Қазақ ономастикасы бүгінгі таңда өз нысанын кеңейтіп, өз алдына тіл ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып, біршама жетістіктерге жетті


Көне түркі тілінде: «Абай жолы» романында



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі18,99 Kb.
#82426
1   2
Байланысты:
Қазақ антропонимикасы

Көне түркі тілінде: «Абай жолы» романында
Акбаш Ақбас
Апа тархан Тархан, Дархан
Ачім Әшім
Бек Бек
Бөке хан Бөке, Бөкей, Буке
Бури-шад, Бури-хан Бөрі, Бөрібай
Орызбай Оразбай
Бұл келтірілген мысалдар біріншіден ,романдағы есімдердің өте еретеден барлығын дәлелдесе ,екіншіден түркі тілдерінің туыстығын дәлелдейді.
Қазақ халқы өзге туыс түркі халықтары тәрізді көршілес отырған халықтармен туысқандық көршілестік қатынаста болған.
Түркі халықтары оның ішінде Орта Азия халықтарының есімдері түрі жағынан бір-біріне өте ұқсас. Бұл халықтар діни ұғымдар негізінде балаларға ат қоюда табиғатқа бас ию сияқты әдет-ғұрыпты сақтушылық болған. Мысалы: «Абай» романындағы есімдерден Таңшолпан, Құдайберді, Күнту, Күлбадан т.б. осындай жағдайдан келіп шыққан.
Бұл мәселеге кезінде Ш.Уалиханов былай деп пікір айтқан: «Ырым мен әдет—ғұрып, салт-санаға тән. » Мысалы: ұлы жоқ ата-аналар кішкене кезінен бастап-ақ қыз балаларға Ұлтуған, Ұлболсын деген есімдерді ырым бойынша қою негізі ұлды қастерлеу, жоғары бағалаудан шықса керек [10;163].
Қазақта ауыз әдебиетімен батырлар есімдеріне байланысты қылып ат қою себебі: халық қамын ойлау, елін, жерін сүйген батырлардай болсын деген үмітпен балаларына ат қойған.
Мысалы: Қобылан, Қамбар, Назым, Құртқа, Қарлыға, Төлеген т.б. осындай есімдерге байланысты «Абай» романындағы есімдерден: Баян, Қамқа, Қамар, Манас, Зылиқа, Жамал сияқты есімдер мен халық сенімі арман тілегі, баланың ұзақ өмір сүруі үшін қойылған аттардан: Мыңжасар, Тұрсын, Жетпіс т.б. есімдер бар. Бұл есімдерде романда жиі ұшырасады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет