Тіл ғылымы (лингвистика) негізінде адам баласы тілінің жазылуын, өсу-өнуін, оның құрылысын, бұрынғы, қазіргі күйін, оның бірімен-бірі өзара қарым-қатынасын, олардың даму жолдарын, ондағы заңдарды тексереді. Сонымен қабат, тіл ғылымы тіл-тілдің келешегін де, қалай дамитынын да, болашақ тілдің жасалу жолдарын да әңгіме қылады. Алайда, әңгіме мұнымен бітпейді. Тіл мен ойлау және жазу мәселелері бір нәрсе сияқты. Бұларды да тіл ғылымы ішіне алады. Олай болса, бұл ғылым – бүтіндей адам баласының тіршілігіне байланысты ғылым. Тіл арқылы да, жазу арқылы да адам ойын іске асырады.
... Жоғарыда тіл ғылымы қоғамдық қатынас құралы және ол тап құралы деумен оның маңызын беріп бітіре қойғанымыз жоқ. Мұның ең басты маңызды жағы оның дүние тану құралы да екенімен шешіледі. Тіл дүние тану құралының бірі... Мұны қалай түсіну керек? Бұл сөз түрлі мәнге байланысты айтылған: 1)әуелі тіл ғылымы хат тану, оқу, жаза білудің басқышы; 2) хат тани білу арқылы жаңа адамның басқа білімдерге қолы жетеді; 3) басқа білімдердің тарихын білу арқасында адамның өз ой-өрісі кеңейеді; 4) тіл ғылымы арқылы бір халық бір халықпен дұрыс қатынас жасайды; бірінің тілін бірі тез үйренуге де тіл ғылымы себепкер; 5) қысқасы, тілсіз, тіл ғылымынсыз әуелде еш бір мәдениет болған емес.
Қарастартын мәселелер:
Сәрсен Аманжолов пен А.Байтұрсынұлы пікірлерінің ортақтығы
Ғалымның мәтініндегі тілтанымға қатысты ой-тұжырымдары
Сәрсен Аманжоловтың пікіріндегі тілдің танымдық қызметі
Осы тапсырмаларды беру арқылы тілдің танымдық болмысын, әлемнің тілдік бейнесін және когнитивті лингвистика ғылымының ұлттық танымды құрайтын этнолингвистика ғылымымен, тіл арқылы әлеуметтік ақпарат беретін социолингвистика ғылымымен байланысын студенттермен пікірталас ұйымдастырамыз. Пікірталас барысында студенттердің сыни ойлауға қатысу үшін өздеріне деген сенімдерін және өз пікірлері мен идеяларының құндылықтарын түсінуін арттыруға, оқыту үрдісіне белсенді қатысуға, басқалардың пікірлерін сыйлауға, пікірді қолдауға және құрастыруға дайындығын қалыптастырамыз.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша ойды қозғау, ояту, ойлануына әсер ету жүзеге асырылды. Осы кезеңге «Топтау», «Түртіп алу»,
«Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» тағы да басқа әдістері (стратегиялар) жинақталған. Сондай әдістердің бірі «ойға шабуыл»әдісі арқылы ғалымдардың тақырыпқа қатысты тұжырымдары бар концептуалды карталар ұсынылды:
Тілтуралығалымныңбергентұжырымдарыноқып,өзіңіздіңпікіріңізбен