ОрындағАН: Арзенов Қажымухан



Дата25.05.2022
өлшемі9,44 Kb.
#144908
Байланысты:
Лингвистика 15 апта
2. Лекция Манаштану, 154645542

Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
А.Байтұрсынов «Тіл құрал», Қ.Жұбанов «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» еңбегін оқып, қазақ тіл біліміндегі тілді танымдық тұрғыдан зерттеудің алғашқы тұжырымдамалары


ОРЫНДАҒАН: Арзенов Қажымухан
ТЕКСЕРГЕН: Нұрдаулетова Б.

Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» деген тараудың «Қ.Жұбанов – ғылым көгінің жарық жұлдызы» атты бөлімінде қазақ тіл білімінің ғалым негізін қалаған салаларға (филол.ғ.к., доцент С.Құлманов), фонетика («Бірде бәсең, бірде қатаң», филол.ғ.д., проф. З.М.Базарбаева), морфология («Сөз материалының түр сипаты», филол.ғ.д., проф. Ж.Манкеева, филол.ғ.д. А.Ә.Жаңабекова, филол.ғ.д. О.Жұбаева), синтаксис («Қиынын тауып қаламасаң...», филол.ғ.к., доцент С.Құлманов), жалпы тіл теориясы («Тілтаным теориясы туралы тұжырымдар», филол.ғ.д., проф. Б.Хасанұлы), терминология («Толғауы тоқсан термин сөз», академик Ө.Айтбай, филол.ғ.д., проф. Т.Жанұзақ, филол.ғ.д. Қ.Айдарбек, филол.ғ.к. Б.Жонкешов), орфография және әліпби («Әліпби деп алаңдап, емле деп елеңдеген», филол.ғ.д., проф. Н.Уәли, филол.ғ.д. Қ.Күдеринова, филол.ғ.к. Н.Әміржанова), ономастика («Атаулардың астары», филол.ғ.д., проф. Т.Жанұзақ, филол.ғ.д., проф. Қ.Рысберген) салаларына қатысты еңбектеріне ғылыми талдаулар жасалады. Профессор Қ.Жұбановтың қазақ тіл біліміне қатысты зерттеулері көп уақыт бойы құрылымдық лингвистика тұрғысынан қарастырылып келгендігі белгілі. Алайда ғалымның қамшының сабындай қысқа ғұмырында қалдырып кеткен мұраларына тереңірек үңіле қарап, қазіргі тіл білімінің даму бағытбағдары, ұстанып отырған концепциялары тұрғысынан көз тастасақ, бүгінгі ғылыми ой-тұжырымдардың «мен мұндалап» жатқандығын аңғарамыз. Осы орайда «Соны сүрлеу» тарауы (филол.ғ.д., проф. А.Жұбанов, филол.ғ.д., проф. Ж.Манкеева, филол.ғ.д., проф. Қ.Рысберген, филол.ғ.д. А.Жаңабекова, филол.ғ.к. С.Құлманов, филол.ғ.к. Ж.Сұлтан, филол.ғ.к. Ғ.Ермекбай) Құдайберген Қуанұлының ғылыми мұрасының қазіргі ғылымдағы маңызы мен жалғастығына, сабақтастық сарынына арналды. 7 Қ.Жұбановтың көрнекті лингвист-ғалым бола отырып, көркем әдебиет мұхитына сүңгіп («Көркемдікті көздеген көреген көз», академик Ө.Айтбаев, филол.ғ.д., проф. Т.Жанұзақ, филол.ғ.д., проф. Ж.Манкеева), публицистика айдынында жүзгені («Қараңғыға «Ай» туғызған қаламгер», Ә.Оралбайдың «Құдайберген Жұбановтың публицистикасы» атты кандидаттық диссертациясы негізінде дайындаған – кіші ғылыми қызметкер А.Барменқұлова), оқыту әлемінде шарықтағандығы («Ұстаз-ғалымның ұшқыр тағылымы», педагогика ғ.д., проф. Ф.Оразбаева), аудармашылық өнері («Тәлімгер тілмаш», академик Ө.Айтбай, филол.ғ.д. Қ.Айдарбек, филол.ғ.к. Б.Жонкешов, кіші ғылыми қызметкер Е.Бесіров), драматургтік, ақындық, суретшілік, оюшылық қабілеті туралы («Құдай берсе, құлай береді», Р.Сыздықтың «Ғалым азамат» және К.Кенжебав пен Ә.Оралбайдың «Құдайберген Жұбанов» атты еңбектерінің негізінде дайындаған – филол.ғ.к., доцент С.Құлманов) «Сегіз қырлы, бір сырлы» атты тарау кеңінен сыр шертеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет