2.Психолингвистика.
Психолингвистика – психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы. Тіл онтогенезі, сөйлеудің өңделіп шығуы, сөйлеуді қабылдау (түсіну), психолингвистикадағы эксперименттер, этнолингвистика, патопсихолингвистика, психолингвистиканың қолданбалы аспектілері.
3.Нейролингвистика.
Нейролингвистика – неврология мен тіл білімінің түйіскен жерінде пайда болған, мимен байланысты тіл жүйесін зерттейтін ғылым саласы. Нейролингвистиканың негізгі ұғымдары.
Қарым-қатынас теориясы, сөйлеу актілерінің теориясы, прагматика.Тіл қызметінің үш құрамы: фонация (дауыстап айту), аудиция (қабылдау) және церебрация (мида болатын процесс). Мидың зақымдануы кезіндегі сөйлеу үдерісінде болатын өзгерістер; афазия және оның түрлері; нормадан ауытқушылық және норма. Нейролингвистикалық зерттеулердің неврология мен тіл білімі теорияларын дамытудағы маңызы. Нейролингвистиканың тіл білімі (фонетика, семантика, морфология және синтаксис) салаларымен байланысы.
Достарыңызбен бөлісу: |