Қазақ тілі 3-сынып Тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік Мақсаты



Дата25.12.2016
өлшемі150,51 Kb.
#4971
Ш.Қ.О. Ұлан ауданы Бозанбай ауылы

«Бозанбай орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Алимбаева А.И.

Қазақ тілі 3-сынып

Тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік

Мақсаты: Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы болымды

немесе болымсыз етістік туралы білімдерін толықтыра түседі.

С.Т.О.технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың теориялық

ойлауы, есте сақтау, жүйелі сөйлеу қабілеттері қалыптасады, сөздік қоры

молаяды.

Адамгершілік және ақыл ой тәрбиесі беріледі, ұйымшылдыққа ,

жолдастық, қарым-қатынасқа тәрбиеленеді.

Түрі : Дамытушылық сабағы

Типі : Алғашқы жаңа білімді бекіту

Тех-сы: С.Т.О.

Стратегиялар: Ой қозғау, топтастыру, жұппен жұмыс, топпен жұмыс, Венн

диограммасы, лездеме сұрақтар, сөз жұмбақ, шығу парағы, Т кестесі.



Сабақтың барысы

Қызығушылығын ояту:

1.1 Психологиялық дайындық

Қайырлы таң болсын,

Күлші,кәне достым.

Қайырлы күн болсын!

Бүгінгі күн міне!

Күлші,кәне достым!

Сәттілікке толсын!

-Ал, балалар бүгінгі сабағымыз сәтті өтсін деп сабағымызды бастайық.

-Сыр сандығым ашылар,

Балалар сабаққа дайын болса,

Ішінен інжу маржан шашылар!

1.2 Сандықты ашу үшін алдымен үй тапсырмасын тексерейік.

31-жаттығу



ІІ. Мағынаны ашу:

2.1 Ойлан тап:

Жұмбақтар шешеді. Жұмбақтың шешуінде кездесетін « і» әрпі мына сөз жұмбақпен сәйкес келуі керек.Шешуіндегі сөздерді қатыстырып сөйлем құрап,етістікті тап.Бұл етістікті болымсыз түріне айландыр.

1.Жағалай -.жағалай тас қойдым,

Жирен атты бос қойдым.

Тіл

2.Адамның сәні,



Онсыз жоқ мәні.

Киім


3.Үсті толған ине,

Бірақ та іс тігіп,

Қадамайды түйме.

Кірпі


4.Адамдардың киімін,

Ұстап тұратын иығым . Ілгіш

5.Іртік-іртік сүттен,

Қайнатып кептірген.

Тәтті дәмі бар,

Кім бар оны жеп көрмеген?

Ірімшік

-Яғни,бүгінгі сабақта біз болымды, болымсыз етістік туралы алған білімімізді кеңейте түсеміз.



2.2.К/ж. мин.

Жж Ж әрпінен басталатын қимылды білдіретін сөзлерді жазады.



2.3. Оқулықпен жұмыс

1.Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құрап жазады. 35-ж

Ойшылдар, Тапқырлар

2.Мәтінді көшіріп жазады, етістікті тауып, болымды,болымсыз екенін айтады.38-ж.

Алғырлар, Білгірлер

3.Өлеңді қайталап оқып,жатқа жазады.Болымсыз етістіктің астын сызады.39-ж.

Жауқазын, Қызғалдақ

ІІІ.Ойтолғаныс

3.1.Сәйкестігін тап

3.2.Үлестірме қағазбен жұмыс

1.Сурет бойынша сөйлем құрайды. Жауқазын, Қызғалдақ

2.Мақалдарды оқиды, етістікті тауып, болымды,болымсыз екенін айтады. Алғырлар, Білгірлер

3.Етістікке тиісті жұрнақ жалғап, болымсыз етістік жасайды.

Ойшылдар, тапқырлар

3.3.Бекітеді Топтастыру

1.Етістік дегеніміз не ? Білгірлер тобы

2.Айша не істеді ? Ойшылдар тобы

3.Болымды және болымсыз етістік Тапқырлар тобы

Венн диограммасы

1.Жаңала Жүгірме

2.Ақылдас Күлме

3.Ойна Келме



3.4. Қорытындылайды

Лездеме сұрақтар

1.Заттың іс-әрекет қимылын білдіретін сөз табы Етістік

2.Жазды,оқыды, ойнады сөздеріне қойылатын сұрақтар Не істеді?

3.Түбір сөзден болатын етістік Негізгі етістік

4.Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістік Туынды етістік

5.Болымсыз етістік қалай жасалады ? -ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе

жұрнақтары арқылы

6.Жағала,айт бұл етістіктерді болымсызға айландыр Жағалама, айтпа



3.5.Үйге тапсырма

40-ж.


Сурет бойынша әңгіме құрап жазады. Етістіктердің болымды,болымсыз екенін айтады.

3.6.Бағалау Т кестесі бойынша

Оқушыларды мадақтау.

-Міне сыр сандықта ашылды. Өздеріңе арналған сыйлықтар бар екен.

Сыйлықтарды тарату.

Ш.Қ.О. Ұлан ауданы Бозанбай ауылы

«Бозанбай орта мектебі»

Бастауыш сынып мұғалімі: Алимбаева А.И.

(тәрбие сағаты)



Тәуелсіздікті жырлаймыз

Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру. Әр елдің, әр адамның адамгершілік, достық, ынтымақ-бірлік бейбіт өмір, жарасымды бірлік иесі екендігін жас ұрпақтың санасына жеткізу.

Еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен және сол мақсаттарына жету барысында өздерінің елі, халқы үшін өмірін, жастығын қиған аға ұрпақтың ерлік істерін үлгі тұта отырып, оқушыларға елжандылық тәрбие беру.



Көрнекілігі:

Н.Ә.Назарбаевтың суреті, еліміздің рәміздері, қанатты сөздер.



Сабақтың барысы

1 жүргізуші: Армысыңдар, Отандастар!

Қайырлы күн, құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!



2 жүргізуші: 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!

1-жүргізуші: Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты. Ол баршамыздың бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.

1-оқушы: Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған,

Жете алмай құрбан болды қанша адам.

2-оқушы: Махамбеттер, кешегі өткен Қайраттар,

Әр кезекте сен деп ерлік жасаған.



3-оқушы: Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,

Ол әркімге еркін өмір сыйлада.



4-оқушы: Тәуелсіздік 11 әріп құраған,

Сан ғасырлар бар қазаққа бол арман.



5-оқушы: Тәуелсіздік – қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек жан-тәніңмен ұғып біл.

11 әріп не мағына береді,

Ал талдайын, жеткенінше, қызыл тіл.



6-оқушы: Т әріпі білдіреді теңдікті.

7-оқушы: Ә әріпі әдептілік,әлдікті.

8-оқушы: У әріпі уайымсыз уақытты.

9-оқушы: Е әріпі егемендік, елдікті.

10-оқушы: Л әріпі дейді лағып лепірме.

11-оқушы: С әріпі сенімділік секілді ең.

12-оқушы: І әріпі ілтипат пенізет қой.

13-оқушы: З әріпі зиялылық тілек қой.

14-оқушы: Д әріпі шақырады достыққа.

15-оқушы: І әріпі іркілмей тек шындықты.

16-оқушы: К әріпі дейді күн бол көктегі,

Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.



1-жүргізуші: Иә, Тәуелсіздік дегенді қалай түсінеміз?

17-оқушы: Өзалдына дербес, еркін мемлекет, яғни ешкімге тәуелді болмай, әшкі, сыртқы саяси мәселелерді өзі шеше алатын мүмкіндігі бар елді Тәуелсіз мемлекет деп айтамыз.

2-жүргізуші: Тәуелсіз мемлекет атануымызға кімдердің еңбегі сіңді?

18-оқушы: Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова сияқты азаматтардың еңбегі сіңді.

1-жүргізуші: Иә, осындай апа-ағаларымыздың арқасында Тәуелсіз мемлекет болдық, ендеше бір сәт еске алып, бір минут үнсіздік жариялайы

Тәуелсіздік деген не? (7)

Әрсен Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір күнде,

Қайғыға халық батқан күн.



Ақмарал Әділдік пен шындықты,

Өтрік жала еткен күн.

Надан жасаған шындықтан,

Адамдар азап шеккен күн.

2-жүргізуші: Міне, осыдан бері 25 жыл өтті. Аяулы ер азаматтарымыз Ләззат, Ербол, Сабира, Жамбыл, Ертай, т.б. аға-апаларымыз толық ақталды.

1-жүргізуші: Бұл ереуіл Қазақстанның егемендігіне ғана жол салып қойған жоқ , дүние жүзіндегі саясаттың өзгеруіне ықпал етті.

Арман орындалды.

Еліміздің көк байрағы Астанамызда желбіреп тұр. Өз елтаңбамыз, өз әнұранымыз бар.

2-жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін!

Қайта тудым, өмірге қайта келдім!

Мен, мыңда бір тірілдім, мәңгі өлмеске,

Ш.Қ.О. Ұлан ауданы Бозанбай ауылы

«Бозанбай орта мектебі»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Алимбаева А.И.

(тәрбие сағаты)

Наурыз шапағаты

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқын салт - дәстүрін,

дінін, ұлттық дүниетанымын, ұлттық киімін,тамағын, ұлттық ойындарын

насихаттап көрсету.

Тілге, дінге ұлттық сезімдерін ояту, қазақ халқының салт - дәстүрін бағалап,

Ұлыстың ұлы күнін мақтанышпен қарсы алып, құрметтей білуге тәрбиелеу.



Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакаттар, Наурыз 2012 газеті, ұлттық киімдер,

ұлттық ойындар, ұлттық тағамдар, түрлі суреттер.



Сабақтың барысы

1-жүргізуші: Наурыз - көктем мерекесі

Наурыз – жыл басы.

Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп!

2-жүргізуші: Наурыз –қуаныш мерекесі.

Бақыт пен шаттық мерекесі.



1-жүргізуші: Наурыз – шаруаның мерекесі.

Наурыз – еңбек мерекесі.



2-жүргізуші: Армысыңдар, халайық!

Бармысыңдар, халайық!

Наурыз тойын жұп жазбай,

Жылда қарсы алайық.



1-жүргізуші: Наурыз тойы басталды,

Бәрің бері қараңдар!

Салт - дәстүрін халқымның,

Біле мекен халқымыз.



2-жүргізуші: Ата-аналар сіздерге салт - дәстүрге байланысты сұрақтар қоямыз.

1-жүргізуші: Киіз үйдің сүйегін және киіз үйдің жихаздарын атаңыздар?

Ж-ы: Киіз үйдің сүйегі: шаңырақ,уық, кереге, сықырлауық.

Киіз үйдің жихаздары: абажа,абдыра,ағаш төсек,адалбақан,

асадал, бөгіре,жағылан, жүкаяқ, кебеже, сандық.



2-жүргізуші: Ұлттық киімдерді атаңыз.

Ж-ы: Бешпет,камзол,күпі, шапан, ішік,бөрік, тақия,сәукеле, кебіс.мәсі.



1-жүргізуші: Еттен табақ тарту дәстүрі:( жасалатын табақ түрлері:)

Ж-ы: Бас табақ ,сый табақ, орта табақ, аяқ табақ, күйеу табақ, келін табақ,

қыздар табағы, құдағилар табағы, жерік асының табағы.

2-жүргізуші: Жыл аттарын айтып беріңіз.

Ж-ы: Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық,

ит, доңыз

1-жүргізуші: Халқымыздың ежелден келе жатқан төл өнері бүгінгі ұрпақ бойында өз

жалғасын табуда. Ата дәстүрін жалғастыруды өз дәстүрім деп есептеген

жас айтыскерлер Ақерке мен Шуақты қошеметпен қарсы алайық.

1-айтыскер: Айтыс айтыс болады, Наурыз тойын өыздырып

Өлең айтса жөнімен. Кім айтысар менімен?



2-айтыскер: Біздің Ханшайым шиқылдап,

Ұқсайды екен шөжеге.

Шөлдеп қапты шөжелер,

Шөлдегенге көже бер.



1-айтыскер: Шуылдаған қозыдай,

Ойнайтұғын Шуақ-ай

Көже көрсе тауыспай,

Қоймайтұғын Шуақ-ай



2-айтыскер: Қадай алмай түймеңді,

Жылауыңды қойдың ба?

Сабағыңды апаңнан, Сұрауыңды қойдың ба?

1-айтыскер: Сүрінгенді мазақтап,

Жөнің жоқ қой күлетін.

Сен дейсің бе саусағыңның,

Санын білмей жүретін.



Екеуі: Жылдың басы – Наурыз,

Жылдың басы – Наурыз,

Наурызға жыр арнап,

Айтысармыз әлі біз.



1-жүргізуші: Армысың, мейірім мен шуақтың бастауы!

(Наурыз кіреді)

2-жүргізуші: Қош келдің, көрікті көктем айы Наурыз!

Біз өзіңді, думаніңды,шаттығыңды,

Жұпардай жұпар иісіңді,

Нөсерлі ақ жауыныңды сағындық.



Наурыз: Сәлеметсіздер ме, халайық!

Тойларыңыз тойға ұлассын!Мейрамдарыңызға бір әдемі өлең оқып берейін

және балалардың өнерін көрейін деп келдім.

- Балалар мен сендерге бірнеше тапсырма ала келдім. Кәне соны шешіп

көрейік.

-Не тәтті? Ананың сүті

-Не жұмсақ? Ананың қолы

-Не жетім? Жаңбыр жаумаса-жер жетім.

Басшысы болмаса-ел жетім.

Тыңдаушысы болмаса-сөз жетім

-Қандай ырым-тыйым сөздер білесіңдер?

1-жүргізуші: Жеті ата дегеніміз кім? Жеті атаңды ата.

Ж-ы: Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.



2-жүргізуші: Сүттен, еттен, ұннан жасалатын тағамдарды ата.

Ж-ы: Сүттен жасалатын тағамдар:Айран, қымыз, шұбат, құрт, ірімшік,

май, кілегей, сүзбе т.б.

Еттен жасалатын тағамдар: Жал-жая, қазы-қарта, қуырдақ, мипалау,

сырбаз,шұжық, қарынбөрте, нарын, тұрамыш т.б.

Ұннан жасалатын тағамдар: Бауырсақ,шелпек, нан, жайма,быламық,

қаттама, бөкпен т.б.

1-жүргізуші: Малды жаятын, бағатын адамды кім деп атайды? Пірлеліната.

Малды қалай шақырады?

(2-сынып оқушылары жауап береді)

2-жүргізуші: Ұлттық ойындарды ата.

(2-сынып оқушылары жауап береді)



1-жүргізуші: Наурыз туралы ұғымдарға тоқталып өтелік.

Наурызнама, Наурыз көже, Наурыз бата, Наурыз жұмбақ , Наурызша

(3-сынып оқушылары жауап береді)

Наурыз тілек, Наурыз есім, Наурыз шешек, Наурыз төл, Наурызек

(2-сынып оқушылары жауап береді)

2-жүргізуші: Сіздерге деген балалардың ән-жырлары, тақпақтары бар екен, соны

тамашалайық.

Тақпақтар: (2-сынып оқушылары )

(3-сынып оқушылары )



1-жүргізуші: Кел жиналған халайық,

Наурыз әнге салайық.

Бекер тұрмай бір жерде,

Мың бұралған қыздардың,

Қазақ биін тамашалайық!

Қазақ биін 3-сынып



2-жүргізуші: Шуақтың орындауында күй« Балбырауын» (3-сынып)

Ерасылдың орындауында ән « Еркем - ай» (3-сынып)



1-жүргізуші: Келесі кезекті әнге берейік.

Ән: Атамекен (3-сынып оқушысы Құралай )

Ән: Атамекен (3-сынып оқушысы Арғын)

Ән:Туған жер (3-сынып оқушысы Ақылбек)



2-жүргізуші: Бәйшешектер қар астынан табылған,

Бар халықты қуантатын бұл қай кез?



Наурыз

1-жүргізуші: Келер күнге бір үмітті табынтып,

Бар халықты қуантатын бұл қай кез?

Наурыз

2-жүргізуші: Шашу! Шашу!

Көп шашайық шашуды.

Уа, жамағат! Теріп ал несібеңді.

Ризығың болсын көл – көсір!



1-жүргізуші: Қашанда құт – береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу салты елімнің.

Уа, халайық! Теріп ал несібеңді.

Қабыл болсын, жамағат, ақ тілегің!



2-жүргізуші: Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша Наурыздың 21-күні

даланы Қызыр ата аралайды. Жақсылықтың жаршысы, жаңа түскен күн

нұрының рәмізі-Қызыр ата бата береді екен. Ендеше қол жайып, бата

тілейік.


Бата

Кең пейілді қазақ елім!

Кемелденген ғажап елім!

Ұлыс күні құтты болсын!

Ел іргесі мықты болсын!

Бақыт әкеп ұлыс күні,

Баянды боп тыныштығы,

Әнші құстар баққа қонсын!

Алтын табақ аққа толсын!

Жаңа күнім жадырасын!

Төл көбейіп, маңырасын!

Бағы жанып кәрі-жастың,

Басынан бақ арылмасын!

Орындалып ойларыңыз,

Тойға ұлассын тойларыңыз!

Әумин!


1-жүргізуші: Осымен Наурыз тойына арналған «Наурыз шапағаты» атты әдеби-сазды

кешіміз аяқталды.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!



Екеуі бірге: Наурыз тойы құтты болсын халайық!

Мұғалім: Сіздерді Ұлыстың ұлы күні «Наурыз тойымен»құттықтаймын.

Әр күндеріңіз көктемнің жайма шуақ күндеріндей нұрлы, жылы болсын!

Дендеріңізге саулық, дүниелеріңізге байлық, отбастарыңызға бақыт пен

қуаныш тілеймін.

Ш.Қ.О. Ұлан ауданы Бозанбай ауылы

«Бозанбай орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Алимбаева А.И.

Қазақ тілі. 2-сынып

Тақырыбы:Сөйлем түрлері

Сабақтың мақсаты: Сөйлем,сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөліну түрлері туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасалады.

Оқушыларды сөйлемді оқыған кезде дауыс ырғағын салыстыру арқылы оларды бір-бірінен ажырата білуге жаттығады; тіл дамыту, рефлексиялық жаттығуларды орындату арқылы оқушылардың байланыстарын сөйлеу қабілеті дамиды.

Сауаттылыққа,ідемпаздыққа,ұйымшылдыққа, өз біліміне сын көзбен қарай білуге тәрбиеленеді.

Түрі. Саяхат сабақ.

Типі: Жаңа сабақ

Технологиясы: С.Т.О.

Стратегиялар: Жуан,жіңішке сұрақтар; топтастыру; топпен жұмыс; жұмбақ; жинақтау; сұқ саусақ талдау; Т кестесі.

Көрнекілігі: суреттер (жеке сюжетті), тірек сызба.

Сабақтың барысы



  1. Ұйымдастыру кезеңі

    1. Психологиялық дайындық:

Мақсатымыз-білім алу,

Міндетіміз-еңбектену.

Еңбек етіп жұмыла.

«5»-ке қолды жеткізу.



    1. Тірек білімді еске түсіру.

  1. Мәтін деген не?

А. Бір немесе екі сөйлемнен тұрады.

В. Мәтін мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен тұрады.

Мәтінге ат қоюға болады.

С. Мәтінге ат қоюға болады.



  1. Мәтіннің қандай түрлері болады?

А. Әңгімелеу,сипаттау.

В. Сипаттау,әңгімелеу,пайымдау.

С. Пайымдау,сипаттау.


  1. «Мен 2-сыныпта оқимын. Бізге Алмагүл апай сабақ береді.» Мәтіннің қай түріне жатады?

А. Сипаттау В. Әңгімелеу С. Пайымдау.

  1. Мәтіннің негізгі бөліктерін ата.

А. Басы,негізгі бөлім,соңы.

В. Басы,соңы

С: Негізгі бөлім,соңы.


  1. «Біздің оқитын сыныбымыз-кең,жарық. Төбесі биік,қабырғалары аппақ.»

Мәтіннің қай түріне жатады?

А. Әңгімелеу В. Сипаттау С. Пайымдау.



    1. «Әдепті бала –арлы бала» эссе оқиды.

Қызығушылығын ояту.

-Ерте –ерте ертеде біз білмейтін бір үлкен елде «Сөздер» өмір сүріпті. Сөздердің бір тобы бір-бірімен тіркесе байланысып,жеке отау тігіпті. Ол отау «Синтаксис» елі деп аталыпты. Бұл сөздер бір-бірінен бөлек тұрса да, бір-біріне бағынып,бірін-бірі толықтырып тұрыпты. Ең бірінші тұрған сөз бәріне бас болыпты. Ал ең соңғы сөз өзінен кейін ешкімды жібермей,ойды тиянақтап тұрыпты.

Бұның қалай аталғанын қазір сендер тап-р орындау арқылы тез табасыңдар.

-Сонымен, бүгін біз,сол Әлемдегі ең үлкен ел «Синтаксис» еліне саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шығу үшін тіркескен вагондар бар пойызға отырамыз. Әр вагонға бір жұмбақтан жасырынған.



1-тапсырма.

С

Ө

Й

Л

Е

М



1-вагон: жылт-жылт еткен , жылғардан өткен.

2-вагон: «Тәтті,тәттінің іші қатты,қаттының іші тәтті

3-вагон:

4-вагон:


5-вагон: Ти десем,тимейді, тиме десем ,тиеді.

6-вагон: Отқа жанбас, суға батпас.

(Әр жұмбақтың шешуін тауып,әрқайсысының 1-інші әріптеріне сөз құрастырады)

2-тапсырма: Паровоз тоқтап қалды. Көмекке келейік. Сөйлем неден тұрады?-сөзден.

С-нің 1-ші сөзі қалай жазылады?-бас әріптен.



3-тапсырма: Балалар пойыздың ең соңғы вагонына сөйлемінің ТЫНЫС БЕЛГІСІ деген ақылгой шешесі орналасыпты. Қасындағы 3 қызының біреуі тиянақты сөйлесе , екіншісі тек сұрайды, үшіншісі бірде ренжіп,бірде қуанып,бірде бұйырып сөйлейді екен. Соған қарамастан ол қыздарын ақылмен бір мәтіннің ішіне жұмсай алыпты.

-Қалай ойлайсыңдар,бұлар қандай сөйлемдер?

- Мұндай сөйлемдерден кейін қандай тыныс белгісі қойылады?

-Нүкте . Сұрау белгісі. Леп белгісі.

- Сөйлем туралы ойымызды жинақтайыө

Сөйлем

Бірінші сөзі бас әріпп

Сөйлемдегі сөздер жазылады.

бір-бірінен бөлек жазылады

Аяқталғаннан кейін тыныс белгісі қойылады.

Нүкте

Леп белгісі

Сұрау белгісі

ІІІ. Мағынаны ашу. Көркем жазу .

3.1. Сөздерді салыстырып оқиды. Қайсысы сөйлем? Неліктен№ дәлелдейді. 219ж.

3.2. Жақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп жазажы. 220ж.

3.3. Берілген сөздерден сөйлем құрап жазады. 221ж.

3.4. Сөйлемдердің соңына қойылған тыныс белгісіне сай ырғақпен оқиды. Бұл сөйлемдердің айтылу мақсаты әр –түрлі екенін дәлелдейді. 222ж.

3.5 Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрайды. Мен, сатып,алдым,кітап,қызық,екен,кітап.

3.6 Тақтада: Сөздерден сөйлем құрайды. Сөйлем қандай әріппен бастал жазылған,не үшін тыныс белгісі қойылғанына назар аударылып, жауап алынады.

Мейіржан жылы Маржан оқиды Алақай жатыр киінді нешінші сыныпта келе апам.

Сөйлемдер: Мейіржан жылы киінді. Маржан нешінші сыныпта оқиды? Алақай,апам келе жатыр!

3.7. Сергіту жаттығуы.



ІҮ. Ойтолғаныс.

4.1. Д/о. «Адасқан сөйлемдер» Шарты: берілген сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай өз үйшігіне орналастыру керек.

1. Өсімдік көктейді. 2) Түйені бұйдалайды. 3) Балам, өркенің өссін. 4) Дала қандай аппақ. 5) Қамшы деген не. 6) Кірпі қалай дыбыстайды.



. ? !



4.2. тыныс белгілеріне байланысты сөйлем құрау.



? !



5. Қорытындылайды.

5.1. Бүгінгі сабақта нені оқып үйрендік?

5.2. Сөйлем дегеніміз не?

5.3. Айтылу мақсатына қарай сөйлем нешеге бөлінеді?



6 .Үйге тапсырма: Ребусты шешіп ,шешуіндегі сөзге әңгіме құрап жазады. 223ж.

«Суретші» Ережеге жатпайды.



7. Бағалау Т кестесі бойынша

4 вагон: Шөре,шөре,лағым,

Тентек болма,шырағым,

Секектеме,деміңді ал,



Селтеңдемей құлағым,

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет