Қазақ телехабарларының Қалыптасу проблематикасы 1Отандық тележурналистика тарихы 3



бет8/12
Дата06.02.2022
өлшемі227 Kb.
#81434
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
stud.kz-100004

3 ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКА ЖАҢА КЕЗЕҢДЕ

3.1 Нарықтық қатынастардың тележурналистика дамуына ықпалы


Демократиялық қоғамдағы тәуелсіз мемлекеттің әлеуметтік саяси институты ретіндегі БАҚ-қа тән өзекті мәселелердің бірі – ақпарат тәуелсіздігі яғни басылымдар мен электронды ақпарат құралдарының экономикалқы дербестігі. “Егемендік кезеңінде БАҚ бостандығы өзіңнің азамат және көзқарас тұрғысындағы бағытыңды айқындауға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен бірге, Қазақстанның қазіргі өтпелі кезеңіндегі жылнамасына өз үлесіңді қосуыңды да көздейді”. БАҚ-тың басты парызы санасын билеу, оларға уақыт кезеңінің міндеттерін жан-жақты т.сіндіру, жас ұрпақты тәрбиелеу т.б. сан-саладағы көкейтесті міндеттерді көрермен бойларына сіңіру. Қазақстанның демократиялық ақпарат айдынын қалыптастыру үрдісін түсіну үшін әлеуметтік талдау қажет. Бірншіден, социологиялық зерттеулер, нарқы кезеңінде телерадиохабарларының бет бағдарын ғана емес, тіпті олардың өмір сүру-сүрмеуін де айқындайтынын көрсетті. Екіншіден, бұл уақыт теледидардан оқиғаларды шыншыл көрсетуге деген әлеуметтік нарықтық көзқарастарды қалыптастырды. Үшіншіден, журналистік шеберлік мектебінің өзі елеулі қиындықтарға тап болғандығын телеараналар қызметіне талдау жасай отырып, көз жеткізуге болады.


Жұмыста тәуелсіздік кезеңінде, басшылар мен менеджерлер бойындағы күрделі экономикалық ойлауды орнықтыру мәселелерін қарастыру қойылды. Олар: қазіргі нарық үрдістерін меңгеру, әрі оның белгілері мен қасиеттерінің шыншыл экономикалық үрдістермен байланыстылығы, өндіріс, өткізу, соңғы өнім тауарды бөлу үрдістері, экономикалық ойлау үрдісі түзілуінің нақтылы экономикалық жағдаймен тығыз байланыстылығы және қажеттігі жағдайларда түзілім үрдісін құруға әсер етушілігі мен адамдар сана-сезімінде экономикалқы мәселені шешуге деген құлшыныстың оянуы, түрлі мәселелердің әсерлілігіжәне қоғамның экономикалық дамуында сан алуан экономикалық пікірлердің үстемдік алуы.


Нарықтық қоғамда әдебиет пен өнер секілді, теледидар таза идеологиялық қызмет атқара алмайды. “Өйткені қоғамдағы әр топ пен әр қауымның әлеуметтік мәртебесі ғана емес, сонымен бірге эстетикалық талғамымен мәдени сұранысы да, өнерге деген көзқарасы да әр басқа”. Олай болса, экранға түрлі көркемдік деңгейде жасалған, алуан мақсат көздеген шығармалар келуі заңдылық. Мәселен, “Хабар” телеарнасындағы “Тоғысқан тағдырлар” телесериалы, “Еркектің аты -еркек”, “Әйелдер – ай, әйелдер” “Ұят болмасын” секілді бағдарламалар, “Бауыржан - шоу”, “Үркер”, “АБК”, “Қаракөз” т.б. топтардың концерттік бағдарламалары – біздің мәдениет нарқына бе бұрғанымыздың көрінісі.


Менеджмент – редакциядағы пайданың өсуі мен өндірісті басқаруды жетілдірудің түрі, оның құралдары, ұстанымдары мен әдістерінің жиынтығы, өндірістік қызметтегі адамгершілік қатынастар, өнім өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстар. Осыдан келіп, БАҚ -–ғы менеджмент редакциясындағы әдістер жиынтығы мен дайындық түрлері және газет сандары, телерадиобағдарламалардың көпшілік аудитория талабын қанағаттандыруы, олардың пайда табуы, әрі журналистикадағы инфрақұрылымдар мен ақпаратты тұтынушылар арасындағы байланыс деп тұжырым жасалынды.


Уақыт кезеңіне сай өз үрдісімізді қалыптастырып, өз өнеріміз бен шетелдің үздік мәдениетін ұштастырып, әрі ұлттық дәстүріміздің мәйегін сақтай отырып, осыларды заман талабына сай дамыта пайдалану қажеттілік болып табылады. Бұл үшін мәдениет нарығына ену, шығармашылық бәсекеге түсу қажет. Мәдениет күресіне, талант жарысына түсудің шарты – ой азаттығы мен шығармашылық еркіндік әрі қаражат пен құрал-жабдықтар. Көркем шығармашылық жарыста жеңіп шығу үшін менеджерге сауаттылық қажет. Бүгінде теледидардағы авторлар мен продюссерлердің өз бағдарламасын қай топ, қай қауым жақсы қабылдайтынын зерттеп, соған сәйкес іс - әрекет жасайтын кезең. Осы үрдіске әсер ететін факторлардың ішінен: елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың күрделілігі, халықтың әлеуметтік топтарға жіктелуі, ақпараттық технология саласындағы өзгерістер, теледидар хабарларының дифференциялылық сипат ала бастауы, нарықтық қатынастың ақпараттық салаға басымдылықпен кірігуін атауға болады.


БАҚ маркетингі мен экономиканы басқару – басылым мен телерадио хабарлары қызметіндегі қаржының оптимизациялануы. Мұндай кезеңде басмдылық оның өмір сүру кезеңіндегі экономикалық факторлардың жүйелі дамуына аударылды. Соған сай, оқырман, тыңдарман, көрермен аудиториясын зерттеу, БАҚ-тың нарық кезеңіндегі жағдайына болжам жасау және бағлау, телехабарлардың көркемделуі мен мазмұнын, тақырыптық бағытын айқындау, олардың таралымына зерттеу жүргізіп, көрсетілім арналарын саралау, жарнама берушілердің өнімдерін көрнекті етіп беру, қоғамдық қозғалыстар, саяси партиялар, мемлекеттік кәсіпорындар, үкметтік құрылымдармен тиімді байланысқа жол ашу, бағдарламаларды ұйымдастыру мен кәсіпкерлік қызметтер де қоса атқарылатындығы айқындалды. Сондықтан көпшіліктің талап-тілегін қанағаттандыру үшін олардың үндеріне құлақ асып, аудиториямен арадағы байланысты нығайта түсу, теледидардағы журналистік социологияның тұжырымдық-методологиялық негіздері бойынша көлемді зерттеу жұмыстарының тұрақты жүргізілуі, хабарлар мазмұны мен түр-пішінінің, идеясы мен көркемдік дәрежесінің артуы, іштей өзектстік байланыста балуы шарт.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет