Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет242/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Сабақтың тақырыбы

Емен ағашы. (3-тоқсан, 6-тарау). 91-сабақ

Дағды

Айтылым, оқылым

Оқыту мақсаттары

4.2.4.1 *Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау
4.3.4.1 * Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс- әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру

Лексикалық минимум

Жаңғақ, бұта, дің, қабық, сая, көп жасау

Алдыңғы білім

Ағаш отырғызу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезең


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Сабақтың кіріспе бөлімін ұйымдастырып өткізуге түрлі гербарийлер мен ағаш суреттерін қолдануға болады. Тіпті, мүмкін болса түрлі жасанды жемістерді көрсетіп, олардың өсетін ағаштарын таптырып, балаларды ойнату арқылы сабаққа деген қызығушылығын оятуға болады. Бұл –
сабақтың ұйымдастыру кезеңі.

5 мин

Мұғалім- сынып




Негізгі бөлім

«Сөйлесейік» айдары. Оқулықтың алғашқы тапсырмасы бойынша оқушылар ұсынылған сұрақтарды жұп болып талқылайды. Кейін 4-5 оқушыдан бірігіп пікір алмасады. Үшінші кезеңде сынып алдында ойымен
бөліседі. Айтылымның осындай бірнеше басқыштарынан өткен жағдайда оқушы сынып алдында сенімдірек сөйлей алады.

7 мин

топпен







Келесі кезең жаңа сөздерді үйретуге бағытталады. «Жаңа сөз үйренейік» айдарымен берілген сурет арқылы ағаштардың құрылысы таныстырылады. Үйренген жаңа сөздердің оңай жатталуы үшін пазл құрастыру ойынын ойнатуға болады. Оқушылар өздеріне түскен қиындыда көрсетілген ағаш бөлігін атап, өз орнын анықтайды. Мұны
бірнеше мәрте қайталатып жаттап алғанға дейін ойнауға болады.

5 мин

Мұғалім - сынып




Оқулықта «Көрсетейік және айтайық» айдарымен берген тапсырма оқушының жаңа сөздерді қатесіз жазып үйренуіне арналады. Бұл тапсырманы да тереңдету үшін сөздердің әріптерін түсіріп беру немесе әдейі қате ұсынып, түзету амалдарын қолданса болады. Аталмыш тапсырма, бір жағынан жаңа сөздерді пысықтауға арналса, екінші жағынан оқушыларды алда оқитын өлең мазмұнын оңай түсінуге
дайындайды.

8 мин

Мұғалім-сынып

Сұрақтар




«Оқиық» айдарымен берілген тапсырма арқылы оқушылар өздерінің оқылым дағдысын қалыптастырады. Оқыған өлеңдерінің жалпы мазмұнын айта білуге, сонымен қатар, оқылым мәтініндегі мәліметтерден қорытынды шығарып, бағалауға үйренеді. Оқылым барысында оқушыларға түсінуі қиын сөздер ұшырасқан жағдайда, мұғалім үнемі қолдау көрсетеді.
Оқушылар өз-өздерін «Бағдаршам» арқылы бағалайды.

7 мин










«Сөйлесейік» – оқушылар емен мен қайыңды салыстырады.
Соңғы тапсырма оқылым мазмұнын, жалпы сабақты қорытуға арналып беріледі. Оқушылар ағаштардың құрылысы және олардың тіршілік ету мерзімі туралы білім алады және ол туралы ойларын жеткізе білуге жаттығады. Ойы ұшқыр балалар өлеңнің мазмұнын қарапайым тілмен жеткізу арқылы қорытынды ойларын жеткізеді.

5 мин







Қор. бөлім

Сабақтың қорытынды бөлімінде оқушылар лексико-грамматикалық білімді қаншалықты дәрежеде меңгере алғандықтарын ортаға салады.
Мұғаліммен достық қарым-қатынаста отырып, тақырыпқа қатысты өз сауалдарын қойып, алдағы әрекеттерін жоспарлайды.

3 мин

Сынып- мұғалім






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет