Қазақ тіл біліміндегі таным теориясының



бет8/46
Дата08.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#119952
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46
Байланысты:
Қазақ тіл біліміндегі таным теориясының ғылыми-әдістемелік негіздері

Зерттеу әдістері:


Диccертaциялық зерттеуді орындау барысында тaлдaу, жинaқтaу, жүйелеу, тoптacтыру, семантикaлық тaлдaу, мoдельдеу әдіcтері қолданылды. Оқыту әдістемесін жүйелеуде индуктивті, дедуктивті және эксперименттік әдістер пайдаланылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:


    • Таным мәселесі философия, психология, тіл білімі аясында зерделеніп, А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектері бойынша таным теориясының ғылыми-методологиялық, әдістемелік негіздері дәйектелді.

    • Қазақ тілі табиғатының сырына терең үңілген А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С,Аманжолов зерттеулерінің негізінде таным мәселесінің лингвистикалық, педагогикалық негіздері сипатталды;

    • А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С,Аманжоловтың еңбектері негізінде тіл мен таным мәселесі сабақтастырылып, таным теориясы психолингвистика ғылымы аясында түсіндірілді;

    • Көрнекті тілшілердің таным теориясына қатысты пікір-көзқарастары, тұжырымдары жүйеленіп, бүгінгі ғылым талабы мен бағыт-бағдары тұрғысынан талданды. Әр ғалымның еңбектеріндегі ерекшеліктер көрсетіліп, олардың қазіргі маңызы дәлелденді;

    • А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектері бойынша таным теориясын оқытудың тиімді әдістемесі ұсынылды, кешенді жұмыс түрлері белгіленіп, эксперимент нәтижесі анықталды;

    • жоғары оқу орнында таным теориясын А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектері негізінде оқытудың бағдарламасы жасалды;

    • Ғалымдардың еңбектеріне сәйкес таным теориясын игертуде қолданылатын жаңашыл технологиялар сарапталып, іс жүзіне асырылды;

    • Тілшілердің еңбектерінде сөз болған таным мәселесінің өміршең түйін-пікірлерінің бүгінгі білім беру үрдісіндегі ұтымдылығы, жаңашылдығы, қажеттілігі дәйектелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет