Мұғалім ауызша комментарий береді. «Жақсы! Тамаша! Керемет!
4.3.3.1. *Мәтіннің жанрын (мақал-мәтелдер, бата, аңыз, мысал, өсиет әңгімелердің), жанрлық ерекшеліктерін және көмекші сөздердің қолдауымен пайымдау мәтінін анықтау/ 4.3.1.1 Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу
мақсаттары бірге жүзеге асырылады.
|
7 мин
|
Мұғалім-сынып
|
Оқулық
|
«Есте сақтайық!» айдарында оқушылар кестеде берілген тірек сөздерге тәуелдік жалғауларының дұрыс нұсқасын жалғап айтады. Оқушыларды
мәтін бойынша қосымша сұрақтар қою арқылы қосымшаларды дұрыс жалғап айтуға жаттықтыруға болады. Оқушылар осы тапсырманы орындау арқылы тек сұраққа жауап беріп қана қоймай, жалғауды
дұрыс жалғап айтып үйренеді.
|
6 мин
|
Топтық жұмыс
|
Оқулық
|
«Жаттығайық» айдарында ұсынылған тапсырмада сұрақтарды мұқият оқып, сұраққа сәйкес жауап беріп үйренеді.
а) Үлгі:
–Ала жіп кімдікі?
– Ала жіп біздікі, маған беріңіз.
ә) Сөйлемді екінші нұсқаға өзгертіп айтады.
Үлгі: Менің жырым. – Жыр менікі.
1. Сенің ала жібің. 2. Оның қарындасы. 3. Сәбидің өмірі. 4. Адамның тілегі. 5. Оның тойы. 6. Біздің қонағымыз. 7. Сіздің балаңыз. 8. Біздің камера.
|
6 мин
|
Топтық жұмыс
|
|
«Ән салайық» айдарында ұсынылған «Тұсаукесер» жырын мұғаліммен бірге мәнерлеп, дауыстап оқиды. Өлеңді оқу арқылы оқушының тілі ширайды, сөздік қоры молаяды, қызығушылығы оянады. Мұғалім алдымен интерактивті тақтадан «Тұсаукесер» әнін әншілердің орындауында тыңдатады. Содан кейін оқушыларға осы әннің сөздері жазылған парақшалар таратады. Оқушылар мұғаліммен
бірге ән салады.
|
5 мин
|
Жеке жұмыс
|
|
|
Мұғалім оқушылардың сабақтың соңындағы көңіл күйлерін анықтау мақсатында «Ай» әдісі арқылы (жаңа ай, жарты ай, толық ай) кері
байланыс жасайды.
Толық ай – сабақты толық түсіндім; Жарты ай – мен жартылай түсіндім;
Жаңа ай – менің түсінбегенім басымдау болды.
|
3 мин
|
Сынып-мұғалім
|
Айлар суреті
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |