Зерттеудің нысаны – қазақ тіл білімінің ұлы тұлғалары А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектеріне негізделген тіл
біліміндегі таным теориясының қалыптасуы мен дамуы және оны оқытудың әдістемелік негізі
Зерттеу пәні: А.Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, С.Аманжолов еңбектеріне негізінделген - таным теориясын оқыту әдістемесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Таным теориясы мен тілтаным мәселесінің басты ұстанымдары көрнекті ғалымдардың еңбектеріндегі тұжырымдарға сүйеніп, жүйелі түрде қарастырылуы тілдік мұраның қазіргі кезеңде де маңызды екенін аңғартады; таным теориясының қалыптасу тарихын лингвистиканың жаңа бағыттарымен сабақтаса меңгертуге мүмкіндік береді. Тіл табиғаты мен адам, ұлт болмысын терең білуге ықпал етеді. Танымы кең, білімі жоғары, білікті маман даярлауға жағдай жасайды. Егер, филология мамандықтарына А.Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, С.Аманжолов еңбектеріндегі таным теориясының өзекті мәселелері арнайы оқытылса, онда қазақ тіл біліміндегі таным теориясы, оның ғылыми ұстанымдары және тілтанымдық мәселелері туралы білімдері жетілген мамандар дайындалады. Студенттерге тіл біліміндегі таным мәселелерін, оның басты ұғымдарын, теориясын әлемнің тілдік бейнесін, ұлттық таным, психолингвистика мен байланысты толық меңгерту интеграциялық білім беруге алғышарт жасайды. Ізденістен туындаған жұмыстың шешімдері студенттердің тілдік, қатысымдық, тұлғалық, ұжымдық, шығармашылық – интеллектуалдық-танымдық құзыреттіліктерін дамытуға септігін тигізеді.
Зерттеудің мақсаты – А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектері бойынша таным теориясының ғылыми және әдістемелік негіздемесін талдай отырып, зерттеу нысанының қазіргі тіл біліміндегі таным мәселесімен сабақтастығын анықтау. Көрнекті ғалымдардың таным теориясына қатысты ұстанымдары мен пікір-көзқарастарын, тұжырымдарын жүйелей келіп, жоғары оқу орнында оқитын студенттерге таным теориясын меңгертудің әдістемесін ұсыну.
Достарыңызбен бөлісу: |