Сабақтың тақырыбы
|
Кәдесый. (2-тоқсан, 3-тарау) 38-сабақ
|
Дағды
|
Оқылым, айтылым
|
Оқыту мақсаттары
|
4.3.1.1 Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу
4.2.6.1 Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту
|
Лексикалық минимум
|
Текемет, ою-өрнек, қымбат, кәдесый, мұра, сәнді
|
Пәнаралық байланыс
|
Өзін-өзі тану, музыка
|
Алдыңғы білім
|
«Тұсау кесу» жыры
|
Сабақтың барысы
|
С.кезеңі
|
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
|
уақыты
|
Қар.қат
|
Оқыту ресурстары
|
Кіріспе
|
Өткен білімді тексеру мақсатында және үй жұмысын тексеру үшін оқушылармен
«Балық аулау» ойынын ойнаймыз. Оқушылар сыныптың ортасында шеңбер бойымен тұрады. Мұғалім оқушыларға түрлі түсті қағаздан қиылған кішкентай балықтарды көрсетеді. Кез келген оқушының қолына басында магниті бар қармақ беріледі. Оқушы ортада жатқан кез келген балықты алып, артындағы сұрақтарға жауап береді.
«Жаңа сөз үйренейік» айдары оқушыларды сабаққа қатысты жаңа сөздерді меңгерту мақсатында жүргізіледі.
Сөздік жұмыс: текемет, ою-өрнек, қымбат, кәдесый, мұра, сәнді
Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру.
Қарапайым анықтама беру, сөйлем құру әдісі арқылы, мысалы, «текемет» деген сөзді меңгерту керек болса «жерге төсейтін төсеніш» деп түсіндіріп, әрі қарай мысалдар арқылы сөйлемде қолданылуын көрсеткен дұрыс.
Дұрыс айтуға дағдыландыру.
Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастыру.
Сөйлемдер құрастыру.
Жана сөздерді сөздік дәптерге жазу.
|
3 мин
|
Мұғалім-сынып
|
Суреттер Оқулық
Балық аулауға
қатысты заттар:
балықтар және қармақ
Сөйлемнің шаблон-
дары, қима қағаздар
|
|
Негізгі бөлім
|
«Ойланайық» айдарында ұсынылған тапсырма оқушылардың айтылым дағдыларын жетілдіріп, ілік септігінің жалғауларын дұрыс жалғап айтып үйренеді. Мұғалім оқушыларды жұпқа бөледі. Бұл тапсырманы орындауда оқушылар сабақ бойы үйренген жаңа сөздерді қатыстыра отырып, суреттегі екі текеметті салыстырады. Әр текеметке қатысты сөз тіркесін құрайды.
Мысалы, текеметтің суреті, текеметтің оюы. Мұғалім оқушыларға жетелеу сұрақтарын қояды:
Балалар, суреттен не көріп тұрсыңдар?
Сендердің үйлеріңде мұндай текеметтер бар ма?
Текеметтің оюлары туралы не білесіңдер?
Қазақ халқы текеметті не үшін пайдаланған?
|
10 мин
|
жұптық жұмыс
|
Суреттер
Оқулық
|
«Оқиық» айдарында ұсынылған тапсырмада мұғалім алдымен сыныпты үш топқа бөледі. Бұл тапсырмада мәтін ішінен қажетті ақпаратты тауып оқиды. Мұғалім берілген мәтінді мәнерлеп оқудың үлгісін көрсетеді. Оқушылар мәтінді іштей түсініп оқиды. Содан кейін мәтіндегі негізгі ақпаратты тауып, шолып, белгі қойып оқиды.
Мұғалім топтар арасында қалыптастырушы бағалау жүргізеді.
|
6 мин
|
Мұғалім- сынып
|
Оқулық
|
«Оқиық және жауап берейік» айдарында ұсынылып отырған тапсырма ауызша орындалады. Мәтінді 3 бөлікке бөліп оқиды. Әр топ өзіне берілген бөлік бойынша негізгі ойды анықтап, тақырып қояды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |