Қазақ тіл біліміндегі таным теориясының


Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар



бет10/46
Дата08.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#119952
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46
Байланысты:
Қазақ тіл біліміндегі таным теориясының ғылыми-әдістемелік негіздері

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар


  • «Ұлы Дала Елі» идеясын іс жүзіне асыру барысында қазақ тілінің танымдық табиғатын көрнекті тілші-ғалымдардың еңбектерімен сабақтастықта зерделеу әлемдік өркениет пен ұлттық рухани құндылықтарды тіл арқылы танып-білуге игі ықпал етеді.

  • А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжоловтың таным теориясына қатысты пікір-тұжырымдары тіл білімі салаларының бұрынғы және қазіргі даму кезеңдерін анықтай отырып, тілді танымдық тұрғыдан оқытудың ғылыми-әдістемелік жүйесін жасауға көмектеседі.

  • А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектеріндегі таным теориясы қазақ тіл білімінің ғылыми-педагогикалық аспектісін айқындай отырып, лингвистиканың даму көрсеткіші болып табылады. Өйткені танымның ғылыми-педагогикалық, әдістемелік жақтары Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде маңызды орын ала отырып, тіл білімін тың қағидалармен байытады, оқыту үдерісіндегі жаңа ұстанымдарды белгілейді.

  • Таным мәселесі психо-физиологиялық, логика-философиялық, тілдік- мәдени тұрғыдан күрделі құрылым болып табылады. Сондықтан А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектеріндегі таным теориясы түрлі ғылым салаларын (психология, мәдениеттану, этнография, философия) тоғыстыра келіп, когнитивтік лингвистиканың даму бағыттарын айқындайды.

  • А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжоловтың танымдық көзқарастарын білім беру жүйесіне енгізу тілдік бірліктердің семантикалық өрісін, коммуникативтік ерекшеліктерін, стилистикалық қызметін жаңа парадигма ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

  • Модульдік технология бойынша жасалған «Тілдік танымның бастау

көздері» атты қосымша пән таным мәселесін интербелсенді әдіс арқылы меңгертуде жақсы нәтиже береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет