Қазақ тілі 4-сынып Тақырыбы: Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылаулары. Білімділік мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі75,16 Kb.
#31649
түріСабақ
Маңғыстау облысы,Жаңаөзен қаласы

7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі



Нурджауова Несібелі Аманқызы
Қазақ тілі

4-сынып
Тақырыбы: Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылаулары.
Білімділік мақсаты: Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылауларының өздері қатысты сөзге сұраулық мағына үстейтіндігі туралы түсінік беру, олардың емлесін меңгерту.Болымсыз етістіктің жұрнақтарынан шылауды ажырата білуге үйрету.Оқу және жазу сауаттылығын жетілдіру.

Дамытушылығы:Халық ауыз әдебиетінің түрлерін пайдалану арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:Тыйым сөздерді пайдалана отырып,мақтаншақ болмауға,өтірік айтпауға,еңбек етуге құштар болуға тәрбиелеу.Білімді азамат болып қалыптасуға жетелеу.

Сабақтың түрі: Десант түріндегі дәстүрлі-дамытушы сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Топтық жұмыс.Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы.Ақпараттық коммуникативті технологияны қолдану.

Сабақтың көрнекілігі:Оқушыларды топқа бөлуге арналған өсімдіктердің түрлері көрсетілген қималар,компьютерлік құрылғы,видеоролик «Қырық өтірік»ертегісі.Қазақстанның физикалық-географиялық картасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабағымызды бастамас бұрын топтарда жұмыс жасайтындықтан топқа бөлініп алайық.(Әр оқушы өзі ұнатқан суретті алып белгіленген парталарға отырады.)

Бүгінгі сабақтың ұраны:

«Бәрімізде бір мақсат,бір мүдде»


Сабақ барысында мына ережелерді сақтауларың керек:

1.Басқаның пікірін сыйлау.

2.Уақытты үнемдеу.

3.Тапсырмаларды тиянақты орындау.

4.Шынайы түрде формативті бағалау.

5.Сыныпта,топта тәртіп сақтау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

17-жаттығу. а)Өлеңнің берілісін оқу

ә)Өлеңді толықтырып оқу

б) «Шылау және ауыз әдебиеті»туралы тиянақтау

Мұғалімнің қосымша ақпараты:Халық ауыз әдебиетінің түрлері көп. Қазақ халқы мәдени мұраға бай.Солардың бірі- өтірік өлең. Өтірік өлең желісімен қазақ мультипликаторлары «Тазша бала» мультфильмін түсірген. Үзінді көрелік.

в)Тосын сый әзірлеу(видео)

г)Халық ауыз әдебиетінің тағы қандай түрлерін білесіңдер?
ІІІ. Мақсат қою кезеңі.

Шылау дегеніміз не? Ережені шығарып алу.Шылаудың түрлері.



(слайдтан көрсету)

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс.

«Шылау және жұмбақтар».(Оқушының ойлау қабілетін дамыту)

а) Оқулықпен жұмыс. 19-жаттығу.(ауызша орындау) Жұмбақты оқып, шешуін табу. Шылауларды тауып, қандай мағынада жұмсалып тұрғанын айыру.
ә) Дәптермен жұмыс. а)Күн ретін жазу.

ә)Көркем жазу.

б)20-жаттығу. (дәптермен жұмыс)

Тапсырмалары:



1-топ мәтін түрлерін ата.

2-ші топ мәтіннің қай түріне жатқызуға болады.

3-ші топ мәтінге ат қой.

4-ші топ мәтіндегі шылауларды тап. (Слайдтан мәтін түрлері)

(Сөйлемдерді көшіріп жазады, шылаулардың қандай мағынада жұмсалып тұрғанын айтады)

Мұғалім: -Көктемгі жылы күннің шуағы туралы айтылғанынына келісесіңдер ме? Ал сендердің өмірлеріңе жылылықты кім сыйлайды?


  • Әрине, ана.Сендердей балаларына арнаған әнді орнымыздан тұрып шырқап сергіп алайық.



ҮІ.Сергіту сәті. Слайд шапағын шашқан күн суреті.
21-жаттығу.(ауызша) « Жаңылтпаш айтып, жаттығайық»

(Сабақты өмірмен байланыстыру)

Әр топ өз арасынан жаңылтпаш айтудың шеберін анықтау.
Мұғалімнің қосымша ақпараты:Қазақстанда не нәрсені «ақ алтын» дейді?Ол республикамыздың қай өңірінде өсіріледі? Мақтадан адам өміріне қажетті тағы қандай нәрселер алынады?(Слайд мақтаның суреті)
Негізгі тапсырма: Шылауларды табу.
ҮІІ. Бекіту.

23-жаттығу. Бағанның екі жағындағы сөйлемдерді салыстырып, сұраулық шылаулардың жазылуы туралы қорытынды жасау.


ҮІІІ. Қорытындылау.

Шығармашылық тапсырма:Ребус шешу.

« Достық» сөзін кім қалай түсінеді?

Достық туралы мұғалімнің қорытынды сөзі:Сендер сабақтың басында алынған ұранымызға қоса достықтарыңның да мықты екендіктерін көрсеттіңдер.



  1. Бүгін қандай шылаулармен таныстық?

  2. Олардың атқаратын қызметі қандай екен?



ІХ. Үй тапсырмасы
22-жаттығу. Ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларын қатыстырып сөйлем құрау.
ІХ. Оқушыларды бағалау.
Қазақ тілі

4-сынып
Сабақтың тақырыбы:Сын есім




Білімділік мақсаты: Сын есім туралы түсініктеріне сүйене отырып, негізгі және туынды сын есім туралы білімдерін толықтыру.


Дамытушылығы: Оқушылардың ой - өрісін, танымдық қабілетін сөздің қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау. Сын есімдерді қолдану арқылы сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Топтық жұмыс барысында ынтымақтастыққа тәрбиелеу.Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, туған жерін, Отанын,туған тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы; Ақпараттық коммуникативті технологияны қолдану.

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру.

а)Қатар-қатар тізіліп,

І топ жәй отыр,

ІІ топ тез отыр,

ІІІ топ кел отыр,

ІV топ сен де отыр,

Сабақ бастар кез боп тұр.(4 топқа бөлу)

ә)Алтын ережемен танысамыз:

1. Басқаның пікірін сыйлаймыз.

2.Уақытты үнемдейміз.

3 .Тапсырмаларды тиянақты орындаймыз

4 .Шынайы түрде формативті бағалаймыз.

5. Сыныпта ,топта тәртіп сақтаймыз.



ІІ.Үй тапсырмасы.(53-жаттығу)

а)Өткен сабақты пысықтау:

-Етістік дегеніміз не?Сұрақтары

-Етістіктің шақтары туралы не айтасыңдар?

-Осы шақ етістік дегеніміз не?Сұрақтары.

-Өткен шақ етістік дегеніміз не?Сұрақтары.

-Келер шақ етістік дегеніміз не?Сұрақтары

ә)Үй тапсырмасы бойынша 4 топқа тапсырма беру.

І топ:Өлеңді жатқа айту.

ІІ топ:Автор туралы мағлұмат беру.

ІІІ топ:Сиқы қашу тіркесінің мағынасын түсіндіру.

ІV топ: «Туған тілім»туралы әңгімелеу.

«Кластер»әдісі бойыншаүй тапсырмасын пысықтау

ІІІ.Жаңа сабақ:

а)-Ана тілімізді ашық түрде қолдануға қалай қол жеткіздік?

-Әрине,Тәуелсіздік арқылы.

1-жаттығу.«Тәуелсіз елім бар» атты өлеңді әр топ бір шумақтан мәнерлеп хормен оқу.

«Тәуелсіз елім бар»өлеңінің авторымен танысу.

ә)Көркем жазу
Дәрігер, аласа, күн, терең, жазды, қою, бесінші, өнерлі, айтты
(Осы сөздердің ішінен сын есімдерді теріп жазу)

б)Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөздерді топтастыру үшін ,зат атауларын-зат есім,сын атауларын –сын есім,сан атауларын –сан есім,қимыл атауларын-етістік деп бөліп,ғылыми терімсөзбен атап,анықтамасын берген ғұлама ғалым А. Байтұрсынұлы болған.

Сын есім,сын есім түрлері туралы сызба арқылы түсіндіру.

І топ:1-шумақтан сын есімдерді табу(көк,кең,атақты)

ІІ топ: 2-шумақтан сын есімдерді табу(жемісті,шың- құзды,жеңісті)

ІІІ топ: 3-шумақтан сын есімдерді табу(жайдарлы,өрісті,егемен)

ІV топ: 4-шумақтан сын есімдерді табу(егемен)

ІV.Ойды ұштау. (2-жаттығу)

Жұмбақты оқу,жатқа жазу ,шешуін табу.Сын есімдердің астын сызу.

Қарбыз туралы,қарбыздың пайдасы туралы мәлімет беру.

3-жаттығу.Мәтінді оқу,мағынасын түсіндіру,тұңғыш геолог туралы мәлімет беру.жергілікті жердегі оқу орнымен байланыстыру.

Мәтінді алдымен толық,содан соң сын есімдерсіз оқу,өзгерісін байқау,мәтінді қөшіріп жазу.

V.Сергіту сәті

- Қандай сұрағына жауап алу.

- Дәрігер қандай?(ақ халатты,мейірімді,қайырымды)

- Ұстаз қандай?(ақылды,сыпайы)

- Мұнайшы қандай?(жұмыскер,табыскер)

- Тігінші қандай?(шебер)

- Май қызметкері қандай?(қатал)

- Жүргізуші қандай?(сақ)

. «Ротация» (ауыстыру) әдісі .(5-жаттығуды орындау)

VІ.Қорытындылау.

VІ.Бағалау.

VІ.Үй тапсырмасы: 6-жаттығу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет