Қазақ тіл біліміндегі таным теориясының



бет43/46
Дата08.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#119952
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
Қазақ тіл біліміндегі таным теориясының ғылыми-әдістемелік негіздері

Ғалымның пікірі

менің көзқарасым

C.Аманжолов: «Сөз дегеніміз – белгілі бір мағынаға ие ұғым», «әуелде конкрет бірнеше зат көрінісін, сәулесін ішіне алуы арқылы жасалған». …«Сөздің өзі – идеяға айналған саналық зат». ««…атау» дегеніміз – сөз. Сол сөзден жанды нәрсе жоқ. Оның бармайтын жері, баспайтын тауы жоқ. Ол отқа күймейді, суға батпайды. Сөздің бұлай ерекше қасиетті болуы – адамзатқа аса қажеттілігінен, адамзат онсыз толық мәнде адамдық қалыпқа жете алмайды. Оның тіршілігі тілінде, сөзінде.
Сондықтан жер жүзінде еш бір өзімен өзі болған тіл жоқ».




Тапсырманың мақсаты:

  • таным теориясы жайында білімдерін шыңдау;

  • пайымдай, ақпаратты өңдеу, талдау, тұжырымдау қабілеттерін дамыту;

  • сөз мәдениетін дамыту;

  • өзіндік тұжырым жасау арқылы ғылыми көзқарастарын қалыптастыру;

Тапсырма орындау нәтижесінде студент:

    • ақпаратты тұжырымдай білу дағдысы;

    • ғылыми-зерттеушілік дағдысы;

    • өзіндік жұмыс істеу дағдысы;

    • іскерлік дағдысы;

    • сөйлеу мәдениеті дағдысын қалыптастырады.

  1. Интербелсенді оқыту технологиясының негізінде ғалымдардың тіл болмысына қатысты пікірлерін студенттер ортаға салып, мәнін талдайды. өзіндік тұжырымдарын қалыптастырады. Тіл тақырыбында «Пирамида құрастыру» тәсілі арқылы қазақ тіл білімінің негізін салушы ғалымдардың пікірлеріне тоқталып, әр студент тіл табиғатына өзіндік ойы бойынша анықтама берді. Ең жоғарғы бөлігінде барлық айтылған пікірлерді талдай келе, «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры» деген А.Байтұрсынұлының сөзімен тұжырымдады. Бұл тапсырма тілдің танымдық қызметі адамның өзін тану үшін, өзгені тану үшін және өзін басқаларға таныту үшін аса маңызды екендігімен қорытындыланды.

Тапсырманың мақсаты:

  • тіл қызметтері жайында білімдерін шыңдау;

  • ақпаратты өңдеу, сұрыптау, тұжырымдау қабілеттерін дамыту;

  • тілдік тұлғасын қалыптастыру;

  • ғылыми пікірлерді сараптай алып, өзіндік ғылыми көзқарасын қалыптастыру;

Тапсырма орындау нәтижесінде студент:

    • ақпаратты сараптап, тұжырымдай білу дағдысы;

    • ғылыми-зерттеушілік дағдысы;

    • қатысымдық құзыреттілігін;

    • іскерлік дағдысы;

    • сөйлеу мәдениеті дағдысын қалыптастырады.



  1. А.Байтұрсынұлының «Тіл – құрал. Дыбыс заңы һәм жүйесі» (1923ж),

Қ.Жұбановтың «Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнен лекциялар» (1933ж), С.Аманжоловтың «Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы» атты зерттеулеріндегі тілтанымдық ой-тұжырымдарын талдап, еңбектеріне андатпа (аннотация) жазыңыз.
Бұл тапсырмада А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжоловтың танымдық пікірлері арқылы студенттерге таным теориясы ұғымынан ой салып, өздеріне тілтанымдық тұжырым жасату көзделді. Сонымен қатар, студенттер тілтанымдық тұжырым жасай келе, берілген бағыт бойынша мақал-мәтелдер келтіріп, оның танымдық мәнін талдады. Бұл тапсырма арқылы студенттердің тұжырым жасау қабілеті, ой ұшқырлығы, танымдық білімі анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет