Қазақ телехабарларының Қалыптасу проблематикасы 1Отандық тележурналистика тарихы 3


ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКА ТАБИҒАТЫ МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ



бет10/12
Дата06.02.2022
өлшемі227 Kb.
#81434
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
stud.kz-100004

4 ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКА ТАБИҒАТЫ МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ

4.1 Тележурналистикасының табиғаты мен бейнелеуші құралдары


Тележурналистиканың табиғаты мен бейнелеуші құралдары Тележурналистиканың өзіндік табиғаты айқындалып, экрандағы көріністі түрлендіретін сан алуан бейнелеуші құралдардың өзара іштей бірлігінің мәні ашылады.


Жаңа ақпарат ғасыры кезеңінде жоғары дәрежеде дамыған технлогияның көмегімен, қоғамдық көңіл-күйде, қарқынды түрде эволюциялық процесс жүріп жатыр. Сондықтан теледидар табиғаты, тележүргізушінің қызметі қандай деген мәселенің алдыңғы кезекке шығуы заңды болып табылады. Жаңа ақпараттық ғасыр кезеңінде электронды БАҚ көпшіліктің дүниетанымын, өзіндік көзқарасын қалыптастыруда ерекше белменділік танытуда. Өйткені бүгінде әлем қарқынды өзгеріп, тез жаңаруда. Сондықтан адамзат өркениетінің әлемдік даму эволюциясы қоғамдағы жеке адамның сезім-күйіне ақпараттың барлық түрімен әсер етуде деген тоқтамға келдік.


Теледидар өз бойына театр мен киноның, баспасөз бен радионың сан қырын тоғыстырған синкретті өнер болғандықтан, оның табиғатының күрделілігі өз-өзінен айқындала түседі. Ол тележурналистиканың негізгі бейнелеу элементтері жанды көрініс пен дыбыс, мәнерлі сөз арқылы аудиториямен байланыс орнатады. Тележурналистер күнделікті ағымдағы жай ақпараттан бастап қоғамдық проблемаларды қозғайтын күрделі хабарларға дейінгі шығармашылық процесті жүзеге асыруға үздіксіз қатысып отырады. Ал публицистер осы мәселелерді түрлік-мазмұндық жағынан байытып, онда сындарлы идеялар мен терең ойлар айтылуына тікелей қатысатын тұлғалар. Экранда кәсіби жетілген, сол саланы жан-жақты ашатын әрі оны көрерменге талдап, саралап беретін тележурналист те телепублицист те қызметін атқара береді. Бұл телепублицисттің күнделікті өмір ағымына ілесіп, не озып отыруын қажет етеді. Профессор Э.Г. Багировтың «Природу телевидения составляет не только то, что отличает их от традиционных средств информации», - дегеніндей, телепублицистика табиғатынан журналистика, әрі көркем әдебиетпен ұқсастықтары ғана емес, өзіндік айырмашылықтарымен де ерекшеленеді. Осыдан тележурналистиканың публицистік мақсат-мұраттарды жүзеге асыруға қолайлы әлеуметтік институт екендігі байқалады. Заман шежіресі және оқиғалар мен құбылыстардың нақты сипаты көркемдік-бейнелеу құралдары арқылы телеэкранда бедерленеді. Публицистикадағы жалпылау мен типтендірудің дедукциялық және индукциялық әдістері баспасөздің, радионың, әдебиеттің жанрларындағы қасиеттермен ұштасып, сабақтасады. Көркем-публицистикалық, талдамалы, ақпараттық жанрларда теледидар тілі, бейнелеуші-акустикалық құралдардың бейнені көркемдеп, кескіндемені аша түсіп, оны түрлендіріп жіберетін мүмкіндігі ерекше.


Тележурналистикадағы табиғи әңгімелеудегі көрініс пен сөздің астасып, бір-біріне кірігуіндегі, олардың көрнекілігі, сөздің саздылығы, үнділігі, әуезділігінің басым болуы, құлаққа жағымды, кадрден тыс мәтіннің қоңыр үнмен жұмсақ оқылатыны, тіл күрмейтін тұтқырлықтан ада, жай сөйлемдердің молдығы, көрерменнің көкейіндегі ойды қозғауы, сценарийдің ықшам, қарапайым тілмен, шымыр әрі жинақы жазылу әдіс – көрерменді жаңалығымен баурауы шарт. «Бейнелеуші сөзде өзінің табиғи элементтері қоса берілетін болса, оны аудитория жақсы қабылдайды. Өйткені бұл жеке оймен, әсерлермен және естеліктермен оны байыта түседі». Аудитория хабардағы әңгімелеуде өзгелерді қайталамайтын, басқа туындыларға ұқсамайтын, дербес, бөлек бітімді құбылысты тағатсыздана күтеді.


Экрандағы шешуші әрі басты тұлғаның бірі – режиссер. «Режиссер,- дейді В.Мейерхольд, - театр өнерін құрастыратын нәрсенің бәрін де білуге тиіс». Ол сценарийдің мазмұн – идеясы мен автор ойын жан дүниесінде қорытып, детальдар мен штрихтарды жүйелеп, бір ізге салады. Әдеби сценарийге қаныққан режиссер, продюсермен бірлікте хабар құрылымы, ондағы кейіпкер бейнесін ашуға қатысатын техникалық құраладар мүмкіндігін елеп-екшеп, режиссерлік сценарийдің жобасын құрастырады. Нәтижесінде хабар продюсері мен режиссер арасындағы ізденіс шығармашылық бірлестікке ұласады. Соған сай, жұмыста режиссердің хабарды қандай түр-пішінмен беруді ойластырып, тақырып өзектілігі мен қатысушы кейіпкерлер білігін де сарапқа салатындығы айқындалады.


Теледидардағы көрініс пен сөзді көрерменге жеткізетін – телеоператор. Ол өмірдің сан алуан бояуы мен суретке толы кезеңдерінен көпшілік көңіліне ұялайтын көркем үзігін камера көзіне лайықтап, соны аудиторияға ұсынады. «Камераны қолданушы суреткердің позициясын ұғынудың маңызы өте зор,- дейді М.Ромм. – Бір кезде камера бейтарап бақылаушы, яки қатал төреші тұрғысынан ғана қызмет атқаратын. Бірақ бұл екі жағдайда да, ол оқиғаны тек қана сырттай бақылайтын еді. Қазір камера оқиғаға белсене араласатын болды». Камера обьективі оқиғаның тақырыпқа қатысты елеулі тұстарын алып, оның барынша көркем, әсерлілігіне мән береді. Зерттеуде оператордың назарына ілігетін ұрымтал көріністер, оның қырағы көзінен таса қалмауға тиіс екендігіне баға берілді.


Публицистика жанрларындағы баяндау, суреттеу, толғаныс пен тілдесуді қиыстырып қолдану – сценарийдің шырайын арттырады. Осыларды біріктіре қолдану мен пайдалану нәтижесінде телепублицистің өзіндік қолтаңбасы, даралық мәнері байқалады. Авторлық қолтаңбада өзіндік әдіс-тәсілдер көрінуі шарт, әйтпесе шығармашылық ерекшелік айқындалмайды. Демек, “…камера мен микрафон, яғни сурет пен сөз бір-бірін қайталамай, бір-бірін тоықтырғаны жөн. Адам сөйлеп тұрғанда камера жұмыс процесін көрстуге тиіс”,-деген К. Смайлов пікірі орынды.


Телекөрерменнің сөзді қабылдауға бейім екендігі ақиқат. Теледидардағы “әңгімелесу” жанрлары - әңгіме, сұхбат, теле-думан сөз арқылы аудиториямен байланысқа түседі. Көрермен экраннан жаңа бейнелер мен соны пішіндерді іздеп, соны көргенді қалайды. Ал экранның техникалық мүмкіндіктері орасан мол. Оған режиссер мен оператордың, автор мен бейнеинженердің қабілет-қарымы жетсе, өзгесін сандық технология атқарады. Вл. Саппактың “Көрініске” ерекше таңданыс білідрген, болашақты елестеткен болжамы немесе, И. Андронниковтың “сөзге” табынған сөз құдіретін мойындаған көрегенділігі бүгінде ақиқатқа айналып отыр. Теледидар әлденеше өнердің тоғысынан пайда болғандықтан, онда сөз де, көрініс те өте маңызды. Жанрлар әр тектілігіне орай бір хабарда сөз маңызды рөл атақараса, өзге хабарда көріністің мол болуы, олардың маңызы мен мәнін ешқашен да төмендетпейді. Экрандағы көрініс пен сөздің тұтастығы көрермен санасын жаулап, синкретті өнердің мазмұн байлығы аудиторияны студия мен іштей өзектестік байланыста ұстайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет