4.2 Демократиялық қоғамдағы телевизияның даму бағыттары
ХХІ ғасырға қадам басқан отандық теледидар қоғамдық-саяси әлеуметтік – экономикалық, ухани-мәдени салада түбірлі түрде өзгеріске түсті. Жұмыста бұл мәселе былайша жіктелінді: көпшілік аудиториясына қызмет ететін, көңіл көтеретін, әрі басты ақпараттық хабар тарату құралы екендігі дәлелденді. “Екінші шындықты” құра отырып, телдидар біздің ақиқат әлемге деген қатынасымызды түзді және интеллектуалдық, эмоционалдық, ұнамдылық бейнемізді қалыптастырып, өз кезеңінде адамды психологиялық жағынан басқару дәрежесіне дейін кқтерілді, өзінің қоғамдық міндетін жүзеге асыру үшін қуатты техника-технологиялық ресурстар мен және көркемдеуші – бейнелеуші құралдармен қаруланған теледидар қоғамдық көңіл-күйді құбылтатын құдіретке жетті.
Зерттеу барысында Қазақстан теледидарының қызмет өрісінде мына құрамдардың тықсырылуын байқадық: әлеуметтік-интегральдық (әлеуметтік-басқарушылық пайдасына), мәдени – ағартушылық (көңіл көтерушілкпен орын ауыстыруда), ұнамдылық-тәрбиелілік (көпшілік арзан қол бағдарламалардың тасасында қалуы). Теледидарға мемлекеттік қысым үрдісінің үдей түсуі бағдарламалардағы көп бейнеліліктің жоғалуына әрі биліктің оппозициялық потенциалдығына әкеліп, ол өз кезегінде ұуатты мемлекеттік баламалы (үкіметпен бірігу) және коммерциялық (капиталмен бірігу) нәтижесінде қоғамдық теледидардың пайда болу мүмкіндігінің туындауына алып келетіндігі пайымдалды. Телдидарды халықаралық құндылықтармен жабдықтау, өз кезеңінде ұлттық дәстүр мен мәдениеттегі шекараны, біртіндеп әлемдегі ортақ қауымдасу жағына қарай жақындатуы мүмкін. Алайда қандай да бір елдің теледидары “әлемдік қауымдастыққа” бет алмасын, экрандағы хабардың өн бойында технологиялық деттерминдеу арқылы ұлттың өзгешелігі мен ондағы бірыңғайлық бағдары үнемі байқалып тұрады. Америка – Канада теоретигі М: Моклюннің теледидар әлемді “кең ауқымды деревняға” айналдырады, ал оның әрбір тұрғыны көршіде болып жатқан оқиғадан хабардар болып отырады, - деген болжамы бүгінде шындыққа айналуда.
Әлемдік тәжірибеге сай, отандық құқықтық актіні негізге алар болсақ, онда электрондық ақпарат жүйесінде меншіктің: мемлекеттік; мемлекеттік кооперативтік, акциионерлік, жалгерлік, қоғамдық, жекеменшіктік, аралас түрлерінің жүзеге асқаны орынды. Бүгінгі таңда ел теледидары бірте-бірте әлемдік ақпараттық теле алмасуға жақындап келеді. Бұл өз кезегінде экрандағы дифференциалдылық пен арналардың түрленуіне алып келетін бірден – бір жол.
Интерактивтік телдидардың өмірімізге кірігуі жақын он жылдықтардың үлесінде. Ал кабельдік теледидардың дамуы бүгінде жаңа кезеңге аяқ басты. Олар екі жақты жүйенің сервистік қызмет көлемінің ұлғаюы-ол электр энергиясының жұмсалу мөлшері, су мен газдың есебін айырбастауға (телебанкинг) және тауарды таңдап, сатып алу (телешопинг) қызметін де бірлікте атқара алады. Сандық телдидардың артықшылығы – оның интерактивтілігі. Жеке дара технологияның бір-біріне жақындасуы, теледидар алдында қосымша мүмкіндіктер ашып отыр олар: бейнені тапсырыспен көру. Сараптау нәтижелері көрсеткендей, бүгінгі күні ақпарат тарату саласында басты мәсеелер мыналар болып табылады: шетелдік БАҚ өнімдерінің елдің ақпараттық базарына құйылуының үдей түсуі, сыртқы ақпараттық әсердің артуына соғады. Қоғамды ақапаратсыздандыратын, оның тұрақтылығына қауіп төндіретін, жеке топтардың саяси – экономикалық мүдделері ақпараттық соғысқа алып келіп, оның нәтижесінде саясат медиаландырылады. Соған сай, көпшілік коммуникация жаћандануының көрінісін былайша жүйеледік: ақпарат тасқынының күрт өсуі, ақпараттық өндіріске қаржы ағынының шапшаңдауы мен қомақтылығы, жаңа коммуникациялық қызмет көрсететін жүйелердің құрылуы, коммуникациялық үрдістерге жаңа күштердің тартылуы.
Жаћандық ақпарат алмасудың тағы бір әдіс-тәсілдері халықаралық жиындар, өндірістік лездемелер, журналистік шеберлікті ұстарту мектептерінің жұмыстарынан байқалуы тиіс. Осы тұрғыда, Еуразиялық Медиа Форумның тәжірибелері құптарлық. Мұның мақсаттары былайша сараланды: Еуразия елдерінің ақпараттық кеңістігін кеңейту, кәсіби және шығармашылық байланыстарды нығайту, осы заманғы журналистиканың дамуындағы негізгі үрдістерге талдау, медиа жобалар мен бастамаларға қолдау көрсету және талдау жасау, білім мен тәжірибе алмасу, Еуразия елдеріндегі жетекші БАҚ-та оқыту және тәжірибеден өткізу мүмкіндігін туғызу, БАҚ саласында реформаларды жүзеге асыру, билік пен БАҚ-тың арасындағы өзара қатынасты талдау, БАҚ саласындағы ең жаңа технологияларды дамытуға жәрдемдесу.
Республикадағы жаңа ақпараттық хабар тарату үлгісі ішкі резервті пайдаланумен қатар кәсіпкерлік, жеке меншік, кабельдік ақпарат тарату құралдарын, сондай-ақ, халықаралық жерсеріктік арналар, әрі трансұлттық мүмкіндіктерді бірлікте қарастыруды күн тәртібіне қойып отыр. Осының бәрі ұлттық БАҚ-тың дұрыс жол таңдауына үнемі талдау мен зерттеу жүргізу қажеттігін айқын көрсетуде, олар: телекомпанияның қаржылық мүмкіндіктерін тележабдықтарды қайта жаңғыртуға, мемлекеттік саясат пен демократиялық қоғамда тиімді жұмыс істеу үшін теледидарды дамытудың соны тұжырымдамасын жасауға, көпұлтты қоғамның талап-тілегіне сай, түрлі бағыттағы телеарналарды құруға, әрі мұның болашақта құрылатын қоғамдық теледидардың дамуына септігі тиетін тұстарын ойластыруға, Қазақстан Республикасының теледидары мен радиосының әлемдік ақпарат кеңістігіне қосылуы үшін мемлекеттік теледидардың техникалық, технологиялық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.
Журналистиканың қоғамдағы алатын орны, маңызы туралы ЮНЕСКО профессоры Н.Омашев: «Еріксіз келісетін бір нәрсе бар. Ресейде көтерілістер болған кезде әлгі қарулы топтар Останкино мұнарасының алдына жиналды. ...Балтық жағалауы мемлекеттерінде де сол жағдай қайталанды. Неге барып Парламентті басып алмайды? Өйткені, онда күш жоқ. Билік біздің қолда дегенді айту үшін БАҚ керек. Сондықтан бұл жерде журналистика бірінші биліктен де зор болып тұр», - деп ой түйіндейді. Демек, БАҚ-тың мүмкіндігі шектеусіз, әрі аудиторияға әсер етушілік қарымы өлшеусіз екен.
Соған орай, жаңа кезеңдегі хабар таратудағы тақырыптар мына бағытта өрбігені орынды: тарихтың жаңа, беймәлім деректерін бар қырынан көрсету, ұлт санасы мен ұлттық салт-дәстүрдегі қайта өрлеу ұстанымдары, әлемдік қауымдастық интеграциясына бағыт ұстану, экономиканың дамуындағы нарықтық қатынас, көңіл-көтерушілік бағыттағы сюжеттер.
Бүгінгі таңда қоғам ырғақты дамып келеді. Саналы, көкірегі ояу халық ұраншылдықтан гөрі ұтымдылықты, өміршңдікпен ойластырылған шынайы мақсаттарды қалайды. Ақиқат демократия көпшілікті қашанда ізгі ойларға жетелейді. Сондықтан отандық теледидар ұстанымы да осы болуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |