|
Сабақты қорыту мақсатында «Жаттығайық» айдарындағы тапсырманы орындайды. Бұл тапсырмада оқушылар үлгіні басшылыққа ала отырып, сөйлемдер құрастырып жазады. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылардың сөйлем құрастыра білу дағдылары қалыптасады.
|
10 мин
|
Жеке жұмыс
|
«Білім кемесі»
|
Үлгі бойынша жаз. «Пайдалы-пайдасыз» сөздерінің бірін пайдалан.
|
|
Үлгі: Мынау – өсімдік тамыры. Одан дәрі жасайды. Ол өте пайдалы.
|
|
Мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексереді. Кері байланыс орнатады. Оқушылардың қателері болса, өздеріне түзеттіру үшін әрекет етеді.
|
|
«Ойнайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар оқулықта берілген тапсырманы орындау арқылы әріптерден сөз құрап, оларды ретімен жазады.
|
|
Рефлексия. Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, кемеңді жасыл түске боя. Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірсең, кемеңді сары түске боя. Егер сен сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, кемеңді қызыл түске боя.
|
|