БАБА 1. Арғы ата, ұлы ата. 2. Қарт адамды қадір тұтып, құрметтеу мағынасында айтылатын ишарат сөз.
БАҒА 1. Заттың құны, нарқы. 2. пед. Оқушының білім дәрежесін айқындайтын бес балдық жүйе. БАЛДАҚ 1. Аяғы кемтар адамға сүйеніп жүруі үшін жасалған арнаулы құрал. 2. Саятқа шыққанда құстарды ат үстінде алып жүру үшін ердің алдыңғы қасына орнатқан ашалы тіреу.
ә ) сөз мағыналарын анықтауда қолданылған екінші бір өнімді жол - синонимдік тәсіл. Мыс:
БАҒДАР Беталыс, бағыт. БАЙЛАМ Шешім, тоқтам. ӘЙТКЕНМЕН Недегенмен, қалай болғанда да. Сөз мағыналарын түсіндірудегі синонимдік тәсіл етістік, есімдік, зат есім, сын есім т.б. дерлік қолданыс тапты.
б) көмекші есімдер мен етістіктер, етістің кейбір түрлері, шылау сөздер мен одағайлар грамматикалық табиғаты тұрғысынан түсіндірілді. Мыс:
E Негізгі етістіктер мен есім сөздерден кейін жұмсалатын көмекші emicmik. ЖӘНЕ Сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді байланыстырушы жалғаулық шылау . О Адамның алуан түрлі сезімімен байланысты айтылатын ишарат сөз.
в) аралас анықтама — сипаттама түріндегі анықтама мен синонимді анықтаманың аралас берілуі арқылы көрсетілді . Бұл жағдайда синонимді анықтама сипаттама түріндегі түсініктен кейін, сол түсінікті үстемелей анықтап, аша түсу үшін, үтірлі нүктеден кейін келтірілді . Мыс:
ЖАҚ көне. Кермесіне жебе салып тартатын садақ, жай.
СУЫ ыстық күйден салқын күйге келу, салқындау.
Әрбір жеке сөзге берілетін анықтама оның лексика-грамматикалық табиғатына сай, сәйкес болуы ескерілді. Мысалы, есім сөздерге берілген анықтама етістік формасында тұрмауға тиіс. Сол сияқты етістікке берілген анықтама есім сөздердің құрылымында келмей, өр сөз өзіндік грамматикалық құрылымымен сипатталуы қажет. Стильдік белгілер сөздіктегі атау сөздердің бәріне бірдей қойылмайды. Ол тек сөздік құрамның белгілі бір бөлшегіне ғана, атап айтқанда, қолданылуы жағынан шектелген немесе белгілі бір стильдік бояуы бар кейбір сөздер мен сөз тіркестеріне, олардың мағыналары мен мағыналық реңктеріне қазіргі кездегі қолданылу нормасы түрғысынан ғана қойылды. Бір томдықта қолданылатын стильдік белгілердің негізгі топтары мыналар:
сөздердің немесе жеке сөз формаларының, тіркестердің қолданылу өрісін (аясын) көрсететін стильдік белгілер: қарап. (қарапайым сөз), анайы (анайы немесе тұрпайы сөз, вульгаризм), сып. (сыпайы сөз – эвфемизм), поэт. (поэтикалық): фольк. (фольклорга, яғни ауыз әдебиетіне тән сөздері), миф. (мифологиялық сөз, тіркес), діни (діни сөз), кіт. (кітабби лексика), кәс. (кәсіби), т .б.
ғылым салаларының қайсысына тән термин сөздер екендігін көрсететін арнайы белгілер, мәселен, физ. (физика), хим. (химия) , мат. (математика), лигв. (лингвистика) т .б.
сөздердің қолданылу кезеңін, уақытын (тарихи көрінісін) көрсететін стильдік белгілер: көне (көнерген сөз — архаизм), тар. (тарихи сөз).
сөздердің қолданылу аумағын көрсететін стильдік белгілер: жерг. (жергілікті сөз). Мұндағы жерг. деген стильдік белгі әдеби тілде нақтылы бастамалары жоқ жергілікті (облыстық) сөздерге қойылады.
сөздердің экспрессивті-эмоциялық бояуын көрсететін стильдік белгілер; экспр. (экспрессивті сөз) , эмоц. (эмоциялы сөз).
Ескерту: Стильдік белгілер түбір сөздерге қойылды да, ал сол түбірден тараған туынды сөздерге ол белгі қойылмады. Сондай-ақ, стильдік белгілерді керекті жеріне қарай кейде екіден не үштен қатар қолдануға тура келді.