Зерттеудіңжетекшіидеясы: қазақ тіл білімінің көрнекті тұлғалары А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектеріндегі таным мәселесі жайындағы пікір-көзқарастар негізінде таным теориясын студенттерге меңгертудің ғылыми-теориялық және әдістемелік жүйесін зерттеп-зерделеу интеллектуалдық-танымдық құзыреттілігі қалыптасқан кәсіби маман даярлауға мүмкіндік береді.
Зерттеудіңәдіснамалықнегізіне А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектеріндегі және жалпы тіл біліміндегі, қазақ тіл біліміндегі, философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылым салаларындағы адам дүниетанымына және тілтанымға байланысты зерттеулер, пікір-көзқарастар, тұжырымдар алынды.