Қазақ телехабарларының Қалыптасу проблематикасы 1Отандық тележурналистика тарихы 3


Телепублицист стилі мен кейіпкер әлемін ашу ұстанымдары



бет6/12
Дата06.02.2022
өлшемі227 Kb.
#81434
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
stud.kz-100004

2.2 Телепублицист стилі мен кейіпкер әлемін ашу ұстанымдары


Адам мен қоғамдық болмыс, саяси мүдде мен қоршаған табиғи орта арасындағы әлеуметтік-экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуын телебағдарламаларға талдау жасай отырып, қарастырылған.


Телешығармашылық қай кезеңде де журналсит өмірінің бір бөлшегі. Сондықтан, журналистен талап етілетін жиынтықтар біріншіден, дерек қай шығарманың болсын арқа сүйейтін, сілтеме жасайтын негізгі нысаны болып табылады. Екіншіден, журналистің туындысы қоғамдағы мәселеге қатысты жазылып, оған талдау жасалынады. Үшіншіден, оқырман-тыңдарман-көрермен БАҚ-тан сөз бен істің бірлігін іздей отырып, журналистің шығармасынан шыншыл сезімді табуға талпынады. Төртіншіден, материалға жан-жақты әрі байыпты талдау, бірліктердің тұтастығы, сезімге ой тастайтын, ойландыратын пікірлер жиынтығы да керек. Тележурналист пайымы арқылы өмірге келген туындыда осы мәселелр бір-бірімен байланысса, шығарма арқауы ширап, көрініс жанданып, экран сырбаздана түседі.


Қ.Қорғановтың “Үш бәйтерек” телеповесі арқылы айтары бар, ойлы, танымды тұлғалар экранға шықты. “Ақ тарының” атасы Ш. Берсиев, “ақ күріштің” академигі Ы. Жақаев, “төрт түліктің” бірлігі Ж. Қуанышбаев кейіпкерлері болған экран туындысы жасанды тартыстардан, жасық ойлардан арылып, бүгінгі әлемдік өркениет додасына ой қосуға ұмтылған жаңа заман кейіпкерлерінің жан-дүниесін аршып көрсетуге ұмтылыс танытқан. Себебі көрермен журналистердің сезімі арқылы терең ойларға, биік мұраттарға бой ұрады, әрі жүргізуші хабардың өн бойында көрермендерін эстетикалқы ұстанымдарға жетелейді.


Тележурналист халықтық идеалға, озық идеяға бой ұрған сайын, оның даралығы айқындала түседі. Сондықтан тележурналистердің сценарийде тың идеялар мен терей ойлары, шынай ысезімдері қозғап, көркемдіктің кестесін өркендетуі қандай дәрежеде деген сұрақтың жауаптары нақтыланды. Телеэкрандағы жинақылық-нақтылық-ықшамдылық әдістері саралана, жүргізушідегі интеллектуалдық ағымдылық пен жинақылық, тақырыптағы мағыналылық, логикадағы қисындылық бірлікте тлданылды. Бүгінгі көгілдір экран айнасы өркениетті хабарлармен толтыру, жас ұрпақты жоғары эстетикалық рухани нәрмен қоректендіру үшін тынымсыз ізденіс, шығармашлықы өсу міндеттерін игеру, тың әдістер табу, хабардың жеделдігін, шыншылдығын арттыру, журналист, дикторлардың ой-өрісін дамыту, дарынды, кәсіпқой тұлғаларды шебер іріктей білу-экран шарты екендігі сарапталды.


Теледидар аудиториясын зерттеу әдістері мен талдау тәсілі, тележурналистер алдында үш мәселенің тұрғандығын айқындап отыр: а) тележурналистердің өз аудиторияларын қалыптастыруға бағыт ұстанып, оны қамту аймағын айқындау жолында кең көлемді жұмыс жүргізулері; ә) редакциялық ұжым көрермендер мен журналистер арасында сенімділік орнатулары үшін, аудиториямен жүргізетін жұмысының келешек бағдарламасын түзуі; б) әлеуметтік-психологиялық мінездемеден шығатын, аудиториямен арадағы қатынас тілін жетілдірулері. Осының бәрі тележурналистің экрандағы даралық қырларын айқындау барысында басшылыққа алатын жәйттер екендігі нақтыланды.


Тележурналистер сценарийе түр мен мазмұнның ұлттық бояуға қанықтығына; халықтың көркем тілінің шұбарланбауына; өмірімізге кіріккен әлем, орыс тілінің үлгілерінен жаңа сөз, жаңаша сөйлем құрылыстарын енгізуге; эфирдегі сөйлеу мен сұхбаттасу кезінде образ, әрі бейнелілік көріністің аясында қабысушылық болуын: теледидар тілінің айқын, қысқа, нұсқа әрі көрерменге ұғынықты, қарапайым, сұл, сыршыл болуын; телетілдің адамның көңіл-күйін бейнелеу, табиғат көріністерін суреттеу әдісіне соныдан жол салуы, аудитория қалауына лайықтап дамытуы сараланды.


Көптеген хабарлардың бойынан табылатын кемшіліктерге жалпылама сипаттама берілді. Олар: көтерген тақырыптары, жинаған деректері, қозғалған мәселелрің ішкі қыр-сырын ашып көрсету және талдау жағынан мүлде таяз болуы. Алай “Хабар” агенттігіндегі “Бизнес-хабар”, “Іске сәт”, “Жаңа экономикалық саясат”, “Тілашар”, “Жетпіс жеті күн”, “Қазақстан – ХХ ғасырдық хроникасы”, “Азамат” секілді бағдарламалардың аудитоияға тың, жаңа идеялар бергендігін сценарийлердің мазмұндық-көркемдік сипатын саралағанда көз жеткізуге болады.


Тәуелсіздік көгіндегі он бес жылдың сілеміндегі ғажайып құбылыстар тұр. Уақыт хабаршылары жаңалықтан жақсы істерді, құбылыстардан заманының жаңаша өзгерістерінен көре отырып, оны көрермендерге тың тәсілдермен, өзгеше түр-пішіндермен жеткізу жолдарына батыл барлау жасауда деп ой түйуге болады.


Зерттеуде кейіпкер бейнесін, ішкі иірімдерін, білімін, адамгершілігін, парасатын, біліктілігін айқындайтын өлшемдердің бірі – оның әлеуметтік-психологиялық бейімделуі екендігі айқындалды. Кейіпкердің әлеуметтік-психологиялық жайларын зерттей келе, психологиялық талдау кейіпкер психологиясын бейнелеудің аналитикалық, динамикалық принциптері арқылы жүзеге асатындығына көз жеткізуге боалды. “Көркемдік-эстетикалық принцип ретінде психологизм суреткер назарын кейіпкер дүниетанымы, сезім сарайындағы кейбір процестер ғана көгендемеуін, объективті құбылыстар, сыртқы орта, материалдық тіркестердің органикалқы тұтастығы бұзылмауын талап етеді”,-дейді Б. Майтанов. Сценарийде алдымен әлеуметік психологиялық талдау өрнектері көрінуі тиіс. Телепублицист - өмірдегі нақтылы оқиғаны, адмадардың іс - әрекеттерін экранның көркемдеуші-бейнелеуші құралдар көмегімен жымдатыра отырып, аудиторияға ұсынады.


Экрандағы кейіпкердің ойшылдыққа, әлеуметтік жітілікке, рухани сергектікке, сырбаздық талғампаздыққа, зерделік тереңдікке ден қоюы-қазіргі қазақ тележурналистикасының парасатын, ұнамды қырларын көрсететін негізгі белгілері. Себебі дәуір ақиқаты қоғамдық, әлеуметтік салт-санада кейіпкер мінезінен, олардың өмір түсінігінен, әдет-ғұрып, психологиялық жақтарынан аңғарылады. Тарихи кезең, қоғамдағы жаңару, сілкініс, бір қоғамдық жүйенің екінші жүйеменауысуы БАҚ-қа түбегейлі өзгерістер әкелді. Әр кзең өз жаңашылдығын туғызады, тың өзгеріс әкеледі, олар баийды, толығады.


Н. Иманғалиұлының “Ой-көкпар” танымдық, Б.Омаровтың “Жеті күн”, сараптама талдау, Б.Құсанбектің ой-толғау “Ақиқат ауылы”, С. Әбединованың “Ақжүніс” теле-думаны, Ғ. Боқаштың “Мезгіл” сраптауы, Ш. Тұрсынжанның “Қазақтың жаны” моноспекаклінің әрбірінің экранда көрерменге айтар ойлары бар, айшықты дүниелер. Олардан қазақы рухы, оның психологиясы, жан дүниесі айқын аңғарылады. Сондықтан аталған тележурналистер хабарларының астары мен идеясында отансүйгіштік, гуманистік тәрбие сияқты маңызды мәселелер қамтылғандығын айтуға болады.


Уақыт, кезең бағдарламасын тудырады. Мәселен, өткен ғасырдың 60-90 жылдары экрандағы кейіпкердің ішкі дүниесін өндірістегі технология мәселелеріне тәуелді ету олардың ой-өрісін тарылтып, оқиға қуалауға соқтыоырып, рухани болмысын бұзса, бүгінде теледидардағы кейіпкердің сан қатпарлы ішкі сезімдер әлемін ашуда сценарий авторының білігі мен жүргізуші кәсібилігінің саннан сапалық көркемдікке айналып келе жатқаны деректермен дәйектелген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет