Қазақ тіл біліміндегі таным теориясының


Қазақ тіл білімінде таным теориясын оқыту әдістері



бет21/46
Дата08.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#119952
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46
Байланысты:
Қазақ тіл біліміндегі таным теориясының ғылыми-әдістемелік негіздері

Қазақ тіл білімінде таным теориясын оқыту әдістері


Қазақ тіл білімінің негізін қалыптастырған ғалымдарымыз таным мәселесін әрдайым білім берудегі маңызды компоненттің бірі ретінде санап, білім беру мәселесінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданған. Адамның білімі мен ойының ұшқырлығы оның таныммен байланысты. Сол танымдық білімді тіл арқылы кеңейту, ұлттық-мәдени құндылықтарды сіңіріп, бағалау, адамгершілік қасиеттерді ұғыну, Абай айтқандай адам баласының «толық адам» дәрежесіне жету мақсатында А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектерінің орны ерекше. Ғалымдардың оқу құралдарындағы шәкіртке танымдық білімді тіл арқылы тиімді игертудің үлгілерін ұсынған әдістемелер бүгінгі күнге дейін маңызды.


Ахмет Байтұрсынұлы 1928 жылы жарияланған «Қай әдіс жақсы?» деп аталатын мақаласында: «Әдіс – керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы, жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай»[107;3],
- деп білім беру әдісінің жұмсалатын орнымен байланысын баса айтқан. Осыдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын оқушыға білімді меңгерту жолында қандай әдісті қалай қолдану керектігі туралы сөз қозғаған ғұламаның еңбегі бүгінгі таңда жаңа ғылым салаларымен астасып, таным мәселесін оқыту жүйесінде жаңа қырынан танылуда. Өйткені қазіргі білім беру саласында сабақ берудің әртүрлі үлгілері мен жаңа технологияларға негізделген әдіс- тәсілдер, ойын түрлері көптеп кездеседі. Ал бұлардың тиімділігі қалай, бала білімін жетілдіруде пәнге деген сәйкестігі қаншалықты деген сұрақтардың шешімін әрбір ұстаз өзі табуы қажет. Қазақ тілін оқыту барысында ойын түрлерін қолдансын, озық әдістерді қолдансын, басты бағыт–шәкірттің тілін дамытып, аялық білімін арттыруға бағытталуы тиіс. Яғни, белгілі бір тақырыпты оқытумен байланысты шәкірттің сөздік қорын дамыту, жаңа сөздерді үйрету, сөздерді үйрете отырып, жаңа сөз жасайтын түрлерін меңгерту, сөз бен сөздің байланысын, тіркесін үйрету, сөйлем құрап үйрету, ойын жазбаша сауатты дұрыс жаза білуге дағдыландыру, ауызша ойларын жүйелі айтып беруге, сөйлей білуге, әсіресе, тілдің дыбысталу жүйесін меңгертуге басты назар аударылады. Осы мәселеде А.Байтұрсынұлының оқытуда көңіл бөлетін шеберлігі – білім беру барысында шәкірттің сұранысын үнемі ескере келіп, оның танымына сәйкес, оқу құралдарын дұрыс пайдалану. Ал оларды меңгерту жолдарын А.Байтұрсынұлы жоғарыда аталған еңбегінде егжей-тегжейлі талдап көрсетіп, әр сөздің оқуы мен жазуын білдіруде «Жалқылаулы - жалпылау» әдісі деп көрсете келе, оның
«Шағын сөзді» түрі, «Жазу-оқу» түрі, «Дыбысты әдіс» деген түрлерін бөліп береді. А.Байтұрсынұлы оқушылар танымына, қабылдауына тиімді әдістерді атап көрсетеді.
Ғалым еңбектерінде көрсетілген шәкірттің танымдық қабілетін дамыту әдістерінің бірі – жалқылау (айырыңқы) әдісі. Жалқылау әдісінің артықшылығын ғалым жалпылау әдісімен салыстырады: «Жалқылау әдістің» жалпылау әдістен артықтығын қуаттайтын пікір ХVIII ғасырдың аяғында
туды. Бастап туған жері – Франция» [108;45]-дейді.Бұл әдістің мәнін түсіндіре келіп, оны жақтаушылар «Мағынасыз әріптерді, ежіктерді жаттаудан мағыналы сөздерді жаттау балаларға жеңіл де болады, көңілді де болады дейді» [108;45]-деген пікір келтіреді. А.Байтұрсынұлы осы әдісті талдап, түсіндіре келе, соңында «Мұның тәсілі жеке балаларды оқытуға жараса да мектепте көп баланы оқытуға жарамсыз болып шыққан» [108;46]- деп қорыта келіп: «Жалқылау әдіс – жалпылау әдіске қарсы жөндегі әдіс. Жалпылаудың әдісі ұсақтан ірілету болса, жалқылаудың асылы – іріден ұсақтату» [108;45]-деп түсіндіреді. Бұл әдісте бірізділік ұстанымын ұстанғанын анық байқауға болады.
А.Байтұрсынұлы 1927 жылы жарық көрген «Жалқылау (айырыңқы) әдіс» атты мақаласында тілді оқытуда жалқылау және жалпылау әдістерінің тиімділігі мен әлсіз тұстарын айта келіп, бұл мәселені 1928 жылы ары қарай өрбітіп, «Жалқылаулы-жалпылау әдісін» ұсынады. «Бір жерде жалпылау, бір жерде жалқылау болып жүрген әдіс ақырында екеуі жалқылаулы-жалпылау әдісі болып, бірігеді»[109;31]. Бұл әдістің сауат ашу үшін қолданылуына қарай үш түрін көрсетеді.

  1. «Шағын сөзді» деген түрі. Мұның асылы балаларға шағындап алған әр сөздің оқуы мен жазуын білдіру[1;338]. Бұл әдісте балаларға тақырып әңгімелесу арқылы меңгертіледі. Әдістің тиімділігі тапсырманы шағындап беріп, баланың қызығушылығын ояту. А.Байтұрсынұлы оқытуда оқушының білімді меңгеру дәрежесін ескеруді алға қояды. Оқушыға оның әлі жетпейтін шамадан қиын материал беруге ғалым қарсы болған, сондықтан да сабақты жеңіл мәселеден бастауды қатты ұстанған. Бұл қағида тіл дамыту ісінде де ескерілуі қажет, яғни тіл дамытуға қатысты жұмыстар да бірте-бірте күрделендіріліп А.Байтұрсынұлы ұстанған қағидалар тіл дамыту мәселесінде де құнды.

  2. «Жазу-оқу» әдісі. Бұл әдісті қолданушылар оқу үйретуді оқудан бастаған дұрыс емес, жазудан бастаған дұрыс дейді. Себебі жазу жоқ жерде оқу жоқ. Оқудан жазу дүниеге бұрын келген. Оқуды жазу тудырған» [109;3]. дей келе, «оқу-жазу» әдісі деп екеуін қатар қолдануды ұсынады. Оқығанды жаздыру, жазғанды оқыту тәсілдерін қолдану арқылы түрлендіріп отырған.

  3. «Дыбысты әдіс». Ғалым дыбысты әдістің бес түрін көрсетеді:

    1. Балалармен әңгімелесу;

    2. Оқу үйретуге де даярлайтын жұмыстар;

    3. Сөзбен дыбыстарды айырып шығару;

    4. Әріптермен таныстыру;

    5. Білген әріптерінен сөз құрау, соны оқу»[ 109;4].

А.Байтұрсынұлы сауат ашуға бағытталған әдістердің алғы түрлерін ұсына келе, шәкірттің танымдық білімін арттыра түсу үшін әңгімелесу әдісін ұсынады. Әңгімелесу әдісі – «бұл балалардың бойын үйрету үшін істеледі[109;4]. Ғалым: «Әңгіме балаларды қозғайды. Әңгімелесе-әңгімелесе барып, сол нәрсе турасында жұмбақтар, өлеңдер сияқты нәрселерді
айтқызады немесе өзі айтады. Бұл әңгіменің пайдасы – алынған нәрсені балаларға анық танытып, білім береді, сөйлесуге бойын да, тілін де үйретеді» [109;4]. -деп түсіндіреді. Бұл әдістің ерекшелігі білім алушының тілін дамытады, сөйлеу мәдениетін қалыптастырады, танымын кеңейтеді. Сонымен қатар, әңгімелесу әдісінің пайдасы «әңгімелескеннен кейін балалар оқытушыға үйір» болатындығын айтып, бала мен оқытушы арасындағы қарым – қатынасқа да баса назар аударады [109;4]. «Әңгіме арқылы балалар мектептегі нәрселердің аттарымен, жүру-тұру жүзіндегі тәртіптерімен танысады» [109;4] – деп, шәкірттердің танымын кеңейтуді де көздейді.
Әңгімелесу әдісі шәкіртті жаңа білімді алуға белсене қатыстырып, оны білім алу әдістеріне, мұғалім қойған сұрақтарға өз бетімен жауап беруге үйретеді. Әңгімелесу барысында оқытушы шәкірттердің білімі мен тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін, қорытынды жасауын жеңілдетеді. Бірлескен іс-әрекет арқылы білім алушы өздері еңбектеніп, ойланып жаңа білім алады. Білімді жинақтайтын, бекітетін әңгіме теориялық білімдерін, оны қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған. Шәкірт өз білімін жаңа оқу және ғылыми мәселелерді шешуге қолданады. Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім білім алушыға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін тексереді. Әңгімелесу барысында оқытушы сұрақты бір білім алушыға (жеке әңгімелесу) немесе барлық топ ішіндегі білім алушыларға (жаппай) қояды. Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары тіл арқылы білім алушының танымдық білімін арттырып, сөйлеу мәдениетін дамытады. Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары:

  • ес пен тілді дамытуы;

  • білім алушының оқу-танымдық қызметін белсенділігін арттыруы;

  • шәкірттің білім деңгейінің анықталуы;

  • үлкен тәрбиелік мәні бар.

Қазақ тіл білімінің құрылымын жүйелеген А.Байтұрсынұлы сөз таптарын оқыту барысында салыстыру әдісін шебер қолданған. Сөз таптарының ерекшеліктерін айқындап, әр сөз табын айыра білу үшін салыстыра келіп түсіндіреді. Мысалы: «Төмендегі сөздерді айырту, «қайсысы зат есім, қайсысы сын есім?»[1;26], «қайсысы зат есім, қайсысы етістік?»[1;30]. Салыстыру әдісі тіл білімінің танымдық сипатын оқытуда тіл табиғатының ішкі құрылымын түсіндіріп, оның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауда орны ерекше. Тілді оқытуда салыстыру әдісінің қолданылуы білімді терең меңгеруге, білім алушының ғылыми- теориялық ойлауын шыңдауға мүмкіндік береді.
Демек,, А.Байтұрсынұлы ұсынған оқу құралында сауат ашу, оқу-жазу мәселелерін ғана көтеріп қоймай, сонымен қатар тіл білімінің негізгі ұғымдарын зерттеп, қазақ тілінің құрылымын оқытуды алға қойған. Қазақ тілінің құрылымдық сипатын оқыту барысында тіл арқылы ұлт болмысын, оның ділін танытуды да алға қойған. Осы мәселелерді оқытуда ғалым


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет