшего не только в бывшем СССР, но и во всем мире Жезказганского медного месторождения. Он неутомимый иссле- дователь богатейших природных ресурсов Мангистауского региона, относится к числу первооткрывателей крупных нефтяных месторож- дений Жетыбай и Узень.

Мы должны со всей четкостью сказать об этих и других научных подвигах и заслугах Шахмардана Есеновича, ибо без его неутомимых исканий и открытий, равно как и других выдающихся ученых-геологов Казахстана, вряд ли мы сегодня могли бы гордиться громадными при- родными ресурсами Казахстана и рассчитывать на них, проводя эко- номические реформы.

В 1967-1974 гг. Шахмардан Есенович работал президентом Ака- демии наук Казахстана. Этот период вполне справедливо можно отнести к одному из плодотворных в деятельности академии и ее ученых. В этот период были сделаны многие важные научные открытия, созданы новые институты, научные центры, творческие кол- лективы. Почти половина ныне работающих действительных членов была избрана в состав академии именно в период его президентства. Это был период, когда результаты труда и открытия ученых Казах- стана отмечались многочисленными высокими наградами. Лауреа- том Ленинской премии, самой высокой отечественной награды, стал и Ш.Е. Есенов. Словом, в 50-летней истории Академии наук Казахста- на Ш.Е. Есенов занимает особое место. Он положил начало многим добрым академическим традициям. Их сейчас мы справедливо именуем «есеновскими».

Пройдут годы, но имя Ш.Е. Есенова останется в истории казах- станской науки, как имена К. Сатпаева, М. Ауэзова, А. Маргула- на и многих других выдающихся деятелей отечественной акаде- мической науки. Ими, их учениками и последователями, прошедшими и нынешним поколением ученых создана отечественная наука, сфор- мирован ее главный штаб – Академия наук, которую по праву можно отнести к выдающемуся достижению казахского народа в завершаю- щемся XX веке. Наряду со многими бедами и горестями, которые в этом веке терпел наш народ, нельзя отрицать его убедительного про- гресса в науке и образовании. И это, по нашему глубокому убеждению, должно послужить могучим фундаментом общественного прогресса в будущем столетии.

294 Шахмардан Есенов
Шахмардан Есенов – яркий представитель казахской интеллиген- ции разделил ее нелегкую судьбу. Были годы беспощадных гонений, очень суровых испытаний. Его тщетно пытались гнуть, но он выстоял, выдержал, убедительно продемонстрировав твердость духа.

Время все расставляет по своим местам, высвечивая истинные заслуги перед народом таких замечательных его сынов, каким был Шахмардан Есенович Есенов.


Кәмила Бегімбайқызы,

Шахмардан Есеновтың жұбайы
«БАҚЫТЫМ «БАТЫРЫМ» БОЛДЫ»
Мен жастай жетім қалдым, әкем Бегімбай 1940-шы жылы, соғыстың алдында бар жоғы сегіз ай ғана ауырып дүниеден өтсе, анам Әсем әкемнен кейін 21 күн өткенде төрт-ақ күн науқастанып қайтыс болды. Ол кезде мен бар жоғы 11 жаста, төртінші класта оқитын едім. Қазақта

«жетім қозы тас бауыр» деген сөз бар, бірақ мен тасбауыр болмадым. Өйткені әкем алты ағайынды еді, алты ұл: Ахмет, Ақбенбет, Бегімбай, Абзал, Әбдіхалық, Даңбай және бір қыз-Ақілгек. Олар әкем мен анамның орнын толтырып, бар мейірім, шапағаттарын аямай өсірді. Әлі күнге дейін «Айналайын!» деп, маңдайымнан иіскегендері ойыма түссе, жүрегім нұрға толады. Жарықтықтардың жандары жәннатта болсын, бәрі де о дүниелік болып кетті.

Қазақта жақсы дәстүрлер көп қой, соның бірі, бірі емес бастысы – әулеттің ұйымшылдығы. Әулет ұйымшыл болса, қандай қиындықтан да шығуға болады. Мен соны көріп өстім, дәмін татып өстім. Біздің әулетті әкемнің ең үлкен ағасы Ахметтің әйелі Хадиша басқарып отыратын. Әжеме бір адам қарсы келмейді, ол қандай шешім шығарса да, басқалар бұлжытпай орындайтын.

Бір кезде соғыс басталды. Әулеттің ер-азаматтары соғысқа кетті, біздер Тереңөзек жақтағы Майлықұмға көшіп келдік. Әкемнің қарындасы Ақілгек, Хадиша әжеміз, бізді асыраушы немере апам Мәрипа (МТС-тің кассирі болатын) бәріміз бірге тұрдық. Бір күні Мәрипа ауырып қалды. Не істеу керек? Ол кезде мен бар-жоғы жетінші класта оқимын, содан немере апамның орнына кассир болып

Адамның қасиеті өзінде емес сөзінде!

295


жұмысқа шықтым. Бас есепшіміз бір кәріс кісі болды, өте жақсы адам еді, ол ауданнан ақша, нанға берілетін карточканы әкеледі, мен оны жұмысшыларға таратамын. Кейіннен Мәрипаны аудандық парткомның хатшысына секретарша етіп қызметке алып кетті, ол орыс класын бітірген, орысша, қазақшаға сауатты болатын. Сөйтіп, менің бір жарым жыл кассир болып жұмыс істеуіме тура келді. Соғыс кезі емес пе, жұмыс қолы жетіспейді, кімнің қолынан не келеді, соны істей бердік қой. Жалпы халық қиындықты көп көрді. Біздер аса қиналмадық, өйткені жұмыс істеп, аз да болса табыс тауып тұрдық қой. Апам Жәмиланың күйеуі Жамбыл облысындағы Мерке аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары болды. Не дегенмен, қолында билігі бар адам ғой, тамақтан, дүниеден олар таршылық көрмеді. Жәмила апам өзіне алған киімінен маған жіберіп тұратын. Әлі есімде, бір жолы маған қоңыр былғары плащ пен қоңыр туфли жіберіпті. Пединститутқа алғаш киіп барғаным есімде.

Әкемнің кіші інісі Даңбай мен анамыз Дәметтің балалары болмады, содан мені бірден қолдарына алды, еркелетіп, сыпырғы ұстатпай, ыдыс жудырмай, нағыз бұла қыз етіп өсірді. Мектепті жақсы оқыдым. Ол кісілер оқуыма жағдай жасады, мектеп бітірісімен Қызылордадағы пед- училищеге түстім, оны өте жақсыға бітіріп Педагогика институтына түстім, оны да үздік бітірдім. Институт қабырғасында партияға өттім, Қазақстан Комсомолдар съезіне делегат, қалалық Кеңеске депутат болып сайландым. Не керек өз заманымның талабынан қалмауды ойладым.

Бірінші курста Батырмен (Шахмардан) таныстым. Жасыратын несі бар, бір бірімізді жақсы көрдік, егер жақсы көрмесе, институт бітіргенше мені күтер ме еді?! Шахаңдай жігітке көзі түспейтін қыз болмас, тек бізді қосқан бір-бірімізге деген таза сүйіспеншілігіміз бо- лар деп ойлаймын. Сол сүйіспеншілігімізді жоғалтпадық, аялай білдік, құрметтеп, балаларымызға бере білдік. Батыр өзі жалғыз болғандықтан ба, әйтеуір балаларын өте жақсы көрді, олардың болашағына, өміріне жүрдім-бардым қараған емес. Жар таңдауларына араласа қойған жоқ, ал мамандық таңдауға келгенде бағыт-бағдар беріп, ақылдасып отырды. Ұлдары: Мақсұтбек, Ескендір, Сұлтан, үшеуі де әкесінің ақылына құлақ асып геолог, металлург болды. Қызымыз Шәйзаны да геолог етпек болып еді, мен биология факультетіне түскенін қаладым. Мұныма Батыр біраз ренжіп жүрді де: «жарайды, қыз баланың дала кезбей, лабораторияда отырғаны да дұрыс шығар» деп, келісті.

296 Шахмардан Есенов
Шахаңның анасы өте ақылды адам еді. Жас болдым, білгенімнен білмегенім көп кез. Даңбай ағам мен жеңгем Дәмет еркелетіп, үй шаруасын аса үйретпепті. Соны түсінген енем көп білместігімді кешіре білді, ақылмен үйретті. Алғаш келін боп түскен күндерім, ол кезде Жезқазғанда этажды үйде тұрамыз. Менен апам сұрайды «пол жуа аласың ба?» деп. Мен «жоқ» деймін. Онда мына 10 сомды ал да көршінің қызына бер, содан пол жууды үйреніп кел деді. Ешқандай зілсіз, шын ниетімен айтып тұр. Полды бұрын жумасам да, көргенім бар ғой, ешкімге барып үйренбей-ақ істеп кеттім. Менің балалық қылығымды қызық көрген көрші келіндер бірде ас үйдің кіреберісіне қатар-қатар тарелкелерді жерге жайып қойыпты. Қайтер екен деген болулары керек. Мен оны жинаудың орнына үстінен секіріп-секіріп өте шығыппын. Бәрі ішек-сілелері қатып күліп жатыр. Апам оларға:

«күлгенше, үйретпейсіңдер ме, өңкей шуылдақ!» деп ұрсып жатыр. Басқа ене болса, «көргенсіз, түк көрмеген» деп, неше түрліні айтып ұрысып, жерден алып, жерге салар еді ғой. Жоқ, апам өз анамдай ақылын айтып, бір жылдың ішінде үй шаруасының бәрін үйретіп шықты. Балалардың бәрін баққан апам. Ойыма түссе, көңілім босап кетеді, апам балаға беретін сүтті бөтелкеге құйып, қойнына салып құшақтап жататын. Түнде жылаған кезде қойнындағы жып-жылы сүтті бере қоятын. Апам: «жассың ғой, қызметіңнен қалма!» деп, бала үш-төрт айға толған кезде жұмысқа шығарып жіберетін. Жезқазғанда мектептің оқу ісінің меңгерушісі болдым. Алматыға келген соң ЖенПИ-де екі жылдай ғана сабақ бердім. Батырдың қонағы көбейді, іссапарға жиі шығатын болды, балалар өсіп, ер жетті, бақылау, тәртіп... апам бұрынғыдай емес, қартайды, не керек, жұмысты қоюыма тура келді.

Өмір қызық, жас ұлғайған сайын бар бітірерің естелік айту болады екен...

Бір жылы Жезқазғанға төрт «Победа» жеңіл машинасы келді. Үшеуін комбинаттың директоры, шахтаның бастықтары алды да, төртіншісін экспедиция инженері Батырға берді. Ол кезде мұндай машинасы бар адам қазіргі самолеті бармен бірдей еді. Содан машинаны алысымен сонау Жезқазғаннан «Победамен» Қызылордаға, Шиеліге екі бала, апам, мен, Батыр жолға шықтық. Қазіргідей тас төселген емес, кәдімгі даланың қасқа жолы. Жезқазған мен Қызылорданың арасы

500 шақырым. Орта жолда ғана бір малшының үйі отырады, одан

Адамның қасиеті өзінде емес сөзінде!

297


басқа бірде-бір елді мекен жоқ, мидай жазық дала. Анда-санда алды- мыздан даланы жосып жүрген киіктер шығады, басқа тірі тіршілікті көре алмайсыз. Егер машина бір нәрсе болып бұзылып қалды ма, әй, білмеймін, арам өлуге болады. Сол сапар туралы қазір де ойласам, қорқып кетемін. Жастықтың арқасы ғой. Демалысқа шықтық, жаңа машинаның буы бар дегендей. Бірақ, сол жолы көп туыстарды аралап, ағайын-тумаларды көріп, арқа-жарқа болып, бір жасап қайттық. Әсіресе, апам жарықтық жалғыз баласының өскен-өнгеніне марқайып, туыстар алдында шалқып қайтты.

Батыр ағайын-туғанға бауырмал, қамқор бола білді. Өзі: «Жасы үлкенге – іні, жасы кішіге аға болуға жарасам болды» дегенді жиі қайталаушы еді. Енді барлап, ой елегінен өткізе қарасам, шынында да ол үлкенге – іні, кішіге аға бола біліпті. Шахаңның шарапатын көрген адамдар әлі күнге дейін менен қол үзбей, амандық-саулығымды біліп тұрады. Ал жұмыс десе, ішкен асын жерге қоятын. Өзіне жүктелген міндетті мінсіз атқаруға тырысатын. Батыр өмірде тым қарапайым, өте кішіпейіл болды. Өзінің аспандап тұрған қызмет-дәрежесіне, атақ- абыройына, бедел-біліміне қарап, көкірегін көтеріп, менменсіген адам емес. Ол бойындағы ілім-білімін, жүрегіндегі ізгілік, болмысындағы қажыр-қайратын елі үшін, халқы үшін жұмсады десем артық айт- қандық емес.

Ол кезде Коммунистік партия қатарында болсаңыз болды, жұмысқа қайда жұмсаса, сонда барасыз. Мынау маған ұнамайды, анау ұнайды деген таңдау берілмейді сізге. Батырды министрліктен түсірді де Балхашқа, геологиялық экспедицияның бастығы етіп жіберді. Қазір ойланып отырсам, Батырдың ерік-жігері қандай мықты адам деп, пре- зидент, министр болып, президумдарда отырып жүрген адам бір күнде Бетбақтың даласынан бір-ақ шықты. Тағдырының осылай болғанына еш мойыған жоқ. Біріншіден, Батыр өмір бойы өзінің мамандығы гео- логияны жанындай жақсы көрді. Сол жақсы көретін ісіне қайыра оралғанына аса ренжи қоймады, ал геологтар шын мәнінде қуанды десем өтірік емес. Таңертең ерте тұрып гаражға барып, барлаушы- ларды машиналарымен тиісті жұмыстарына жөнелтіп, сосын өзі де жүргізушісін қасына отырғызып, неге екенін білмеймін, машинаны өзі жүргізгенді жақсы көретін, даладағы кен қазып жатқан геологтар- ды аралап, станоктардың қалай жұмыс жасап жатқанын өз көзімен жиі көріп қайтатын.

298 Шахмардан Есенов
Ол кезде Мақсұтбек, Ескендір Мәскеуде оқуда, Шәйза тұрмыста, Алматыда тұратын, тек кенжеміз Сұлтан ғана бізбен бірге. Шіркін, жастық-ай! Үйде отырып жалықты дейтін болар, кейде Батыр даладағы экспедицияға мені де бірге ала кетеді. Аптап ыстық, тоқтауы жоқ аңыраған жел, бірақ қызық! Барған жерімізде геологтар арқа-жарқа болып қарсы алады, Батыр станоктарын аралайды, далада отырып тамақ ішеміз, әңгіме-дүкен құрамыз, түннің бір уағында шаң-шаң болып үйге келеміз. Қонып та қалған кездеріміз болды. Қандай қиындықтар көрсе де, бір рет те шаршадым деп айтқан емес.

Екіншіден, Батыр – атақ, лауазым, байлық қуған адам емес. Ол жан байлығын жоғары бағалайтын. Батыр оқымаған әдебиет, тарих жоқ шығар-ау! Жаны бай болғандықтан да, өз басына түскен ауыртпалыққа философиялық тұрғыдан қарап, пендешілікке ұрынған жоқ. Ешкімді сөге жамандап отырғанын көрген де, естіген де емеспін. Үшіншіден, айналасында өзіне адал берілген достары, әріптестері көп болды. Мысалы, Балқаш металлургия комбинатындағылар Шахаңның жұмысын әуелден біледі, үнемі қарым-қатынаста ғой. Балқашқа келісімен солар бар, өзінің геологтары бар, бірінен кейін бірі қонаққа шақырып, сый-құрметтерін аямады, Батырға моралдық тұрғыдан қолдау көрсете білді.

Қызық болды, бір күні шақырған адамының адресін алмапты, жобамен іздеп келеміз. Батыр: «есігінің алдында ағаш жоқ болса, ол – соның үйі» деп, айтқаны сол еді шақырған адамы есігінің алды тып- типыл үйден шығып тұр. Батырдың жоба-жорамалына бәріміз де күліп жатырмыз. Балхашта орыстар көп тұрды. Олар есігінің алдына түрлі ағаштар, гүл отырғызып жайнатып қояды ғой. Ал біздің қазақтардың малдың қиын үйіп қойып отыра беретінін Батыр байқаған ғой.

Тағы бірде, Батырды бұрын білмейтін, бірақ сырттай естіп, құрмет тұтып жүретін бір қария үйіне қонаққа шақырды. Қойын сойғалы тұ- рып: «Айналайын Шахмардан, елдің атын шығарып жүрген азаматсың ғой, мына қойды тек қана алмаға байлап, өзім бордақыладым, саған арнайы сойып отырмын», – деп, батасын сұрады. Міне, қарапайым жандардың осындай-осындай құрметті қандай қиындық, әділетсіздік көрсе де, құлап қалмай, сүрініп кетпей, жүруіне күш-қуат беріп, үмітін алға жетеледі-ау деп ойлаймын, осы күндері.

Әсіресе, Балқаштағы геологтар Батырдың келгеніне қатты қуанды, жұмысты құлшына істеп, жоспарларын асыра орындады. Бірақ бұл

Адамның қасиеті өзінде емес сөзінде!

299


да жоғарғы жаққа ұнамай, бір жылға жетер-жетпестен экспеди- ция бастығынан босатты. Өзі оқыған Қазақ политехника институты- на оқытушы болғысы келді. Ол жерде де көптеген кедергілер болды, бірақ Батыр өзінің мықтылығын дәлелдеп, конкурсқа түсіп, жеңіп, кафедра меңгерушісі болып өмірінің соңына дейін еңбек етті.

Қазіргі Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтанға да алғысым ерекше. Шахаңның еңбегін елеп, есімін қалдыру үшін сөз көмегін де, іс көмегін де аяған жоқ. Ердің қадірін ер ғана түсінеді.

Батыр үйде де, түзде де өте әділ болатын. Рас, ол ұлттық кадрларды көп өсірді. Өзге ұлт өкілдерін кеудеден итеріп, шетке шығарған жоқ. Талантты, дарындысы болса, бәрін өсірді, көтерді. Ол мынау ағайын- тумам екен деп дарынсыздарды өсірген емес. Кім жұмысты белсеніп істеп, ортақ іске кімнің жаны ашыса, ол сол адамның қолтығынан демеп, абыройын асырып отырды. «...Шахаңның алдынан үлкен де, кіші де риза болып шығатын. Ол шын мәніндегі азамат, қазақ халқының мақтанышы еді» деген пікірді мен емес, әріптестері, бірге талай жыл қызметтес болғандар жиі айтады және бұл пікірлерін баспа беттерінде жазып та жүр.

Шахаңның ұстазы атақты ғалым Қаныш Сәтбаев екенін көпшілік біледі. Ұстазының жетекшілігімен Батыр Жезқазғанда он бір жыл қызмет істеді. Қатардағы барлаушыдан экспедицияның бас инженеріне дейін өсті. Ол Қаныш ағаны өте құрметтейтін, сыйлайтын. Жұмыс бабымен Жезқазғанға келген кезде қонаққа шақырып тұрдық. Бірде шақырушылар көбейіп, біздің үйден таңғы шайды ішетін болды да, сағат сегізде келді. Мақсұтбектің 4 жасар кезі болатын, үйге кірген Қаныш ағаның алдынан жүгіріп шығып: «А, это вы, из-за вас мы не спали, готовились» демесі бар ма. Бала сөзі болса да, Қаныш аға әжептәуір ыңғайсызданып қалды. Өте әңгімешіл, сөзге шешен адам еді. Әр кез Батырға ақыл-кеңесін айтып отыратын. Бірде Абайдың:
...Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап, Әуре етеді, ішіне қулық сақтап,

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап,
деген өлеңін Қаныш аға Батырға қарап отырып екі рет қайталады.

«Ұқтың ба?» деген сұрақтың көкейінде тұрғаны сезіліп-ақ тұрды. Сол

300 Шахмардан Есенов
көрініс жадымда жатталып қалыпты, ойыма түсіп тұрады. Кемеңгерлігі көрініп тұрған жоқ па?! Аз сөзбен көп мағыналы ойды, терең тәрбиені айтып тұр, асыл аға. Әңгімешіл, жаны жайсаң, дастархан үстінде өте қарапайым отыратын адам еді. Кейіннен, Алматыға жұмысқа ауысып келген кезде де Шахаң ұстазы Қаныш ағамен жақсы араласып, әр уақыт жұмыс барысында ақылдасып, сыйласып өтті.

Батырдың өмірі ылғи жаз бен көктем болды десем, өтірік болады. Жүйкесін жұқартып, денсаулығын құртатын небір оқиғалар өтті ғой. Жазықты болса бір жөн-ау, жазықсыз жазаланғаны жанына батып, миына салмақ түсті. Ауруды содан тапты-ау деп ойлаймын. Бұл ойым үшін жаратушы мені кешірсін, бірақ айтпасқа да болмайды. Ешкімге шағынбады, ешкімге барып өкпе-наз айтпады. «Қызмет-қолдың кірі, ең бастысы адамдық қалыпты сақтау керек!» дегенді бізге де, өзгеге де жиі айтып өтті.

Өмірде: «мен өзімді-өзім басқара алатын адаммын» дейтін. Сонысын өмірінің соңына дейін дәлелдеп өтті. Қандай ауыр төрт опе- рацияны басынан өткерсе де, шыдамдылық танытты. «Жаман жан- жағын ала ауырады, жақсы жалғыз ауырады» дегендей, тектілігін көрсетіп, ақыл-есінен алжаспай, бар қиындықты бір өзі көтеріп, өмірден өтті.

Арқа сүйер асқар тауымыз құлағандай күйде көп жүрдім, ендігі жерде балалардың амандығын тіледім. Сөйтіп жүргенде, 2004 жылы ортаншы ұлым Ескендірбек қайтыс болды. Балам әкесі секілді ақжүрек еді, Чернобыльда атом электр станциясында жарылыс болғанда көмектесуге барды. Әкесі алып қалайын дегенде: «Басқалардан менің жаным артық па... ұят болады» деп кете барды. Соның ақыры осындай болды, сәуле өтіп, денсаулығын құртты, біраз жыл науқастың азабын көрді. Қазақ «қырсық – жеті ағайынды» дейді ғой, сол рас-ау деймін. Ескендірбектен кейін үш ай өтер-өтпестен жан құдағиым, Мақсұтбек- тің жары Гүлнарымның анасы Сайда Шамсудинқызы қайтыс болып, одан сайын қайғыдан есеңгіреп қалдым. Әйтпесе, әжептәуір тың едім. Құдағиым Сайда сырласым, мұңдасым еді. Батырым қайтыс болғанда күндіз-түні қасымда болып, қайғымды бөлісіп, күн сайын жағдайымды сұрап, көңіліме демеу берді. Басқа салған соң, бәріне де көнеді екен адам. Өмірдің аяғы осылай болды...

Қазір бізде, балардың, немерелердің амандығын тілегеннен басқа не қалды дейсің. Ел аман, жұрт тыныш болсын. Бүгінгі жастар жақсы

Адамның қасиеті өзінде емес сөзінде!

301


өмір сүру үшін тыныштық керек, қалғаны біртіндеп-біртіндеп жөнге келер-ау.

Ал, Шахаңның еңбегін елеп, кітап шығарғалы жатқан «Мұнайшы» қоғамдық қорына, ондағы азаматтарға алғысым шексіз. «Елінің атын – ері, ерінің атын елі шығарады» деген осы шығар. Шахаңның өзі де

«елім, жұртым» деп, өткен азамат еді...

302 Шахмардан Есенов

Рахмет Аяпбергенұлы

(Ақтау қаласының тұрғыны)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет