«Жаңа сөз үйренейік» айдарымен мұғалім оқушыларға «былғары»,
«құмыра», «қоржын» сөздерін жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру арқылы меңгертеді. Оқулықтың 2-тапсырмасында берілген сұрақтардың тізімін мұғалім сынып оқушыларының мүмкіндіктеріне
орай көбейте алады.
|
2 мин
|
|
|
|
«Оқиық» айдарында ұсынылып отырған тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын жетілдіруге арналған. Оқушылар жұптасып диалогті оқиды, қандай таныс сөздердің есінде қалғандығын атап айтады. Мұғалім мәтінді түсініксіз болып табылған сөздерді дер кезінде түсіндіреді.жалпы мақсатқа орай осы оқылым тапсырмасында мәтінді оқушы бүге шүгесіне дейін түсіну талап етілмейді.
|
8 мин
|
Жұптық жұмыс
|
Оқулық
Сурет
|
«Оқиық және жауап берейік» тапсырмасын орындауда оқушылар мәтінді қайталап бір рет тыңдайды. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. Бұл тапсырма ауызша орындалады. Тапсырма оқушылардың есте сақтауын, алған білімдерін бекітуге арналған. Осы тапсырма
көлемінде оқу мақсаттары орындалады.
|
5 мин
|
Жеке жұмыс Жұптық жұм
|
Оқулық
|
|
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында «Венн диаграмасы әдісін» қолдануына болады. Мұғалім оқушыларды екі топқа бөліп, мәтінді Венн диаграммасымен талдатады. Мұғалім алдын ала А4 форматындағы қағазға Венн диаграммасы сызылған сызбаны дайындап, оқушыларға таратады. Оқушылар төмендегі сұрақтар негізінде Венн диаграммасын толтырады.
Қандай көне бұйымдарды білдің?
Заттар неден жасалған?
Теріден не жасайды?
Ағаштан не жасайды?
Торсықты неден жасайды?
Осылайша оқушылар тірек сөздерді қатыстыра отырып, сөйлем құрауды үйренеді. Оқушылар бұйымдарды сипаттауда сабақ барысында үйренген жаңа сөздерді қолданулары тиіс. Әр топ өз талдауларын ортаға шығып қорғайды. Сабаққа қатысу деңгейін оқушы өзі қалай бағалауын байқау мақсатында мұғалім «Ғажайып жапырақтар» әдісін қолданады. Оқушыларға жасыл және түссіз жапырақтар таратады.
Жасыл түсті жапырақ – мен бүгін бәрін жақсы орындадым. Түссіз жапырақ – тапсырмаларды толық орындай алмадым.
Мұғалім жаттығуды түсіндіреді. Оқушы жапырақты таңдайды, тақтаға жапсырады.
|
7 мин
|
Сынып-мұғалім
|
Түрлі түсті жапырақтар
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |