Қорытындыда ұлттық тележурналистикамыздың қалыптасу, даму жолдарын қарастырып, әр кезеңдегі құрылымы, сипаты, мазмұны, көркемдік қуаты, жаңалық үрдісін айқындап, нақты тұжырым жасадық. Әрі жарты ғасырға жуық тарихы бар отандық тележурналистиканың табиғаты айқындалып, сараланды. Теледидардың газет, театр, радио, кинопублицистикадан өзгешеліктері мен көріністі айқындаушы құралдарының бір-бірлеріне ұқсастықтары пайымдалды. Тележурналистика туралы алыс-жақын шетел ғалымдары мен зерттеушілердің тұжырымдарына талдау жасалынды. Тележурналистиканың тектік тұрғыдан үш топқа жіктелген жүйелері: тележурналистиканың түрлік жағынан қоғамдық-саяси, экономикалық, моральдық-этикалық, әдеби, сыни, ғылыми-танымдық біртектілігі; жанрлық түрлері: стильдік тұрғыдағы публицистикалық-полемикалық, үгітшілік, насихатшылық, сатиралық, эпистолярлық, талдамалы-сыни, деректі, іскерлік шығармалар; кеңестік дәуірдегі ағартушылық, үгітшілік, насихатшылық, ұйымдастырушылық, әшкерелеушілік, анықтамалық, жарнамалық қызметтерінің ерекшеліктері мен кейбір спецификалық өзгешеліктеріне сай өнердің ұтымды түрі екендігі дәлелденді. Теледидардың өзіне тән ерекшеліктері мен спецификалық мүмкіндіктері қарастырылды. Тәуелсіздік кезеңдегі ақпараттағы жаңа технологиялар, демократиялық қоғамдағы өзгерістер, телехабарлардың түрі мен пішіні әрі мазмұндық-ақпараттық мәні сараланды.
Зерттеудің нәтижесінде Қазақ тележурналистикасының пайда болу, қалыптасу және даму кезеңдерін үш кезеңге бөлдік:
Қазақ тележурналистикасының пайда болу, қалыптасу кезеңі (1958-1970 жж);
Қазақ тележурналистикасының даму, өркендеу кезеңі (1970-1991 жж);
Тәуелсіздік кезеңіндегі ұлттық тележурналистика (1991 жылдан бастап).
Бүгінгі рухани, мәдени кеңістігімізде өзіне лайық орнын белгіліп алған
тележурналистикамыздың жанрлық сипаты, белгілері, көркемдік-бейнелеуші құралдары, импровизациялық ерекшеліктері мен эфирге даярлық процестері, тележүргізушілердің білік өресі, экрандағы сөз талғамы, хабар жүргізу ұстанымдары, теледидардың синкреттілігі, аудиторияның бағдарламаны бағалауы мен бейнеинженердің көрініс пен сөз сайысын телеэкранға көшіру кезіндегі әдіс-амалдары, оператордың көріністі түсіру кезіндегі ой шапшаңдығы мен режиссердің монтаждау кезіндегі шеберлік қырлары т.б. сипаттарды саралап, дәйектеу әлденеше ғылыми зерттеулердің нысаны болуға лайық екендігіне жұмысты жазу барысында көз жеткіздік.
Түйіндей келгенде, қазақ тележурналистикасы – заманының жаршысы, кезеңінің тамыршысы, көпшіліктің тілі бола отырып, өткен ғасырдың ғажап көріністерін, өзінің жанды даусымен, кейіпкерінің көңіл-күйіндегі
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Тұрсын Қ. Қазақ тележурналистикасы: қалыптасу, даму проблемалары / Алматы: Білім, 2006.-352б.
2. Тележурналист анықтамалығы / Алматы: 2005
3. Барманкулов М.К. Вехи эфирной истории / Алматы: 1981
4. Бекниязов Т. ҚР заңдары мен БАҚ практикасы/А: 2001.-31б.
5. Масғұтов С. Көгілдір экран - өмір айнасы / Алматы: 1976
6. Кузнецов Г. В. Телевизионная журналистика / М:.2002
7. Цвик В.Л. Телевизионная журналистика /М:. 2002
Достарыңызбен бөлісу: |