АЙЫЗ: айызы қанды – риза болды, сүйсінді, құмардан шықты.
ЖЕК: жек көрді – ұнатпады, жақтырмады. Сөздік мақала ең алдымен бас сөзден басталады. Олар сөздікте ірі әріптермен жазылып көрсетілді. Мыс: БАЛА Түбір және туынды сөздер тізілімге өздерінің негізгі морфологиялық тұлғасында, өзгеріссіз алынды. Етістіктер бұйрық райдың екінші жақ тұлғасында берілді. Мыс: АЙТ, КЕЛ Тізімге алынған сөзден кейін стильдік белгі қойылды. Стильдік белгінің орны екі түрлі:
а) егер алынуға тиісті стильдік белгі сол сөзге, оның барлық мағыналарына қатысты болса, ол белгі атау сөздің грамматикалық белгісінен соң қойылды. Мыс: