Қазақ тіл біліміндегі таным теориясының



бет38/46
Дата08.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#119952
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   46
Байланысты:
Қазақ тіл біліміндегі таным теориясының ғылыми-әдістемелік негіздері

Дәріс мазмұны бойынша:


    1. Қазақ тіл біліміндегі танымдық зерттеулердің қалыптасуы.

    2. А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжоловтың тілтанымдық тұжырымдары.

Студенттер өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіргеннен кейін, ойбөліс ғалымдардың тұжырымдарын талдау арқылы қорытындыланады.
Дәріс тапсырмалары:

  1. Таным туралы түсінік.

  2. Философия, психология ғылымдарындағы таным мен тіл біліміндегі танымның ерекшеліктері. Ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

  3. Қазақ тіл біліміндегі таным теориясының зерттелуі.

  4. А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектерінің танымдық сипаты.

Білім мазмұны семинар сабағында жалғасты. Семинар латын тілінен енген seminarium «білім қалыптастырушы», «ойды негіздеуші» деген мағынаны білдіреді. Семинарды өткізудің мақсаты – студенттердің алған теориялық білімі бойынша білімдерін одан әрі тереңдету. Семинарды өткізудің негізгі міндеті: дәрісте алған білімді бекіту, өзіндік жұмыстардың тиімділігі мен нәтиже беруін тексеру, алдағы мәселелерді шешуде студенттердің өзіндік мүмкіндіктерді машықтандыру, оқытушының көрсеткен бағыты арқылы білімін тереңдету. Семинар сабағының дәрістен айырмашылығы дәрісте оқытушы белсенділік танытса, семинар сабақта оқытушыға ұйымдастыру кезеңіне 5 минут қана сөйлеуіне болады. Қалған уақыт студенттердің белсенділік танытуына беріледі. Оқытушы тек тақырып бойынша бағыт беріп, сабақтың мақсатына жетуді көздейді.
Семинар сабағының мақсаты: Тілдің табиғатын тереңінен түсіну арқылы, танымдық қырын ашу. Қазақ тіл біліміндегі танымға байланысты көтерілген мәселелерді анықтау, түсіндіру, талдау, ойбөліске шақыру, тұжырым жасау. А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектеріндегі танымдық пікірлерін топқа бөлу арқылы талдау.
Семинар сабақта Блум таксономиясы басшылыққа алынып, білу, тану
түсіну қолдану талдау топтау білімді бағалау жүйесі бойынша іске асырылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет