Тіл білімінің жаңа бағыттары:
1. Компьютерлік лингвистика.
Компьютерлік лингвистиканың қолданбалы тіл біліміндегі жаңа бағыт ретінде қалыптасуы мен дамуы, зерттеу нысаны, мақсаты. Компьтерлік лингвистиканың маңызды мәселелері: автоматты оқылатын лингвистикалық жүйе мен лингвистикалық курс арасындағы автоматтандырылған және автоматтандырылмаған қатынасты анықтау.
Компьтерлік лингвистика және интеллектуалдық технологиялар: табиғи тілді автоматты өңдеу, компьютерлік лексикография және машиналық аударма, ақпараттық-іздеу тілдері және тезаурус, қарым-қатынасты модельдеу, гипермәтіндік технологиялар, тілдерді оқытудағы компьютерлік технологиялар, тілдердің ұлттық корпусы, зерттеушілерге арналған ресурстар (қорлар), лингвистикалық порталдар мен лингвистика бойынша блоктар.
Достарыңызбен бөлісу: |