Қазақ тіл білімі тарихы алматы, 2016



бет8/40
Дата18.10.2023
өлшемі350,49 Kb.
#186308
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40
Байланысты:
аза тіл білімі тарихы алматы, 2016

Тәрбиеші, тәрбие, тәлім – кең ұғым ретінде қарастырылады. Адам баласы жер бетінде өмір сүретіндіктен тәрбиенің негізгі мақсаты жеке адамды ғана тәрбиелеп қою емес, сол арқылы ұлттың бақыты одан әрі адамзат бақытымен байланыстырылады. Адам баласының тәрбиеге мұқтаждығы көрсетіледі. Ғылыми-педагогика негіздеріне сүйене отырып бала тәрбиелеудің өзінің бір өнер екенін, оның қыры мен сырының мол екенін тұжырымдайды.
М. Жұмабаев педагогика ғылымы негіздеріне талдау жасап, оны адамның өз тәжірибесі, халық педагогикасы және бүкіл адамзат қауымы топтаған ғылыми тексерілген заңдылықтар құрайды дей отырып, педагогика ғылымының салаларын, оның өзге салалармен байланысын анықтайды. Кітаптың “Жалпы педагогика” деп аталатын бөлімінде: тәрбие, дене тәрбиесі және жан тәрбиесінен құралады дей келіп, баланың туған күнінен бастап тәрбиеленуіндегі маңызды мәселелерге тоқталады. Оның физиологиясы мен гигиенасына байланысты мәселелерге мән береді. Ұстаз бұлардың барлығын қазақ халқының өмірі, тұрмыс-жағдайы кейбір ата-аналардың бала тәрбиесіндегі іс-шараларын жөнінде олардың дұрыс орындалуына маңызды кеңестер береді. Бала тәрбиесінің ұлттық сипатта болуына ерекше назар аударады. Көрсетілген еңбегінде автор мектеп жасына дейінгі баланың өсу жолдарында жасалатын тәрбиелік шараларға мән береді.
М. Жұмабаев аталған бөлімде “психология” деген сөзді “жан тілі” деп аударып, психологияны “жан туралы пән” деп атайды. “Баланың жанын жақсы тәрбиелеу үшін жанды көзбен көріп, қолмен ұстамай-ақ, оның істегі көріністерін жақсы тексеру жетеді” деп есептейді. Жан көріністерін ақыл және ішкі сезім деп бөледі, жан тұрмысының бірлігін дәріптейді. Адамның бойындағы психологиялық көріністерді сипаттауда іскерлік, суреттеу, тұқымдық ассоциация, ес, зейін, қиял, ойлау, ойдан шығару, тіл т.б. туралы мәселелерге кеңінен тоқталып, өзіндік тұжырымдар береді.
Ұлы ақынның әдістемелік еңбектері психологиялық жағынан ерекше көңіл аудартады. Мәселен, оның қазақ мектептеріне оқу құралдарын қалай жазу керектігі туралы жазған “Жазылмақ оқу құралдары һәм мектебіміз” атты мақаласы 1921 жылы “Бостандық туы” атты газетінде басылып шығады. Жарияланған мақалада оқу құралының зәрулігі, мектептердің қажеттілігі жөнінде сөз қозғалады. 1923 жылы М. Жұмабаевтың “Бастауыш мектепте ана тілі” еңбегі жарияланды. Оның бұл еңбегі жан-жақты ойластырылған, сындарлы жүйемен жазылған. Мұнда сол кездегі тарихи жағдайдан туатын міндеттерді қарастырады.

  1. Бастауыш мектептің міндеті;

  2. Еңбек мектебінің міндеті;

  3. Төрт жылдық бастауыш мектеп міндеттері

анықталады.
Ақын-зерттеуші ана тілінің мектепте оқытылуына көңіл бөліп, ана тілі сабағының мақсаты мен міндеттерін көрсетіп береді. Сондай-ақ, оқытудың сабақтан басқа түрлеріне де тоқталады. Мағжан Жұмабаев ескі мектеп сипаты мен жаңа мектепті салыстырып, оның ерекшеліктерін сөз етеді. Ескі мектептің жағдайын сынай отырып, жаңа мектептің берерін де терең талдайды. Халық ағарту ісінің өсіп келе жатқанын, ана тілінде оқыту ісінің озық ойдың жемісі екенін әңгімеге өзек етеді. Өзінің педагогикалық еңбегінде ақын оқушы жүрегіне, ең алдымен, нақты бейне, сурет сала білу керек деп кеңес береді.
Қазақ тіліндегі педагогикалық терминдердің жасалуы ақын Мағжан Жұмабаев еңбектерінен бастау алатыны тарихи шындық. Оның “Педагогика” еңбегіне енген “Тіл”, “Тілдің адам өміріндегі һәм ұлт өкілдеріндегі ұсталған орны”, “Баланың тілі” атты тақырыпшаларда көтерілген мәселелердің маңызы бүгінгі күні де өзінің зәрулігінен айрылған жоқ. Мағжан Жұмабаевтың қазақ баласының тәрбиесіне терең мән бергені, оның психологиялық аспектілеріне ғылыми талдау жасауы халықтық ағартушылық жүйедегі қажеттіліктерден туындағаны сөзсіз. ХХ ғасыр басындағы зиялы қауымның жоқтың орнын толтыру үшін әртүрлі салада зерттеулер жазуы осының айғағы.
Мағжан Жұмабаевтың ана тілде оқытудың маңыздылығына мән беруінің де астары терең. Сондықтан оны оқып-білудің жастар үшін, ұстаздар үшін мәні ерекше.
Әдебиет:

  1. Мағжанға тағзым. Жас Алаш №67 (15629) 23 тамыз, сейсенбі 2011

  2. Жүректi тiтiренткен КолымаМағжанға тағзым. Жас Алаш №65 (15627) 16 тамыз, сейсенбі 2011

  3. Мағжанның ақындығы туралы. Жүсiпбек Аймауытұлы. “Жас Алаш”, журналы, 1923 жыл. (Соңы)

  4. Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері

  5. Мағжанның суреті туралы. Ербақыт Амантайұлы

  6. Алашорда әскерінің ұраны: «Жасасын, Отанның адал ұлдары!»

  7. Қазақтың Ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың ескерткiшi

  8. Мағжан Жұмабаев шығармалары

  9. Солтүстік Қазақстан облысының М. Жұмабаевқа арналған порталы

  10. Жумабаев М. Стихи. Буклет. (К 100-летию поэта. Пер. на рус. Сост. К.Бакбергенов). Алматы: Жазушы, 1993.

  11. Магжан Жумабаев. «Пророк» (Стихи и поэмы в пер. на рус. Сост. Б. Канапьянов). Алматы: «Жибек Жолы», 2002. — 400 стр.

  12. Жұмабаев М. Адассам елім деп адастым. Өлеңдер. Я солнцем огненным рожден. Стихи / Мағжан Жұмабаев. – Алматы: RS, 2011. – 146 б. – каз., рус. – (Бірінші республикалық Мағжан өнер фестиваліне орай).

  13. Жұмабаев М. Батыр Баян. – Петропавл: «Полиграфия» АҚ, 2008. 36 б.

  14. Жұмабаев М. Өлеңдері, прозасы және әдеби зерттеулер / Құрастырған Ж.Сүлейменов. – Петропавл, 2006. – 428 б.

  15. Жумабаев М. Исповедь / Пер. с каз. А.Кодара. — Петропавловск, 2011. — 376 с.

  16. Мағжан: әдеби-көркем көпшілік журнал. – 2007- .

  17. Нұрқатов А. 3 т. Идея және образ: әдеби-сын мақалалар. Шығармалар жинағы. – Алматы, 2010. – 416 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет