БАДАМША бот. Жемісі де, өзі де кішірек бадам.
БАДАНA көне. Батырлар соғыста киетін, оқ өтпейтін болат сауыт. ә ) ал стильдік белгі көп мағыналы сөздің бір ғана мағынасына телінген болса, онда ол белгі өзі қатысты мағынаның алдынан, араб цифрынан соң қойылды. Мыс:
АЙЫРМА 1. Өзгешелік, ерекшелік. 2. мат. Бір саннан екінші санды алғанда қалған қалдық. Стильдік белгі атау сөздерге, олардың мағыналарына қойылатындығы сияқты фразалық тіркестерге де қойылды. Фразалық тіркестер мен лексикаланған сөз тіркестеріне берілетін стильдік белгі сол тіркестерден соң , жақша ішінде көрсетілді. Мыс: Аға өлсе, іні мұра көне Әмеңгерлік жолымен жесірін өзгеге бермеу.
Сөздік мақала, жалпы қағидат бойынша, мынандай ретпен берілді:
атау (реестр) сөз;
стильдік белгі;
сөз мағынасы мен реңктерінің түсіндірмесі.
Сөз мағыналарын ашып, жан – жақты тиянақты түсіндіруде 10 томдық «Қазақ тілі түсіндірме сөздігінің» үлгісі басшылыққа алынды:
сөз мағыналарын ашып, анықтап саралауда олардың негізгі, туынды, ауыспалы – қосымша мағыналарға ие болуы, ол мағыналардың бір – бірімен тығыз байланысы, төркіндестігі ескерілді;
сөз мағыналары араб цифрларымен көрсетілді де, ең алдымен тура мағынасы, одан кейін реңкі, соңынан ауыспалы мағыналары берілді.
сөз мағыналарын ашып, анықтап түсіндіруде төрт түрлі тәсіл қолданылды:
а) сипаттама түрде түсіндіру тәсілі бойынша сөздер семантикалық табиғатына орай қысқаша, кейде толық, жан – жақты түсіндірілді. Мыс: