1.2 Қазақ теледидарында хабардың пайда болуы мен қалыптасу жолдары
Кеңестік тележурналистиканың басты міндеті – қоғамдық пікірді партияның саясатында белгіленген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес қалыптасытур арқылы аудиторияға тұрақты ықпал ету болды. Сонымен бірге марксизм-ленинизм тұрғысынан қоғамдық өмірдің көкейтесті құбылыстарын түсіндіретін, бағалайтын шығармаларды жасау және тарату, сол заманның жанды тарихын жасау, қоғамдық сананы қалыптастыруға қатысу, көпшіліктің және жекелеген тұлғалардың тәжірибелік қызметін жандандыру, халыққа қоғамдық, экономикалық және мәдени өмірдің маңызды оқиғалары туралы хабарлап отру, тәрбие, ойын-сауық, оқыту құралы ретінде көпшілікке қызмет көрсетудің мәні дәйекетлді.
Ақапарат қызметінің пайда болу үрдісі барлық жергілікті студияларда бір үлгіде өтті. Ол республиканың қоғамдық өміріндегі жаңалықты қамтудан басталып, облыстар мен қалалардың актуальді оқиғалармен аяқталды. Жаңалықтар спорт жарыстарынан шағын сюжеттер ғана беріліп тұрды. Экраннан жастар аудиториясын толғантқан проблемалар, жұмысшылар өмірі, комсомол ұйымның жұмыстары сирек көрсетілді. Өмірдің сан-саласындағы көкейтесті тақырытарға теледидар әлі шынайы түрде тереңдеп бара алмады. Көрермендерді көп ұлтты кеңес әдебиетімен, өнерімен, класиктер шығармаларымен таныстыру, өнер адамдарының мерейтойлық шығармашылық портреттері, өмірбаяндық хабарлар, өнер шеберлерінің концерттері – көркемдік бағыттағы хабарлардың негізгі мазмұнын құрады. Балалар хабарлары жолындағы алғашқы ізденістер басталды. Сөйтіп, Алматы телестудиясының шығармашылық тобы сан бағыттағы беймәлім пішінермен бетпе-бет келіп, газет пен радионың бар мүмкіндігін экранға ыңғайлау жолындағы ізденістерін жылдар бедерінде ұштап отырды.
Алғашқыда телеэкрандағы хабарларды журнал, лекция, хабар, әдеби хабар, әңгіме, сөз, концерт, мультфильм, фото және кинорепортаж, киноочерк, киножурнал, мақала, деректі, ғылми фильм, спектакль, телеқойылым, концерттік трансляция бағытындағы пішіндер мен жанрлар құрады. Келе-келе бұл пішіндер мен жанрлар көрермендер арасында танымалдыққа ие болды. Егер радиожурналистиканың алғашқы кеңестік әрі қазақстандық жанрлары радиогазет шеңберінде дамыса,, ал тележурналистиканың отандық урнал түрінде дамығаның ғылыми тұрығдан айқындалды.
Аудитория көрермені социалситік құрылыс кезінде –ақ телехабарларда талдау, әрі оқиғаға баға берілуін талап етті. Себебі журналситер даярлаған хабарлардағы сюжеттердің шұбалаңқылығы, ақпараттардың көрініссіз ауызекі хабарлануы, тақырыпта түрліліктің болмауы, көкейтесті мәселелерді өткір, көңіл аударатындай көтере білмеу, материалды өңдеудегі ұқыпсыздық, сөзді іріктеп алу мен сөйлемдер құруға байсалды қарамау және телехабарларды эфирден берудегі жйесіздік секілді кемшіліктерден көрініп отырды.
Хабарлар құрылымын түрлендіру, мазмұынын байыту, идеялық дәрежесін көтеру бағытындағы кейбір ізденістер тиімділікке қол жеткізсе де, телехабарлардың қалыптасу кезеңінде қиындықтар:а) теледидар жүйесі құрылымндағы ізденістердің баяу жүруі; ә) телеөндіріс табиғаты мен ерекшеліктерін ескермеу; б) кадрлар даярлаудағы босаңдық; в) шығармашылық құрамды қайта даярлауға мән берушілік; г) республика аумағында курстық жүйені өркендетуге көңіл бөлмеуден орын алды. Алайда партия қоғам өміріндегі қуатты қаруға бей-жай қарамыд. Кеңестік кезеңдегі теледидарға партиялық басшылық мынаны көрсетті: идеологиядағы жаңа, маңызды жүйе – теледидардың қалыптасу мен дамуына партия ұйымдарының жан-жақты көмек көрсетулері, күн тәртібіндегі мәселелерді теледидар қызметкерінің дкр кезінде айқындауларында жоғарыдан бағыт-бағдардың үнемі беріліп отыруы, теледидар кадрларын жасақтауға партия ұйымдарының қамқорлығы мен олардың кәсіби шеберлігін ұштауларында қажетті шараларды жүзеге асырулары, радиотелевизиялық өндірісті дамыту мен телевизиялық хабарлар таратудың материалдық-техникалық базасын нығайту, теледидардың программаларды қабылдау жүйесін ұлайтуға үнемі қамқорлық жасағаны, зор ықпал еткені көрсетілді.
Телевизия – уақытепен бірге дамып,елмен бірге өзгеріп, қоғаммен тығыз бірлікте қанатын жая түсті. Жастық жалынды хабарлар тобы да экранға шықты. Қазақ телевизиясының көркемдік жағын басқарған С. Шәріпов Қазақ телевизиясының он жылдық табысын тарзылай отыры, оның негізгі қызметін дә де айқын көрсетті.
Тележурналистер кезеңге сай өз хабарларында экономика мен өндіріске ғылыми басшылық жасауға батылдық әрі тереңірек үңіле бастады. Себебі уақыт сұранысына ора «Еңбек экраны», «Алматы және алматылықтар», «Уақыт және стиль», «Жаныңда жүр жақсы адам» т.б. хабарлар көрермендер тарапынан жыл қабылданды. Хабарларда заттық игілікті өз қолдарымен жсаушы еңбек адамдарының сан алуан бейнелері, өндірістік процестермен бірлікте жан-жақты ашылды. Жетпісінші жылдары экранда өндірісті басқаруды жетілдіру жөніндегі телевизиялық «Тимур» циклы мен артта қалған бригадалардың алдыңғылар сапына қосылуына көмектесуді мақсат ететін «Агрегат-13» хабарының тиімділігі айтарлықтай.
Қазақ телехабарының алғашқы айда болу, қалыптасу кезеңінде экранның барлық қырлары мен сипаты өз табиғатын толық ашпады, синкреттік өнер мүмкіндігі барынша пайдаланылмады. Себебі білімді кадрлардың аздығы , әрі синкретті өнер түрінің өзіне тән табиғилығын тануға техникалық және шығармашылық топтағы мамандардың білім-білігі мен парасат-пайымы жете бермеді. «Теледидарда бәрі де әрекетте, ол миллиондаған адамдардың көз алдында жүруді үйренуде. Ол өнер теориясының дәстүрлі сұрақтарын уақыт өткен сайын қайталап қоюда»,-деген пікір осының дәлелі.
Теледидардың басты мақсаты – аудиторияға ақпарат тарату, идеологиялық тәрбие мен насихат жұмысын жүргізу, саяси-мәдени, экономикалық саладағы хабарлар көлемін өсіру. Ақпараттық және өзге де саладағы хабарлар қатаң саяси сүзгіден өтіп, сюжеттеде тәрбиелілікті көрсету талап етілді. Журналистер қауымы ақпаратың оқиғалылығына баса назар аудара отырып, республиканың халық және ауылшаруашылығы, еңбек ерлері мен мәдениет қайраткерлерін, партияның қаулы-қарарларына орай жоспарын орындаған ұымдар мен еңбек озаттарын арқау етуі өз шығармаларының жанрлық әрі пішіндік, мәтіндік өзгеше сипатынан көрінеді.
Шығармашылыққа кеңестік кезеңнің тар қыспағы, қатаң партиялық бақылау, ұлттық бағыттағы рухани шектеушілік өз зияныны тигізді. Білікті әрі білімді кадрлар даярлаудағы жіберілген кемшіліктер, телеөнердің құпия сырларын ұғына алмаушылық, телехабардың көркемдік-идеялық мазмұныныдағы олқылықтар телестудияның аудиториямен қоян-қолтық араласуына кедергі келтірді. Осындай кемшіліктерге қарамасатан, теледидардың қоғамның тәрбиешілік, ағартушылық, көңіл-көтерушілік бағыттағы табыстары аудитория үшін нәтижелі болды. Телеэкрандағы шығармашылық және техникалық топ сан алуан жүйедегі тақырыптық бағытын айқындап, ол қоғамның күнделікті ақпарат алатын ауқымды аймағына айналды. Алғашқы хабардағы пішін уақыт ағымының аясында өзгеріске түсе отырып, ол болашақтағы тағылымды дүниелерге негіз қалады. Қазақ телехабарының қалыптасу, даму жолдары теледидардағы шығармашылықы және техникалыұ топ үшін үйрену, іздену үрдісіне толық кезең болды.
Достарыңызбен бөлісу: |