Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет125/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Сабақтың тақырыбы

Көне ғасыр қонақтары. (2-тоқсан,3-тарау) 41-сабақ

Дағды

Тыңдалым, оқылым және жазылым

Оқыту мақсаттары

4.3.3.1 Мәтіннің жанрын (мақал-мәтелдер, бата, аңыз, мысал, өсиет әңгімелердің) жанрлық ерекшеліктерін және көмекші сөздердің қолдауымен пайымдау мәтінін анықтау
4.4.2.1 Оқыған/аудио/бейнематериалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде
жазу

Лексикалық минимум

Ғасыр, саз, таңғалу, безендіру

Алдыңғы білім

Қайталау сабағы

Пәнаралық байланыс

Өнер, дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қарым- қатынас

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Мұғалім жаңа сабақты бастар алдында компьютерін қосып, сынып ішінде баяу әсем әуен (мүмкін, күй) қосып қояды. Балаларды таңғалдыру үшін арасында мұғалім қосылып ән шырқап қояды немесе әуенге тамсанғандығын көрсетіп, мимикасын түрлі құбылтады. Ал қоңырау соғылып, сабақ басталғанда (немесе сабақ басталып кетсе де әуеннің сиқырынан шыға алмай жүргендей сыңай танытып) мұғалім оқушыларға жаңа сөз мағынасын табиғи әрі іс-әрекетпен түсіндіру мүмкіндігіне ие болады және жаңа тақырыпқа сыныпты еркін енгізетін болады. Осылайша, ұйымдастыру бөлімі мен жаңа сөзді таныстыру астаса үндесіп жүзеге асады. Мұғалім бұл кезеңде оқушылардан:
- Маған таңғалдыңдар ма, балалар? Мен бұл әннің сазын өте қатты ұнатамын. Балалар, сендерге мен тыңдаған саз (әуен) ұнады ма? –
деп мұғалім сөйлеміндегі әр сөзге екпін түсіріп айтады және мағынасын түсінуге жетелейді. Қосалқы мысалдар келтіріп мағынасын әбден ұғындырады. Одан әрі оқулық бетіне оқушылардың назарын аударып, сурет арқылы естіген жаңа сөздерін бекітеді. Сынып болып мысалдар келтіреді немесе өткен сабақтағы жаңа сөздермен араластырып, ойындар ойналады. Бұл орайда мұғалім өзінің шығармашылығына орай жаңа сөздерді меңгерту тапсырмаларын түрлендіруге құқылы. «Жаңа сөз үйренейік» айдарында оқушыларға жаңа сөздердің мағыналары түсіндіріледі. Сөз тіркестері,
сөйлемдер құрастырылады.

3 мин

Мұғалім-сынып

Суреттер Оқулық

Негізгі бөлім



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет