Қазақ телехабарларының Қалыптасу проблематикасы 1Отандық тележурналистика тарихы 3


Тележурналистикадағы жаңа тенденциялар



бет9/12
Дата06.02.2022
өлшемі227 Kb.
#81434
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
stud.kz-100004

3.2 Тележурналистикадағы жаңа тенденциялар


Қоғамдағы демократиялық үрдстер мен әлемдік жаһандану дәуірінде теледидар: а) меншік түрі және қаржыландыру әдісі; б) хабар таратушы мен өндіруші арасындағы қатынас; в) мемлекеттік бақылау дәрежесінде әрекет жасағаны қажет деп пайым жасалды. Меншік түрі мен қаржыландыру түріне қарай теледидарды: мемлекеттік, мемлекеттік емес, аралас деп шартты түрде үшке бөлуге болады.


Қазақ теледидарындағы демократиялық өзгерістердің басталуына Ресейдің «Көзқарас», «Прожектор», «12-ші қабат» және отандық журналистердің «Парыз бен қарыз», «Біз», «Ар», «Ақиқат», «Ұлт және сана» т.б. телебағдарламалары негіз қалады. Әріптсестері С. Әшімбаев жайлы: ол «қоғам жарасының аузын ашты және солай етіп адамдарды ойлауға итермеледі», - деп жазды.


Демократиялық қоғам кезеңінде мемлекеттік теледидарды сақтау: біріншіден, атқарушы орын әрі Парламенттің көпшілік ақыл-ойы мен саяси еркін толықтай білдіруге дәрменсіздігі, екіншіден, БАҚ халық пен өкімет арасындағы дәнекерші рөлін атқаруы, үшіншіден, теледидар көпшіліктің саяси және экономикалық саладағы сауаттылығын көтеріп, азаматтық қоғам түзуге жәрдем көрсетіп, демократияның нығая түсуіне көмек жасауы, төртіншіден, жаңадан орнығу шағында демократиялық үрдістің керек екендігін уақыттың талап етуінен деп түйіндеуге болады. Сондықтан әлеуметтік институттарға қолдау білдіріп, олардың сөз бостандығын конституциялық шеңберде пайдалануына бақылауды босаңсытпау – кезең талабы.


Сексенінші жылдардың соңына қарай кеңестік журналистика алдында шешуін күткен өзекті мәселелер бой көтерді. Олар, біріншіден, коммунистік партократия мен БАҚ арасындағы шиеленістің күшейе түсуіне, екіншіден, журналистиканың мемлекетпен, қоғамдық ұйымдармен және көрермендермен арақатынасындағы өзгерістерге, үшіншіден, теледидар хабарларының ішкі мазмұнына, белсенді ұстанымына келіп табан тіреді.


Теледидардың даму жолындағы кемшіліктерге: арналар санының шектен тыс өсуі және хабар таратудағы бәсекелестіктің әлсіздігі, біртектес, арзанқол әрі рухани-әдептілік көзқарас тұрғысынан күмәнді, теле-думан тәрізді хабарлардың өсу бағдарының байқалуы, шетелдік телесериалдар кейіпкерлерінің жастар арасында жағымды үлгіге айналып, осыдан қылмысты істердің көбеюі, балалар мен жастарға арналған талдамалы бағдарламалар санының қысқаруы, теледидардың сапалық ұстанымы “хабардар ету, білім тарату, көңіл көтерудің” бедел соңынан қуушылық нәтижесінде орындала бермеушілігі, теледидарда талғамсыз хабарлар санының өсуі, хабар тарату саласында салиқалы мемлекеттік саясаттың, арнайы заңның жоқтығын жатқыздық.


“Төртінші билік” аталған БАҚ-ты дамытудағы басымдылық: БАҚ қызметінің заңдық негіздерін жетілдіру салықтың жеңілдік жүйесі мен коммуникациялық желілерге шетелдік несиені кеңінен пайдалану, еңбекті, қаржыны бір қолға шоғырландыратын біртұтас ірі ақпарат концерніне біріктіру арқылы жалпыұлттық БАҚ-ты мемлекеттік реттеу, ҚР ұлттық ақпарат саясатының жаңа айқындамасын жүзеге асыруға берілуі тиіс деп байлам жасуға болады.


Бағдарлама авторы кейіпкерінің өмір жолын толық білумен ғана шектелмей, оның парасат-пайымы, қоғам жайлы толғаныс-толқыныстарын, арманадары мен уақыт ағымына сыншылдығын қапысыз тануы, әрі бүгінгі ұрпақтың кешеден жалғасқан ұлттық дәстүр мен ұлттық сипатқа деген көзқарасы, пікір – талғамын тамыршыдай дәл бақылап-байқай білу керек. Себебі, бүгінде көптеген салт-дәстүрдің өз тамырынан қол үзіп, бет-бейнесін, мән-мағынасын жоғалтып, не кезеңге ыңғайласа алмағандығы. Дегенмен, тәуелсіздік тұсында хабарлардың саны да, сапасы да өркенниетті бағытқа қарай бетбұрыс жасады. Бұл экрандағы “Мезгіл”, “Елден хабар”, “Мәуліт”, “Күй-аманат”, “Жер-жаһанға саяхат”, “Ән мен әнші”, “Терме”, “Шыңның жүзі”, “Достық”, “Кітап әлемі”, “Үзеңгі жолдас”, “Ұмытпаңдар мені”, “Бар мен жоқ”, “Аңсар”, “Қазақтың жаны” т.б. хабарлар арқылы дәйектеледі.


Уақыт кезеңіне сай Қазақ теледидарындағы жаңаша ұйымдастырушылық және қақырыптық өзгерістер нәтижесінде мынадай жаңалықтар өмірге келді: телебағдарламаларды даярлау кезіндегі теңгермешілік ұстанымы, хабарлардағы көптілділік, кезеңге сай өзіндік бағдардарламалар жасауға бет бұрушылық, теледидардағы хабар тарату көлемінің өсуі, хабар таратудағы ескі түрлердің жаңарып, жаңа түрлердің пайда болуы, бағдарламалардағы жанрлық және пішіндік өзгерістердің белең алуы.


Демократияның сындарлы проблемалары – жаңаша ойлау, істің бәрін бүгінгі заман талабына сай құру, демократияның орасан зор әлеуметтік мүмкіндіктерін ашуға айтарлықтай ат салысу. Егер оларды нақтылы тұжырымдап айтатын болсақ: мемлекеттік БАҚ-тың тиісті конституциялық қағида-қалыптары басшылыққа алынып, оларды толық сақталуы, Ата Заңда жазылған негізгі ұстанымдары халыққа кеңінен түсіндіріп, насихаттап отыруы, еліміздің тәуелсіздігін көздің қарашығындай қорғап-қолдауды көпшілік бойына сіңіруі, жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени реформалардың басты стратегиялық бағытын құптап, көрерменге жеткізуі, Президенттің ұлтаралық қарым-қатынастар жөніндегі байсалды саясатын аудиторияға кеңінен түсіндіруі т.б.


Сонымен жұмыста әлемдік өркениет жетістіктерінің адамзат мүддесіне қызмет етуі, ұлттың, этностардың, шағын топтардың мүддесіне жауап беруі, демократиялық кезеңдегі ақпараттық қоғамның барған сайын көпшілік тарапынан кең қолдау табуы, әрі БАҚ-тың қоғамдағы орны анықталып, тәуелсіздік тұғырында одан әрі айқын бедерлене түсуі нақтылы дәйектермен баяндалады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет